Лекции по дисциплине «Web-технологии» Целью курса «Web-технологии» является обучение методам проектирования приложений для использования в среде Интернет, а



Pdf көрінісі
бет5/22
Дата09.09.2022
өлшемі0,93 Mb.
#38729
түріЛекции
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
 

Дәріс 
№2. 
Интернет 
коммуникациясының 
моделі. 
Коммуникацияның Pull- және Push-моделі. Интернет сервисінің 
коммуникациялық сипаттамалары 
Дәрістің мақсаты: интернет коммутациясының модельдерін, 
интернет сервисінің коммуникациялық сипаттамаларын таныстыру.
Дәрістің мазмұны: интернет коммуникациясының Pull- және Push-
модельдері. Интерактивтілік. Гипермәтін. Мультимедиа. Болу эффектісі. 
Желілік навигация. Internet сервисінің коммуникативті сипаттамасы. 
 
Интернет коммуникациялық сипаттамаларын қарастырайық. Дәстүрлі 
коммуникациялық модель негізінде «бірге бір» ережесі жүреді. 
Коммуникациялық құрылымға байланысты ақпарат статикалық (мәтін, 
графика) және/немесе динамикалық (аудио, бейне, анимация) күйінде 
көрсетіледі. 
Бұл модельден ерекше Интернет негізінде екі басқа принциптер 
жатыр. Біріншіден, Байланысқа өз үлесін қосатын Интернетке 
коммуникация кезінде оның арнасы арқылы өтеді. Бұл модель бастапқы 
байланыс жіберуші мен қабылдаушы арасында емес, негізінде қолданушы 
мен коммуникациялық ортадағы бір кеңістік арасында болатынын 
көрсетеді, сонымен байланыстың екі қатысушысы да жіберуші де, 
қабылдаушы да болып табылады. 
Интернет өзімен әрбір желі абоненті басқа абоненттерге немесе 
топтармен топ атымен немесе өз атымен хабарласа алтын «көпке көп» көп 
бағыттылы коммуникациялық модельді көрсетеді. Бұл модельде 
коммуникация құралы болып таратылған компьютерлік желі айтылады, ал 
ақпарат гипермедиялық түрде көрсетілуі мүмкін. Бұл модель интерактивті 
байланыс Интернеттің басқа қолданушыларымен қатар ортаның өзімен де 
бола алатынын, тіпті соңғы байланыстың соңғы түрі басымдылық 
көрсететінін білдіреді. Осындай байланыстың бар болуынан ақпарат 
жіберуші құралы кейде оның қолданушысы да бола алады. Бұндай 
модельде ақпарат және мазмұн жіберушіден қабылдаушыға беріліп қана 
қоймай, ортаның өзі де оның қатысушыларымен де құрылады. 
Интернет ортасының моделі ашық көрсетілген кері байланыстарды 
көрсеткенде, 
жалпы 
коммуникацияның 
дәстүрлі 
әдістері 
үшін 
коммуникациялық 
модельде 
кері 
байланыс 
контуры 
болмайды. 
Тұтынушымен кері байланысты жүзеге асыруға мысал ретінде электронды 
почтаны, қолданушылар тіркеу туралы мәліметтер, «cookie» файлдары, 
Web-серверлерде жазылу немесе тіркелу. Кері байланыстың болуы өзара 
байланыстың коммуникациялық әдістерін қолдану тиімділігін және ішкі 
және сыртқы ортада болатын оқиғаны қалыпты қабылдауды жоғарылатады. 
Интернет коммуникациясының Pull- және Push-модельдері. 


14 
Жалпыға бірдей қызмет көрсетудің дәстүрлі әдістері тұтынушыларға 
ақпаратты жеткізуші push-модельді жүзеге асырады, бұнда тұтынушылар 
пассивті роль атқарады және ақпараттың каналдарын таңдаудың шектеулі 
мүмкіндіктерінің болуы. 
Ақпаратты жеткізудің дәстүрлі push-моделіне қарсы Интернет 
негізінде, ақпаратты сұраныс бойынша жеткізетін (demand pull) pull-моделі 
жатыр. Бұл Интернет ортасының ерекшелігі ақпаратты іздеуде бақылаумен 
негізделген және іздеу механизмін қолдануда навигация бейнесі немесе 
басқа да URL (uniform resource locator) бастауларына байланысты 
тұтынушылардың тікелей қатысуымен байланысты. Интернетте сонымен 
қатар push-моделін іске асыру мүмкіндігі бар. Интернет бұл модельмен 
push-технологиясы арқылы жүре алады, соған байланысты қолданушыларға 
Интернетте ақпаратты іздеп жатудың қажеті жоқ, ол тек керекті тақырып 
бойынша қажетті каналға жазылса болғаны, кейін ақпарат канал 
жазылушыларының компьютерлеріне автоматты түрде жеткізіліп тұрады. 
Интернет ортасының технологиялары push- және pull-модельдерінің 
тығыз 
байланысы 
бағытында 
дамиды. 
Интернеттің 
жоғары 
функционалдылығына байланысты керекті ақпаратты немесе басқа да 
қорларды табу мақсатында қолданушының навигация мүмкіндіктері 
әрқашан да болады. Басқа жағынан, қолданушылардың әрқашан ақпаратты 
жеткізушіні және қабылданатын push-каналдар тематикасын таңдауға 
мүмкіндіктері бар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет