ҰЛАҒат мамыр



Pdf көрінісі
бет2/9
Дата06.04.2017
өлшемі1,11 Mb.
#11184
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Пайдаланылған әдебиеттер:
1. www.wikipedia.ru.
2. Г.Спенсер. Основные начала. Киев, 1886, 171, 172-
бет.
3. Г.Пауль. Принципы истории языка. М., 1960, 301-
315-б.
4. А.Мартине.  Принцип экономии в фонетических 
изменениях. М., 1960. 126-б.
5.  И.М.Тронский.  Очерки  из  историй  латинского 
языка. М., 1953, 134-б.
6.  С.А.Оданова.    Қазақ  тіліндегі  түбір  сөздердің 
үнемделуі (автореферат). А., 2010.

15
Педагог пайымы
Бектас ҒАНИҰЛЫ, 
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың аға оқытушысы, 
педагогика ғылымдарының кандидаты.
Айнұр БАҚЫТБЕКҚЫЗЫ,
магистрант.
МЕКТЕП ИНФОРМАТИКАСЫНЫң 
БЕЙІНДІ  КУРСЫНДА 
КОМПЬЮТЕРЛІК ГРАФИКАНЫ 
ОҚЫТУДЫң ҚАЖЕТТІЛІГІ
Қоғамды  ақпараттандырудың  ең  өзекті  мәселесінің 
бірі  –  білімді ақпараттандыру, яғни,  білім беру саласы-
на  енген  барлық  жаңа  ақпараттық  технологияларды 
меңгеру және олардың мүмкіндіктерін өзінің болашақ 
кәсіби  қызметінде  пайдалана  алатындай  тұлғаны 
қалыптастыру болып табылады. 
Барлық  заманауи  ақпараттық-қатынастық  және 
телекоммуникациялық  технологияларды,  олардан 
алынатын  ақпаратты,  өнімдерді  графикалық  кескінсіз 
елестету  мүмкін  емес.  Жалпы,  қазіргі  кездегі 
барлық  компьютерлік-бағдарламалық  орта  өзіндік 
графикалық  кескінімен  немесе  интерфейсімен 
беріледі,  пайдаланылады,  іске  асады.  Сондықтан  да, 
тек  компьютерлік  графикалық  редакторлар  арқылы 
алынатын  өнім  ғана  емес,  жалпы  компьютерлік 
орталардың өзінде де графиканың алатын орыны ұшан-
теңіз. Ал, компьютерлік графика – дербес компьютердi 
қолданудағы  ең  негізгі  бағыттардың  бiрi,  сондай-ақ, 
қазіргі  таңдағы  бiлiм  берудің  маңызды  компонентi  

16
болып    табылады.  «Компьютерлік    графикада  (CG  - 
computer  graphics)»    компьютер  –  сурет  салу  немесе 
модельдеу  құралы.  Компьютерлік  графиканы  екі 
өлшемді,  үш  өлшемді  және  инженерлік  графика  деп 
үш түрде қарастыруға болады. Бiлiмді ақпараттандыру 
құралдарының  қарқынды  дамуы  болашақ  компьютер-
лік  графика  мамандарын  бәсекеге  қабілетті,  еңбек 
нарығында қажетті кәсіби шебер маман етіп дайындауды 
қажет етеді.
Компьютерлік  графика  және  анимация  –  кино, 
жарнама,  көркемөнер,  сәулеттiк  презентациялар,  ком-
пьютерлік  ойындар,  арнайы  оқытушы  бағдарламалар 
сияқты көптеген салаларда қолданылатын қажетті құрал 
болып табылады. Компьютерлік графиканың қолданылу 
аумақтары үнемі кеңейіп, жоғары білімді суретшілерге, 
компьютерлік  модельдер  жасаушыларға  қажеттілік 
артып,  еңбек  нарығында  арнайы  эффект  жасаушы, 
векторлық  арт-шебер,  CAD-шебер,  модельдеуші, 
аниматор, визуалдаушы, т.с.с. жаңа  мамандықтар пайда 
бола бастады. Сонымен қатар, мәліметтерді көрсетудің 
жаңа визуалды құралдарының пайда болуы кез келген 
кәсiби  қызметтiң  сипатын  өзгерттi.  Компьютерлік 
графиканың  әдістері  мен  құралдарын  сәулетшілік 
дизайнында,  жарнамада,  интерьер  дизайнында, 
графикалық    дизайнда    дәстүрлі  қолданумен  қатар, 
компьютерлік графиканы қолданудың жаңа бағыттары 
да  пайда  болды,  олар:  web-дизайн,  коммуникативті 
дизайн,  интерактивті  оқыту  жүйелерінің  дизайны     
және т.б.
Жоғарыда  айтылған  мәлелелерден  байқағанымыз 
–  ол  заман  талабына  сай  туындаған  аталған  жаңа 
мамандық  түрлері  мен  мамандардың  барлығының 
да  компьютерлік  графика  бойынша  нақты  білімі 

17
болуы  қажет  екендігі  белгілі  болып  отыр.  Ендеше, 
компьютерлік 
графика 
саласындағы 
болашақ  
мамандарды дайындау педагогикалық  және әдістемелік 
жаңа идеяларды қажет етеді. Ал, біз сөз етіп отырған 
компьютерлік  графика  мамандарының  алғашқы 
буыны  мектеп  қабырғасында  тәрбиеленеді.  Себебі, 
жоғарыда аталған мамандықтарға бейімделетін оқушы 
компьютерлік  графикаға  қатысты  білімді  өз  бойында 
мектеп қабырғасынан қалыптастыруы қажет. 
Мектеп  қабырғасында  расторлық  графиктік 
редакторларды  оқыту  оқушыларды  болашақта  одан 
да  күрделі  техникалық  жүйелерде  жұмыс  істеуге 
дайындау  мүмкіндігін  береді.  Осы  бағытта  жоғары 
сынып  оқушыларын  дайындау  барысында  мектептегі 
информатика  курсының  логикасымен,  сызу  және 
эстетикамен пәнаралық байланысының жүзеге асуы өте 
маңызды.  Информатиканың  бейінді  оқыту  курсында 
компьютерлік графиканы оқыту  оқушыларға кәсіптік 
бағдар беруге бағытталады. 
Бейімді-бағдарлы  оқыту  дегеніміз  –  оқушылардың 
қызығушылық бағытының, қабілетінің дамуына жағдай 
жасайтын  және олардың  келешекте ие болуға тиісті 
кәсібіне бейімделуді қамтамасыз ететін оқыту. Ол тек 
қана мектептің жоғарғы сатысында жүзеге асады. 
Бейімді-бағдарлы  оқытудың  өзіндік  ерекшеліктері 
мен 
қағидаларына 
сүйене 
отырып, 
мектеп 
информатикасындағы 
«компьютерлік 
графика» 
курсының  оқытылу  мазмұнын,  оқыту  формаларын 
қайта түрлендіру қажет.
Оқытудың мазмұндық құрылымы жоғарыда аталған 
мамандықтарға  бейімделген  білімі  бар  оқушыны 
дайындайтындай  етіп  құрылуы,  оқушының  болашақ 
мамандықты дұрыс таңдап, шебер болып қалыптасуына 

18
көмектесер  еді.  Яғни,  компьютерлік  графиканың 
теориялық  негіздері  мен  қатар  практиканың  өзара 
байланысы  негізінде  сабақтастық  пен  бірізділік 
ұстанымдарын ескере отырып, оқушыларды практикада 
әр түрлі компьютерлік графика бағдарламаларын (MS 
Paint, Adobe Photoshop, Macromedia Flash, Corel Draw, 
3DSMax)  қолдана отырып, яғни, информатика пәнінің 
бейімді курстарын кезеңдерге бөліп оқытуды ұсынамыз. 
Себебі,  «компьютерлік  графика»  курсы  бойынша 
оқытылуы  қажет  материалдар  көлемі  стандартта 
бекітілген  сағат  көлемінен  әлдеқайда  артық,  бұл  –
біріншіден, ал, екіншіден, бұл курс бойынша оқушы ең 
жоқ дегенде бір графикалық редактормен толық жұмыс 
істей  алатындай  дәрежеге  жетуі  тиіс.  Үшіншіден,  әр 
кезеңде  «компьютерлік  графика»  бойынша  меңгерілуі 
тиіс  білім  мазмұны  оқушының  сана-сезімі  мен  жас 
ерекшелігіне  сай  және  басқа  пәндер  бойынша  алған 
біліміне  сай  құрылуы  қажет.  Осы  айтылғандарды 
ескере  отырып,  мектеп  қабырғасында  оқушыларға 
компьютерлік  графиканы  оқытуды  үш  кезеңге  бөліп 
қарастыруды ұсынамыз.
Компьютерлік  графиканы  оқытуда  меңгерілетін 
білім  мазмұнын  оқушылардың  жас    ерекшеліктеріне 
қарай    оқыту    мақсатына  сай  кезеңдер  бойынша  
құрылымдаймыз. Мәселен:
I кезең (5-6-сыныптар) бойынша:
- MS Paint графикалық редакциялау элементтерімен 
 
Компьютерлік графиканы  
оқытудың кезеңдері
 
I кезең                      
(5-6-сынып) 
 
II кезең                            
(7-8-сынып) 
III кезең                                
(9-10-11-cынып) 

19
танысу;
-  қарапайым  объектілерден    суреттерді  құру 
(сызықтар, доға, дөңгелек және т.б.);
- суреттерді графикалық редакторда өңдеу;
-  жасалған    объектілермен  негізгі  операцияларды 
орындау (сақтау, ашу, жабу, өшіру, көшіру, алмастыру, 
масштабтау және т.б.);
-  қағазға  сызылған  графиканың  компьютерлік 
аналогын жасау;
- сурет фрагменттерімен жұмыс жасау;
- графикалық редакциялауда мәтінмен жұмыс жасау;
- мәтінді өңдеу,сақтау,жүктеу;
- мәтінді белгілі бір қалыпқа (түрге) түсіру;
II кезең (7-8-сыныптар) бойынша:
-  компьютерлік  графиканың  теориялық  негіздерін 
оқыту;
-  расторлық  форматтағы  файлдарда  бейнені  сақтау 
тәсілдерін үйрету;
- әр түрлі графиктік эффектілерді қолдану (көлемін 
өзгерту, фигуралық кесу және т.б.);
- жазуларды, тақырыптарды қойып үйрету;
- жалпы компьютерлік графиканың түрлері, олардың 
айырмашылықтары және мүмкіндіктерін анықтау;
- графикалық мәліметтерді сығу әдістерін  үйрету;
- графикалық файлдардың форматтарын меңгеру;
- графикалық ақпаратты кодтау;
- расторлық суреттердің өлшемдері;
- түрлі-түсті суреттерді кодтау;
- расторлық графиканың негізгі форматтары;
-  векторлық  графика  мен  расторлық  графиканың 
айырмашылығы;
- үш өлшемді графика ұғымы.
III кезең (9-10-11-сыныптар) бойынша:
-  Adobe  Photoshop  графикалық  редакторымен  
танысу;

20
-  Adobe  Photoshop  графикалық  редакторының 
мүмкіндіктерін практикада қолдану;
-Adobe  Photoshop    расторлық  бағдарламасының 
негізгі  саймандарын  қолдана  отырып,  өзіндік 
иллюстрацияларды құру;
-  Adobe  Photoshop  графикалық  редакторының 
мүмкіндіктерін  нақты  суреттерді  өңдеуге:  ескіні 
жаңартуға,  суретке  өзгеріс  енгізуге,  «Менің  жаңа 
туындыларым»  атты  шығармашылық  жұмысқа, 
қызықты суреттер жасауға пайдалану;
-  әр  түрлі  бағдарламалар  арасында  графикалық 
мәліметтермен алмасуға үйрету;
- әр түрлі графикалық бағдарламалардың міндеттерін 
және қызметтерін үйрету.
Келтірілген  кезеңдер  бойынша  алғашқы  кезеңдер 
оқыту  мазмұнына  кірістірілген  болып  есептеледі  де, 
үшінші  кезеңдегі  анықталып  отырған  мазмұн    оқу 
жоспарына  енгізілмеген.  Сондықтан,  үшінші  кезеңді 
жалпы оқу жоспарына сай информатика пәнінің бейімді 
курстарында  10-11-сыныптарға  оқытылуы  қажет 
деп  есептейміз.  Себебі,  анықталып  отырған  мазмұн 
бойынша  оқушылардың  осы  кездегі  алған  білімдері 
мен жас ерекшеліктері сәйкес келеді.    
Ал,  оқытуды  іске  асыру  формасы  ақпараттық-
қатынастық  және  педагогикалық  технологияларды 
үйлестіру 
арқылы 
іске 
асатындай 
етіп 
ұйымдастырылғаны 
жөн. 
Өйткені, 
Web 
2.0 
технологияларының  білім  беру    үдерісіне  енуі  оқу 
формаларын  заманауи  тұрғыдан  өзгертті  десек  те 
болады.    Wikipedia  онлайн  энциклопедиясы  бойынша 
WEB 2.0 терминін әр түрлі түсінуге болады. 
WEB  2.0  қызметтері  оқу  үдерісінде  оқушылардың 
арасында,  оқушылар  мен  мұғалімдер    арасында 
әлеуметтік  бағдарламалық  жабдықтаулар  негізінде 
(блоктар,  вики,  әлеуметтік  желілер  және  виртуалды 

21
әлем) қарым-қатынасты ұйымдастырады.
Сондықтан да айта кететін бір мәселе – қазіргі заман 
мұғалімінен  тек  өз  пәнінен  терең  білімді  болу  емес, 
тарихи  танымдық,  педагогикалық-психологиялық 
сауаты бар, саяси-экономикалық білімді, педагогикалық 
технологияны  меңгерген  және  ақпараттық-қатынас 
технологиясын (АҚТ) жан-жақты меңгерген ақпараттық 
құзырлы маман болуы талап етілуде.
Қорыта  келе,  қазіргі  кез  келген  пәнді  оқыту  АҚТ 
құралдарын пайдаланудан тысқары қалуы мүмкін емес. 
Солардың ішінде бірден-бір пән – информатика. АҚТ 
күнделікті дамып отырғанына байланысты мұғалім өз 
кезегінде өзіне қажетті білімді меңгергенімен, уақытты 
басқара алмайды. Сондықтан болашақта оқытудың жаңа 
әдісін тауып, оны кең көлемде пайдалануды іске асыру 
қажет.  Ал,  біз  зерттеп  отырған  информатика  пәнінің 
бейінді  курсын  келтірілген  мазмұнда,  ұсынылған 
формада жүргізу немесе іске асыру жоғарыдағы аталған 
мәселелерді шешкен болар еді. Бұл өз кезегінде әлі де 
зерттеуді қажет етеді.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.  Ж.Т.Қайыңбаев.    Бейімді-бағдарлы  оқытудың 
мәселелері:  жұмыстық  оқу  жоспарының  үлгілері. 
«Открытая школа» №3 (64) 2007 жыл, 11-16-б.
2. Т.В.Чернякова. «Методика обучения компьютерной 
графике студентов вуза», Екатеринбург, 2010.
3.  Н.Е.Исабек.  «Студенттерді  компьютерлік 
технологияны  кәсіби  іс-әрекеттерде  пайдалануға 
даярлаудың  теориялық  және  практикалық  негіздері». 
А., 2010.
4.  Б.Ғ.Бостанов,  Ж.К.Сейділдаева.  Web  2.0 
технологиясын  оқу  үдерісінде  қолдану  ерекшеліктері. 
Материалы  международной  научно-практической 
конференции 
«Информационно-коммуникационные 
технологии в образовании взрослых». А., 2011.

22
Рахима СӘКЕНОВА,
Алматы қаласындағы 
Ш.Уәлиханов атындағы  
№12 гимназияның директоры, п.ғ.к.
СӨЗ МӘДЕНИЕТІ 
САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫң 
ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ 
ДҮНИЕТАНЫМЫН 
ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫң 
ПСИХОЛОГИяЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
(Жалғасы. Басы өткен санда)
Логикалық  нормалар  тілдің  негізінде  жүйені 
құрайтын абстракциялар, пікірлер формасына ие болады. 
Оқушылардың таным үдерісін тілдік фактілерді талдау 
арқылы  тереңдетеміз.  Әрбір  жеке  адамның  өмірінде 
ойлау  таза  ақыл-ой  үдерісі  түрінде  өмір  сүрмейді,  ол 
басқа психикалық үдерістермен бір-бірінен айырғысыз 
байланыста  болады,  яғни,  адамның  тұтас  санасынан 
тәуелсіз  өмір  сүре  алмайды  деген  тұжырымды 
пайдалана  отырып,  әрбір  сабақта  оқушының  ойлау 
үдерісін  жоспарлауымыз  керек.  Ойлауды  модельдеу 
–  тақырыптардың  жүйелі  берілуі,  берілетін  білім 
мазмұнын  педагогикалық-психологиялық  жағынан 
модельдеу болып табылады.
Бүгінгі жаңа қоғамда іскер адамның мінезі, қабілеті, 
сұранысы,  қоғамда  өзін-өзі  таныта  алуы  бір-бірімен 
байланысты интегралды қасиеттер. Жеке тұлға бойында 
бұл  қасиеттердің  басымдылығы  адамдармен  қарым-
қатынаста көрінеді, оны сөйлеу тілі, сөз мәдениеті, тілдік 
қарым-қатынасты тілдік ортаға байланысты құра білу 

23
жағдаяты  айқындайды.  Осы  бағытта  «Сөз  мәдениеті» 
–  жеке  адам  мәдениетінің  құрамдас  бөлігі  ретінде 
танылады.  Сабақта  психологиялық,  интеллектуалды 
– танымдық құлшыныс туғызу, ерік-жігерді шыңдау – 
пәндік-практикалық бағытта жүзеге асады.
Ғалым А.К.Маркова оқушының оқуға құштарлығын 
туғызуға  танымдық  және  әлеуметтік  себептер 
әсер  ететінін  көрсетеді.  Танымдық  құштарлықтың 
себептерін бірнеше деңгейге бөледі:
1. Кең танымдық құштарлықтың себебі – жаңа білім 
алуға бағытталу – факт, құбылыс, заңдылықты білу.
2.  Оқу–танымдық  құштарлық  себебі  –  өз  бетінше 
білім алу, білім алу жолдарын іздеуге бағытталу.
3.  Өздігінен      білім      алуға    құштарлық    себебі  – 
қосымша    білім      алуға  бағытталу,  өзін-өзі  дамыту 
бағдарламасын құру [3,13-б.].
Оқушының әмбебап құзырлығын қалыптастырудың 
бір тетігі - сөз мәдениетін игеруі. Құзырлылық – білік 
пен дағдыдан да кең ұғым, когнитивті (танымдық) және 
технологиялық (дағды), этикалық (рухани құндылық), 
оқуға  құштарлық,  әлеуметтік  қатынас  және  мінез-
құлықты қамтиды.
Оқушының  әмбебап  құзырлылығының  бір  бөлігі  – 
оның интеллектуалды дамуында жатыр. Ол – абстракты 
ойлау,  сыни  ойлау,  баға  беру,  өзіндік  ұстанымын 
анықтау,  т.б.  арқылы  жүзеге  асады.  Мысалы:  «Сөздің 
коммуникативтік 
сапасы 
ойлау 
мәдениетімен 
байланысты  ма?»  деп  сұрақ  қойып,  сыни  ойлауды, 
сөздің дұрыстығын саралауда оқушының баға берушілік 
қасиетін; тілімізде заттар мен құбылыстарды бейнелеп 
айтуда,  шешендік  сөздерді  талдауда,  т.б.  абстрактылы 
ойлауды;  кейіпкерлердің  тілдік  қолданысындағы  сөз 
дұрыстығына талдау жасату арқылы өзіндік ұстанымын 
қалыптастыруға болады. Барлық жаттығу мәтіндердің 

24
қызметі  – дүниетанымдық мәнді және технологиялық-
іс-әрекеттік  жүйеде  оқушының  коммуникативті 
құзырлылығын қалыптастыру болып табылады.
«Сөз  мәдениеті»  сабағында  лингвистикалық 
дүниетанымды  қалыптастыруда  әдеби  тілдің  стильдік 
тармақтары, олардың айырым белгілері мен нормалары, 
сөйлеу  тілінің  стильдік  белгілерін  таныту  танымдық 
міндет атқарса, жаттығу тапсырмалары арқылы оқушы 
өзінің  сөз  мәдениетінде  қолданатын  дағды  жинайды. 
Тіл  –  халқымыздың  рухани-мәдени  мұрасы,  ұлттық 
мінездің,  психологияның  көрінісі  ретінде  оқушының 
жан  дүниесіне,  мінез-құлқына  әсер  етеді,  оқушы 
халқымыздың  тіл  арқылы  сақталып  қалған  өмір  сүру 
тәжірибесінен үлгі алады. Оқушы «Мен» концепциясы 
арқылы өзінің қоғамға, адамдарға керектігін, қабілетін, 
қоғамдағы орнын анықтайды. 
«Сөз  мәдениеті»  сабағында  оқушылар  дамуының 
интегралды-психогенді  факторлары  арқылы  олардың 
талабы,  қабілеттілігі,  қажеттілігі,  бағыттылығы, 
өзіндік «Мені» жүзеге асады. Тіл арқылы – ақыл-зерде, 
ой-өрісі,  парасаты,  мәдениеті,  әлеуметтік,  бейімділік 
құзыреттілігі  дамиды.
 
Оқушының  лингвистикалық 
дүниетанымын  қалыптастыру  жеке  тұлғаға  бағыттала 
отырып,  оның  көзқарасын,  ойын,  сезімін,  рухани 
құндылығын,  моральдық-этикалық  ұстанымдарын, 
дүниетанымын кеңейтеді.
Тіл  –  ең  өткір,  әмбебап  құрал  ретінде  көпшілікке 
әсер  етеді.  Көпшілікті  аузыңа  қарата  алудың  ерекше 
психологиялық  жүйесі  бар.  Мұнда  тіл  байлығын 
игерумен қатар, тілді қолданудың стильдік сәйкестігін, 
дәлдігін,  тілдік  қызметтің  тазалығын,  әсерлілігін, 
түсініктілігін, айқындылығын, алуан түрлі эстетикалық 
сырын  білумен  қатар  аудиторияның  психологиялық 
ерекшелігін де білуі қажет.

25
Сөздің  мақсаттылығы  мен  жүйелілігі  құқықтық 
ортада  өмір  сүретін  әрбір  азаматтың  әлеуметтік 
қызметін,  оның  ішінде  ойлау  мен  сөйлеу  қызметін 
қамтамасыз  етеді.  Сынып  оқушысының  қоршаған 
ортамен  іскерлік  қарым-қатынасқа  лайықты  диалог 
құра  алуы,  әлеуметтік  мәдениеті,  адамгершілік- 
бағыттылық  қарым-қатынасы,  өз  бетінше  ойлау 
қабілеті, өз көзқарасын дәлелдей алуы, өзіне сенімділігі 
шешуші      рөл  атқарады.  Көпшілікке  арналған  сөз 
тыңдаушылардың  жеке  қызығушылық  мақсаттарын 
тудыруы  керек,  сондықтан  сөйлеу  тілінің  синтезі  – 
мазмұннан-мәтінге  құрылады.  Ал,  тыңдаушылар, 
керісінше,  мәтіннен-мазмұнға  (аналитикалық  ойлау 
жүйесі  арқылы),  мәтінді  мазмұнға  бөліп  саралайды. 
Осылайша  синтетикалық  және  аналитикалық  тәсіл 
бірін-бірі  толықтырады.  Аналитикалық  тәсіл  – 
психофизиологиялық факторға сүйенеді.
Егер  сөйлеу  тілінде  берілетін  хабарлама  тақырыбы 
актуальді  болса,  сөйлеушіде  когнитивті  (танымдық) 
ынта туып, көп ізденеді, өз пікірін дәлелдеу үшін ойлау 
үрдісінің белсенуі іске асады, сөйлеуші аргументтерді 
көптеп  іздей  бастайды.  Сонымен  қатар  тыңдаушы 
да  танымдық  ақпараты  мол  хабарларды  жеке  зердесі 
арқылы қабылдайды.
Оқушыны жеке тұлға ретінде сөйлесу арқылы қарым-
қатынасқа түсіре отырып, жан-жақты дамытамыз. Жан-
жақты  дамыту  дегеніміз  –  танымдық  (когнитивті)  әрі 
танымдық емес (оқушының эмоциясы, ерік-жігері), т.б. 
психологиялық-педагогикалық  мақсаттардың  бірігіп, 
қарым-қатынастың нәтижелі болуы. Нандыра, сендіре 
сөйлеу, сенімді жауап беру, екі жақты аргументтер іздеу, 
дәлелді пікірлер табу, даулы мәселелерді жүйелі түрде 
шешу үшін оқушы әлеуметтік психологияның түрлерін 
игеруі  керек.  Бүгінгі  оқушының,  ертеңгі  маманның 

26
әлеуметтік  қайшылықтардан,  адамдар  арасындағы 
келіспеушіліктен  зардап  шекпеуі  үшін  оның  өмірге 
қажеттілігіне,  әлеуметтік  ортада  өзін-өзі  танытуына 
жағдай  жасауымыз  керек.  Орыстың  психолог  ғалымы 
К.К.Платонов «жеке тұлғаны биологиялық (табиғаттан 
берілген) және әлеуметтік (өмірден жинаған тәжірибе) 
компоненттер құрайды» деп санап, осы компоненттерді 
темперамент деңгейі, жеке тұлғаның тәжірибе деңгейі, 
психологиялық үрдістің өту деңгейі және жеке тұлғаны 
бағыттау  деңгейі  деп  төрт  жүйеге  бөледі.  Осы  жүйе 
бойынша  10-сыныптағы  «Сөз  мәдениеті»  пәнінде 
мұғалім  психологиялық  үрдістің  өту  және  жеке 
тұлғаны  бағыттау  деңгейіне  көңіл  бөліп,  оқушының 
қабылдауын,  қиялын,  назарын,  есін,  ойлау  дәрежесін, 
сезімін,  ерік-жігерін,  қайратын  т.б.  қалыптастыруды 
басты назарда ұстауы керек.
Оқушының  білім-білік  дағдысын  қалыптастыруды 
психологиялық жағынан түсіндіргенде білім дегеніміз: 
тану-жаңғырту-түсіну-қолдану-сендіру-сұраныс.  Тіл 
білімі де осы үрдісте өтеді. Егер біз білік пен дағдыны 
адамзат жасаған тәжірибе, құндылық деп танысақ, ол 
тілімізде  көрініс  тапқан.  Осы  мол  тілдік  тәжірибені 
оқушыға  танытып,  бүгінгі  өмір  шындығымен  байла-
ныста  есіне  сап  жаңғырту,  тілдік  қолданыста  (мәтін 
ішінде, контексте) түсінуі, ақиқатты дәл бейнелейтіндей 
етіп күнделікті өмірде қолдануы, объективті шындықты 
сөз арқылы дәл тануы, сыни ойлау, байқағыштық қасиеті 
арқылы сөзді дұрыс пайдалануы, қазақ тілінің ұшан-те-
ңіз байлығын пайдалануға деген оқушы бойында сұра-
ныс пен қажеттілік тудыру – сабақтың психологиялық 
шарттарының  бірі.  Жалпы,  10-сыныптағы  қазақ  тілі 
оқулығында  берілген  сөз  сапасы,  сөздің  дұрыстығы, 
сөз  тазалығы,  сөз  қысқалығы  мен  нұсқалығы,  сөз 
дәлдігі, сөз бедері, т.б. тақырыптарында тілдік фактор 

27
ретінде халқымыздың рухани болмысы, таным зердесі 
жинақталған.  Осы  тарауларда  халқымыздың  тарихи, 
мекендік,  мемлекеттік,  экономикалық,  әлеуметтік, 
этнографиялық  болмыс-бітімінің  сілемдері  жатыр, 
оны  таныту  –  лексикалық  дүниетанымның  кеңейген, 
ұлғайған түрі.
     
Адамзат  өркениеті  –  ғылымның,  техниканың, 
мәдениет пен өнердің синтезіне негізделген. Адамзатты 
өркениетке  әкелген  психологиялық  үрдіс  –  ойлау. 
Сөйлеу  –  ойдың  көрінісі  ретінде  дұрыс  қолданысқа 
түсуі  үшін  стилистикалық  жағынан  дұрыс  құрылуы 
керек.  Оқушы  іштей  ойланып  кұрылған  тұтас,  дайын 
сөйлемді  бірден  қолданады.  Яғни,  жоғарыдағы  ақыл-
ой қызметінің барлық түрін пайдаланады. Сөз – белгілі 
бір заттың, құбылыстың атауы ретінде беріледі. Сөзді 
білгенмен,  оның  қандай  затты  немесе  құбылысты 
бейнелейтінін  білмесе  немесе  керісінше  затты, 
құбылысты  танып,  оның  сөздік  атауын  дәл  тауып 
қолдана  алмаса,  оқушы  сөзді  дәл  таңдай  алмайды. 
Сонымен  қатар,  мәндес,  мағыналас  сөздердің  ішінен 
әдеби  тіл  стиліне  қажеттісін  таңдап  алмаса,  тілдің 
сапалық  қасиеті  бұзылады.  Таным  үрдісінде  сөз 
танушы  субъектінің  (оқушының)  белсенділігі  үлкен 
рөл атқарады. Лингвистикалық танымды қалыптастыру 
субъектінің шығармашылық сипатының, қиял биігінің 
және практикалық қызметінің нәтижесіне байланысты. 
Яғни, танымның оқушының тіршілік – әрекет етуінде 
үнемі  дербес,  сыни  түрде,  шығармашылық  еңбек 
құрамында болатынын ескерсек, сөз мәдениетін игере 
отырып, оқушы қоғамдық-әлеуметтік ортадағы күрделі 
қарым-қатынастар жүйесінде өз орнын табады. Оқушы 
сөйлеу  немесе  жазу  арқылы  халық  тілінің  байлығын 
пайдаланады, екінші жағынан, қазақ тілі сабағында өз 
дүниетанымын қалыптастыру арқылы парасатты ойлау 

28
дәрежесіне көтеріледі, өзінің танымдық, эмпириалық-
практикалық  тәжірибесі  арқылы  салыстыру,  ұқсату, 
абстрактілі  ой  түю  қабілетін  дамытады,  тіл  арқылы 
қоршаған  ортаны  тану  нәтижесі  мен  жеке  басының 
құндылықтарын  айқындайды.  Қоршаған  ортадағы  зат 
пен белгі, себеп пен салдар арасындағы байланыстар кең 
ашылса, олардың тілдегі түсініктері, тілдік таңбалары 
да кеңейе түседі.
 
Ғалым  А.Айғабыловтың  пікірінше,  «Лексикалық 
парадигма  дегеніміз:  айналадағы  заттар  мен 
құбылыстардың  бір-біріне  қатысы  қандай  болса, 
оларды  білдіретін  сөздердің  бір-біріне  қатыстылығы 
сондай болады» [4, 214-б.].
Яғни,        басқа        ой  жүйесінде        заттар        мен 
құбылыстардың  мәні  мен  сипаты,  қасиеті  тереңірек 
ашылып, олар түрлерге, топтарға,  тектерге,  типтерге,  
т.б.  дұрыс  жіктелсе,  лексикада да өзара мағыналық 
байланысы  бар,  бір  тақырыпқа  қатысты  сөздер  тобы 
пайда болады.
Таным  үрдісінде  оқушылар  белгілі    бір      ғылыми   
түсінік  алады.  Ғылыми  қорытынды  жасай  отырып, 
жалпыдан-жалқыға, 
жалқыдан-жалпыға 
қарай 
жылжиды.  Ойлау  жаңа  мазмұнға  ие  болады. 
Оқушы  жинақтаған  тәжірибесін  жүйеге  келтіріп, 
қорытындылайды.
Сөз мәдениетінің негізін құрайтын тақырыптар – тіл 
мәдениетінде  ғылыми  тұрғыда  зерттелген  мәселелер. 
Мысалы;  «Сөз  сапасы»  деген  тақырыпты  оқушының 
ойлау мәдениетін жетілдіріп, сөз сапасына әсер ететін 
тілдік факторларды игерте отырып ашуға болады. Сөз 
дұрыстығы  –  сөзді,  сөз  тіркестерін,  сөйлеуді  –  тілдік 
мағынасына  сай,  ақиқатты  дәл  бейнелейтіндей  етіп 
жұмсау, яғни, мұнда дүниетаным мен тілдік белгі – сөз 
бірге қызмет атқарады.

29
Сөз тазалығы – әдеби тілдің бірлігі мен тұтастығын 
сақтауға  негізделген.  Бұл  тақырыптарды  өткенде, 
әр  сөздің  айтылар  ойға,  мазмұнға  қатысты  болып, 
мағыналық  жүк  арқалап  тұруына  баса  назар  аудару 
керек.  Сөз  қысқалығы  мен  нұсқалығы   –  оқушының 
логикалық  ойлау  жүйесінің  оңтайлы,  аз  сөзге  көп 
мағына сыйғызатындай болып жүйелі, икемді, орамды 
құруына  байланысты.  Сөйлемнің  стилистикалық 
жағынан  дұрыс  құрылуы  ойды  конструктивті  құра 
білуге байланысты болып келеді.
Сөз  дәлдігі  –  зат  (құбылыс)  пен  сөз  арасындағы 
байланысқа  тікелей  тәуелді.  Яғни,  бұл  теориялық 
ұғымдардың бәрін оқушы көзбен көріп, қолымен ұстай 
алмайды  –  олардың  объективті  екендігіне  саралай 
отырып, абстракті ой түю арқылы көз жеткізеді.
10-сынып оқушысы «Сөз мәдениеті» курсы арқылы  
жоғары  тілдік  функция  атқарады,  сонымен  қатар 
оның  бойында  сананың  жоғары  мәдени  даму  деңгейі 
көрінеді. Диалектика, логика және тілдік таным қазақ 
тілі  сабағында  шығармашылықпен  байланыстырылса, 
оқушының  ішкі  жан  дүниесі  дамиды.  Осыған 
байланысты  10-сыныптың  қазақ  тілі  оқулығының 
мазмұндық  құрылымы  да  оқушының  5-9-сыныптарда 
қазақ  тілінен  алған  барлық  білімінің,  танымдық-
практикалық  бағытының  ең  биік  өресі,  адамзаттың 
қол жетпес жоғары мәдениетінің бір түрі – сөз өнерін 
игеруге  арналған.  Коммуникативті  қарым-қатынаста 
сөйлеушінің  психикалық  көңіл  күйі,  сезімін  сыртқа 
шығарудағы тілдің қызметі, сөйлесу барысында тілдің 
эмоциялық  жағын,  интонациясын  игеруі  басты  рөл 
атқарады.
Тілдің  тек  пікір  алмасу  құралы  ретіндегі  қызметін 
ғана  емес,  адам  сезімін  білдіретін  функциясын  да 
ескеріп,  сөйлеу  этикетінің  өзіне  тән  ерекшеліктері 

30
мен  нормаларын  қалыптастыру  үшін  психологиялық 
аспект ретінде оған әлеуметтік бағдар беріп, оқушының 
қоғамдық 
ортада 
сөйлеудегі 
мақсат-мүддесін, 
моральдық-этикалық  принциптері  мен  дүниетанымын 
қалыптастыру керек. Оқушының әдеби тіл нормаларын 
игеруі, сөз сапасын саралап пайдалануы (сөз дұрыстығы, 
сөз байлығы, сөз тазалығы, сөз дәлдігі, сөз бедері, т.б.) 
ғылыми-лингвистикалық  дүниетанымдық  жүйеде 
іске  аса  отырып,  моральдық-этикалық,  эстетикалық 
көзқарастары мен ұстанымдары психологиялық негізде 
жүзеге асады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет