Лекции по дисциплине «Web-технологии» Целью курса «Web-технологии» является обучение методам проектирования приложений для использования в среде Интернет, а



Pdf көрінісі
бет3/22
Дата09.09.2022
өлшемі0,93 Mb.
#38729
түріЛекции
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
 
 
1 Дәріс №1. Web - технологиялар негіздері. Web стандарттары 
және олардың дамуы
 



Дәрістің 
мақсаты: 
байланысқан 
желілер, 
клиент-сервер 
түсініктерімен таныстыру. 
Дәрістің мазмұны: «Желі» терминінің түсінігі. Клиент-сервер 
архитектурасы. Провайдерлер және олардың желілері. Компьютерлер-
серверлер және компьютерлер-клиенттер. Қосымша-серверлер және 
қосымша-клиенттер. Провайдерлер желілерінің иерархиясы
 
Қазіргі кезде Internet те телефон, факс, сияқты адам өмірінің 
ажырамас бөлігі болып табылады. Адамдардың барлығы қандай да бір 
ақпарат алу, бір-бірімен сөйлесу мақсатында Internet деп аталынатын 
дүниежүзілік өрмекте саяхат жасайды.
Интернет дегеніміз глобальді желі. Интернет физикалық мағынасында 
бір-бірімен 
байланыс 
линиялары 
арқылы 
байланысқан 
бірнеше 
миллиондаған компьютерлер деп қарастыруға болады. Бірақ Интернетті 
физикалық мағынада емес, оны ақпараттық кеңістік деп қарастырған дұрыс. 
Интернетті ішінде мәліметтердің үздіксіз циркуляциясы жүретін 
кеңістік ретінде қарастыруға болады. Интернеттің теле және радиоэфирден 
айырмашылығы – эфирде ешқандай ақпарат сақталынбайды, ал Интернетте 
ол желінің түйіндерінде болатын компьютерлер арасында орын ауыстырады 
да, қандай да бір уақыт аралығында қатты дискіде сақталады. 
Екі немесе одан да көп компьютерлер арасындағы физикалық 
байланысу компьютерлік желі деп аталынады. Жалпы компьютерлік 
желілерді құру үшін арнайы аппараттық қамсыздану және арнайы 
бағдарламалық қамсыздану қажет.
Компьютерлік желілер аппаратты ресурстардан басқа қосымша 
программалық 
ресурстарды 
да 
пайдалануға 
мүмкіндік 
береді. 
Компьютерлік желілер локальді және глобальді болып бөлінеді.
Интернет – глобальді желі. Қазіргі кезде әлемде 200-ден астам 
глобальді желі бар. Барлық әлемдегі глобальді есептеуіш желілер өзара 
Интернет көмегімен байланысқан.
ҒЕЖ-де жұмыс істеу үшін сәйкес аппаратты және программалық 
қамсыздану болу керек. Барлық қамсыздану 2 топқа бөлінеді: 
1) Бағдарлама-серверлер - қолданушының компьютеріне қызмет 
көрсететін желі түйінінде орналасатын бағдарламалық қамсыздану. 
2) 
Бағдарлама-клиенттер 
– 
қолданушының 
компьютерінде 
орналасады және сервердің қызметін пайдаланатын бағдарламалық 
қамсыздану. 
Заманауи интернет технология бір орында тұрмайды. Қазіргі кезде 
адамның күнделікті өмірін интернеттің көмегінсіз елестету мүмкін емес. 
Интернет ол әлемдегі ең үлкен желі. Оның бірегей басқару орталығы 
болмайды, бірақ ол белгілі бір ереже бойынша жұмыс жасайды және өзінің 
қолданушыларына қызметтер жиынтығының бірегейлігін ұсынады.
Интернетті «желілердің желісі» ретінде қарастыруға болады, олардың 



әрқайсысы бір-біріне тәуелсіз операторлармен басқарылады – Интернет 
қызметінің провайдерлері (ISP, Internet Service Provider). 
1. 
Өзара әсерлесетін және бір-бірімен байланысқан компьютерлер 
тобы өрмекті құрайды. Интернет – бүкіл әлем бойынша таратылған 
мыңдаған кіші желілерден тұратын компьютердің үлкен өрмегі.
Интернеттегі компьютерлер бір ортақ тілде сөйлеседі, ал бұл тіл 
протоколдарда бекітілген.
Протокол деген желідегі компьютерлердің өзара әрекеттесу 
механизмін анықтайтын жалпыға бірдей ережелер жиынтығы. Интернеттегі 
мәліметтермен алмасуға арналған стандартты протоколдар: ТСР және ІР. 
Осы екі протоколдың комбинациясы ТСР/ІР түрінде болады. 
2. Интернетке қатысты қолданылатын терминдер: 
1) 
Айна - алыста орналастырылған атақты сервердің көшірмесі 
болатын сервер. 
2) 
Прокси-сервер - желідегі жүктемені төмендететін және желідегі 
іс-әрекетті тездететін компьютер. 
3) 
Шлюз - әртүрлі протоколдармен жұмыс жасайтын әр текті екі 
желіні біріктіретін бағдарламалық-аппараттық құрал. 
4) 
Брандмауэр – қорғауға алынған желіге санкциясыз енуді 
тоқтатын аппараттық құрал. 
5) 
Маршрутизатор – бірнеше каналдармен жұмыс істейтін 
құрылғы. 
6) 
Маршрутизациялау – ақпараттың жіберілу жолын таңдау 
процедурасы. 
3. 
Интернет көптеген әртүрлі ұйымдардың компьютерлерін 
біріктіретін болса, Интранет бір ғана ұйымның ішіндегі компьютерлерді 
біріктіреді. Интранеттегі ақпарат тек қана сол ұйымның адамдары 
пайдалана алады. Интранет желілері электронды пошта секілді бизнес үшін 
өте тиімді коммуникациялық құрал болып табылады.
Қазіргі таңдағы Интернет желісі, өзінің қарқынды дамып келе 
жатқаны үшін ARPANET біріктірілген желісіне қарыздар. Бұл желі 
коммутация пакеттері технологиясының қарапайым эксперименті ретінде 
басталған. 
Интернет өте күрделі желі болып табылғандықтан, сәйкесінше, желі 
құрылғылары арасында қарым-қатынасты ұйымдастыру тапсырмалары да 
күрделі болып келеді. Мұндай күрделі тапсырманы шешу үшін 
декомпозиция қолданылады. Бұл дегеніміз күрделі тапсырмаларды бірнеше 
қарапайым тапсырма-модельдерге жіктеу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет