ЛӘйлі-мәЖНҮН (Басы өткен санда)


Мағжан  ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН



Pdf көрінісі
бет14/19
Дата12.03.2017
өлшемі1,64 Mb.
#8803
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19

Мағжан 
ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН 
(1841-1889 жыл, 48 жас) 
Ыбырай  Алтынсарыұлы  орта  жүз,  қыпшақ  руы,  қазақтың  жуан  ауылы.  Бес  тамғалы 
қыпшақта  аруақ  қонып,  нар  шөккен  шынжыр  қатар  руының  бірі.  Ыбырайдың  ауылын 
атасы  бүкіл  орта  жүзге  белгілі,  өткен  замандағы  қазақтың  қара  қылды  қақ  жарған,  адал, 
дана, шешен ескі билерінен Балқожа деген кісі болған. Марқұм Ыбырайдың туған жері - 
Қазақстанда  Торғай  облысы,  Қостанай  уезі,  Арақарағай  болысы,  Тобыл  деген  өзен.  Осы 
күнгі  Қостанай  қаласы  сол  Тобыл  өзенінің  бойында  Ыбырай  марқұмның  аталарының 
қасында орнаған. 
1868 жылға шейін, яғни «Штат» шыққанша (Степное положение) патша хүкіметі осы күні 
Қазақстан  Республикасы  болып  тұрған  қазақ  жерлерін  екіге  бөліп,екі  орыннан 
басқаратын:  1.Күн  батыстағы  елдерді  яғни,  Орал,  Торғай  облыстарындағы  «Күн  -  батыс 
қазақтары»  болмаса  «Орынбор  қазақтары»  деп  Орынбор  қаласынан  басқаратын;  2. 
Күншығыстағы  елдерді  яғни,  Ақмола,  Семей  облыстарындағы  «Күншығыс  қазақтар» 
болмаса,  «Сібір  қазақтары»  деп  Омбы  қаласынан  басқаратын  еді.  Орынборға  қарайтын 
елді  басқаратын  комиссия  болған.  (Пограниченная  комиссия  по  управлению  западными 
(Оренбургскими)  киргизами)  Комиссия  Орынбор  аймағын  басқаратын,  Генерал  - 
губернатор қарамағында болған. 
Тарихтан белгілі, 1723 жыл «Ақтабан шұбырындыдан» (X) кейін қазақ-қырғыз Атамекен 
қонысынан айырылып, ауғаны, сонда қалың кіші жүз ол кезде Әбілхайыр хан, орта жүздің 
бір сыпырасы Арқаға, яғни (X) «Ақтабан шұбырынды» деген қазақ - қырғыз тіршілігінде 
үлкен тарихи оқиға. 1723 жыл қазақ-қырғыз бен қалмақ арасындағы соғыс шығып, қазақ-
қырғыз қырғын тапқан. 
Осы күнгі Орал, Торғай облыстардағы Жем, Сағыз,  Жайық, Тобыл, Ойыл, Елек, Торғай, 
Ырғыз уездерінің маңына барады. 
Сонан  соң  коп  ұзамай  1731  жылдан  бастап  тек  ауып  барған  елдер  Россия  патшалығына 
қарай  бастады.  Қазақ  жұртының  Россияға  бағынған  дәуірінің  алғашқы  кездеріне  көз 
жіберсек,  көп  уақытқа  шейін  бағыну  қағаз  жүзінде  ғана  болып,  тіршілік  жүзінде 
болмағанын  көреміз.  Ел  билеген  хандар,  билер  Россияшыл  болғанмен,  қалың  ел  басын 
иіп, бойсынбады. Сарыарқаның даласында бұрынғы қалыппен жүре берді. Қағаз жүзінде 
Россиянин,  бір  баласы  болып  қарап  та  отырмады:  қолдан  келген  дұшпандығын  істей 
берді. Шет бұшбақтап орыстарды шабу, реті келіп қалған жерде өлтіру сияқты жұмыстар 
да  бола  берді.  Жалғыз  -  жарым  орыстар  қазақ  даласына  аяқ  баса  алмады.  Россия 
саудагерлері  Орта  Азия,  Түркістан,  Хиуа,  Бухара  елдерімен  сауда-саттық  жүргізе  алмай, 
арада қазақ даласынан өте алмады. Өтеміз деген ержүректі саудагерлер керуендері талан-
таражға ұшырайтын болды. Керуендерді сақтаушы күш керек болды. Хүкіметтің тынышы 
кетті. 
Сондықтан  хүкімет  қазақ  даласын  шын  бағындыру,  хүкіметті  қуатқа  кіргізу  жұмысына 
кірісті.  Көздеген  мақсатқа  жету  үшін  түрлі  шаралар  қолданды.  Сол  шаралардың  бірі 
қазақтың  елін  бастайтын  басшыларының  балаларын  орысша  оқыту  керек  деп  табылды. 
Басшылардың балаларын орысша оқытып, төре қылып, шен беріп, шекпен кигізіп, хүкімет 
адамы  қылып  ел  арасына  жіберіп,  солар  арқылы  ел  мен  үкіметті  жақындастырып,  елді 
кіндігінен арқандамақшы болды. 

136 
 
Сондықтан  1844  жылы  14  июньда  Орынбордағы  комиссия  жанында  қазақ  балалары 
оқитын  школ  ашуға,  жақында  патша  Николай  І-ші  тіл  жарлығы  шықты.  Бұл  қазақ 
Россияға бағынғалы ашылмақшы болған бірінші школ еді. 
Енді  Ыбырай  Алтынсары  баласының  оқуына  келелік,  школ  ашу  турасында  патша 
жарлығы шыққан соң, қазақ даласын басқаратын комиссия ел ішіндегі басшыларға хабар 
жіберді.  Ашылмақ  школдың  жайын  білдіріп,  елге  мұрындық  болу  үшін  ол  школға 
алдымен  өздерінің  жақындарының,  тілін  алатын  адамдарының  балаларын  кіргізу 
турасында. 
Осы  хабар  қырға  жетумен  1846  жылы  Балқожа  бидің  5  жасар  немересін  Ыбырайды  сол 
ашылмақшы школға, кіргізбекші болып жаздырады. 
Аталмыш школ 23-августа 1850 жылы Орынборда ашылғанда, школға кірген 30 баланың 
бірі - 9 жасар Ыбырай болды. 
Ыбырай  жасынан-ақ  пысық,  талапты  болған.  Школға  келгенде  қасына  елден  Жетібай 
Өтеміс  баласы  деген  еріп  келеді.  Балалар  школға  кіріп  орналасқан  соң,  балаларды 
әкелушілер елге қайтады. Солардың қатарында школды басқарушылар Жетібайға да елге 
қайт  десе,  Ыбырай  Жетібайдан  айырылғысы  келмей,  комиссияның  бастығына  айтып, 
Жетібайды  қасында  алып  қалады.  Біраз  уақыт  өтіп,  балалар  школ  тұрмысына  үйренген 
соң,  Жетібайға  тағы  қайт  деушілер  болады.  Ыбырай  тағы  да  комиссияға  айтып,  алып 
қалады.  Сонымен,  сол  Жетібай  Ыбырайдың  қасында  школды  бітіріп  шыққанша  болып, 
Ыбырай школдан шыққан соң, елге бірге келеді. 
Ыбырай  школды  1857  жылы  бітіріп  шықты.  Бұл  орында  Ыбырай  оқып  шыққан  школда 
оқуы, тұрмысы - тіршілігі турасында бір-екі сөз. 
Тарихтан  белгілі,  осы  күнгі  Россия  патшалығына  қарайтын  түрік  балаларының  ішінде 
алдымен Россияға бағынған - ногайлар. 
Россия  патшалығы  бірте-бірте  Күншығысқа  қарай  аяқ  салып,  Күншығыстағы  түрік 
балаларын  (Башқұрт  та,  қазақ...сияқты)  бағындырғанда,  патша  хүкіметі  «дін  қарындас», 
«бәріміз  мұсылманның»  баласы  ногайларды  қару  қылып  жұмсады.  Патша  Николай  І-нің 
заманында  ашылған  1-школга  қазақ  жұрты  балаларын  бере  қою  түгіл,  қазақ  жұрты  осы 
соңғы  уақытқа  шейін  орыс  школдарына  сенімсіз  көзбен  қарап,  школдағы  балаларды 
шоқындырады деген ой халықтан шықпады. 
Бірінші  ашылған  школға  бала  беріңдер  дегенде  ел  арасына  хабар  таратады:  орыс 
балаларды  оқытам  деп  алдап  алып,  шоқындырмақшы  екен  деген.  Сонымен  школға  бала 
бергендердің  көбі  «Әлде  қандай  болып  кетеді?»  деген  сенімсіздік  көзбен  қарады. 
«Сынайық»,  «Коп  болса,  бір  бала  садақа  болар»  дегендей  қылды.  Мұны  школды 
ашушылар білетін еді. Сондықтан, олар школ ашылғаннан бастап ел арасында жайылған 
«дақпыртын» сөзі орынсыз екендігін көрсету жағын өте қарастырады. 
Школдағы балалардың тұрмысы  мұсылманша болды. Ноғайша киім, баста тебетей, шаш 
алдыру,  намаз  оқыту,  жұма  сайын  мешітке  апару,  школда  дін  сабағын  оқыту,  ноғайша 
жаздыру,  тамақ  ноғайша,  оқытушы  басында  табақтай  сәлдесі  бар  ноғай  молда... 
балалардың  бойы  үйреніп,  елдегі  ата-аналары  да  балаларын  «шоқындырмайды»  екен 
деген  пікір  көбейген  сайын  ноғайшаны  азайтып,  оқуды,  тұрмысты  орысшаға  қарай 
айналдыра берген. Сонда да, ол школда оқылатын дәріс мөлшері аз болған. Ол школмен 
біздің  заманымыздағы  школдың  программасын  салыстыруға  болмайды.  7  жыл  оқып, 
школды  бітіріп  шыққанда,  балалар  орысшаны  шала-жансар,  орыс  жазуын  дұрыс  білмей, 
шала дүмбілез болып шыққан. 

137 
 
Міне, абырой школда 7 жыл оқығандағы алып шыққан білімнің түрі осы болды. 
Ыбырай школды 16 жасында бітіріп шығып, Жетібаймен елге келіп, ауылда екі жыл бос 
жүрді. 
1859  жылы  Ыбырайды  Орынборға  алдырып,  қауақты  басқаратын  мекемеге  бас 
басшылыққа  орынбасар  (младший  помощник)  қылып  сайлайды.  1860  жыл  Орынбор 
қамалында  (Оренбургское  укрепление)  осы  күнгі  тұрған  қаласы  қазақ  балалары  үшін 
бастауыш  школ  ашылмақшы  болып,  оған  Ыбырай  оқытушылыққа  тағайындалды. 
Торғайға келуімен ашыла қоймай, 4 жылдан кейін, 1864 жылы ашылды. 
Торғайда  Ыбырай  бос  қарап  жүрген  жоқ.  Өз  үйіне  алып,  3-4  қазақ  баласын  оқытумен 
болды. Және Торғайда түрлі мемлекет қызметін атқарып жүрді: тілмаш болды. 1869 жылы 
Торғайдың  уездік  мекемесіне  хатшылыққа  тағайындалды.  1870,  1871,  1872,  1874 
жылдарда  бірнеше  айдай  жоғарғы  хәкімдер  тәртібімен  Торғайдың  уездік  судиясының 
қызметін атқарып тұрады. Тағы да сол 1871-1872 жылдарда Торғайдың уездік начальник 
орынбасары  қызметін  атқарып  тұрып,  уез  қызметімен  қаладан  шығып  кеткен  кездерде 
уақытша оның да қызметін атқарып тұрған күндері болған. 
1-сентябрде  1879  жылы  Торғай  облысындағы  қазақ  школдарының  үстінен  қарайтын 
инспектор  қызметін  атқаруға  сайланып,  20  октябрьде  1888  жылы  сол  облысқа 
инспекторлыққа  тағайындалады.  Осы  қызметте  жүргенде,  17  июльде  1889  жылы  48 
жасында  Ыбырай  жүрек  ауруынан  Тобыл  бойындағы  Қостанай  қаласынан  6  шақырым 
жердегі  өз  үйінде  дүниеден  өтіп  қайтыс  болып,  ағайын-туғаны  ақ  жауып,  арулап 
қолдарынан  қойды.  Марқұмның  өзінен  кейін  бәйбішесі,  екі  ұлы,  бір  қызы  қалды. 
Балаларының  бәрін  де  уақытында  оқытқан.  Кіші  баласы  оқып  жүріп  өліп  кетті,  қызы 
күйеуге  барған  жерінде  қайтты,  осы  күні  жалғыз  үлкен  баласы  бар.  «Жақсыдан  жаман 
туса, емі табылмас. Жаманнан жақсы туса, теңі табылмас» дегендей, қалған жалғыз тірі де 
оңбаған  болып  шықты.  Атадан  қалған  дәулетті  ішіп  -  жеп,  далаға  шашып  бітіріп,  1921 
жылғы  сұрапыл  ашаршылықта  шешесін  асырай  алмай,  аштан  өлтіріп,  өзі  қайыр  сұрап 
тентіреп кеткен түрі бар. 
Ыбырай  Алтынсары  баласының  өмірі  осы.  Біз  жоғарыда  Ыбырай  қай  жылы,  қандай 
қызметте  болды,  қандай  дәрежеге  жетті,  үкіметтен  қандай  шен  алып,  шекпенін  кигенін 
қысқаша  айттық.  Ол  Ыбырайдың  өмірінің  сыртқы  жағы.  Бүл  күнде  бізге  ол  жағы  керек 
емес.  Бірақ,  сонда  да  жоғарыда,  Ыбырайдың  өмірін  майдалап  жазып  жібердік.  Мұндағы 
мақсатымыз оқушыларымызға Ыбырай қара қазақтан шыққан бірінші адам болып, өзінің 
зейіні, білімі, жігері, қайраты арқасында қалың қазақ жұрты надан кезде патша үкіметінің 
отаршылдық  саясаты  барлап  келе  жатқан  дәуірінде  өзіне  сондай  жол  салғандығын 
көрсету.  2)  төменде  оның  істеген  ісін  жазбақшымыз.  Оқушыларымыз  Ыбырайдың  ішкі 
(істеген  ісін)  сыртқы  қалдерімен  толық  танысып,  оның  хақында  белгілі  бір  пікірге 
келулері үшін.  
Бізге Ыбырайдың тірі күніндегі жақсылығы оз басынан асып, өзінің туған елі қазаққа тиді 
ме?  Халық  үшін  не  істеді?  Онан  халық  қандай  пайда  көрді?  Бізге  керегі  осы  жағы. 
Сондықтан енді сол жағына келейік. Жоғарыда Ыбырай жеті жыл школда оқығанда алып 
шыққан  білімінің  жәйін  көрдік.  Ыбырай  марқұм  өлгенше  алып  шыққан  білімінің 
жеткіліксіз, шолақтығын еш уақыт есінен шығарған емес. Білім деген түпсіз дария, адам 
баласының оның ұшына шығу табиғатта өте қиын. Сонда да қарапайым адамға лайықты 
тіршілікте  білім  болады.  Қолдан  келсе,  оны  біліп,  тіршілікте  іске  асыру  болатын  нәрсе. 
Мұны Ыбырай марқұм да жақсы білетін еді. Сондықтан, Ыбырай өз бетімен оқу білімін 
асыру,  іздену  жолында  болған.  Осы  мақсаттың  арқасында  орыстың  білгіштерімен, 
оқымыстыларымен  жақындасу,  жанасу  жолында  болған.  Солар  арқылы  түрлі  пайдалы 
кітаптар,  газет,  журналдар  алдырып  тұрған.  Осы  жолдың  үстінде  орыстың  атақты  қара 

138 
 
жүрек  сиқыршы  Ильминский  деген  әріптесімен  кездейсоқ  болып,  1859-жылдан  бастап 
таныс болған және Ыбырайдың өзгеше бір мінезі - өзі ғана біліп қою емес, алған білімін 
халық  пайдасына  асыру,  халыққа  жол  жөн  көрсету  болған.  Торғайға  оқытушы  болып 
келіп, школ жуық арада ашыла қоймай, маңайындағы адамдардың ішінде шын сырласып, 
сөйлесіп, мұның құлқын талабын түсінетін бір адам болмаған. Онда тұрғандар ел билейтін 
әскер адамдары Торғай секілді түкпірде тонын ашу, карта ойнаумен өткізетін. Мұның бірі 
де Ыбырайға жолдастыққа жарамады. Сол кезде жазған хаттарында қатты қапаланғанын 
көреміз «Мен жынданатын шығармын. Адам болып дүниеге келіп, азын-аулақ білім алып, 
ең  адамшылық  сезімі  бар,  мұның  да  халық  алдында  өтейтін  қара  тастан  ауыр  борыш 
барын  біліп,  соны  өтей  алмайтындығы  еске  түскенде,  бүл  шолақ  дүниеде  тұруыңда 
мағына  жоқ»  деген  сияқты  Ыбырайдың  көзін  ашып,  білімін  асыруға  жәрдемдес  болған 
адамның  бірі,  қазақ  елін  басқаратын  комиссия  бастығы  -  Григорьев  деген  оқымысты 
күншығыспен  таныс  адам  болады.  Енді  Ыбырайдың  өмірінде  алған  азды  көпті  білімін, 
пайдаланып істеген ісіне келейік. 
Ыбырай марқұмның аз өмірінің ішінде істеп кеткен ісін тексеріп қарасақ, Ыбырай қазақ 
жұрты  үшін  үш  түрлі  ісімен  белгілі.  Сол  істеріне  қарай  Ыбырайды  үш  түрлі  жағынан 
қарауға керек. Олар мыналар: 
1) Ыбырай - бірінші қалың қара қазақтан шыққан, ұлтшыл, әлеумет қызметкері. 
2)  Ыбырай  -  бірінші  қазақтың  ұлт  мектебін  ашып  орнатушы,  қазақтың  ұлт  мектебінің 
бабасы. 
3) Ыбырай - қазақтың ұлт ақыны, қазақ-қырғыз халқының тарихи тағдырына көз жіберсек, 
қазақ-қырғыз халқы екі мәдениеттің түйіскен майданы болған: 
1)  Россия  арқылы  Европа  мәдениеті;  2)  Бұқара,  Хиуа,  Түркістан  арқылы  күншығыс 
мәдениеті;  Қазақ-қырғыз  осы  екі  мәдениеттің  біріне  тағдырын  жабыла,  мәдени  алдына 
өзінше мәдениет табады деп айтуға еш орын жоқ. 
Мұнан 50-60 жыл бұрын қазақ жұртының тіпті қараңғы надан кезінде, Ыбырайға осы екі 
мәдениетті  салыстырып,  қазақ  халқы  қай  мәдениетке  жабысу  керек  деген  таңдау  келді. 
Сонда  Ыбырай  тоқсан  түрлі  толғанып,  қазақ  мұсылман  болғанымен,  әлі  бұзылмаған 
мұтағасып қармағына түспеген діні сау, болашағы зор жас. Халық бұған Европа мәдениеті 
лайық  деген  пікірге  келді.  Қазақ  халқы  дінін,  тілін,  елді  сақтап,  көзі  ашылып,  көкірегі 
ағарып, ел-жұрт қатарына кіру үшін тура жол - Европа мәдениеті деген ойға мінді. 
Осы пікірді Ыбырай өзі де кәміл оймен қылып бекітіп алғаннан соң, сол уақытта өлгенше 
қызмет қылды. 
Қазақ халқының сол қараңғы нәзік кезінде бірінші «қазақ елім, жұртым» деп ауызға алып, 
қолынан келгенше сол сүйген өзінің қазағының еліне қызмет қылумен өтті.  Тірі  күнінде 
әркімдерге  жазған  хаттарын  қарап  отырсаң,  басынан  аяғына  шейін  қазақ  деген  сөз,  сол 
қазақтың қамы қалмаған. Істеген істе, сол қазақ халқының да қамы, пайдасы болған. 
Ыбырай  екі  мәдениетті  тексеріп,  салыстырып  қарап,  қазақ  жұртына  Европа  мәдениеті 
қолайлы, лайық деп тапты. Ол Ыбырайдың алыстан болжай алатындығын, саяси сезімнің 
дұрыстығын көрсетеді. 
Ыбырайдан соң шыққанда осы замандарда қазақ елін бастаушы қазақ-қырғыз азаматтары 
қазақ  еліне  Европа  мәдениеті  дұрыс.  Елді  сол  мәдениетке  қатынастырамыз  деп  қызмет 
қылып  жүрген  жоқ  па?  Бұл  пікір  бұл  күнде  Қазақстанда  бекіген  тұрақты  пікір.  Бұған 
ешкім  бүл  күнде  талас  шығаруды  қойған.  Сонымен,  бұл  жол  мұнан  50-60  жыл  бұрын 
Ыбырай салып кеткен жол еді. Бірақ, жұрттың көбі оны ескермей жүрсе керек. 

139 
 
Европа  мен  күншығыс  мәдениетінің  таласы  осы  күні  Түркістандағы  қазақ-қырғыз 
халқының басында бар. Мұнда қазақ-қырғыздан ақты, қараны айыратын азаматтар қазақ - 
қырғыз  еліне  Европа  мәдениеті  қол  деп  сол  бағытта  қызмет  қылуда.  Қазақстанға 
қарағанда, Түркістанда бұл екі мәдениет арасында күрес күшті болса керек. Өйткені, оған 
түрлі  болып  жатқан  себептер  бар.  Сонда  да  Түркістан  қазақ-қырғызы  да  Қазақстандағы 
туғанының  ізімен  кетуіне  еш  жоба  жоқ.  Ыбырай  қазақ  халқының  күшінің  жөнін 
белгілепті.  Мәдениет  жүзінде  Европаға  байластырмақшы.  Пікірге  келген  соң,  өзі  сол 
қазақты  сол  Европа  мәдениетіне  теңеу  жақындастыру  жолына  кірді.  Қайткенде,  қазақ 
халқы  мәдениетке  жармасады?  Әлбетте,  оқу  арқасында  өнер-білім  тауып  жанаспақшы. 
Мұнан басқа, екінші жол жоқ. Мұны Ыбырай жақсы біліп, қызметті сонан бастады. 
1860  жылы  Ыбырай  Торғайға  бала  оқытушы  болып  келгеннен  бастап,  қазақ  балаларын 
оқыту жолын қараумен болды. 
Ыбырай  Торғайға  бала  оқытушы  болып  келгенде,  осы  күнгі  Торғай  облысының 
топырағында үш-төрт қазақ балалары үшін шала жансар бастауыш школдар ғана болған. 
Торғайда  бала  оқытушы  болып  жүрген  кезде  өзінің  оқытып  жүрген  қазақ  балаларына 
орыстың тіл құралын лайықты ретімен қолдап жазып, оқытып жүрген. Соңғы кездерде ол 
қолжазбасын  түзетіп,  орысша  оқитын  қазақ  балаларына  арнап  орыс  тілінде  орыс  «тіл 
құралын» бастырып шығарады. 
Сол Торғайда тұрғанда күнін босқа өткізбей Россияның оқушы азаматтарын өзінің сүйікті 
қазақ  елімен  таныстыру  үшін  жалпы  Россияның  жағрафия  қауымының  Орынбордағы 
бөлімінің  шығарып  тұрған  журналына  қазақтың  салт-ғұрпы  әдеті  (этнография)  жайынан 
жазып тұрған. 
1870 жылдардан бастап хүкімет қазақ жұртын оқыту керек деген пікірді майданға қойды. 
Бүл  хақында  қазақ  елін  басқаратын  мекемелерде  оқу  ісін  басқаратын  жоғарғы,  төменгі 
мекемелерде  көп  сөз,  коп  жобалар  болды.  Осы  дәуірде  оқу  шын  қазақ  балалары  үшін 
қазақша  кітап  жазу  керек  деген  пікір  болды.  Оқу  хәкімдері  Ильминскийдің  айтуымен 
кітап жазуды Ыбырайға тапсырды. 
Ыбырай қазақ тілінде екі бөлімді қырағат кітабын жазады. 
1. Кітабы Қазанда 1879 жылы басылып шықты, орысша әріппен. Бұл кітапта 4 бөлім бар: 1 
-  балалар  тұрмысынан  орыс  кітаптарынан  алған  ұсақ  әңгімелер,  қазақ  тіршілігінен  түрлі 
әңгімелер,  ертегілер,  оқудағы  балалардың  туысқандарына  хат,  2  -  үлкендер  тұрмысынан 
әңгімелер,  3  -  қазақ  ақындарының  өлеңдері  мен  өз  өлеңдері,  4  -  қазақ  мақалдары, 
тақпақтары. 
Ыбырайдың  бүл  кітабын  хат  танитын  қазақ  балаларының  білмейтіні  жоқ  болса  керек. 
Кітап басында Ыбырайдың «Сөз басы» деген өлеңнен басталады. Ол өлең ойлап қарасақ, 
Ыбырай  өзінен  кейінгі  қазақ  халқының  жасөспірім,  жас  ұланға  салып  кеткен  азаны, 
ұраны.  Бойы  өспеген,  бұғанасы  қатпаған  кітап  боқшасын  қолтықтап  мектеп 
табалдырығын  аттағаннан  қазақтың  жас  ұрығы  бисмилда  орнына  оқуды  Ыбырайдың 
уранынан  бастап,  жаттап  алып  мектептен  кеткенде  де  ол  өлең  еш  уақыт  естен  шықпаса 
керек. 
Оқушыларымыздың алдына Ыбырайдың аталмыш өлеңін толық келтірейік. Оқып шығып, 
бағаны өздері бере берсін: 
СӨЗ БАСЫ 
Бір Құдайға сыйынып, 

140 
 
Кел, балалар, оқылық! 
Оқығанды көңілге, 
Ықыласпен тоқылық! 
Істің болар қайыры, 
Бастасаңыз Аллалап, 
Оқымаған жүреді. 
Қараңғыны қармалап, 
Кел, балалар, оқылық! 
Оқығанды көңілге, 
Ықыласпен тоқылық! 
Оқысаңыз, балалар, 
Шамнан шырақ жағылар 
Тілегенің алдыңнан,  
Іздемей-ақ табылар. 
Кел, балалар, оқылық, 
Оқығанды көңілге, 
Ықыласпен тоқылық! 
Мал дәулеттің байлығы, 
Бір жұтасаң жоқ болар
Оқымыстың байлығы, 
Күннен-күнге көп болар. 
Еш жұтамақ жоқ болар. 
Кел, балалар оқылық
Оқығанды көңілге, 
Ықыласпен тоқылық! 
Сиса көйлек үстіңде, 
Оқуменен табылған, 
Сауысқанның тамағы 
Шоқуменен табылған. 
Өнер-білім бәрі де, 
Оқуменен табылған. 
Кел, балалар, оқылық. 
Оқығанды көңілге, 
Ықыласпен тоқылық! 
Надандықтың белгісі, 
Еш ақылға жарамас, 
Жайылып жүрген айуандай, 
Ақ, қараны танымас. 
Жөн білмеген наданға, 
Қыдыр ата дарымас. 
Кел, балалар оқылық, 
Оқығанды көңілге, 
Ықыласпен тоқылық! 
Оқу деген шынында, 
Тұрған сайын шыныққан. 
Оқу білген адамдар, 
Май тамызған қылыштан. 
Есті бала тырысқан, 
Есер бала ұрысқан, 
Кел, балалар, оқылық. 
Оқығанды көңілге, 
Ықыласпен тоқылық! 

141 
 
Әлпештеген ата-ана, 
Қартаятын күн болар. 
Қартайғанда жабығып, 
Мал таятын күн болар. 
Ата-анаң қартайса, 
Тіреу болар бұл оқу. 
Сүйеу болар бүл оқу, 
Кел, балалар, оқылық. 
Оқығанды көңілге, 
Ықыласпен тоқылық! 
Оқу білген таниды, 
Бір жаратқан Құдайды. 
Танымаған Құдайды, 
Танығанда ұнайды. 
Шырағым, адам болғай деп, 
Ата-анаң жылайды! 
Баладан қайыр болмаса, 
Баланы неге сұрайды. 
Қой, балалар оқылық, 
Оқығанды көңілге, 
Ықыласпен тоқылық! 
Өнер-білім бар жұрттар. 
Тастан сарай салғызды, 
Айшылық алыс жерлерден, 
Көзіңді ашып-жұмғанша, 
Жылдам хабар алғызды. 
Мың шақырым жерлерге, 
Аты жоқ құр арбаны, 
Күн жарымда барғызды. 
Адамды құстай ұшырды, 
Мал істейтін жұмысты.  
От пен суға түсірді, 
Отсыз тамақ пісірді. 
Сусыздан сусын ішірді, 
Теңізде жүзді балықтай, 
Дүниені кезді жалықпай. 
Білгендерге осылар, 
Бәрі дағы анықты-ай. 
Білмегенге танықты-ай. 
Біз де бекер жатпалық, 
Осыларға таныспай. 
Ат өнері білінбес 
Бәйгеге түсіп жарыспай. 
Желкілдеп шыққан көк шөптей 
Жаңа өспірім достарым 
Қатарың кетті-ау, алысқа-ай 
Ұмтылыңыз қалыспай! 
Біз надан боп өсірдік, 
Иектегі сақалды, 
Өнер - жігіт көркі деп, 
Ескермедік мақалды. 
Біз болмасақ, сіз барсыз, 

142 
 
Үміт еткен достарым, 
Сіздерге бердім батамды. 
 
Міне,  Ыбырайдың  бұл  өлеңі  аспанның  астында,  жердің  үстінде  бір  қазақтың  баласы 
болатын болса, есінен ешуақытта кетпесе керек. Бұл кітап қалың қазақтың қараңғы надан 
кезінде  таза  қазақтың  жалпақ  тілімен  жазылған.  Ыбырайдың  кітабын  оқып  отырсаң, 
жазушы  қазақтың  тілін  жақсы  білетіндігі  көрініп  тұр.  Бұл  жұрттың  көбінің  қолынан 
келмейтін  іс.  Ыбырайдың  бұл  кітабы  ұлт  мектебіне  бірінші  салынған  негіз.  Ыбырай 
кітабын  оқу  құралы  жағынан  қарасақ,  яғни  педагогика  жағынан  кітаптың  дұрыс 
жазылғанын көреміз. Ыбырай бала оқыту жолын білгендігі, жас баланың құлқын, мінезін, 
сырын,  (психологиясын)  жақсы  білгендігі  сезіледі.  Ыбырайдың  бұл  кітабын  біз  шолақ 
көңілімізбен  мақтап  жеткізе  алмаймыз.  Бүл  жерді  қазақтың  мәдениет  тарихында  бірінші 
оқымысты  (ученый)  адам  қазақ  -  қырғыз  халқының  оқу  жолын  көп  іздеп,  осы  жолда 
шашын  ағартқан,  көп  оқу  кітаптарын  жазған.  Осы  күнгі  қазақ-қырғыз  ұлт  мектебіне 
белгілі бағыт беріп, орнатушы киіз туырлықты қазақ ішінде белгілі атақты ардақты Ахмет 
ағай  Байтұрсын  баласының  аузынан:  «Ыбырайдың  қырағат  кітабын  жасынан  талай 
естігенім  бар  еді:  бұл  уақытқа  шейін  қазақ  балалары  үшін  жазылған  кітапта  Ыбырай 
кітабынан  артық  кітап  дүниеге  әлі  келген  жоқ.  Қазақ  мектебінен  кітап  жазатын  адам 
Ыбырай  кітабын  жақсы  білуі  тиіс.  Ыбырай  кітабына  қарап  жазуы  керек»  -  деген,  Ақаң 
орынсыз  ешбір  нәрсе  айтпайтыны  ол  кісіні  білетіндерге  мағлұм.  Ахаң  өзінің  «Оқу 
құралдарын» жазғанда және Міржақып қырағат кітабын жазғанда сол Ыбырай кітабымен 
пайдаланған.  Ыбырай  қырағат  кітабының  2-ші  бөлімінде  бөлімнің  әр  тарауына  бөлек-
бөлек  мақалдар  берген:  Жағрафия,  табиғат,  физика,  тарихтан  бүл  кітаптарын  жазып 
Қазанға  жіберген.  Бірақ,  сол  кітап  дүниеге  басылып  шықпай  қалды.  Оның  себебі  -  бізге 
осы күнге дейін белгісіз. Бұл орында Ыбырайдың 1882 жылы жазған тағы бір кітабының 
жайын  айтып  кетелік.  Ол  кітабы  дін  жайынан  (шариат  ислам)  бүл  кітапты  жазып, 
Қазандағы  Ильминскийге  бастыр  деп  жіберген.  Хатында  Ыбырай  былай  дейді:  «қазақ 
халқы мұсылман, қазақ халқы тарихта жас халық, бұзылмаған, болашағы зор. Осы күнге 
шейін өзінің ана тілінде ислам діні жайынан бір кітабы жоқ. Қазаққа дін үйретуші ойдан, 
қырдан  жиылған,  қаңғырған  дүмше  молда  дінбұзар,  аңқау  елге  арам  молда  надандар 
ноғайдан,  башқұрттан,  сарттан  тамақ  іздеп  шыққан  семіздер  казак  жұртын  бұзады. 
Мұтағасып  қалады  және  олардың  тілін  қазақ  білмейді.  Олардың  қолданып  оқытатын 
кітаптары ноғай тілінде жазылған кітаптар. Оны қазақтың жас баласы түсінбейді. Көк ми 
болады.  Дін  жайын  өз  тілінде  қазақ  халқына,  оның  ішінде  жас  буынның  жас  күнінде 
оқығанда  исламның  5  парызын  білу  өте  қажет.  Сондықтан, ислам  дінімен  танысып,  осы 
кітапты жазып отырмын...» дейді. 
«Шариат  ислам»  таза  казак  тілінде  жазылған,  қазақша  басылып  шыққан.  Қазақтың 
бастауыш  мектептерінде  қолданған  және  отбасында  отырып,  үй-іші  пайдалануға  да  өте 
қолайлы  болып  жазылған.  Жоғарыда  жазғанымнан  көрінді.  Ыбырай  бірінші  ұлтшыл 
әлеумет  қызметкері,  бірінші  бала  оқытушы,  қазақтың  ұлт  мектебін  орнатушылықтан 
басқа, қазақ тілінде бірінші кітап жазушы екендігі көрініп тур. 
Ертеде  Ыбырайдан  бұрын  XIX  ғасырдың  орта  кезінде  қазақтан  (Абылай  тұқымынан) 
Уалихан баласы Шоқан деген көзі ашық, хатқа жүйрік адам болған. Ол да қазақ жайынан 
үлкен  кітап  жазып  кеткен.  Бірақ,  ол  кітабын  орыс  тілінде  жазған.  Шоқан  қандай  оймен 
кітабын  орыс  тілінде  жазғаны  белгісіз.  Орысша  жазып  қазақ  жұрты  бағынып  отырған 
орыс  халқына  таныстырайын  деді  ме?  Болмаса,  қазақ  тілі  кітап  жазуға  жарамайды  деп 
менсінбеді ме? Ал, Ыбырай оның өкшесін басып шыққан. Жазған кітаптарын қазақ тілінде 
жазып  отыр.  Мұнан  нендей  қорытынды  шығаруға  мүмкін?  Бірақ,  ойымызша  Ыбырай 
барып  тұрған  ұлтшыл  болғандықтан  өзінің  сүйікті  ана  тілінде  жазды.  Екінші  басқа 
ұлттарға  әсіресе,  билеп  тұрған  орыс  жұртына  қазақ  тілі  сахарада  аң  ұқсап,  көшіп-қонып 

143 
 
жүрген малшы қазақтың өз арасында қана сөйлесуге жарап ғана болмайды. Қазақ тілі бай, 
таза  әдеби  тіл.  Қазақ  тілі  кітап  жазуға  да  жарайтын  толық  тіл  дегенді  дос-дұшпанға 
айнадай  қылып  көрсетіп,  ыспаттап  кетеді  демекшіміз.  Жоғарыда  70-нші  жылдардан 
бастап қазақ билеп тұрған хәкімдер арасында қазақ халқын оқыту керек деген пікір туды 
дедік.  Ыбырайдың  жарғақ  құлағы  жастыққа  тимей,  ойлап  жүрген  мықты  мәселесі  қазақ 
жұртын  оқыту  болғандықтан  бұл  пікірге  белсеніп  кірісті.  Өзінің  танысы  Ильминский 
сияқтылар арқылы ол хақында түрлі пікір жобаларын білдірді. 1876 жылы Орынборға оқу 
министрі Граф Толстой келіп, ондағы жергілікті хәкімдер мен қазақтың оқу жайын әңгіме 
қылғанда,  бұл  мәжілісте  Ыбырай  да  болды.  Ыбырай  бұл  мәжіліске  білімін,  тәжірибесін 
арттыру  үшін  сол  жылы  Қазан,  Петербур  барып,  сонан  қайтқан  бетінде  аталмыш 
мәжіліске кез болды. Мәжілісте жұрттың тобы (орыстар) қазақ халқын оқыту үшін болыс 
басы  бір  бастауыш  мектебін  ашу  керек  деген  пікірге  Ыбырай  қарсы  болады.  Сондағы 
себебі мынау: әңгіме школдың көбейтуінде емес, сапасында, болыс басы школ ашқанмен, 
бірінші  қазақ,  болмаса  қазақша  жақсы  білетін  оқытушылар  жоқ.  Екінші  -  кітап  жоқ. 
Соның үшін ол оз тарапынан мынадай жұмыс ұсынды. 
1.  Торғай  облыстық  4-ші  уездік  қаласында  4-2  класты  школ  ашылсын.  Ол  школдарды 
қырдан келген қазақ балалары үшін - елу балалық жатақ үйлер болсын. 
2.  Қырда  болса  да  школдарда  балалардың  ана  тілін  білетін  қазақ  оқытушылары 
дайындалсын,  оның  үшін  қазақ  даласына  жақын  қалалардың  бірінде  оқытушылар 
шығаратын орта дәрежеде школ (учительская семинария) ашылсын. 
3.  Сол  оқытушылар  оқуды  бітіріп  шығу  қаулысына,  олардың  санына  қарай  болыстарда 
бірте-бірте школ ашылсын. Бүл школдар елдің тіршілігіне лайықты қылып түзелсін, деген 
жобаны хүкімет қабыл алады. 
Осы  жоба  бойынша,  1881  жылға  шейін  Торғай  облысының  4  уездік  Торғай,  Қостанай, 
Ырғыз,  Ақтөбе  уезінде,  Бөрте  болысында  екі  классты  школ  ашылады.  1881  жыл 
Жаманқалада (Орск Орынбор губернасында)  Орал, Торғай облыстары үшін оқытушылар 
шығаратын  школ  ашылып,  оған  бірінші  жыл  ана  екі  класты  школдарды  бітіргеннен  30 
бала кіреді. (1889 жылы бүл школдың үйі көбейіп кеткен соң, школды Орынбор қаласына 
көшіріп,  ондағы  ноғай  оқытушылары  шығаратын  ногай  школын  Уфаға  көшіріп,  оның 
үйіне қазақ школын орнатқан. Өзгерістен бұрын Орынбордағы орыс-қазақ оқытушыларын 
шығаратын  сол  школ  болатын.  Өзгерістен  кейін  ол  школ  осы  күні  «аймақтық  қазақ 
институты» атанып, қазақ балалары оқып жатыр). 
Школға  кірген  30  баланың  алды  бітіріп  шығуына  қарсы  болса  да,  школ  ашуға  сол 
кездердегі  Торғайдың  губернаторы  Претсенко  деген  қарсы  болған  соң,  Ыбырай  болыс  - 
болыста школға тиіс қазақ школдары жайынан арнап баяндама жазып, түсіріп, ақырында 
хәкімдер  тағы  мұның  пікірін  қолдап,  аналардың  бітіріп  шығу  қарсысында  4  болыста  4 
школ  ашылады.  Сол  баяндамасында  Ыбырай  қазақтың  қыздарын  және  қазақтың 
тіршілігінің  негізі  -  мал  шаруасы  болғандықтан,  сол  малдан  шығатын  заттарды  қазақ 
өзінің тұрмысында пайдаға мәдени жолмен асыруы тиіс. Соның үшін қазақ балалары үшін 
өнер,  шаруа  мектептері  ашылуы  керек  дегенді  айтқан.  Бұл  да  қабыл  болады.  Ыбырай 
қазақ  балаларын  оқыту  жайында  бастапқы  жобасы  қабыл  болған  соң,  оның  үстіне  өзі 
Торғай  облысында  қазақ  школдарының  үстінен  қарайтын  инспектор  болған  соң,  ел 
арасында  үгіт  -  насихат  жүргізеді.  Ел  баласын  оқыту  керек.  Оқыту  үшін  өздері  мал 
жандарын  аямай  оқу  жолына  салып,  белсеніп  кірісуі  керек...  деп.  Ел  Ыбырайдың  тіліне 
еріп,  Торғай  облысының  әр  жерінде  байлардан  бір  сомнан,  нашарлардан  35-40  тиыннан 
өзі бас болып ақша жиналады. Ыбырайдың бастауымен ел школ ашу, бала оқыту жайында 
жиналыс  жасап,  қаулы  қылып,  хәкімдерге  талай  тілектер  түсіреді.  Ыбырай  өзінің  тірі 
күнінде пайдаланған жобасы бойынша, Ырғызда 20 қазақ қызы оқитын школ ашады. Және 

144 
 
Торғайда 10 балаға өнер мектебін ашады. Қостанайда қаладан жақын жердегі  Арақазған 
деген ағаш ішінде өнер мектебін салдыра бастап, бірақ, бұл школ Ыбырайдың тірі күнінде 
бітпей қалып, артынан жойылып кетеді. 
Орынбор,  Троиц  гимназияларында  10  қазақ  баласына  орын,  Красноуфимск  дегі  Реально 
училищеде 4 балаға, Казань университетінде 4 оқушыға орын ашты. 
Осылардың  көбі  Ыбырайдың  арқасында  елден  жиылған  сомаға  ашылды.  Сонымен, 
Ыбырай  өлетін  кезде  Торғай  облысында  400-ге  тарта  қазақтан  оқушылар  болған. 
Сонымен, Ыбырай ардақты атасы Балғожа бидің оқуға бергендегі үмітін орнына келтірді 
деуге болады. 
Үміт еткен көзімнің нұры - балам, 
Жаныңа жәрдем берсін Құдай тағалам! 
Атаң мұнда анаңмен есен аман, 
Сүйіп сәлем жазады, бүгін саған. 
Атаңды сағындым деп асығарсың, 
Сабаққа көңіл берсең басыларсың? 
Ата - анаңды өнер білсең асырарсың. 
Надан болып, білмей қалсаң аһ ұрарсың, 
дағы  себебі  мынау:  әңгіме  школдың  көбейтуінде  емес,  сапасында,  болыс  басы  школ 
ашқанмен, бірінші қазақ, болмаса қазақша жақсы білетін оқытушылар жоқ. Екінші - кітап 
жоқ. Соның үшін ол оз тарапынан мынадай жұмыс ұсынды. 
1.  Торғай  облыстық  4-ші  уездік  қаласында  4-2  класты  школ  ашылсын.  Ол  школдарды 
қырдан келген қазақ балалары үшін - елу балалық жатақ үйлер болсын. 
2.  Қырда  болса  да  школдарда  балалардың  ана  тілін  білетін  қазақ  оқытушылары 
дайындалсын,  оның  үшін  қазақ  даласына  жақын  қалалардың  бірінде  оқытушылар 
шығаратын орта дәрежеде школ (учительская семинария) ашылсын. 
3.  Сол  оқытушылар  оқуды  бітіріп  шығу  қаулысына,  олардың  санына  қарай  болыстарда 
бірте-бірте школ ашылсын. Бұл школдар елдің тіршілігіне лайықты қылып түзелсін, деген 
жобаны хүкімет қабыл алады. 
Осы  жоба  бойынша,  1881  жылға  шейін  Торғай  облысының  4  уездік  Торғай-Қостанай, 
Ырғыз,  Ақтөбе  уезінде,  Бөрте  болысында  екі  классты  школ  ашылады.  1881  жыл 
Жаманқалада (Орск  Орынбор губернасында)  Орал, Торғай облыстары үшін оқытушылар 
шығаратын  школ  ашылып,  оған  бірінші  жыл  ана  екі  класты  школдарды  бітіргеннен  30 
бала кіреді. (1889 жылы бүл школдың үйі көбейіп кеткен соң, школды Орынбор қаласына 
көшіріп,  ондағы  ногай  оқытушылары  шығаратын  ноғай  школын  Уфаға  көшіріп,  оның 
үйіне қазақ школын орнатқан. Өзгерістен бұрын Орынбордағы орыс-қазақ оқытушыларын 
шығаратын  сол  школ  болатын.  Өзгерістен  кейін  ол  школ  осы  күні  «аймақтық  казак 
институты» атанып, қазақ балалары оқып жатыр). 
Школға  кірген  30  баланың  алды  бітіріп  шығуына  қарсы  болса  да,  школ  ашуға  сол 
кездердегі  Торғайдың  губернаторы  Претсенко  деген  қарсы  болған  соң,  Ыбырай  болыс-
болыста школға тиіс қазақ школдары жайынан арнап баяндама жазып, түсіріп, ақырында 
хәкімдер  тағы  мұның  пікірін  қолдап,  аналардың  бітіріп  шығу  қарсысында  4  болыста  4 
школ  ашылады.  Сол  баяндамасында  Ыбырай  қазақтың  қыздарын  және  қазақтың 
тіршілігінің  негізі  -  мал  шаруасы  болғандықтан,  сол  малдан  шығатын  заттарды  қазақ 
өзінің тұрмысында пайдаға мәдени жолмен асыруы тиіс. Соның үшін қазақ балалары үшін 
өнер,  шаруа  мектептері  ашылуы  керек  дегенді  айтқан.  Бұл  да  қабыл  болады.  Ыбырай 
қазақ  балаларын  оқыту  жайында  бастапқы  жобасы  қабыл  болған  соң,  оның  үстіне  өзі 

145 
 
Торғай  облысында  қазақ  школдарының  үстінен  қарайтын  инспектор  болған  соң,  ел 
арасында  үгіт  -  насихат  жүргізеді.  Ел  баласын  оқыту  керек.  Оқыту  үшін  өздері  мал 
жандарын  аямай  оқу  жолына  салып,  белсеніп  кірісуі  керек...  деп.  Ел  Ыбырайдың  тіліне 
еріп,  Торғай  облысының  әр  жерінде  байлардан  бір  сомнан,  нашарлардан  35-40  тиыннан 
өзі бас болып ақша жиналады. Ыбырайдың бастауымен ел школ ашу, бала оқыту жайында 
жиналыс  жасап,  қаулы  қылып,  хәкімдерге  талай  тілектер  түсіреді.  Ыбырай  өзінің  тірі 
күнінде пайдаланған жобасы бойынша, Ырғызда 20 қазақ қызы оқитын школ ашады. Және 
Торғайда 10 балаға өнер мектебін ашады. Қостанайда қаладан жақын жердегі  Арақазған 
деген ағаш ішінде өнер мектебін салдыра бастап, бірақ, бұл школ Ыбырайдың тірі күнінде 
бітпей қалып, артынан жойылып кетеді. 
Орынбор,  Троиц  гимназияларында  10  қазақ  баласына  орын,  Красноуфимск  дегі  Реально 
училищеде 4 балаға, Казань университетінде 4 оқушыға орын ашты. 
Осылардың  көбі  Ыбырайдың  арқасында  елден  жиылған  сомаға  ашылды.  Сонымен, 
Ыбырай  өлетін  кезде  Торғай  облысында  400-ге  тарта  қазақтан  оқушылар  болған. 
Сонымен, Ыбырай ардақты атасы Балғожа бидің оқуға бергендегі үмітін орнына келтірді 
деуге болады. 
Үміт еткен көзімнің нұры - балам, 
Жаныңа жәрдем берсін Құдай тағалам! 
Атаң мұнда анаңмен есен аман, 
Сүйіп сәлем жазады, бүгін саған. 
Атаңды сағындым деп асығарсың, 
Сабаққа көңіл берсең басыларсың? 
Ата - анаңды өнер білсең асырарсың. 
Надан болып, білмей қалсаң аһ ұрарсың, 
Шырағым, мұнда жүрсең не етер едің? 
Қолыңа құрық алып кетер едің. 
Тентіреп екі ауылдың арасында, 
Жүргенмен не мұратқа жетер едің? 
Сонымен, оқушыларымыз жоғарғы жазғаннан Ыбырайдың бірінші қара қазақтан шыққан 
ұлтшыл  -  әлеумет  қызметкері,  бірінші  қазақ  тілінде  кітап  жазушы  екендігін,  бірінші 
қазақтың екі ұлт мектебіне іргесін қалаған бабасы екендігіне көздері жетсе керек. 
Ыбырай  аз  өмірінің  ішінде  қазақ  халқын  оқыту  жолында  бар  қайрат,  жігерін  сарып 
қылған. Бүл әлеумет қанының қайнап, сезімнің күштілігін көрсетеді. 
Ыбырайдың романы түгіл, кешегі үлкен өзгеріс болардың алдында «Ел де жаңа пікірлі бір 
азамат», «жаңа жолмен оқытатын мектеп салып», «Ғалия», «Хұсайна», Россиядан шыққан 
мұғалімді  ұстап,  жаңа  тәртіппен  ауылдың  балаларын  оқытып  жатыр  дегенде»  газетті 
оқығанда,  адамның  бойы  шымырлап,  разы  болып,  әлеумет  қызметкері  екен,  шіркін, 
демейтін бе едің? 
Ыбырайдың  заманына  қарай  істегені,  үлкен  әлеумет  іс,  ол  кезде  онан  артық  ешкім  еш 
нәрсе істей алмас еді. 
Кеше патша өкіметінің заманында халыққа Ыбырайдай қызмет қылған қазақ азаматтары 
қолымызда емес пе? 
Өзгерістен  соң  ғой  «Әлеумет  қызметкерлерінің  көбейіп,  қырдағы  саясатшыл 
азаматтарымыздың  балалап,  бүгін  ауыздарына  алты  құлаш  тілдері  шығып,  аспанды 
алақанына алып отырғаны! Енді Ыбырайдың қазақтан шыққан шын қазақ ақыны екеніне 
келелік. Ыбырайдың жазған хаттарын бастан аяқ қарап отырсаң, қазақ елі жақсы, қазақ елі 

146 
 
жұрт болады, қазақ жәйі, қамы, жақсысын асырып, жаманын жасыруда. Қазақтың ел жұрт 
болатынынан иман кәміл болғанын көреміз. 
Енді Ыбырайдың ақындық жағына келелік. 
Біздің қолымызда Ыбырайдың жазып кеткен өлеңдері аз. Бар жазған өлеңдерінің бәрі осы 
екенін,  болмаса,  біздің  қолымызға  түскендердің  бары  осы  екенін  біле  алмадық. 
Қолымыздағы бар өлеңдерді аудара қарап, ақтара тексеріп қарасақ, өлеңдері аз да болса, 
мағыналы,  дәмді,  қазақ  халқының  тіршілігінен  алынған.  Болмаса,  қазақтың  тіршілігіне 
жанасқан, жыл мезгілі жайынан болса да (мысалы «Жаз») табиғаттан болса да («Өзек»), ел 
тұрмысынан  болса  да,  сол  тұрмысқа  лайықты  үгіт,  насихат,  өсиет,  болса  да  («Өсиет 
өлеңдері»)  Ыбырайдың  қай  өлеңін  оқығанда,  терең  мағыналы,  көз  алдыңа  қазақтың 
тіршілігі  елестеп  кетеді.  Мәселен,  «Жаз»  деген  өлеңінде  жазғытұры  кіруімен  жер 
жүзіндегі  жан-жануарлар,  құрт-құмырсқа  тірлік  табиғаттың  пейілі  кеңіп,  жер  жүзі 
желпілдеген, оның ішінде қазақ жұртының тұрмысы да сілкініп, рахатқа кіргенін көреміз: 
Сәуірде көтерілер рахмет туы, 
Көрінер күн жүзінде қаз бен аққуы. 
Көктен жаңбыр, таулардан сулар жүріп, 
Жайылар, жер жүзіне қардың суы. 
Ұшпақтың бір сәулесі жерге түсіп, 
Өсірер жерден шөпті нұрдың буы. 
Сәуірдің әрбір күні дертке дәрмен, 
Құдайым, дәрмен бол деп етер пәрмен. 
Бір малы, шаруаның екеу болып, 
Қыстаудан ел шығады алуан - алуан: 
Күлісіп, құшақтасып әзіл етер, 
Әйелдер көш жөнелтіп кейін қалған. 
«Адамзат сайран етер көңілі жай, 
Секіріп ойын салар құлын мен тай. 
Қой маңырап, сиыр мөңіреп, шат болады
Тасиды күркіреп өзен мен сай. 
Аяғын алшақ басып түйе шығар: 
Жаратқан мұнша таңсық Жаппар Құдай:» 
Аһ ұрып, шүкірлікпен құшақтасар, 
Рахат пен кеш уақытында неше асық. 
Боз үйден таң алдында күйеу шықса, 
Артынан қарар жары жүзін басып. 
«Өзен» деген өлеңменен. 
Таулардан өзен агар сарқыраған. 
Айнадай сәуле беріп, жарқыраған, 
Жел соқса, ыстық соқса бір қалыпта 
Аралап тау мен тасты арқыраған. 
Ел қыстап, күн көреді жанабында, 
Дәм болар алуан - алуан балығында. 
Тас - таста, алтын таста сынамаққа, 
Сонда да, аққан өзен қалыбында! 
Құдіретін Құдайымның көресің бе? 
Не жас тоқтар, өзен денесінде, 
Арыстан дем алуға, суға кірсе. 
Балықтар шымшып ойнап тізесінде, 
Өсиет, өлеңдерді дегені айна. 

147 
 
Мұнда,  жалпы  жаратылыстан  адам  баласы  жайынан  ертедегі  ұлы  адамдар  тұрмысынан 
адамшылық сезімі, белгісін айтып қазақтың тіршілігіне соқтырады. Өлеңінде бай, кедей, 
жомарт,  сараң,  ұрлық-қарлық,  еңбек  қылсаң  емерсің  дегенді  бақ  дәулет,  әбүйір,  үйі-іші 
тұрмысын  ерлер,  әйелдер,  жалпы  ата,  ана  әлпештеп  өсірген  баланың  борышы,  дос, 
дұшпан, туысқан... бәрін жайын көз алдына елестетіп келтірген. 
«Қорлама кем адамды болсаң дана 
Кәріпті, Құдай сүйсе не шара!!!?» 
«Адал бол, кедей болсаң ұрлықпенен
Кете бер, кессе басың шындықпенен 
Қорек тап бейнеттен де, Тәңірің жәрдем, 
Телміріп, бір адамға мұңдықпенен!» 
Бұл өлеңде саңлаулы адамға алар үлгілі өнеге көп. 
«Ей, достарым, жігіттерім, 
Болмасқа болушы болма: 
Қолыңнан келсе, қыл қайыр, 
Кісіден алушы болма.» 
«Ей жігіттер, үлгі алмаңыз, 
Азған елдің ішінен: 
Алыс - алыс қашыңыздар 
Зияндасты кісіден, 
Жақсыдан қапыл қалмаңыздар. 
Өзі болған ерлердің, 
Аяғынан алмаңыздар. 
Бас ауырса, бақсыларды, 
Алып келіп, бақтырарсың; 
Жазықсыз, жануарды сойып
Өкпемен қақтырарсың; 
Азған елдің хандары, 
Тақ үстінде отырғандары, 
Жарыстан алып байларға 
Силарын істер керекті 
Азған елдің қожасы: 
Қыдырып келер есікке, 
Бұл үйде кім бар екен деп, 
Көзін салар тесікке: 
Балаларын бастырып, 
Қатындарын састырып, 
Азған елдің молдасы! 
Үлкен келер сәлдесі... 
Аса бауыр қылмаңыз: 
Оның рас емес алдасы, 
Азған елдің билерінің, 
Барар болсаң алдына, 
Алым берсең тамағына, 
Қарар ма ол сенің әліңе? 
Азған елдің байлары: 
Ұлық тұтар басынай. 
Қайда дәулетті адам болса? 
Берер соған асын-ай, 
Көзін сүзіп бір көріп,  

148 
 
Тоңып келсе қасын-ай. 
Бермек түгіл, бишараны, 
Масқара қылса керекті... 
Қазақ-қырғыз  халқында  әлеумет  қозғалысы,  саяси  сезім  кіре  бастағанына  20  жылдай 
болып қалды. 
Бір жұрттың тіршілігінде өткен өмір талқысын еске түсіріп, үстіндегі тұрмыстың ағымын 
аңдатып,  келешекке  көз  жіберіп,  жол,  жөн  сілтейтін  шырақшысы  газет,  журнал,  түрлі 
әдеби, мәдени істер, талаптар. 
Өзгерістен  бұрын  қазақ-қырғыз  елінің  газет,  журналдары  болды.  Онан  үлкен  өзгеріске 
жетті.  Осы  бастан  кешірген  халықта  осы  уақытқа  шейін  «Еңбекшіл»  газеттің  бетінде 
Ыбырай  Алтынсары  баласы  «шоқыншық»  «поп»  болыпты  дегеннен  басқа,  Ыбырай 
жайында  бір  ауыз  сөз  баспа  жүзінде  басылып,  жалпақ  оқушылар  алдына  түскенін  біз 
білмейміз. 
Біздің  ойымызша,  бұл зор  кемшілік  дейміз.  Өйткені,  бүл  күнде  біздің  заманымызда  өтіп 
кеткен Ыбырай Алтынсары баласы тарихи адам: жақсы болса да, жаман болса да. 
Ыбырай жайында осы күнге шейін тым-тырыс болып келе жатқанның себебі бар шығар, 
ол  себеп:  Ыбырай  жайындағы  ел  арасындағы  алып  қашпа  өсек.  Ол  өсек  қысқасынан 
айтқанда мынау: 
Ыбырай  орысқа  сатылды.  Шен  алып,  шекпен  киіп  дәрежеге  жету  үшін  Ильминский 
сияқты қара жүректермен жақын болды: Ақысына қазақ жұртын шоқындырып бермекші 
болды. 
Тірі  күнінде  осы  бағытта  кызмет  қылды,  өлгенде  үйінен  бір  сандық  крест  шықты.  Өзі 
шоқынғаннан орысша аты Иван Алексеевич еді... деген. 
Ыбырайға  жабатын  жаланың  түрі  осы.  Ыбырайдың  тірі  күнінде  істеген  ісін  жоғарыда 
жазып  оқушыларымыздың  алдына  салып  отырмыз.  Ол  істеген  істеріне  қарап, 
оқушыларымыз өздері Ыбырайға баға берер. 
Бұл жерде бір азырақ ана өсектің қайдан шыққан тамырын көрсетпекшіміз. 
1) Жоғарыда жаздық: казак даласы Еуропа мен күншығыс мәдениетінің түйіскен майданы 
болды деп. Ыбырай қазаққа Еуропа мәдениеті жол деп, көшті солай қарай бастады. 
2)  Ыбырай  бірінші  қазақтан  шыққан  ұлтшыл  әлеумет  қызметкері  дедік.  Ноғай 
ағайындардан қашаннан бері «Россияға қарайтын түрік балалары», «Мұсылмандар» ноғай 
болу керек һәм, «ноғай қыламыз» деген пікір осы біздің заманымызға шейін болып келді. 
Ол  пікір  Ыбырай  заманында  өте  күшті  болды.  Оған  Ыбырай:  Жоқ,  қазақ  оз  алдына  ел, 
тарихы, болашағы бар, аулақ жүр, қазақ еш уақыт ноғай болмайды, - деді. 
3)  «Ыбырай  жазған  кітаптарын  орыс  әрпімен  басты»  дейді.  Бірінші  Ыбырайға  өкімет 
«кітабыңды орыс әрпімен басасың» деді. Екінші  - Ыбырай орыс әрпімен баспаса, кітабы 
дүние  жүзіне  шықпай  қалар  еді.  Үшінші  кітабы  орыс  әрпімен  басты  деген  маңызды  сөз 
емес,  үстіміздегі  өзгеріс  дәуірінде  әр  ұлттың  тіліне,  дініне  ешкім  сүқтанбай  отырғанда, 
Кавказдағы  мұсылман  жұрттары  (мысалы,  азербайжан  түріктері)  латын  әліппесін  алып 
отыр сол  латын  әліппесіне көшеміз деген өзбек ағайындар  арасында қазір  пікір  күшейіп 
бара жатыр. Сонымен, орыс әрпімен әріп басты, орыс болды деу таза надандық, болмаса 
демогоктік. 

149 
 
4)  Ыбырай  қара  қазақтан  ат  арқасына  мініп,  дәрежеге  жетіп  қазақ  жұртын  бастаймын 
деген бірінші адам. Ол заманда орысша оқып, қанжығаласып ел билеу ісіне қатынасқандар 
төре  тұқымдарынан  болған.  Бұлардың  ішінде  бақ  күндестік  туды.  «Жуан  қоныш  сасық 
қазаққа не қылған адамшылық» дегендей, Ыбырайдың тұрған облысына дауысы күшті, ел 
оны  әулие  қылып  ұстай  бастады.  Бұл  бұрыннан  қазақ  елін  билеп,  меншіктеп  қалған 
төрелерге ұнамайды. 
5)  Ыбырай  қазақ  арасындағы  шеттен  келген  надан  молдаларға  қарсы  болды.  Міне, 
Ыбырайдың  досы  коп  болса,  дұшпаны  да  болған.  Ыбырайдың  ноғайдан,  төреден,  азған 
қазақтан  шыққан  дұшпандары  ұрандасып,  ел  арасына  аталмыш  өсекті  таратқан.  Ол  өсек 
орынсыз. Өйткені: 1) Ыбырай арқылы Ильминский бір қазақ баласын шоқындыра алмады. 
Ильминский сияқтылармен жақын болғаны рас, бірақ, ол заманда Ыбырай қазақ жұртына 
пайда  келтіру  үшін  осылармен  жақын  болып,  істі  бітірем  деген  ойы  һәм  ол  азды-көпті 
жүзеге  шығарды  да.  Ильминский  «Ыбырайдың  жазған  хаттарында,  істеген  істерінде, 
орыстың исі  шығып түр» дейді. Біздің ойымызша, Ильминскийдің онысы тіпті де дұрыс 
емес. Ыбырайдың әсерінен жазған хаттарынан «Қазақ исі аңқып», хаттарын да істерін де 
патша  хүкіметіне  жылы  сөз,  қолайлы  іс  болса,  ол  Ыбырайдың  айла  шарғысы.  Ол 
Ильминскийді алдап, адастырған әдісі деп қараудан басқа орын жоқ. 
Ыбырай өлгенде үйінен бір сандық крест шықты - мыс, оны орыстар алып кетті - міс деген 
өсек Ыбырай өлген соң, Ыбырайдың бір сандық кітаптарын, қағаздарын үйіне алып кетіп, 
ол  сандық  Ильминскийлердің  жолдасы  Торғай  облысында  оқу  ісінің  басында  жүрген 
Васильев дегеннің қолына түскен. Сонымен, Ыбырайдың өзінен кейін үйінде бір жапырақ 
қағаз қалған емес, не болса да, сол ана сандықта кетулі. Дұшпандардың бір сандық крест 
дегені  осы  бір  сандық  қағаз.  Ыбырайдың  аты  орысша  «Иван  Алексеевич»  еді  дегені 
шоқынған  «Поп»  болғанының  кетпес  таңбасы  деп  қарау  орынсыз  сөз.  Ол  біздің  сұм 
заманымызда  құтсыз,  құлаққа  алғысыз  сөз.  Орыстардың  ішінде  жүрген  басқа  ұлттың 
азаматтарының  қайсысына  аттарының,  әкелерінің  бас  хәріптерін  алып  ат  қойып 
алмайтыны  еді?  Орыс  ішінде  жүрген  азаматтарға  айтуға  жеңіл  болсын  деп  орыс 
жолдастарының орысша ат қойғандарын «шоқынды» деп айтуға бола ма? Мақаламыздың 
аяғында айтатын қорытындымыз  мынау: Ыбырай Алтынсары баласы өткен тарихи адам, 
оның істеген істері де тарихи істер. 
Біз бұл мақалада Ыбырай жайында толық мағлұмат бердік, осымен тоқталып, Ыбырайдың 
қазақтан  шыққан  әулие  демекші  емеспіз.  Біздің  мақсатымыз:  Ыбырайдың  жайында  сөз 
көтеріп,  жұртқа  талқы  болу.  Қазақтан  шыққан  білгіштер  Ыбырайдың  ісіне  тарихи  баға 
беріп,  жабылып  жүрген  жаланың  ақ  қарасын  айырып,  жалпақ  жұртқа  оны  керек  дейміз. 
Қазақ-қырғыздың  мәдениеті  Ыбырай  сияқты  адамдарды  сөз  қылмай,  ескерусіз  тастай 
алмайды.  Бұл  күнге  шейін  сөз  болмай  келген  болса  да,  мұнан  былай  келешекте  оның 
жайын  майданға  салады.  Бүл  тарихтың  заңы.  Соның  үшін  біздің  ұсынысымыз: 
Ыбырайдың  жайын  тексеру;  1)  Шоқынды  деп  білмеуіміз  керек,  ол  жабылған  орынсыз 
жала  болса,  Ыбырай  қазақтан  шыққан  адал  азамат  болатын  болса,  ол  қазақ-қырғыздың 
мәдениет  тарихында  тиісті  орын  алуы  керек.  2)  Ыбырайдың  өмірін,  ісін  толық  қылып 
жазып, жазған кітаптан хаттарын қазақша бастырып шығару керек. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет