ЛӘйлі-мәЖНҮН (Басы өткен санда)


Шәкәрім  ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНІҢ ҚАЗІРГІ ДӘУІРІ



Pdf көрінісі
бет2/19
Дата12.03.2017
өлшемі1,64 Mb.
#8803
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

Шәкәрім 
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНІҢ ҚАЗІРГІ ДӘУІРІ 
(басы 2-3 санында) 
Бұл күнге шейін қазақтың жазба әдебиеті жайынан сөз жазушылардың көбі  біздің жазба 
әдебиетіміздің  басы  Абайдан  басталады  деп  есептейді.  Бұл  пікір  суретті 
(худож.литература)  ретінде  қарағанда,  дұрыс  болса  да,  әдебиет  тарихының  ретімен 
қарасақ, үлкен адасқандық болады. 
Қазақта жазба әдебиет Абайдан көп бұрын басталған. Бұл есепке көбінесе дін мақсатымен 
жазылған қиссаларды кіргізбесек те, айтыс өлеңдерін кіргізбеуге болмайды. 
Наурызбай  мен  Тілеуқабақтың  қызының  айтысуы,  Біржан  мен  Сараның  айтысуы,  бір 
жағынан ауызша әдебиетке кірсе, бір жағынан жартылап келіп жазба әдебиетке кіреді. 
Тегінде,  Қазақстандағы  айтыс  өлеңдер  өзге  жұрттың  әдебиетінде  кез  келмейтін  біздің 
әдебиеттің байлығына дәлел болған айрықша бір түрі. 
Айтыс  өлеңінің  ерте  күндегілері  ауызша  әдебиетке  кіріседі,  бергі  замандағы  айтыстың 
ішінен  ұзақ  әңгіме  тудыратын  Наурызбай  мен  Біржан-Сара  сияқтылар  жазба  әдебиетке 
кіреді.  Екі  кісінің  айтысуынан,  болмаса  екі  кісінің  хатынан  туатын  әңгімелер  ертерек 
уақыттарында ағылшын әдебиетінде Грандисон Ричардсон, Достоевскийлердің уақытында 

14 
 
болған.  Орыстардың  «Бедные  люди»  деген  кітабында  бар.  Мұнда  әңгімелерді 
«Эпистолярный  роман»  деп  атаған.  Біздің  айтыстардың  көбі  сол  Эпистолярный  роман 
түріндегі өлеңдер. 
Сондықтан жазба әдебиеттің әуелгі басында бүл өлеңдер кіруі тиіс. 
Одан  бері  де  жазба  әдебиеттің  өз  міндетін  ұға  бастап,  қазақ  тұрмысындағы  кем-кетікті 
қолға  ала  бастағанда,  Абайдан  бұрын  басталады.  Бүл  жағынан  қарағанда,  Абайдың 
алдындағы  адамдар  деп:  Шортанбай,  Алтынсарин,  Мәшһүр  Жүсіп  һәм  Нарманбеттерді 
алу керек. 
Бұл  адамдардың  кейбірінің  Абайдан  жасы  кем  болғандығын  есеп  қылуға  болмайды. 
Бәрінің  жазған  сөздеріндегі  бетте  белгілі  сарынды  еске  алу  керек.  Осы  соңғы  екі 
сипатынан  қарағанда  әлгі  төртеуі  қазақ  әдебиетінің  көшпелі  дәуірдің  ақындары  деп 
санауға тиіс. 
Көшпелі  деп  ауызшадан  жазбашаға  қарай  көшкенін  айтамыз.  Міне,  сол  замандағы  ой 
ойлаған адамдардың ойында болған өзгерісті, сөзінен туған жаңа күйді айтамыз. 
Әдебиеттегі  бұл  көшпелі  дәуір  қазақтың  жалпы  тұрмысындағы,  тарихындағы  көшпелі 
дәуірмен жалғасып келеді. Қол ұстасып қатар кетіп, егіз болып туды деуге болады. 
Қазақты  патша  саясаты  билеп  алған,  қол-аяғын  байлап  бағындырып  алған.  Жерін  алып, 
өзінің  төрелерін  қазаққа  ұлық  қыла  бастаған.  Отаршылдық  әрекетін  күшейте  бастаған, 
діннен айыра бастаған уақытына келді. 
Сыртқы  өмірдің  осы  сияқты  себептерінен  қазақтың  ойына  уайым  араласқан,  көңілі 
жабығып, қайғы басқан. Сөзінен, өлеңінен, әнінен, бұрынғы билік еркелік, еркіндік бәрі де 
арыла бастап, оның орнын арман, зар, шер, қайғы басқан. 
Сондықтан,  әдебиеттегі  көшпелі  дәуір  де  осындай  мұңды  күйден  құралған.  Осы  ретпен 
қарағанда, Шортанбай жазған  «Зар заман»  - әдебиеттегі, тарихтағы көшпелі дәуірдің зор 
айнасы.  Бүл  өлеңнің  ішінде  қазақ  тұрмысына  жанасқан  кемшіліктің  айтылмағаны  жоқ 
деуге  болады.  Орыстың  ұлығынан  бастап,  қазақтың  өз  ішіндегі  берекесіздігі,  бұрынғы 
мінезден  айырылып  бара  жатқандығы,  дінін  жоғалтып,  жастарының  арып  бара 
жатқандығы - барлығы да зарлы сарынмен айтылып өтеді. 
Заман қайтып оңалсын, 
Адам қайтып қуансын. 
Жандрал болды ұлығың, 
Майыр болды сыпайың. 
Айрылмайтын дерт болды, 
Кедейге қылған зорлығың. 
Тілмәшты көрдік білгендей
Дуанды көрдік үйіндей. 
Абақты тұр қасында, 
Қазылып тұрған көріңдей. 
Байлар ұрлық қылады, 
Мал көзіне көрінбей. 
Билер жейді параны, 
Сақтап қойған сүріңдей... 
деген жоғарғы сөздерге дәлел. 

15 
 
Осы  сияқты  ел  уайымының  бір  жыршысы  Нарманбет  бұл  күнгі  күннің  қайғысы 
қажытқандықтан,  өткен  күннің  еркіндік  қызығын  көксейді.  Бұл  да  сол  елдің  әдеті 
болатын. 
Сарыарқа, сарқыраған суық қайда? 
Түнде шық, күндіз мұнар буың қайда? 
Найзағай жарқ-жұрқ етіп, нөсер құйған, 
Көк жасыл, кемпірқосақ туың қайда? 
Бұл  күнгіге  қанағаттанбаудың  себебінен  бұл  күнгі  табиғатқа  та  риза  болмағандық  сол 
көшпелі дәуірдің сүйегіне сіңген мінезінен туып отыр. 
«Сандалтып Сарыарқаны алды мұжық
Қолынан келер де жоқ, өнер де жоқ. 
Баласы байғұс қазақ қалды мыжып»... 
Айла құрғандықтан, ең болмаса, қазақты ұрсуда сол заманға қас мінез. Осы сияқты, қайғы 
уайымның  сарыны  Ыбырай  Алтынсарин  өлеңдерінде  көп  кездеседі.  Бірақ,  мұнда 
алдыңғылар  сияқты  шексіз  уайым  болса,  сонымен,  араласқан  жалпы  дертке  ем  іздеудің 
талабы да бар. Аурудың емі мұнау деп ашып айтып, бір нәрсені шешіп бермесе де, бірде 
дінді, бірде оқуды, бірде таза адамшылықты ем қылып ұсына бастаған Алтынсарин. 
Көшпелі  дәуірдегі  ақындардың  бәрінің  жайынан  айтатын  сөз:  Бұлар  өз  заманның  бел 
баласы.  Олардың  заманы  қараңғыда  сипалап,  сенделудің,  қиналудың  заманы.  Ел  дертіне 
не нәрсенің ем екенін білмей, бірі дінді, бірі ескілікті жоқтап, бірі орысты жамандап, бірі 
қазақты жамандап, түрлі дертті таба алмай жалпақ адасқан заман. 
Сондықтан, ол дәуірде күншығыстың діни дерті (Религиозный мистицизм) де байқалады, 
ұлтшылдық та сезіледі, болымсыз өнершілдік те көрінеді. 
Бірақ, осылардың ешбірі де жеңген емес, бір жерге тоқтаған тілек жоқ, бір қалыпқа түскен 
бет жоқ, әр жерде өз аурумен қиналуда, ыңыранып зарлануда болған. 
Мінеки, көшпелі дәуірдің айырықша мінезі осы. Сондықтан, ол мезгіл көшпелі дәуір деп 
аталады.  Бірақ,  ол  дәуірдің  ақындары  жазба  әдебиеттің  басы  екендігі  даусыз.  Себебі, 
бұлардың  өлеңдерінде  ел  тұрмысының  бұрынғы  айтылып  жүрген  жалғыз  қызығы  мен 
желігінен  басқа,  тұрмыстағы  негізгі  дерт,  негізгі  себептер  айтыла  бастаған.  Ел  күндегі 
өмірі,  күндегі  сезімі,  күндегі  ойымен  әдебиет  шеңберінің  ішінен  бастаған  Абайды 
әдебиеттің басшысы дегенде осыдан кейінгі дәуірді еске алып айтамыз. Қазақ әдебиетіне 
Абай кіргізген жаңалық қылып, Абай - қазақтағы суретті сұлу сөздің атасы. Терең сырлы, 
кең  мағыналы  кестелі  өлеңнің  атасы.  Қазақ  өлеңіне  үлгі,  өрнек  берген  түрін  көбейтіп, 
қалыбын молайтқан - Абай. Ол қазақтың ішінен оқушы тапқан. 
Әдебиетке,  өлең-жырға  бұрыннан  орнаған  теріс  пікір,  теріс  ұғымның  бәрін  жоғалтып, 
жұрттың ойын тәрбиелеген. 
Бұдан соңғы бір үлкен қызметі: қырдағы қалың қазаққа Европа мәдениетінің есігін ашқан. 
Орыстың Пушкин, Лермонтов, Крыловтарын қазаққа танытушы - Абай. 
Мәдениетті  жұрттың  ысылған  тілімен  айтқан  тәтті  күй,  нәзік  сезімдерін  Абай  қазақтың 
дүкен  көрмеген  жалпақ  тілімен  өзіндей  тәтті  қылып,  сезімді  қылып  айтып  берген. 
Сондықтан,  Абай  қазақ  оқушысының  ойымен  қатар,  сезімін  де  тәрбиелеген.  Қазақтың 
тіліне  Абайдың  сіңірген  еңбегінің  арқасында  бүл  тілдің  барлық  байлығы,  орамдығы, 
өркениеттілігі табылған. 

16 
 
Абайдың  барлық  өлеңі  қазақтың  сол  күштілігінің  ішінен  туған  асыл  құрыш.  Қырдағы 
қалың қазақтың осы күнге дейін сөйлеп жүрген жалпақ тілінің жемісі. Соның сыры мен 
сымбатын көрсететін айнасы. Бүл Абайдың қазақ тіліне істеген қызметі. 
Абайдың  өлеңінің  ішіндегі  мағынасы  мен  беттеген  бағыты  жағынан  қарағанда,  көшпелі 
дәуірдің өлеңдерінен айрылатын жері: мұнда сөлдері құрыған зар да, әлі құрыған уайым 
да  жоқ.  Оның  орнында  қазақ  өмірінің  кем  кетігін  түсінген,  көзі  ашықтық  бар,  дәлдеп 
ауруын тауып, емін айтқан шырақтық бар. 
Бұрынғыдай әр нәрсені уайым көрген далбасалықтың орнына Абай қазақтың жасына білім 
жарығына ұмтыл дейді. Кәрісіне, малыңды дұрыстап бақ дейді. Атқа мінген жақсыларына 
елді  іріткіге  салмай,  адал  еңбек  қыл,  қарызыңды  атқар  дейді.  Қазақтың  өміріндегі 
кемшіліктің қайсысына болса да Абай өз емін айтып кеткен. 
Әдебиеттің  зор  міндетінің  бірі  -  елдің  мінезін  түзеу  деп  білгендіктен,  Абай  ел  ішіндегі 
көпшіліктің  мінезін  өлеңмен  суреттеп,  белгілі  типтердей  де  көрсеткен  «Мәз  болады 
болысың»,  «Адасқанның  алды  -  жөн,  арты  -  соқпақ»,  «Болыс  болдым,  мінеки!»  деген 
өлеңдерінің бәрінде де қырдағы әрбір таптың адамдарының мінезі сипатталған. 
Абай  өлеңінде  кездесетін  мұң  мен  зар  болса,  ол  бұрынғы  зардың  сарқыты  емес,  өз 
жүрегіндегі сырын айтқан сыршылдықтың сарыны. Бүл да Абай өлеңіндегі жаңа түрінің 
бірі. 
Мінекей, бұл айтылған түрлердің бәріне қарағанда, Абай өлеңіндегі біткен бағыт, құлаққа 
естілген сарын ненің сарыны екені байқалды. Ол ашық тілек, айқын ұғымның (здоровый 
реализм)  сарыны.  Әдебиетте  жұрттың  тілегі  айқын  көрініп,  беттеген  беті  ашық  білінген 
соң көшпелі дәуір бітеді. 
Абай  ол  дәуірдің  ақыны  емес  екендігін  өз  өлеңінде  айтып  кеткен.  Сондықтан,  өлеңді 
бастағанда ескіліктің ақындарымен ұрсудан бастайды. Рас, олармен ұрсуы Абайдың қатесі 
шығар.  Өзін  тапқан  енесін  тепкенге  ұқсайды,  бірақ  ол  ұрсу  ескіліктің  бетіне 
қанағаттанбай,  жаңаша  бет  іздеудің  белгісі  болатын.  Сондықтан  ол  қатесі  Абайға 
кешіріледі. 
Абайдан  басталған  сол  реализмнің  сарыны  қазақ  әдебиетіне  осы  күнге  дейін  жол  болып 
келе  жатыр.  Рас,  бүл  жолда  кейде  бір  ағым  күшейіп,  кейде  жалпақ  жарысқа  ұқсап  бара 
жатқандылық,  күшейіп  жүрген  мезгілдер  бар.  Бірақ,  негізгі  сарынға  келгенде,  қазақ 
өміріне тез боламын деген әдісіне, айласына көп ұзап, өзгеріп кете қойған жоқ. 
Жазба  әдебиетте  Абайдан  соң  аты  аталатын  -  «Қазақ»  газеті.  «Қазақ»  газетінің  мезгілі 
Ахмет, Міржақыптың әдебиетте ұлтшылдық туын көтерген мезгілімен тұтас. Ол уақытта 
қазақ  жұрты  1905  жылдың  өзгерісін  өткізіп,  ел  дертінің  себебін  ұғып,  емін  біліп,  енді 
қазақты оятып күшін бір жерге жиып, патша саясатына қарсылық ойлап құрғақ уайымнан 
да, бос сөзден де іске қарай аяқ басамыз деп талап қыла бастаған уақытына келеді. 
Сондықтан, бүл уақыттағы іс пен сөзде тығыз қамның, асығудың ретінде болады. Өзгенің 
бәрін қоя тұрып, бір саясат әңгімесіне жұмылудың, жалғыз соған ғана үңілудің қалпында 
өтті. Сол кезде шыққан «Қырық мысал», «Маса», «Оян, қазақ!» - бәрі де осы ұлтшылдық 
«Қазақ» газетінің бетіндегі бағытпенен тұтынған жолда, осы ретпен жүрді. Жазылған ұсақ 
өлеңдер,  әңгімелер  барлық  мақалалардың  бәрі  де  қазақты  ұйқыдан  ояту,  сергіту,  күшін 
біріктіру, оқығандарын түзу жолға салу. Соларға басшы болу қазақ ісіне көз құлақ болуға 
арналған. 
Бүл  тұтынған  жолында  «Қазақ»  газеті  оз  міндетін  атқарды.  Бірақ,  таза  әдебиет  көзімен 
қарағанда  «Қазақ»  газетінің  заманында  қазақ  әдебиеті  бөлекше  нұр  шашып,  өркендеп 

17 
 
кетіп  еді  деп  айтуға  болмайды.  Заманында  тарихпен  салыстырғанда,  әдебиет,  саясат 
жүзіндегі бір беткей жұмылудың заманында коп жаңа түр тауып кете алмайды. Жаңа түр 
өзге  жұрттың  ізіне  қарағанда,  тұрмыс  жүзіндегі  қиқы-жиқылықтың,  брожениенің 
мезгілінде  көп  туады.  Сондықтан,  ол  күндегі  өте  жас  әдебиеттен  жаңа  түрлерді  іздеуге 
болған жоқ. 
Жұрттың  бәрінің  сөзіндегі  бір  сарын  -  жалғыз  ұлтшылдық  сарыны  болатын.  Бүл  турада 
ескіден келген тарауының түрі көп. Ауызша әдебиетпен салыстырғанда ол күнгі әдебиет 
ауданы  тарылып,  түрі  азайып  солақай  бірақ,  бетімен  кеткен  сияқты.  «Қазақ»  газетінің 
мезгілінде  соның  айналасында  болып,  соның  рухымен  жазған  жазушылар  Ахмет, 
Міржақып,  Шәһкәрім,  Омар  Қарашов,  Мағжан,  Сәбит,  Сұлтанмахмұт,  Майлин, 
Өтетілеуов, Маметовтер. 
Бұлардың  ішінде  Міржақып,  Ғ.Қарашев  әуелгі  өлеңдерінің  кезінде  жоғарғы  көшпелі 
дәуірдің  төрт  ақынының  сарабына  салынған,  Сұлтанмахмұт  пен  Мағжан  соңғы 
өлеңдерінің кезінде айрықша екі жолға түскендей. 
Бірақ,  «Қазақ»  газетінің  кезінде  бұл  ақындардың  бірі  де  сол  газеттің  бетін  өздеріне  бет 
қылып,  тұтынғаны  даусыз.  «Қазақ»  газетінің басшылық  дәуірі  1917  жылдың  төңкерісіне 
шейін  жүріп  келді.  Өзгерістің  алғашқы  жылдары  қазақ  әдебиетіне  айрықша  жаңалық 
кіргізген  жоқ.  Өзгеріске  дейін  жүріп  келген  «Қазақ»  газетіндегі  сарын  бұл  жылдарда 
қалпынан ауған жоқ. Бұрынғыдай білініп отырды. 
Бірақ,  бүл  жылдардың  жаңалығы  -  әдебиеттің  беті  өзгермесе  де,  түрі  көбейе  бастады. 
Қазақ  тілінде  пьесалар,  әңгімелер  жазыла  бастады.  Аз  уақыт  шығып  тұрса  да,  ғылыми 
әдебиет журнал болып, «Абай» журналы азын-аулақ түр шығарды. 
Өзгерістің алғашқы жылдарындағы әдебиет қалпы осы болды. Жазба әдебиеттің Абайдан 
бергі ұзақ дәуірін алғанда, жолын өзгертетін жаңалық соңғы жылдарда туып келеді. 
Ол  жаңалық  -  жаңа  басталып  келе  жатқан  сезімшілдік,  сыршылдық  (романтизм)  дәуірі, 
бұрынғы ауызша әдебиеттен, одан бергі Абай заманынан бері қарай келе жатқан (реализм) 
сарыны, көбінесе құрғақ ой, жадағай сөз (рассуждение) күйі. Осы күнде ішкі терең сезім 
нәзік сыр күйіне айналып келеді. 
Бұның белгісі  Мағжан Жұмабаевтың соңғы  «Ертегі»,  «Қорқыт»  сияқты өлеңдерінде бар. 
Бұдан  басқа  сезім  жағына  көбірек  көз  салған  бірен-саран  пьесаларда,  соңғы  жылдардың 
кішілеу  әңгімелерінде  бар.  Жаңа  басталып  келе  жатқан  әдебиет  дәуірінің  бүл  сияқты 
жұрнақтарында  көбінесе  құлаққа  ілінетін  күй  -  сезім  күйі.  Бұлардың  ішінде  тіршіліктің 
суреті,  әңгімесі  аз  болса  да,  ішкі  өмірдің  сыры  коп,  адамды  өз  ішіне  үңілтетін  мұң  мен 
жырдың сарыны бар. Сыршылдық дәуірі қай жұртта болса да әуелгі кезінде ескі ертегідегі 
жын,  пері,  жалмауыз,  жезтырнақ  сияқты  жаратылысы  тұманды  қараңғы  заттарды  жыр 
қылумен басталған, қазақта да осының белгісі көрініп отыр. 
Қазақ  әдебиетінің  бүл  күнге  дейін  жүріп  келген  жолына  қарағанда,  жаңа  дәуір,  жаңа 
үлгінің тұтатын кезі жеткендей. Жазба әдебиеттің жаңадан түбір тауып, ауданын кеңейтіп, 
келесі өрнекті дәуірге қарай аяқ басуы осы белгілерден басталса керек. 
Қазақ  әдебиетінің  бүл  дәуірі  буыны  бекіп  қатарға  кірерлік  әдебиет  болғандығын 
көрсететін сыршылдық романтизм дәуірі болады. 
Бүл арада біздің әдебиеттің өткен күні  туралы айтылатын бір сөз: Абайдан бергі  дәуірді 
орыстың  реализм  дәуіріндей  толық  реализм  дәуірі  деп  айтпаймыз.  Ол  уақыт  қазақ 
әдебиетінің  аяғын  апыл-тапыл  басып  келе  жатқан  кезі  болғандықтан,  толық  реализм 
шартын көрсеткен жоқ. 

18 
 
Бүл мақалада ол дәуірде реализм болды деген сөз болса, ол өзге күйдің ішіндегі күштірек 
болған  сарын  сол  деп  айтылған.  Әйтпесе,  әр  нәрсеге  арналып  айтқан  ұсақ  өлеңдерден 
белгілі дәуірді туғызатын ұзақ күй шығады деуге болмайды. 
Қазақ әдебиетінің тарихы бағыты жайынан айтылған осы сияқты азын-аулақ мағлұматқа 
қарап, барлық жазба әдебиеттің салмағын өлшегенде, қазіргі қалпын бағалағанда айтатын 
сөз:  біздің әдебиет әлі  жас,  әлі  бойы өсіп жеткен жоқ. Өткен күніне қарап, келешегі зор 
десек,  біздің  әдебиет  келесі  күнде  шығатын  талдай  тұрғыларының  біреуіне  ғана  жаңа-
жаңа  тырмысып  келеді.  Біздің  ескі  әдебиеттен  қалған  көп  сарын,  кең  ауданның  бәрі  де 
жазба  әдебиетке  келіп,  таралып  азайып  отыр.  Жазба  әдебиет  бір  беткейліктен  арылса, 
жаңа арылайын деп, жаңа ғана қайтадан тарауланып, ауданын кеңейтейін деп отыр. 
Болмаса,  ауызша  әдебиет  жасаған  күлдіргі  тип:  Қодарды,  қайғылы  трагический  тип 
геройлардың  типі:  Қозы-Көрпеш,  Баянды,  Елдің  Серіні  жазба  әдебиет  жасады  ма?  Әлі 
жасаған жоқ. Бұларды ай ерекше жан деп, тип деп ұға білген қазақ кейінгіні де ұға алады, 
ұқпақ түгіл өміріне үлгі қылып еліктеуге де жарайды. 
Ел  ішіндегі  бозбала  Біржанның  ақындығы  мен  салдығына,  Ақанның  серілігіне  еліктесе, 
батагөй қария Асан Қайғының қайғысына еліктесе, далада еркін өскен ерке қыз Сараның 
салдығы  мен  айтыс  құмарлығына  еліктесе,  бүл  еліктеудің  Чайльд-Гардьжге,  Печоринге 
еліктеген  орыс  жастарының  мінезінен  қай  жері  кем?  Әдебиеттің  қазақ  мінезін  түзеп, 
басшы  болуына  мүмкін  екендігі  осы  белгілерден  білінбей  ме?  Олай  болса,  жазылатын 
пъесаларда,  романдарда,  әңгімелерде,  поэмаларда  қазақтың  негізгі  мінездерін  айқын 
көрсететін  типтер  жасау  керек.  Қазақ  әдебиетінің  ішінде  қазақ  өмірін  түгел  суретімен 
алып кіру әдебиеттің ендігі міндеті. Бүл күнге дейін біз аяз сүзіп жүреміз. Қазақ әдебиеті, 
қазақ өмірінің бетіндегі қаймағын жалап жүр. Бұрынғы әдебиеттің ішіне Тазша бала мен 
Жалшы  сақау  қатын  да  кірген  болса,  бүгінгі  әдебиетке  қалпақ  киген  оқығаннан  бастап, 
қой жайып жүрген қойшыға шейін кіруге тиіс, әдебиет сол күнде ғана өмір айнасы, өмір 
тезі болуға мүмкін. 
*)  Бұл  мақала  өткен  санда  білім  бөліміне  жаңылыс  басылғандықтан,  осы  санда  әуелгі 
арналған әдебиет бөліміне жібердік. 
Қоңыр 
ЕЛ АРАСЫ 
Сары далада сарғайып таң атпаған; 
Ай, күн туып қараңғылық батпаған; 
Күннен күнге партия, дау көбейтіп, 
Ел арасын өңшең сұмырай қаптаған. 
Жас бозбала жатыр елде оянбай
Ескі әдетін ата-ананың жоя алмай. 
Бар малынан қол көтеріп қалса да, 
Әлі келеді партияны қоя алмай. 
Жүйріктері жалсыз елде шаба алмай, 
Оқушы жүр қаражат, пұл таба алмай. 
Жас өмірін бекер босқа өткізіп, 
Пайдаланып өнер-білім ала-алмай. 
Кедейлері аштан елде тұра алмай, 
Жөні кеткен шаруасы құралмай. 
Мал мен жаны өткен қыста қырылып
Сасып отыр, не қылуын біле алмай. 
Ел бүлдірген болсын билер, отыр бай, 

19 
 
Киер киім, астық пішен бәрі сай. 
Бостандығы жер жүзінің болса да, 
Бір болған жоқ сор кедейдің көңілі жай. 
Болмақ түгіл, жарық, сәуле, тумай-ай, 
Жылқы түгіл, құлын да жоқ, қотыр тай. 
Жөнді білмей, жолды көрмей дағдарып, 
Айтқан сөзі басын қасып, Құдай-ай. 
Аш баласы жатыр үйде шырылдай, 
Неғып шыдар, осы күйге қырылмай: 
Бұршақ жауып, балапанға күн туып, 
Жақын кетті туысқанға бұрылмай. 
Киер киім, жағар отын табылмай, 
Қалды пішен, түгелімен шабылмай: 
Мал-мүлкінен жұрдай болып айырылып, 
Жазығы не? Мұнша сорың арылмай. 
Қалды егін жалғыз түйір егілмей, 
Арбаң, шанаң жатыр қурап жегілмей: 
Сау киім жоқ, үсті басы жалаңаш. 
Жатыр өлік, жол бойында көмілмей. 
Ел ішінде жаңа тәртіп шашылмай
Оқыған жүр надандықты қашырмай. 
Ел жиналып, үлгі алатын мектебі; 
Көмілген қар, терезе, есік ашылмай. 
Өз тілінде өнер білім табылмай, 
Жас бала да тәрбиемен бағылмай: 
Надан сопы, бақсы, балшы елді алды 
Әлі келеді, жорғысынан жаңылмай. 
Тамырларын надандықтың қия алмай, 
Ұрлық, өсек, қалың малды тыя алмай 
Оқыған жас бет алдына жайылып, 
Бір бағытқа қол ұстасып жиылмай. 
Бала Қадырұлы 
Шаруашылық бөлімі 
КӨШПЕЛІ ҚАЗАҚ ХАЛҚЫН ОТЫРЫҚШЫЛАНДЫРУ 
КЕРЕК ДЕГЕНДЕР ТУРАЛЫ 
Соңғы жылдарда қазақты тегіс жерге отырғызу керек деген мәселелер туып жүр. 
Әрине,  дұрысына  қарағанда,  келесіні  көздегенде,  қазақ  халқының  қазірден  бастап  жер 
иеленуі  қажет.  Қысы-жазы  дамылсыз  салдырлап  көшіп  қонудан  қолы  тимей,  тіршіліктің 
тізгінін  табиғаттың  таңдауына  беріп  жүргенше,  бір  жерге  орнығып,  шаруашылықтың 
өнімді жағымен алмасқаны жақсы. Шаруашылықтың өнімді түрі табиғатты өзіне қаратып, 
бағындырып  алса  ғана  болады.  Сондықтан,  табиғаттың  күшімен  пайдалану  үшін  мына 
істермен  айналысу  керек.  Ол  үшін  жер  иелену  керек.  Тіршілікті  тұрақты  күйге  салып, 
боран соқпайтын, жүн жемейтұғын орнықты кәсіппен айналысуы керек. 
Көшпелі  қазақтардың  көрген  күндері  күн  дерлік  емес,  олар  қолдарындағы  баққан 
малдарының игіліктерін өздері тегісімен көреді деуге болмайды. Малдың санына шағып, 
жиған  жүні  бар,  малы  сиярлық  бір  жерге  қысқы  малдың  өмірі,  тегімен  табиғаттың 
қолында болады. 

20 
 
«Айдаса  желдікі,  соқса  сайдікі»  дегенді  көшпендінің  қонысы  оң  болып,  малының  аман 
шығуы, жүрген жердің отынан, қарынан, суығынан болады. Халық қар жауып, мұз болса, 
боран соқса, қазақтың күні қараң, малдан айырылғаны бұрынғы байлығында. Барлығы да 
көрген  түстей  болып,  көзден  бірақ  өшеді.  Көшпелілер  малым  бар  деп  жыл  шыққан  соң 
көктемде ғана айта алады. Қыстап қалған малды иеленеді. 
Көшпендінің  көрген  күні  құрысын.  Оларға  өмірінше  тыныштық  жоқ,  салдырлап  қысы-
жазы көшумен жүргені. 
Қысы қызылға кетеді. Бұқара, Үргеніштің қолтықтарына шейін барады. Одан қар кеткесін 
қайта  кейіп  көшеді.  Қарақұмды,  Шу  бойын  жайлайды,  алды  Арқаға  да  барады.  Ну  - 
Қостанай,  Троицкі  қолтықтарына  да  баратұғындары  да  аз  емес.  Міне,  осымен  12  айдың 
ұзын бойына жер-жердің сонысына 10 шақты күннен ғана отырмаса, кіл көшумен жүреді. 
Өмірін  осымен  өткізеді,  сөйтіп,  жүрумен  бір  жерде  боранға  ұшырап,  суыққа  шалдықса, 
малдан  айрылады.  Көше  алмайтын  жатақ  болып  қалады.  Қазақтың  осы  күнгі 
отырықшыларының  көбісі  осындайдан  отырған  деуге  болады.  Онымен,  олар  дұрыстап 
мерзімді жер иеленіп, мәдени кәсіпке айналысып жерінің игілігін еміп отырған жоқ болса, 
бір  жерде  қозғалмай  тұрған  қыстауы  бар,  аздап  пішен  шабар  егінмен  де  айналысуы  аз 
өлместің күнін көріп отырады. 
Міне,  осының  барлығы  да  қазақтың  қазіргі  кәсібінің  күн  көруі  үшін  керексіз  екендігін 
көрсетеді. Тіршілікке төзбейтұғынын, рақатсыз екендігін аңғартады. 
Ол  онымен  тұрсын,  ендігі  ескеретұғын  мәселе  -  қазақ  осы  тұрмысты  тілеп  алды  ма 
болмаса, оларды осындай болуға итеретұғын табиғи реттер бар ма? Енді осыған келейік, 
адам  баласының  өсіп  өнген  тарихына  көз  салсақ,  біздің  қазақ  түгіл  қай  халықта  әуелгі 
осылардай  кездерінде  көшпелі  болған.  Мал  шаруашылығымен  айналысқан.  Осы  күнгі 
кент болып отырғандардың қай қайсылары да жер айдау кәсібін үйреткен соң ғана барып 
жерге  отырып  қала  болған.  Ал  мал  шаруашылығынан  олардың  қол  үзгендері  кешегі 
жақында  ғана.  Олар  білімін  күшейтіп  жерді,  суды,  тауды,  тағы  да  сол  сияқты  табиғатқа 
тәндік заттарды адамның пайдасына жарата білген кезден бері қарай. 
Біздің  қазақта  ол  өнерлердің  ұрпағы  да  жоқ.  Мал  бағудан  басқа  кәсіп  қазір  де  қазақтың 
қолынан  келмейді.  Содан  соң  мал  өсіреді.  Малдың  жайын  қылу  үшін  шөптің  сонысы 
керек.  Қоныс  аударып  түру  қажет.  Өйткені,  үнемі  бір  жерде  отырса,  шаруашылықтың 
жайы  болмайды.  Сондықтан,  қазақ  амалсыздан  күн  көрген  малын  сақтау  үшін  соның 
қамына көшеді. Осы айтылған аз әңгімелердің өзінен қазақтың көшпелілігінің кәсібі мал 
өсіру екен. Сол үшін де қазіргі халде көшпелі тұрмыстың керектігі көрініп түр. 
Бірақ,  қазақ  қалпын  өзгерткен  жоқ  екен.  Кәсібі,  күнкөрушілік  әдеттері  баяғы  бойдан 
бұлжымай түр екен деп қарап, ізінше тұрған бөтендер жоқ: күннен күнге заман өзгерілуде, 
алға басуда, тіршіліктің талабы да күн санап қиындап барады. Енді бұдан былай дәуірде 
сүру  үшін  мәдени  талаптар  керек.  Былайша  айтқанда  олар  білімнің  көрсеткен  қол 
кәсіптерін  табиғаттың  кәріне  қарсы  жұмсап,  күнелтпесе  болмайтұғын  болды.  Жұттан 
қаншасы  қалады  деп  көзін  жұмып,  қолды  қусырып  отырудың  реті  жоқ.  Онан  да  малды 
жұттан  аман  алып  қалудың  лажын  істеу  керек.  Ол  үшін  малға  шағып  шөп  шабу,  жанға 
шағып егін салу қажет. 
Көшпелілерге шөп шауып, егін салу үшін бір жерге орнығып жерге отыруы, жер кәсібіне 
айналуы  керек.  Қазақтың  жерге  отырғызу  керек  деген  соңғы  кездердегі  сөздері  осыдан 
шыққан.  Бірақ  ол  үшін  жерлігіп  отыруға  төзімді  жер  қазаққа  табыла  ма?  Оған  келсек, 
Түркістан  Республикасында,  көпшілігі  көшетұғын  Ақмешіт  һәм  Қазалы  уездерінде, 
Қазақстанда  Ырғыз,  Торғай  һәм  Адай  уездерінде,  Ақмешіт  пен  Қазалы  уездерінің 
көшпелілерінің  қоныстары  Қызылқұм,  Қарақұм,  Мойынқұм,  Шу,  Сарысу  бойлары. 

21 
 
Қызылқұм деген жеріне сексеуіл һәм ақшөптер шыққан сусыз шөл құм: Ел мұнда қысқа 
қарай  қар  түскеннен  кейін  қарап  келеді.  Болмаса,  құдығы  да  сирек  һәм  терең  30-  40 
құлаштан  болады.  Қызылда  жылқы,  мал  күнелте  алмайды.  Жері  аз,  оның  үстіне 
жылқының  шөбі  жоқ.  Қызыл  көшетұғын  елдің  мал  еткендері,  қой  мен  түйе  болады. 
Жердің сілесі бар ғана уақытта, қыстың 2-3 айында болмаса, қызылда жаздыгүні ел отыра 
алмайды.  Өйткені,  судың  тапшылығынан  және  күннің  ыссылығынан  жаз  бүл  жерлерде 
мал ұстап, берекет қылып отыруға мүмкін емес. 
Егіншілік  қылуға  екі  бастан  мұнда  тіпті  болмайды.  Қарақұмды  алсақ,  бүл  Арқаға  тәндік 
жер қызылдан. Мұның күні салқын. Қай түлікке болса да шөбі дайын, құдығы таяз. Бірақ, 
бүл  да қыстау  мен егіншілікке кем. Шабын шығатын жері  жоқ. Шығатұғын шөбі: томар 
жусан,  ақ  жусан,  сілеу,  айғыр  үйірі  қияқ  һәм  ой,  ой  баттауық,  бұлар  басыбайлы  шабын 
болуға жарамайды. 
Таңдап  жүріп  шұңқыр  -  шұңқырға  бір  пұт,  жарым  пұт  сеппесе,  Қарақұм  егіншілікке  де 
кеміс. Шуасары су  бойларын  алсақ, оларда жаз жайлауға болмаса, қыстауға,  егіншілікке 
жарамайды. Қазақстанның да жалғыз өз алдына жүретұғын Адай  уезі  болмаса, көбінесе, 
көшпелілердің  келіп  кететұғын  жерлері  осы  аралар.  Адайлардың  да  жүретұғын  жерлері 
тақыр, құм, тастақ болса керек. 
Осы  айтылған  жерлердің  қай-қайсысының  да  маңызын  қарасақ,  екі-үш  айлық  мазасы 
болмаса (онда да мезгілді уақытта), табан теуіп өне бойы отыруға қол бере алатұғын емес. 
Өйткені,  жоғарғы  айтылғандардан  бүл  жерлерде  отырықшы  болып,  ылаж  қылуға 
болмайтындығы көрініп түр. 
Мерзімдеп  жер  иеленіп  отырса  да,  болмаса  бұрынғы  бойымен  көшіп  жүрсе  де  қазақтың 
күн  көретұғыны  -  қолындағы  бар  жерлері  табиғи  түрде  мал  үйіруге  болмаса,  жер 
шаруашылығына қолайсыз жерлері жоғарыда айтылған Қызылқұм, Қарақұм сықылдылар. 
Сондықтан,  ол  сықылды  жерлерде  көшіп  қана  жүріп  күнелтпесе,  отырықшылықтың 
мүмкін еместігі көрініп тұр. 
Біз көрген жерлердің қазақтарының жатақ дегендерін де тақадымы жоқ қара сирақ кедейі 
болмаса, жарты көшпелі деуге болады. Өйткені, қысы-жазы бір жерде қозғалмай олар да 
отыра  алмайды  -  қырға  шығып  мал  жайып  қайтады.  Қырды  жерленгендер  қысқа  қарай 
малдарын ішке айдап, Сырды жерленгендер жаз қырға жіберіп отырады. 
Бүл айтылғандардан көшуден қол үзсе, қазақтың күн көре алмайтындығы көрініп тұр. 
Осының  барлығынан  аңғаратұғын  көшпелілікті  қайта  жамандап  қол  көрмегенмен,  қазақ 
жерінің  табиғи  әрекеттерінің  өзінің  керекті  қыла  тұғындығы.  Қазақ  бар  жердің  көбінде 
көшіп  жүріп  күнелтпесе  болмайтындығы  сондықтан.  Қазақты  тегіс  жерге  айналдырып, 
отырықшыландырамыз деушіліктер қате. Біздің өмірімізге көшпелілік қойылмады. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет