6. Хауаның салмағы
Әр бір бұйымның салмағы боларға тиіс. Сол себепті ауаның да салмағы бар. Хауаның
салмағы барлығын көрсету үшін аузы самауырдың шүмегі секілді бұрама шүмекпен
ашылып, жабылатын үлкен шынының аузын ашып қойып, ішіндегі хауасымен таразыға
салып бір өлшейміз. Онан соң ол шынының ішіндегі хауасын машинамен тарттырып
алып, аузын хауа кірмейтін қылып бұрап бекітіп, хауасыз бос шыныны тағы өлшейміз,
екінші өлшегенде шынының салмағы әуелгі өлшегеннен кем шығады. Бұл тәжірибе
хауаның салмағы бар екендігін көрсетіледі.
7. Хауаның қысуы
Салмағы бар болғандықтан үстегі хауа астынғысын басады. Ең астыңғы жерге таяу
хауаның үстіне басатын салмақ өте көп. Жоғары шыққан сайын хауаның үстінен басатын
салмақ бірте - бірте кеми береді. Сөйтіп, ең үстіңгі хауаның үстінен басатын еш салмақ
жоқ. Үстінен басатын салмақ көп болған сайын, хауа қысылып тығыз бола береді. Сол
себепті төмендеген сайын хауа қысылып тығыздала береді. Жоғарылаған сайын, босап
сирей береді. Ол жердегі хауа өте қысылған, тығыз. Таудың басындағы хауа бостау,
сиректеу. Аэроплан мен (ұшатын машина) ұшқанда кісі он шақырымнан артық жоғары
шыға алмайды. Оның себебі жоғарыдағы хауа сирек болғандықтан, төмендегі тығыз
хауаға үйренген кісі дем ала алмайды. Сол секілді биік таудың басына шыққанда кісі
жөнді дем ала алмайды, буыны кетіп, басы айналады.
Хауа қайтпалы болғандықтан (Хауаның қысылғыштығы һәм қайтпалығы деген бапты
қарау керек) төмендегі қысылып тұрған хауа қайтадан жайылып қысылмаған хауадай көп
орын алу үшін барлық тараптарын (астын, үстін, жан-жақтан) қысады. Мұны мынадай
тәжірибелерден көруге болады. Бір стаканға толтырып су құйып алып, айнала шетіне тегіс
тигізіп, бетіне қағаз жауып, ол қағазды алақанмен басып тұрып, стаканның аузын төмен
қаратып төңкеріп, бір қолмен стаканның түбінен ұстап тұрып, қағазды басып тұрған
қолымызды тартып алсақ, стакандағы су төгілмейді. Судың салмағы қағазды төмен қарай
басса, қысылып тұрған тығыз ауа жайылып, көп орын алу үшін қағазды ішке қарай
қысады. Судың салмағынан хауаның қысуы күштірек болғандықтан, қағаз стаканның
аузына жабысып, суды төгілдірмейді. Бір түтікті, яки буындарын тескен қамысты,
71
болмаса екі басын кескен сыбызғыны суға батырып, судың ішінде тұрғанда үстіңгі жақ
аузын бармақпен жақсылап басып, судан суырып алсақ, ішіне кіріп қалған суы астыңғы
жақ аузын ештемемен жаппасақ та, түтіктің аузы тар болғандықтан төгілмей еріп шығады.
Оның себебі де астына қарай қысқан хауа сондай күшпен үстінен астына қарай да басады.
Екі жақтан бір-біріне қарсы әрекет еткен күш бірдей тең болмағандықтан, түтіктің
ішіндегі су төгілмей жүріп алар еді. Бірақ, үстінен астыға қарай басқан хауаның күшіне
судың салмағы қосылып, астыдан үстіне қарай қысқан ауаның күшін жеңіп, су төгіледі.
Түтіктің ішіндегі тығыз жүретін қылып шидің бір басына мақта орап, жібінен байлап,
онан соң ол мақтаны сулап шиді түтіктің ішіне тығып, ол түтіктің бір жақ басын мақтаны
суға жеткенше итеріп, кейін тартсақ, су мақтанның артынан қалмай еріп жоғары шығады.
Түтіктің ішіндегі шидің мақта ораған басын суға жеткенше итергенде, мақтаның
астындағы ауа түтіктің суға кіріп басынан, суды бұрқылдатып шығып кетеді. Енді, шиді
кейін тартсақ, мақтаның астында хауа болмайды. Үстіңгі хауа мақтамен сырылып,
түтіктің жоғарғы аузынан шығып кетеді. Мақтаның астында хауа болмағандықтан,
түтіктің ішіндегі суды басатын ештеңе болмайды. Түтік сыртындағы суды көп күшпен
басып тұрған хауа бар. Сондықтан, түтіктің ішіндегі су мақтаның артынан қалмай еріп
жоғары шығады. Түтіктің бір жақ басын суға тығып қойып, ішіндегі хауасын екінші жақ
басынан ауызбен сорып тартып алсақ, ауызға су келеді. Оның да себебі, жаңағы
бөтелкенің немесе бір жақ басы бітеу түтіктің ішіне толтыра су құйып, ашық аузын
бармақпен басып, төмен қаратып суға тығып, одан кейін бармағымызды тартып алсақ,
түтіктің ішіндегі суы төгілмейді. Түтік ішіндегі су төгілсе, түтіктің аузын батырып қойған
су көбейгендіктен, жоғарғыланған болуы мүмкін. Оны еш жоғарлатпай нық басып тұрған
хауа бар. Хауаның басып тұрған күшін түтік ішіндегі судың салмағы жеңе алмайды.
Сондықтан түтік ішіндегі су төгілмейді.
8. Бұйымдардың жылылықтан жайылуы, суықтан қысылуы
Дүниедегі бұйымдардың қайсысы болса да қызған сайын жайыла береді. Суыған сайын
қысыла береді. Бұйымдардың бұл қасиеті мынандай тәжірибелерден көрінеді. Суық күнде
дөңгелек темірдің тесігінен мүдірмей өтіп тұрған домалақ шойынды отқа қыздырып алып,
сол тесіктен тағы өткізіп қарасақ өтпей қалады. Ол өтпей қалған ыстық шойынды сол
тесіктің үстіне салып қойсақ, біраздан соң, шойын суыған кезде, тесіктен өтіп түсіп кетеді.
Бұл қатты буйымның қызғаннан молекулаларының арасы бір - бірінен алыстан қарап
жайылуы, суынғаннан молекулаларының арасы бір-біріне жақындаңқырап (тығыздалып)
қысылуы.
Енді сұйық бұйымға келейік: бір бөтелкеге толтыра су құйып, аузын ортасы тесік резеңке
тесіп тығынмен тығып, тығынның ортасындағы тесігіне тығыз сиятын екі басы да ашық
(бір жақ басынан үрлегенде екінші жақ басынан жел шығатын), қуысы тар (жіңішке)
шыны түтік тықсақ, ол түтіктің ішіне бір азырақ су кіреді. Түтік ішіндегі судың тұрған
жерін белгілеп алып, бөтелкені қыздырсақ, түтік ішіндегі су жоғары көтеріледі. Онан соң
ол бөтелкені қайтадан суытсақ, түтік ішіндегі су қайтадан төмен түседі. Бұл сұйық
бұйымының қызғаннан жайылуы, суығаннан қысылуы.
Бұл қасиет газ бұйымдарда да бар екенін көрсету үшін жаңағы су құйған бөтелкенің
ішіндегі суын төгіп тастап, аузына резеңке тығынды ортасына өткізіп қойған түтігімен
қайтадан тығып, түтік ұшын суға батырып қойып, бөтелкені алақандарымызбен қысып
жылыта бастасақ, бөтелкенің ішіндегі хауа жылынғаннан жайылып яғни,
молекулаларының арасы бір-бірінен алыстап сиреп, бөтелкенің ішіне симай, түтіктің суға
кіріп тұрған ұшынан суды бұрқылдатып шығып кетеді. Енді бөтелкеден қолды тартып
алсақ, біраздан соң бөтелке суынады. Сол себепті оның ішіндегі хауа да, суынып
қысылады. Яғни, молекулалар бір-біріне жақындап тығыздалады. Сондықтан, түтікке су
кіре бастайды.
72
9. Ауырлық тығыздықтан
Үлкендігі бірдей екі шелек алып, біреуіне ұнды баспай салып, бетін түзу ағашпен қырып
тастап, екіншісіне ұнды басып тығыздап салып, бетін сол ағашпен тағы қырып тастап,
екеуін таразының екі басына қойсақ, ұнды тығыздап салған шелек басып кетеді. Оның
себебі әркімге белгілі: басып салған соң, ұн тығыздалып, бөлшектері бір-біріне жақындап,
араларындағы бос орындары кеміп, тығызданып, шелекке үн көп сияды. Ішіндегі ұны көп
болғандықтан, екінші шелек әуелгі шелектен ауырырақ.
Үлкендігі бірдей екі стакан алып, біреуіне толтыра су құйып, екіншісіне толтыра керосин
құйып, екеуін таразының екі басына қойсақ, су құйылған стакан басады. Оның себебі су
керосиннен тығыз болатындығы. Яғни, керосинге қарағанда судың молекулалары бір-
біріне жақынырақ, араларындағы бос орындары кемірек болғандықтан.
Темір мен ағаштың салмағын салыстырғанда, темірдің ауыр болуының себебі де осы:
темірдің молекулалары ағаштың молекулаларына қарағанда тығызырақ. Үлкендігін бірдей
қылып алып қандай бұйымдардың салмақтарын салыстырсақ та, бір бұйым бір бұйымнан
ауыр болуының себебі осы болады. Бір бұйым молекулалары 2-ші бұйым молекулаларына
қарағанда тығызырақ болады.
Жылылық қытызына (температурасына) қарай әрбір бұйым кейде ауырырақ, кейде
жеңілірек болады. Мәселен, үлкендігі бірдей екі ыдыс алып, біреуіне толтыра суық су
кұйып екіншісіне толтыра ыстық су құйып екеуін таразының екі басын.і қойсақ, суық су
басады. Себебі, суық су ыстық судан тығызырақ «бұйымдардың жылылықтан жайылуы,
суықтан қысылуы» деген 8-ші бапты қарау керек.
Хауа да сондай, суық хауа жылы хауадан ауыр. Мұны мынадай тәжірибемен көрсетуге
болады. Таразының бір жағындағы табағын алып тастап, оның орнына бір үлкен ауызы
ашық бөтелкені (колба) ілеміз. Таразының бөтелке қойған жағы жеңіл бож .і қосымша бір
нәрсе іліп, ауыр болса 2-ші жағындағы табағына құм сеуіп, екі жағын теңестіреміз. Одан
кейін бір қаңылтырға шоқ салып, бөтелкенің астына ұстап қыздырамыз. Біраз қыздырған
соң, бөтелке жеңілдеп, таразының бір жағы жоғары көтеріледі. Бөтелкенің жеңілдеуі
ішіндегі хауаның жеңілдеуінен, ол хауаның жеңілдеуі қызғаннан. Қызған сайын хауаның
молекулалары бір-бірінен алыстап, араларында бос орындар көбейіңкіреп, сирей түседі.
Бөтелкеге бұрын сиып тұрған хауа сирегендіктен, енді, симай бөтелкенің ашық тұрған
ауызынан бір сыпыра шығып кетеді. Сөйтіп, бөтелкенің ішіндегі хауа азайып жеңілдейді.
Сөздің қорытындысына келсек, бұйым неғұрлым тығыз болған сайын соғұрлым ауыр бола
береді. Әрбір буйым суланған сайын,тығыздала түседі. Сондықтан бұйым суланған сайын
ауыр бола береді.
10. Бұйымның салмағына қарай орны
Бірінен-бірі ауыр бірнеше қатты бұйымды қалай араластырып тастасақ та, араласып жата
береді. Мәселен, құмды тарымен араластырып тастасақ, араласып жата береді.
Бірінен-бірі ауыр бірнеше сұйық буйымды араластырсақ араласпайды. Ауыры астында,
жеңілі үстінде болады. Мысалы, су мен керосинді араластырсақ араласпайды. Су ауыр
болғандықтан, астында жатады. Керосин жеңіл болғандықтан, үстінде жатады. Сұйық
бұйымға қатты бұйым салынса да, нәтижесі сондай болады. Ауыр астында, жеңіл үстінде
болады. Мәселен, ағаш судан жеңіл, темір судан ауыр. Сондықтан, ағаш судың бетінде
қалқып жүреді, темір судың түбіне батып кетеді.
Газ бұйымдар да сұйық бұйымдар секілді. Басқа бұйымдармен араластырғанда, ауырлығы
бірдей болмаса, араласпайды, ауыр болса астына, жеңіл болса үстінде болады. Дүниедегі
73
қатты бұйымдардың бәрі де хауадан ауыр. Сондықтан, қатты бұйымдардың бәрі де
хауаның түбінде, яғни жерде жатады. Асты – үстіне шығып, хауа үнемі сапырылысып
тұрғандықтан, кейбір өте жеңіл бұйымдар ғана (мәселен, тозаң, кейбір өсімдіктердің
үлпілдектері тағы сол секілді әр түрлі жеңіл нәрселер) түбінде жатпай, араласып хауаның
ішінде жүреді (ұшып жүреді). Бір бөтелкеге сәл ғана су толтырмай су құйып, аузын
тығындап қойсақ, судың үстінде, тығының астында азырақ ауа қалады. Хауа судан жеңіл
болғандықтан, бөтелкені қалай аударсақ та, әлгі азғана хауа судың үстінде жүреді.
Бірінен-бірі ауыр бір неше газ бұйымды араластырсақ та, араласпайды. Ауыр газ астында,
жеңіл газ үстінде болады. Мәселен: жылы хауа суық хауадан жеңіл. Сондықтан, жылы
хауа үстінде, суық хауа астында болады. Оған мынандай дәлелдер бар: Үйдің ішінің
жоғарғы жағы жылы, төменгі жағы салқын болады. Яғни, үйдің ішінде жоғарғы хауа
жылы, төменгі хауа салқын болады. Моншаның ішінде солай: жоғарғы жағы ыстық,
төменгі жағы салқын болады. Қыстың күні үйдің есігін ашып жіберсек, сырттан кірген
суық хауа жоғары шықпай, тұманданып төмен жүреді. Үйден шыққан жылы хауа есіктен
шығысымен тұманданып жоғары қарай кетеді. Жанып жатқан оттың түтіні де әуелі тіп-
тіке жоғары ұмтылыңқырап барып, онан соң, желдің ыңғайына қарай қисаяды. Оның
себебі, хауа отқа тез қызады да, сиреп өте жеңілдеп жылдам тіп-тіке жоғары қарай
ұмтылады. Ол хауамен ілесіп түтін де тіп-тіке жоғары қарай шығады. Жанып тұрған
лампаның шынысының ішіне қағаздың кішкене жеңіл қиқымын тастасақ, түспей кейін
қайтып шыға береді. Бүл да қызған жеңіл хауаның жоғары шығатынын көрсетеді.
Шынының ішіндегі хауа қызып жеңілдеп, жоғарғы жағынан шығып кетеді. Ол шығып
кеткен ауаның аузына лампаның шілтерінен тағы хауа кіріп, ол қызып шынының жоғарғы
жақ аузынан шығып кетеді. Сөйтіп, лампы жанып тұрғанда хауа өне бойы үзілместен
лампаның шілтерінен кіріп, шынының жоғарғы жақ аузынан шығып отырады. Сондықтан,
тастаған кішкене жеңіл қағаз лампаның шынысының ішіне түспейді. Ішіне жеңіл газ
толтырылған жұқа қуық болады. Ондай қуықты қоя берсе, жерге түспей, хауада ұшып
жүреді. Қысты күні пеші ыстық бір үйге әкеліп осындай қуықты қоя беріп қарап отырсақ,
ол қуық әуелі пештің жанына барады: пештің жанына барған соң, жоғары көтеріліп, үйдің
төбесін жағалап терезеге қарай жүреді. Терезенің тұсына келген соң, төмен түсіп тағы
пешке барып жоғары шығады. Одан тағы терезеге барып, төмен түсіп, пешке келіп,
айналады да жүреді. Оның себебі пештің жанындағы ауа жылытады да, жеңілдеп жоғары
көтеріледі. Ол жоғары шығып кеткен соң, оның орны бос тұрып қалмайды. Пештің
жанына басқа суығырақ, сондықтан, ауырырақ хауа төменмен ағып келеді. Үйдің ішіндегі
ең суығырақ ауа терезенің жанындағы хауа болғандықтан, пешке келетін хауаның көбі
терезе жақтан болады. Суық хауа пештің жанына барған соң, тағы жылытады да, жеңілдеп
жоғары көтеріледі. Жоғары шығып кетіп жатқан жылы хауа жайыла-жайыла терезенің
тұсына да барады. Терезенің тұсына барған ауа суып, төмен түсіп пешке қарай кетеді.
Сөйтіп, пеш ыстық болса, үйдің ішіндегі хауа өне бойы айналады да жүреді.
11. Жел, құйын
Үйдегі хауаның төмендегісі салқын, жоғарыдағысы жылы болса, даладағы хауа олай емес:
далада төмендегі хауа жылы, жоғарыдағы хауа суық болады. Сондықтан, биік таулардың
басында жаздың күніде ерімей қар жатады. Жоғарыдағы хауаның суық болуының түрлі-
түрлі себептері бар.
Күн хауаны мөлдір болғандықтан жылытпай өтіп кетіп, жерді жылытады. Жер өзіне таяу,
яки төмендегі ауаны жылытады. Сөйтіп, хауаны күн жылытпайды, жер жылытады.
Сондықтан, жерге жақын (төмендегі) хауа жылы. Жерден алыс хауа (жоғарыдағы) суық
болады. Жер жылытқан хауа жоғары көтеріледі, бірақ жоғарыға барып жеткенше,
суыңқырап қалады. Жоғарыға шыққан сайын хауа сирей береді. Сирек нәрсе жылылығын
ұзақ сақтап тұра алмайды. Оның үстіне хауа сиректеген сайын оның жылылығы да өзімен
бірге сирейді. Сирек жылылық жөнді сезілмейді. Хауада көзге көрінбей ұшып жүрген
74
әртүрлі тозаң болады. Ол тозаң төменде ғана болады, жоғарыда болмайды. Тозаң қандай
хауада болса, аз-мұз күннің жиілігін ұстап қалады. Ол күннің жилігін ұстап қалған тозаң
өзінің маңайындағы хауаны жылытады. Міне, төмендегі ауаның жылы болуының,
жоғарыдағы ауаның суық болуының себептері осы.
Хауаны жылытатын жер болса, жер жүзінің жылылығы тегіс емес: жердің үстінде ыстық
жер де бар, жылы жер де бар, салқын жер де бар, суық жер де бар. Мәселен, Мекке
Мәдиненің жері біздің жерден ыстық: Темір-қазық жақ (сол түстік) өте суық. Сулы жер
(теңіз) сусыз жерге (құрлыққа) қарағанда жазды күні һәм күндіз салқын болады, қысты
күні һәм түнде жылырақ болады. Өсімдікті жер өсімдіксіз, жалаңаш, тақыр жерге
қарағанда, құмсыз жер құмды жерге қарағанда жазды күні һәм күндіз салқынырақ,
қыстыгүні һәм түнде жылырақ болады. Бұлтты жер бұлтсыз жерге қарағанда, жауынды
жер жауынсыз жерге қарағанда салқынырақ болады. Осылай жер жүзінің жылылығы
орнына һәм уақытына қарай түрлі-түрлі болады.
Жердің жылылығына қарай хауаның жылылығы да түрлі - түрлі болады. Жылы ауа
жоғары көтеріледі. Оның орнына салқынырақ жердегі хауа келеді. Салқын хауа жылы
жерге барған соң, жылынады да, ол да жоғары көтеріледі. Тағы оның артына салқынырақ
жерден хауа тоқтамай келе береді. Сөйтіп, салқынырақ жерден жылырақ жерге қарай хауа
жүріп турады. Жел хауаның осындай жүрісі басқаша айтқанда, ағыс. Хауаның ағысы
судың ағысы секілді. Су жердің бетімен аққанда (дария, өзен, бұлақ, арық) жолындағы
жеңіл-желпі нәрселерді ілестіріп ала кетеді. Өсіп тұрған шөпті өзінің ыңғайына қарай
қисайтып кетеді. Хауаның ағысында, яғни жел де солай жолындағы жеңіл - желпі
нәрселерді ұшырып алып кетеді, шөптердің, ағаштардың бастарын ыңғайына қарай
қисайтып кетеді. Сәл ғана салқынырақ жерде, сәл ғана жылырақ жерге соққан жел ақырын
болады. Өте суық жерден соққан жел, яки өте ыстық жерге қарай соққан жел, я болмаса
өте суық жерден өте ыстық жерге қарай соққан жел қатты болады. Мұны басқаша
айтқанда, желдің шыққан жері мен баратын жерінің жылылық, суықтығында айырма
неғұрлым көп болған сайын, соғұрлым жел күшті болады.
Төменде жел суық жақтан жылы жаққа қарай соқса, жоғарыда жылы жақтан суық жаққа
қарай соғады. Сондықтан, өте жоғарыдағы бұлт желге қарсы көшеді. Оның себебі суық
жақтағы хауа жылы жаққа кетіп қалған соң, оның орнына жоғарымен жылы жерден
көтерілген ауа барады.
Жел күнбатыстан күн-шығысқа қарай айналып тұрғандықтан, ыстық жерге айналасына
ағып келген хауа түйілісінде дөңгеленіп кетеді. Егер де ыстық жердің ауданы үлкен болса,
түйіліскен хауаның дөңгеленгенін жай кісілер байқамайды, оқымыстылар ғана біледі. Егер
ыстық жердің ауданы кішкене болса, жан жағынан ағып келіп, түйіліскен хауаның
дөңгеленгенін көрмейтін кісі жоқ. Ол - құйын, кейбір құйындар өте үлкен һәм өте күшті
болады. Ондай құйындардың күштілігі туралы «Шолпанның» 4-5 нөмірлеріндегі «Көктен
түскен аждаһа» туралы деген жауап хатты қарау керек.
Файзулла
ӨСІМДІКТЕРДІҢ ТҮЗІЛІСІ
(Басы 4-5 нөмірде)
Өсімдіктердің шілтерінің не заттан түзілгені, қалай өсіп өнетіні, қалай күнелтетіні
қысқаша айтылып өтті. Енді осындай көзге көрінбейтін кішкентай шілтерлерден үлкен
өсімдік түзіледі. Ағаш, шөп, бұлар бәрі де - шілтерден түзіледі. Бірнеше шілтерлер
құралып, бірігіп өрім (тоқыма) пайда болады. Бір шілтерлі өсімдіктерден бастап, әртүрлі
шілтерлер көбейген өсімдіктер, түрліше мүшелер анықталып белгіленді. Түрлі қызмет
75
атқаратын мүшелерінің түзілісі әртүрлі болады. Мұнда өсімдік те жануарлар секілді әрбір
мүшелері өздеріне меншікті қызметі болып, сол еңбек етуге олардың мүшелері де
лайықты, әдеті болып келеді.
Бірқатар белгілі өсімдіктерге қарағанда (бидай, тары, арпа сияқты), бұлардың бәрінің де
тамыры, сабағы һәм жапырағы болады. Осы өсімдіктің көбі тамырсыз тіршілік ете
алмайды. Тамыры арқылы өсімдіктер жерден сумен бірге тіршілікке керекті заттарды
алады.
Тамырдың түзілісімен танысу үшін пияздың немесе сұлының тұқымын жерге егіп,
шыққаннан кейін ептеп жерден қазып алып қарау керек (болмаса булардың тұқымын бір
шыныға су құйып, соның ішінде өсірсе де болады). Тамырының бас жағынан ұстарамен
әбден кесіп алып, микроскоппен әбден қарағанда кішкентай нәзік шілтерлерден түзілгені
көрінеді. Бүл нәзік шілтердің сыртында үлкенірек шілтерден түзілген қорғауышы бар.
Мұны қалқаны деп қарауға болады. Тамыры өскен сайын, жердің топырағына ығыстырып
тереңдеген сайын қалпақтың жоғарғы жағы өседі. Тамырдың нәзік басын қалпақ қатты
тастан, құмнан сақтайды. Осы қорғанышы болғандықтан, нәзік тамыры арқылы өсімдіктер
қатты жерде де өсе береді. Осы ретпен тамыры ұзарып өседі. Қалпақтың жоғары жағынан
бірте-бірте шашақ сияқты болып тамыр шаштары шығады. Жерден сумен бірге керекті
заттарды сорып, тамыры арқылы жоғары керекті жерге қорек беруші осы тамыр шаштары.
Тамырды қарағанда, оның өзі үш түрлі болады. Әуелі, ең ескірген жері, жердің бетіне
жақын тұрған жағы (өсімдік сабағымен қосылған жерінен төмен қарай), тамырдың бүл
жерімен өсімдік жерден керекті затты ала алмайды. Бұл жердің қабығы бұрылданып,
қоңыр түсті қалың болады. Онан төменірек жері, (орта жері) кілең шашақты болып келеді.
Сумен бірге керекті заттарды осы орта бөлімі жерден сорып алады. Үшінші бөлім жаңағы
қарап өткен тамырдың ұшы болады.
VII
Өсімдіктің сабағына келсек, бұларда шілтер түзілген тамырдан сабағына судың (сумен
бірге оның ішіндегі тіршілікке керек ерітпелі заттар) жүретін меншікті жолы бар. Осы
судың жолын бірқатар өсімдіктерден көзбен көруге болады. Өсімдіктің сабағын алып,
қолмен езіп, ысқыласақ жіп сияқты тамырлары көрінеді. Осы жіп сияқтанып көрінген
тамырлар - су жүретін түтіктер. Микроскоппен қарағанда түтіктер өсімдіктердің бәрінде
де бар екені білінеді. Ағашты алсақ, қабықтың астындағы түзілген шілтерлердің ішінде
осы түтіктері болады.
Өсімдіктердің сабағы үш түрлі бөлімнен құралған: ортасында өзегі, оның сыртында
тұлғасы, оның сыртында қабығы. Ағаштың қабығы мен тұлғасының арасында кілең нәзік
шілтерлер болады. Ағаштың жылдан-жылға жуантып өсетін белгісі: шілтерлердің ең
өскіші - қабық пен тұлғаның арасындағы шілтерлер. Өскенде бір шілтерден екі шілтер
пайда болып, бөлініп өседі. Тұлға жағындағы шілтер көбірек бөлінеді. Сондықтан,
тұлғасы қабықтай емес, жылдамырақ өседі. Әруақыт шілтерлері әртүрлі болып өседі.
Әсіресе, көктемде, жазда жылдамырақ өседі. Күзге қарай жапырақ солай болған соң,
көктемде, жазда өскен шілтерлер әрі үлкен, күзге қарай өскендері кішірек болып келеді.
Ағашты арамен кесіп қарасаңыз, бірін-бірі қоршап тұрған дөңгелек сызықтарды көресіз.
Осы сызықтың санына қарай ағаштың неше жыл тіршілік еткенін білуге болады. Дөңгелек
сызық қанша болса, сонша жыл ағаш тіршілік етсе керек. Күзді күні ағаштың жапырағы
түскеннен кейін шілтерлері бөлініп, өсіп өнуі тоқтатылады. Қысқа қарай өсімдіктер
жаздай жинаған қорегімен күнелтіп, қыстап шығады. Қалай көктем болып, су ағып, күн
жыли бастаса, шілтерлер бөлініп тағы да өсе бастайды. Бұрынғы дөңгелек сызықтарға,
тағы бір дөңгелек сызық қосылады. Осы ретпен өсіп, өніп, тіршілік етеді. Енді суда өсетін
өсімдіктердің сабағын алып, микроскоппен қарағанда, жұлдыз сияқты шілтерлер көрінеді.
76
Булардың арасында, үлкен қуыстары болады. Қуыстары толған хауа бұл өсімдіктің
демалуына керек. Хауаны жинақ қылып сақтайтын қуысы болса, табиғаттың суда өсетін
өсімдіктің күнелтуіне лайық қылып жаратқан демалыс мүшесі.
VIII
Өсімдіктің тіршілікке ең керек мүшесі - жапырақ болады. Жапырақтың түзілісімен танысу
үшін өзімізге белгілі пияздың қабығын (көкшіл жерінен алу керек) микроскоппен
қарайық. Мұның шілтерлері торт я ұзындау, алты бұрышты болып көрінеді.
Бұл шілтерлерден басқа көзге түсетін тағы да бір мүшесі бар.
Бұл мүшенің қалпы дөңгелек сияқты болады. Ортасында кішкене ашық жері бар. Осы
ашық жері арқылы өсімдіктер жиналған судың буын сыртқа шығарады және ауадағы
қышқыл көмір газы осы жер арқылы өсімдіктің ішіне кіреді. Мұны демалыс мүшесі
(устьица) деуге де болады. Өсімдіктің жапырақтарында осы демалыс мүшесі тым коп
болады. Тарының дәнінің ауданындай жерде бірнеше жүз демалыс мүшесі болады. Көбіне
дем мүшесі, жапырақтың көлеңке жағында болады.
Ыстық суы аз жерлерде суды коп шығын қылмас үшін демалыс мүшесі жапырақтың күн
жақ бетінде онша коп болмайды. Мұның себебі, көлеңкелі жерде су жылдам су алмайды.
Өсімдіктерге су өте керек, сусыз күнелте алмайды. Сондықтан, бар суды босқа шығын
қылмас үшін тым ыссы жерде демалыс мүшесі жиырылып кішірейеді.
Сондықтан бар сусынды сақтауға тырысады. Бүл өсімдіктің күнелту тәртібіне істейтін
айласы.
Жапырақты қарағанда тарам-тарам болып құрылған тамырларын көзбен көруге болады.
Әсіресе, қураған жапырақты алып қарасаңыз, тек қана тамырлары көзге көрінеді. Әуелгі
нәзік жерлері қурап түсіп қалған. Міне, осы тарам-тарам болып бүтін жапырақтың бетіне
жайылған тамырлар бір жағынан тұлға болса, екінші жағынан осылар арқылы жапыраққа
керекті шырындар жүреді. Өсімдіктердің жапырақтары өздеріне, әрі басқа мүшелеріне
қорек дайындайды. Өсімдіктің тамыры жерден сумен бірге керекті заттарды алатынын
айтқанбыз. Міне, сол ішкі асты пісіріп, оны өсімдіктің басқа жеріне таратушысы осы
жапырақтар болады. Жапырақ бұл кызметті атқармаса, өсімдік тіршілік ете алмай өледі.
Сондықтан жапырақ тіршілікке ең керекті мүшесі болып саналады. Жапырақтың ауқатты
қалай һәм неден даярлайтынын білу үшін шілтерлердің ішінде қандай зат бар екендігін
білу керек. Хлор көкті тексеріп қарағанда, шілтерлердің ішінде жасыл доп сияқты заттар
бар екендігін айтып өтпекпіз. Жапырақты тексеріп қарасақ, клетка ішінде осы хлорофилл
дәндерін көреміз (жапырақтың көк болып көрінетін себебі: хлорофилл деген зат жасыл
түсті етіп бояйды). Осы жасыл хлорофилл дәндерін адамның асқазанымен салыстыруға
болады. Жеген асымыз, ішкен сусынымыз ішке барып қайнап, пісіп денемізге тарайды.
Жапырақтың асқазаны адам, жануардікінен көрі шеберірек. Жануарлар ет, шоп, су әрі
басқа дайын тұрған затты қорек ететін болса, өсімдіктер су мен ауадан крахмал жасап,
соны қорек етеді.
Ауада қышқыл тұз бен қышқыл көмір, газ араласып жүреді, араласып тұрады.
Жапырақтың түзілісіне қарағанда, демалыс мүшесі (устьица) бар екендігін білгенбіз.
Осы демалыс мүшесі арқылы ауадан қышқыл көмір газды тамыры арқылы жерден суды
алып, осы екеуінен жасыл хлорофилл дәндерінің ішінде крахмал пайда болады. Бірақ,
крахмал жасалу үшін бүл екі заттан басқа күннің сәулесі керек. Қышқыл көмір газдың
қышқыл түз бен көмірден, судың қышқыл тұзы мен су тұздан түзілгені белгілі. Жасыл
77
хлорофилл дәндері қышқыл көмір газды ішіне сорып алғаннан кейін екіге бөледі. Мұның
ішіндегі қышқыл тұзды айырып, көмірді сумен қосып, екеуінен крахмал жасайды.
Ұзақты күнге хлорофилл дәндері осы сумен көмірден крахмал жасауына болады. Қалай
күн батып, қараңғы түскен соң, қызметін тоқтатады.
Ішіндегі қышқыл көмір газ демалыс мүшесі арқылы сыртқа шығады. Күннің сәулесі
болмаған жерден қышқыл көмір газы бөлініп, көмір мен судан крахмал жасалынбайды.
Осыған қарағанда, өсімдікке жарық, жылылық керек. Түнге қарай шам жағып қойсақ,
шамның жарығымен де хлорофилл дәндері қызмет істей береді. Крахмал жасап, қоректі
көбейте береді. Өсімдік сумен көмірден тек ғана крахмал жасап қоймайды, бүл екеуінен
басқа (су мен көмірден) заттар да жасайды. Жасалған крахмал жапырақтың ішінде
қалмайды. Жасалған крахмал бірте-бірте жапырақтан кетіп, өсімдіктің сабағына,
тамырына жайылып сіңеді. Бірақ крахмал осы күйінде кетпейді. Шілтерлердің ішіндегі
шырынға еріп араласып өзгереді. Крахмал тек қана күндіз жасалатын болғандықтан, кеш
мезгілінде крахмал көбейіп, таң мезгілінде азаяды. Жұлып алған жапырақты қай уақытта
алынғандығын микроскоппен қарап, крахмалдың аз көптігін білуге болады. Микроскоп
болмаса, онда басқа жолмен де ертеңгі жапырақты кешкі жапырақтан айыруға оңай, ол
үшін жапырақты суға салып қайнатып, сонан соң спиртке салу керек. Сонан соң,
хлорофилл жапырақтан айырылады. Жапырақтың түсі өзгеріп, бұрынғы жасыл түсін
жоғалтып, ағарады. Осы ағарған жапырақты йод дәрісінің ерітпесіне салсаңыз, қараяды,
крахмал коп болса, түсі қарайып кетеді, аз болса түсі тек қоңырлау болып өзгереді. Бүл
тәжірибені әркім істеуге қолынан келеді. Сондықтан істеп тексеріп қарау керек. Крахмал
жанды шілтердің қорегі буған өсімдіктің әрбір мүшелері де мұқтаж: сондықтан, жасалған
крахмал шілтерлердің ішіндегі шырынға еріп, өзгергеннен кейін, қабықтың ішіндегі ұзын
түтік арқылы төмен түсіп, сабағына, тамырына таралады. Өсімдіктің қай жері ауқатқа
мұқтаж болса, сол жеріне крахмал ерітпе күйінде барады. Керек болса, қайтадан өзгеріп
крахмал болады. Жаз мезгілінде жасалған крахмалдың бәрі жиылып болып, таусылып
қалмайды. Бірқатар өсімдік қысқа жинақ болып сақтайды. Өсімдік қыс мезгілінде өспейді.
Қыс демалыс мезгілі сияқты, өсімдік бұтағында, сабағында, тамырында крахмал жинақ
болып тұра береді. Көктемде өсімдік шілтерлері қысқы ұйқысынан бас көтеріп, өсе
бастайды. Сол уақытта, қашан жапырақ шығып, крахмал жасап таратқанша, өсімдік даяр
крахмалды ауқат қылып күнелте береді.
Достарыңызбен бөлісу: |