ЛӘйлі-мәЖНҮН (Басы өткен санда)



Pdf көрінісі
бет8/19
Дата12.03.2017
өлшемі1,64 Mb.
#8803
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19

X. Досмұхамедов
Ташкент. 25 апрель 1923 жыл. 
ДАРВИН СӨЗІНІҢ НЕГІЗДЕРІ 
(басы 4-5 санда) 
Өткен  жолы,  түрлі  мақұлықтардың  сыртқы  суреттерін  салыстырып  көріп  олардың 
арасында  ұқсастық  бар  екендігін  айтып,  ол  ұқсастық,  туысқандықтың  нәсілі-заты  бір 
болғандықтың шарты деген едік. 
Барша  мақұлықтардың  қаны,  заты,  нәсілі  түбі  біреу  үшін,  тек  қана  сыртқы  суреттерінің 
арасындағы  ұқсамастықты  дәлел  етуге  болмайды.  Онымен  ғана  тұрсақ,  дәлеліміз  шолақ 
болады. Түрлі-түрлі мақұлықтардың түбі бірлігі рас болса, олардың арасындағы ұқсастық 
тек  қана  сыртқы  суреттерінде  болмасқа  тиіс.  Туысқандықтың  шартын  тереңнен  іздеу 
керек. 
Табиғат ғылымының неше түрлі тараулары, бұтақтары бар. Сондай коп бұтақтардың бірі 
анатомия  деп  аталады.  Анатомия  мақұлықтардың  дене  түзілісін,  ішкі  сарайларын 

64 
 
тексеретін ғылым. Осы кезде де жер жүзінде де дене түзілісі тексерілмей қалған мақұлық 
жоқ  десек  өтірікші  болмаймыз.  Табиғат  ғылымына  жетік  кісілер  әрбір  мақұлықтың  дене 
түзілісін жақсы біледі. Сондықтан мақұлықтарды сыртқы суреттеріне қарап салыстырған 
сияқты, дене түзілістеріне, ішкі сарайларына қарап та салыстыруға болады.(1) 
(1)  Мақлұқтардың  дене  түзелісін  салыстырып  тексеретін  ғылымды  салыстырмалы 
анатомия деп атайды. 
Салыстырмалы  анатомияның  адам  баласына  беріп  отырған  мағлұматтарына  қарағанда, 
мақұлықтардың  ішкі  сарайларының  арасындағы  ұқсастық,  жоғарыда  айтылған  сыртқы 
суреттердің арасындағы ұқсастықтар мол секілді көрінеді. 
Мәселен, өзімізге таныс қой мен ешкіні алсақ, ол екеуінің сыртқы суреттерінде ұқсастық 
аз,  айырма  көп.  Сондықтан,  ешуақытта  қойды  ешкі  яки,  ешкіні  қой  деуге  болмайды. 
Бірінен бірі оңай айырылады. Ал енді, екеуінің де терісін сыпырып, етін сылып алып, құр 
сүйегін, әсіресе омыртқа, қабырға жіліктерін жеке алып қарасақ, арасында қанша айырма 
табамыз?  Көзі  үйренген  қасапшы  болмаса,  жалпылама  жай  кісі  қойдың  жілігін,  ешкінің 
жілігінен  оңай  айырып  ала  алмайды.  Қой  еті  деп  шатасып,  қой  етінің  орнына  базардан 
ешкі етін сатып алушы аңқау ел ішінде аз болмайды. 
Қой  мен  ешкі  арасы  жақын,  жынысы  бір  хайуандар.  Сыртқы  суреттерінде  ешбір 
жақындық жоқ мақұлықтарды алсақ, олардың да дене түзілісінде ұқсастық табуға мүмкін. 
Мысалы  үшін  адамды,  атты,  көртышқанды,  жарқанатты  алайық.  Адамның  екі  аяғы,  екі 
қолы  бар.  Қолдың  денеге  біткен  жері  -  кеуде.  Жарқанаттың  екі  аяғы,  екі  қанаты  бар. 
Қанаттың  да  денеге  біткен  жері  -  кеуде.  Аттың,  тышқанның  аяқтары  төрт  төрттен. 
Олардың  да  алдыңғы  екі  аяғы  кеудеге  біткен.  Осы  айтылған  кеудеге  біткен  мүшелерді 
(қолды,  аяқты,  қанатты)  салыстырып  көрсек,  бірінде  бар  сүйектерді  бірінен  табамыз. 
Жауырын  жіліктер  адамда  да,  атта,  тышқанда  да  бар.  Бірақ,  қолдың,  аяқтың,  қанаттың 
тіршілік  шарттарына  қарай  атқарып  тұрған  міндеттері  түрліше  болғандықтан,  олардың 
түрі де (суреттері де) өзгеріліп, түрліше болып біткен. 
Құстың  қанаты,  балықтың  ескіші  де  өзгермей  біткен  аяқ  десек  болады.  Бірақ,  тіршілік 
шарттары, табиғат әрқайсысының таңбасын салып өзгертіп қойған. 
Ғылым  дүниесінде  талассыз,  даусыз  қабыл  алынып  жүрген  мынадай  бір  ақиқат  бар. 
Атқарып тұрған міндеті бар мүше ешуақытта жойылмақ емес. Қызметсіз, міндетсіз мүше 
иесіне пайдасыз. Сондықтан, керексіз мүше бірте-бірте кішірейіп, көп уақыттан соң, жүре-
жүре  жойылмақ.  Күшін  сарп  етіп  артық  мүшені  жүктеп  артып  жүру,  көп  еңбекпен,  көп 
мехнатпен  табылатын  тамақты  керексіз  мүшені  асырау  үшін,  орынсыз  шығын  ету 
табиғаттың есебінде жоқ. Табиғатта үнем (экономия) бар, бірақ, табиғатта барды ысырап 
ету - (расточительность) жоқ. Бүл сөзді сипаттау үшін мүшелі табиғат дүниесінен мысал 
келтіру қажет. 
Жүген  құрық  тимеген,  қысы-жазы  далада,  ашық  жерде  жүретін  үркек  асау  жылқының 
кулак  еттері  толық,  алды  күшті  болады.  Себеп  даладағы  малдың  жауы  коп  болады. 
Сондықтан, ондай малдың әр дыбысқа құлағын салып, құлағын қозғалтып, қайшылап, тың 
тыңдап  тұруы,  сақ  құлақ  болу  керек.  Құлақты  қозғалтатын күш кулак  еттерінде  болады. 
Әруақытта  қорада  жаудан  қауіпсіз,  қатерсіз  жерде,  сондықтан  құлағын  қайшылап 
тыңдаудың қажеттігі жоқ жерде тұратын мұжықтардың мәстектерін алсақ. Олардың құлақ 
еттері нашар, әлсіз болады. Көбінің құлақтары салпаңда болады. 
Тағы  үйрек  бар,  асыранды  үйрек.  Тағы  үйректің  қанаты  көп  жұмсалатын,  аяғы  аз 
жұмсалатын құр ал. Асыранды үйректің аяғы әрине, көп жұмсалатын құрал. 

65 
 
Сондықтан, жалпы тұлғасына қарағанда, асыранды үйректің аяқ сүйектері салмақты, һәм 
алды, тағы үйректің аяқ сүйектері нәзіктеу. 
Адамның  денесінде  әлі  жойылып  кетпеген,  бірақ,  түбінде  жойылуы  ықтимал  артық 
мүшелері  бар.  Ондай  мүшелердің  бірі  -  құйрық.  Адамға  құйрықтық  керектігі  жоқ. 
Сондықтан,  адамға  құйрықты  жою  керек  болды.  Тап  осы  кезде,  адамның  денесінің 
сыртына  шығып,  сорайып  көзге  көрініп  тұрған  құйрық  жоқ.  һәм  құйрығым  болмады-ау 
деп, өкініп жүрген адам да жоқ. Бірақ, адамда құйрық сүйектерінің (құйымшақ сүйектері) 
қалдығы бар. Көпіртіп айтуды жарататын кісі адамда да құйрық бар дей алады. 
Осы кезге дейін құлағын қозғалтып, қайшылата білетін анда - санда шыққанда бір кісіні 
ұшыратуға болады. Бүл ненің белгісі һәм неліктен? 
Адам  баласы  өткен  замандардағы  кезде,  ақыл-айласы  кем  кезде,  тау-тастың  арасында 
ағаштың,  орманның  ішінде  хайуанаттар  секілденіп,  хайуанаттармен  қатар  жүріп 
күнелткен.  Өмір  шеккен  болса  керек.  Ол  уақытта  адам  баласының  басқан,  арбасқан, 
аңдасқан  жауы  көп  боған.  Сондықтан,  ол  уақытта  адамзаттың  тың  тыңдауы,  сақ  кулак 
болуы керек болған. Әлгі айтылған осы кезде сирек ұшырайтын құлағын қозғалта білетін 
кісілер бұрынғы бабаларының ескі әдетін өшірмей, мирас етіп сақтап келе жатқан кісілер. 
Бүл  әдет  әлі  күнге  әбден  өшіп  кетпеген.  Жасырынып,  бұғып  жатып,  кенет  жарыққа 
шығатын  ескі  әдеттердің  салдары.  Бүл  ескінің  ізі,  бұл  анда-санда  бір  көрініп  кететін 
ескінің жұрнағы. Мұны ғылым тілінде - Атавизм дейді. 
Кенет  келіп,  тез  кеткен  ескінің  жұрнағы  адам  баласының  бойында,  әсіресе,  мінез 
құлқында аз емес. 
Тұла  бойын  маймылдың  жүні  секілді  жүн қаптаған  адамдар  болған.  Жоғарыда  айтылған 
адамның  құйрығын  әлі  күнге  созылып  шұбатылып  бітпей  келе  жатқан  (Длительный 
атавизм) десек болады. 
Есейген,  ержеткен  мақұлықтардың  сыртқы  суреттерін,  ішкі  сарайларын  салыстырып 
тексере келгенде тапқанымыз мынау болды. 1) Бірқатар мақұлықтардың ұқсастық сыртқы 
суреттері  бар.  2)  Сыртқы  суреттерінде  ұқсастық  жоқ  мақұлықтардың  да  ішкі  сарайында 
ұқсастық  болуы  мүмкін.  3)  Кейбір  мақұлықтарда  жойылып  жеткен ескінің  сарқыны  бар. 
Жойылған, бірақ шығанда бір келіп кететін де ескінің жұрнақтары бар. 
Мақұлықтарды  жаңа  өніп,  жаңа  бітіп,  жаңа  өсіп  келе  жатқан  жас  шағында  зародыш 
кезінде алсақ, араларындағы ұқсастық тіпті мол екендігін көреміз. 
Соңғы  айтылған  сөздерден  мақұлықтардың  түрі  бір  күйде  тұрмай,  айнып  құбылып, 
өзгеріліп  келгендігі  көрінеді.  Яғни,  мақұлықтардың  талай  дәуірді  бастан  кешіріп,  әр 
дәуірдегі  тұрмыс  шарттарына  қарай  бейнесін,  түрін  өзгертіп  келгендігі  көрінеді.  Басқа 
сөзбен айтқанда, мақұлықтардың тарихынан барлығы сезіледі. 
Өткен замандарда, мұнан миллион - миллион жылдар бұрын жердің ажары осы кездегідей 
болған  емес.  Жердің  ажары  әлде  неше  рет  құбылып  айныған.  Жердің  ажары  айныған 
сайын  жер  жүзіндегі  тұрмыс  шарттары  да  өзгеріліп  тұрған.  Мақұлықтардың  күн  көруі, 
тұрмыс  шарттарымен  байлаулы.  Тұрмыс  шарттары  өзгерілген  сайын,  мақұлықтардың 
жаңа  шарттарға  ыңғайланып  -  ықшамданып,  түрін  өзгертіп  тұруы  керек.  Оған 
жарамағандары бірте-бірте құрып жойылуы тиіс. 
Жердің  тарихын  тексеретін  ғылымның  һәм  ескі  замандардың  мақұлықтарымен 
таныстыратын ғылымның айтуына қарағанда, әр дәуірде әр түрлі мақұлықтар өмір сүрген. 
Бірақ,  соңғы  дәуірде  өмір  сүрген  мақұлықтар,  алғашқы  дәуірде  өмір  сүрген 
мақұлықтардың ұрпағы. Түрлі дәуірде өмір сүрген мақұлықтар, бірінен бірі өніп отырған. 

66 
 
Біздің  заманымыздағы  мақұлықтар  да  сол  өткен  замандарда  өмір  сүрген  мақлұқтардың 
жұрнағы.  Оған  дәлел  -  заманымыздағы  мақұлықтардың  бұрынғы  мақұлықтармен 
ұқсастығы. 
топырақтан қалың көрпе жамылып үлгергендері ғана. Сонымен, бұрынғы мақұлықтардың 
сақталған  сүйектері  су  түбінде,  жер  астында  жатыр.  Жер  астынан  қазылып  алынған 
сүйектерді заманымыздағы мақұлықтардың сүйектерімен салыстырсақ, араларында едәуір 
ұқсастық бар екендігі сезіледі. Бүл бір. Екінші, заманымызға заманы таяу мақұлықтардың 
қазіргі  мақұлықтармен  ұқсастығы  мол:  заманы  әрі  тереңге  кеткен  сайын,  бұрынғы 
мақұлықтардың қазіргі мақұлықтармен ұқсастығы бірте-бірте кеми береді. 
Жоғарыда  айтылған  сөздерді  қорытқанда,  ашылатын  хақиқат  мынау  болуға  тиіс:  1) 
Заманымыздағы  есейген,  ержеткен  мақұлықтардың  арасында  ұқсастық  барлығы  сезіледі. 
Сыртқы  суреттерінде  ұқсастық  жоқ  мақұлықтардың  да,  ішкі  сарайларында  ұқсастық 
барлығы сезіледі. 
2)  Сыртқы  суреттерінде  де,  ішкі  сарайларында  да  ұқсастық  жоқ  мақұлықтардың  жаңа 
өніп, жаңа өсіп келе жатқан жас шағында (зародыш кезінде) бірінен-бірі айырып алғысыз 
ұқсас екендігі сезіледі. 
3) Түрлі замандарда, түрлі дәуірлерде өмір шеккен мақұлықтардың да арасында ұқсастық 
барлығы сезіледі. Заманы жақын мақұлықтардың арасында ұқсастық мол. Заманы қашық 
мақұлықтардың  ұқсастығы  кем.  Заманы  жақын  мақұлықтардың  арасы  да  жақын,  заманы 
қашық мақұлықтардың арасы да қашық. 
Енді мұнан қандай мағына шығаруға болады? 
Мұнан  шығатын  мағына  мынау  болуға  тиіс.  Барша  мақұлықтар  бір  үлгі  бойынша 
жасалған. Барша мақұлықтардың әуелгі - үлгісі, әуелгі типі бір. Бірақ, бері келген сайын 
түрлі  мақұлықтар бірінен-бірі  алыстап барады. Екінші  баршасы да  әуелгі үлгіден, әуелгі 
типтен алыстап барады. Яғни, бір үлгіден аз түр, аз түрден көп түр пайда болған. Аз түр 
бірте-бірте  өзгеріліп,  көп  түрге  айналған.  Өзгертіп  айтқанда,  мүшелі  мақұлықтар  бір 
күйде, бір қалыпта тұрған емес. Мәңгілік түр жоқ. Мүшелі мақұлықтар дүниесі бірте-бірте 
өзгеріліп айнып-құбылып келген. 
Мақұлықтардың  бір  күйде  тұрмай,  өзгеріліп  келуі  рас  болса,  екінші  ол  мақұлықтардың 
баршасының  үлгісі  типі  бір  болса,  баршасының  нәсілі,  заты  да  бір  деуі  болады. 
Сондықтан, Дарвиннің барша мақұлықтар бірінен-бірі өнді деуі көңілге қонатын, ақылға 
ұнайтын зат. 
Табиғаттың құбылмалы екендігін көрсету үшін Дарвин адамзаттың ісін айғақ етеді. 
Адам  мал  асырап,  егін  егеді.  Асыранды  малдың  (хайуанның)  егіндік  өсімдік  тұқымын 
асылдандыру  адам  баласының  есін  білгелі  істеп  келе  жатқан  істерінің  бірі.  Малдың,  я 
өсімдіктің  тұқымын  асылдандыру  деген  сөзді  не  деп  ұғыну  керек?  Қасиеті  кем  малға, 
артық  қасиет  беру.  Мақұлықтың  қасиетін  арттыру  яғни  мақұлық  қасиетін  өзгерту  деп 
ұғыну керек. Мақұлық қасиетін өзгерту өзін өзгертумен бара-бар бір есеп. 
Бұл  сөзді  сипаттау  үшін  Дарвин  мынандай  мысал  келтірді.  Дарвин заманында  Англияда 
көгершін  асырау  бәсеке  болған.  Асыранды  көгершіндердің  неше  түрлі  тұқымы  бар. 
Көгершіннің  бір  тұқымын  Дутыш  деп  атайды  (орысша).  Оны  таңнан  көрген  кісі  тіпті 
көгершін демес еді. Өйткені, оның көгершін түрі қалмаған, Дутыш аяқтары ұзын, денесі 
ұзын, ірі құс. Түсі  мен бірі  ұқсастығын жоғалтып,  әр  уақыттың ішінде осыншама айнып 
өзгеріліп кетуі мақұлықтардың түрлерінің құбылмалы екендігін көрсетеді. 

67 
 
Сонымен, құбылмалы мақұлықтарға тән сипаттардың бірі деп санауы тиіс. 
Құбылмалық  (Изменчивость)  басқа  құбылыс.  (Изменение)  басқа.  Құбылмалық  сипат 
(Свойство), құбылыс - көрініс (Явление). 
Табиғат жүзіндегі сансыз коп көріністің бірі де себепсіз болмайды. 
Көріністі  құр  сезу  -  оны  әлі  түсінгендік  емес.  Көріністі  түсіну  үшін  оның  себебін  білу 
керек.  Құбылмалық,  құбылулық  табиғат  көріністерінің  бірі.  Оның  да  себептері  болуға 
тиіс. 
Жоғарыда  біз  асыранды  мал  бір  күйде  тұрмайды.  Жылдан  жылға  өзгеріліп,  құбылып 
тұрады  дедік.  Бірақ  оның  себебі  айтылмайды.  Асыранды  малдың  тұқымының  я,  азып 
(қазақ  қойына  сарық  тұқымы  араласса,  қой  азып  қысқа  төзімсіз  бола  бастайды. 
Сондықтан,  пысық  шаруа  сарықтың  күйегіне  өте  сақ  болады.  Салақ  шаруа  малының 
тұқымын аздырып алады.) я, асылданып тұруының әрине, түрлі себептері бар. 
Малдың тұқымын асылдандыру үшін пысық шаруа не істейді? 
Жердің  топырағы  «тозса»  егіннің  шығысы  кеміп,  дәні  кішірейіп,  қасиеті  төмендеп,  егін 
азая  бастамақшы.  Себеп  -  тозған  топырақ  егінге  керек  тамақты  керегінше  үлгіртіп, 
жеткізіп  беріп  тұра  алмайды.  Яғни,  ашықса  егін  азаяды.  Топырақ  жаңғырса,  (жаңарса), 
топырақтан  егінге  керек  заттар  (тамақ)  керегінше  табылып  тұрса,  егін  жақсы  шығады. 
һәм,  егіннің  дәні  толық  болады.  Егінді  асылдандырудың  шарасы  егіннің  тамағын  тоқ 
қылу, егінді күту. 
Сол  секілді  малдың  күтімі  болмаса,  мал  бірте-бірте  арықтап,  жүдеп,  аза  бастамақшы. 
Малдың күтімі жақсы болса, қыс жылы орында, жаз салқын жерде тұрып, алдынан арпа, 
сұлы,  секілді  жұғынды  тамақ  арылмайтын  болса,  малдың  майланып,  ажарланып  сүйегі 
өсіп, қарымы ұлғайып кетуінде сөз жоқ. 
Күтімсіз  жетім  қозы,  жетім  лақ,  жетім  бұзау,  жетім  құлын  ажарсыз  һәм  нашар  болады. 
Жасында жетім мал өскенде аласа, ұсақ болады. 
Телі-төл  аяқ  қолы  балғадай,  еңгезердей  ірі  болып  өседі.  Жақсы,  жағымды  тамақ,  жайлы 
орын яғни, күтіміне малды асылдандырудың бір шарасы. 
Малдың  күтімін  өзгерту  тіршілік  шартын  өзгерту  деген  сөз.  Олай  болса,  малды 
асылдандырудың бір амалын, тіршілік шарттарын жағымды жайлы ету боларға тиіс. 
өсіріп өндіруге тырысады. Жаман малдың тұқымын кемітіп азайтып, бірте-бірте құртуға 
тырысады.  Шаруаның  ынтасы  малдың  тұқымын  тегіс  асылдандыру  болады.  Сондықтан, 
шаруа малды сұрыптайды, екшейді, електен өткізеді. Жақсыны сүйеді, өсіреді, жаманды 
сатады, сояды әйтеуір жояды. Асыранды мал дүниесінде екшелу, сұрыпталу бар. Малдың 
тұқымы екшеліп сұрыпталып тұрғандықтан, асыранды малдың тұқымы артып асылданып 
тұрады. 
Жақсыдан асыл пайда  болу негізгі  себеп, екшелеу (отбор) жасық,  асыл деп адам баласы 
қандай  малды  атайды?  Жасық  пен  асылдың  арасын  айыру  үшін  адам  баласының  қандай 
өлшеуі  бар?  Көзге  көрнекті,  пайдасы  мол  малды  шаруа  асыл  дейді.  Асыл  атану  үшін 
малдың бүркемелігінен гөрі, пайдасы мол болу керек. Асыл, жасық деп малды айыру үшін 
шаруа  оз  пайдасын  өлшеп  өтеді.  Өз  пайдасын  назарына  қарап,  шаруа  мал  тұқымын 
асылдандырады.  Бірақ,  ұмытпау  керек.  Мал  иесі  шаруаның  пайдасы,  малдың  өзінің 
пайдасы екеуі екі түрлі зат. 
Шаруа үшін пайдалы қасиет мал үшін өне бойы пайдалы бола бермейді. 

68 
 
Шаруаға жағымды қасиеттің малға жағымсыз болуы да ықтимал алалық мәселен, әдепсіз, 
одағайсыз,  аяқтары  шидей  әлсіз  өзі  жуан  семіз,  майдан  аяғын  баса  алмайтын  шошқаны. 
Шошқа асыраушы адамның көзімен қарағанда, бүл қасиеті мол, пайдасы коп асыл шошқа. 
Ал,  шошқаның  өзінің  назарымен  қарасақшы?  Адам  бақпаса  күтпесе,  онда  шошқа  өз 
бетімен  жүріп  күн  көре  алмас  еді.  Сондықтан,  мұны  соңғы  назарына  қарағанда,  асыл 
шошқа  деуге  болмайды.  Азған  шошқа  деу  керек  болады.  Асылдардан  тағы  қабан  асыл 
себебі - қабан өз бетімен жүріп күн көреді. Тіршілігін сақтай біле біледі. Тұқымын сақтай 
біледі.  Хайуан  көзі  қарағанда  асыл  шошқа-қабан.  Тіршілігін  сақтауға  шеберлігін  өлшеу 
қылсақ, жер жүзінде асыл емес хайуан жоқ. Мақұлықтардың бәрі де асыл.  
Асыранды малды асылдандыру үшін адам малды екшейді, мал бір-біріне екшелеп барып 
асылданып отыр. Шын асыл хайуан асыранды азған мал емес, тағы жабайы хайуан десек 
те  болады.  Олай  болса,  тағы  хайуанның  асылдануының  реті  қалай?  Мал  екшелеп 
асылданған болса, тағы хайуан қалайша асылданған? 
Келесі  жолы,  жауап  беретін  сөзіміз  осы  болады.  Осы  сұрауға,  берілген  жауап  табиғат 
жүзіндегі  гармония  қайдан  шыққан,  неден  пайда  болған  деген  өткен  жолғы  сұрауға  да 
жауап болады. 
(аяғы бар) 
Қ.И. 
ХАУА 
1. Табиғаттағы бұйымдардың үш түрлілігі 
Дүниедегі бұйымдар үш түрлі: қатты, сұйық, газ. 
Өз  түрін  өзі  сақтай  алатын,  ағаш,  тас,  шөп,  қағаз,  шүберек  секілді  бұйымдар  қатты 
бұйымдар  болады.  Ұн,  күл,  топырақ  секілді  бұйымдар  да  қатты  бұйымдар.  Олар  коп 
болып жиылған  уақ, қатты бұйымдар. Өз түрін өзі  сақтай алмайтын, құйылған ыдысына 
қарай түрі  өзгеріліп туратын су, сүт, сынап, керосин, (жер май) секілді  бұйымдар сұйық 
бұйымдар болады. 
Қатты бұйымдарға да, сұйық бұйымдарға да қосылмайтын барлық тараптары (асты, үсті, 
жан-жақтары) жабық болмаса; тұрмайтын ауа, бу, секілді бұйымдар газ бұйымдар болады. 
2. Молекула 
Қандай  буйым  болса  да  бөліне  береді.  Мәселен,  бір  көзге  ілінбейтін  өте  кішкентай 
буйымды  алып  (қатты  бұйым  болсын,  сұйық  болсын,  яки  газ  болсын  бәрі  бір)  бөлсе 
бөлінеді. Оның бір бөлімін тағы бөлсе ол да бөлінеді. Ол бөлімнің бөлімі тағы бөлуге келе 
береді. Сөйтіп, бөле берсе, буйым бөліне береді. Ең ақыр-аяғында енді бөлуге келмейтін, 
өте  уақ  бөлшектер  шығады.  Буйымның  осындай  бөлуге  келмейтін  ең  кішкене  бөлшегі 
«молекул» (молекула) деп аталады. 
Молекуланың құрамы өте кішкене, оны еш нәрсемен салыстырып, түсіндіруге болмайды. 
Молекуладан кіші еш нәрсе жоқ. Дүниеде қандай бұйым болса да, есепсіз көп осындай өте 
уақ молекулдардан құралған. 
Қатты  бұйымдардың  молекулдері  бір-бірімен  нық  ұстасып  тұрады.  Сондықтан  қатты 
бұйымды (бөлу), сындыру, бұзу, (жырту) өте оңай емес һәм қатты бұйымдардың түрлері 
өздігінен өзгерілмейді. 

69 
 
Сұйық бұйымдардың молекулдері бір-бірімен осал ұстасады. Сондықтан, сұйық бұйымды 
бөлу (ішіне бір нәрсе тығу, ішінде жүру, бөліп алу) өте оңай һәм сұйық бұйымдар өз түрін 
өздігінен  сақтай  алмайды.  Құйылған  ыдысына  қарай  түрі  өзгеріліп  тұрады,  ыдыссыз 
болса,  жайылып  кетеді.  Газ  бұйымдардың  моликулдері  бір-бірімен  тіпті  ұстаспайды. 
Сондықтан, газ бұйымдар өздігінен - өзі асты, үстіне шығып араласа береді. 
3. Бұйымдардың мөлдірлігі һәм түсі 
Дүниедегі бұйымдардың көбінің тасасындағы һәм ішіндегі нәрселер көрінбейді. Мәселен, 
қағаздың  астында  жатқан  нәрсе,  үйдің  тасасындағы  нәрсе,  сүттің  ішіндегі  нәрселер 
көрінбейді.  Кейбір  бұйымдардың  тасасындағы  һәм  ішіндегі  нәрселер  көрініп  тұрады. 
Мәселен,  әйнектің  аржағындағы  нәрселер  көрініп  тұратын  бұйымдар  -  «мөлдір» 
бұйымдар.  Жұрттың  көбі  мөлдірлік  пен  түссіздік  екеуі  бір  сөз  деп  түсінеді.  Ол  қате. 
Шайдың түсі бар, бірақ, мөлдір, ішіндегі нәрсе көрінеді. Әр түрлі, түсті (сары, көк, жасыл, 
қызыл)  әйнектер  болады.  Олар  түсті  болса  да,  мөлдір,  аржағындағы  нәрселер  көрінеді. 
Кейбір  бұйымдар  әрі  мөлдір,  әрі  түссіз  болады.  Мәселен,  таза  су,  терезенің  әйнегі  әрі 
мөлдір, әрі түссіз. Бүл арада ескертетін бір нәрсе, судың да, әйнектің де һәм басқа түссіз 
деген  нәрселердің  аз  да  болса  түсі  бар.  Олардың  түсі  өте  қалың  болғанда  ғана  көрінеді. 
Мәселен,  теңіздің  суынан  бір  стакан  су  алып  қарасақ,  түссіз  көрінеді.  Ол  су  аз 
болғандықтан,  түссіз  көрінеді.  Аз  судың  түсі  өте  аз.  Сондықтан,  ол  өте  аз  түс  көзге 
сезілмейді. Теңіздің суы түссіз емес түсті. Оның түсі көк. 
Ол түс, өте көп суда ғана көрінеді. Себебі, өте көп судың түсі  жиылып,  көзге сезілерлік 
болады.  Сондықтан,  теңіз  көк  болып  көрінеді.  Терезенің  әйнегі  де  түссіз  емес,  жасыл 
әйнектің жасыл түсі бір жақ қырына қарағанда көрінеді. Себебі, әйнектің бір жақ қырынан 
қарағанда, қалың әйнекті қарап тұрған секілді болады. 
4. Хауаның барлығына дәлел 
Хауа - өте мөлдір, түссіз газ буйым. Ол доп секілді домалақ жердің сыртын айнала қаптап 
тұрады.  Жердің  сыртындағы  ауаның  қалыңдығы  250  шақырым.  Хауа  түссіз  дедік,  олай 
десек  те,  хауа  нақ  түссіз  емес.  Оның  өте  аз  болса  да,  көгілдір  түсі  бар.  Ол  көгілдір  түсі 
қалың  хауаға  қарағанда  ғана  көрінеді.  Жоғарыда  төңкерілген  қазан  тәрізді  болып 
көрінетін көгілдір түсті  аспан жұрттың ойлауындай бір қатты буйымнан жаралған нәрсе 
емес.  Қалың  болғандықтан,  көгілдірленіп  көрініп  тұрған  хауа.  Хауаның  көгілдір  түсі 
алыста  көрінетінін  түсіндіру  үшін  мысалға  тұманды  алайық.  Тұманның  ішінде  тұрғанда 
нақ  жанымыздағы  тұман  көрінбейді.  Әріректегі  тұман  көрінеді.  Сол  секілді  жақындағы 
хауаның түсі көрінбейді, оның түсі қалың болғанда ғана алыстан барып көрінеді. Жердің 
үстінде хауасыз еш жер жоқ, әрбір нәрсенің қуыс-қуысында да, топырақтың арасында да 
хауа бар. Хауаның барлығына түрлі-түрлі дәлелдер көп. Ол дәлелдердің барлығын түгел 
айтпасақ та, оқушыларымыздың бәріне де түсінікті болар - ау деген бірнешеуін айтайық. 
Жерге  қағаздың  қиқымы,  құсты  ң  жүні  секілді  бір  жеңіл  нәрсені  салып  қойып,  кітап 
секілді бір нәрсемен желпісек, жерге салып қойған жеңіл нәрсе орнынан қозғалып кетеді 
(ұшып  кетеді).  Оның  қозғалып  кетуінің  себебі  -  стақандағы  суды  қасықпен  қозғап 
жібергенде,  судың  түбінде  жатқан  қиқымның  қозғалып  кетуі  секілді.  Сол  секілді,  қасық 
суды  қозғайды,  су  түбінде  жатқан  қиқымды  қозғайды.  Желпуіш  ауаны  қозғайды. 
Қозғалып кеткен ауа жолындағы нәрсені қозғайды. Желпіуішпен бетімізге қарай желпісек, 
қозғалып  кеткен  ауа  бетімізге  келіп  соғады  (бетімізге  жел  тиеді).  Хауа  болмаса, 
айналамызда  көзге  көрініп  тұрған  нәрселерден  басқа  еш  нәрсе  болмаса,  қанша  желпісек 
те, жерде жатқан қиқым қозғалмас еді. Бетімізге жел тимес еді. Стаканның аузын төмен 
қаратып  суға  батырсақ,  стаканның  ішіне  су  кірмейді,  оның  себебі  стаканның  іші  бос 
болғандықтан. Стаканның іші толған хауа болғандықтан. 

70 
 
Әркімге белгілі, дем алғанда әр бір тірі мақұлық ішіне бір нәрсені тартады. һәм ішінен бір 
нәрсені шығарады. Ол дем алғанда ішке тартылатын һәм іштен шығаратын нәрсе - хауа. 
Хауаның барлығына мұнан басқа да дәлелдер бар. Бірақ, осы көрсетілген екі-үш дәлел де 
жеткілікті  шығар  деп  ойлаймыз.  Басқа  дәлелдерден  түсіндіру  үшін  суреттер  керек,  ол 
суреттерді біз сала алмай отырмыз. 
5. Хауаның қысылғыштығы һәм қайтпалығы 
Қысқа хауа қысылады, яғни, көп орын алып тұрған ауаны қысып аз орынға сиғызып қоюға 
болады.  Хауаның  бұл  қасиетін  мынадай  тәжірибемен  көрсетуге  болады.  Прибор 
(пробирка)  дейтін,  ұзын  (бір  қарыстай)  жіңішке  (бармақтың  жуандығындай)  стакан 
болады. Сондай пробиркеге орта қылып су құйып, аузына ұзын резінке тығынның ұшын 
ғана  тығып,  түбін  жоғары  қаратып  аударсақ,  судың  үстіне  пробиркенің  түбіне  қамалып 
ауа  қалады.  Енді  ұшы  ғана  кіріп  тұрған  резінке  тығынды  тығынқырасақ,  су  жоғары 
шығады.  Пробиркенің  түбіндегі  ауа  қысылады.  Алып  тұрған  орны  кішірейеді.  Бүл 
хауаның  қысылғыштығын,  яғни  қыссақ,  қысылып  кішірейетіндігін  көрсетеді.  Енді  әлгі 
тығынды қоя берсек, кейін қайтып шығып, әуелгісіндей болып ұшынан ғана ілініп тұрады. 
Тығынның  қайтып  шығуының  себебі  -  пробирканың  түбіндегі  қысылып  қалған  ауаның 
жайылып  қайта  теуіп,  бұрынғы  орнының  бәрінде  қайтып  алғандығы.  Бұл  хауаның 
қайтпалығы, яғни әуелгі қалпына қайтып келе бергендігі. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет