Лекция. № Лекция тақырыбы: ХҮ- xyiiі ғасырлардағы әдебиеттің даму сипаты, ерекшелігі. Лекция жоспары


Асан қайғы шығармашылығы жөніндегі қазақ ғалымдарының пікірлері



бет18/103
Дата26.04.2023
өлшемі1,34 Mb.
#87335
түріЛекция
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   103
Асан қайғы шығармашылығы жөніндегі қазақ ғалымдарының пікірлері:
Б. Кенжебаев: „Асан қайғының шығармалары өз тұсының айнасы. Ол өз дәуіріндегі қазақ халқының мұңын, тілегін көрсетеді. Асан қайғы тарихта болған адам, болғанда Жәнібек ханның тұсында жасаған, соның ақыны, ақылгөйі болған сияқты».
М.Мағауин: “Тауарих хамсаның” авторы, өзі діндар Құрманғали Асанның “қайғы” аталу себебін дінге тіремек болады. Бұл — халық санасындағы Асан бейнесімен қабыспайды. …Жер жайында айтылған, Асан атына телінетін сөздердің кейбіреулерінің шынында да Асанның үлкен ақыл иесі, ойшыл болғандығының тағы бір айғағы. Асан айтқан нақыл сөз, Асан айтқан толғау жырлар, әрине, өте көп болған. Бізге соның кейбір жұқаналары ғана жетіп отыр. Өзінің ақындық күшін туыстас руларды бір орталықты, қуатты мемлекет етіп ұйымдастыру жолына арнайды. Біздің заманымызға жеткен толғауларынан Асанның қилы кезең табиғатын жыға танығаны, тіпті, Алтын Орданың орнында пайда болған хандықтардың бәрінің құрып бітетініне дейін болжай алғаны көрінеді».
М.Әуезов: «Тарихта болған адамдар ішінде өмір сарабы, іс-еңбегі халықтың нағыз ертегісі болып, тек сол қалыпта ғана ой-жадында сақталған адамдардың бірі — осы Асан қайғы. Алғашқы рет келешек заманның құбыжығын сезіп, тұспалмен белгі беріп, болжал айтқан Асан қайғы. Кейінгіге ел қамын жоқтаған мұң, зар сарынын тастап кеткен де сол. Зар заман ақындарының барлығындағы сары уайым Асан қайғыдан басталады дейміз».
Х.Сүйіншәлиев: «Асан аты аңызға айналып кеткен даңқты адам, өз кезінің ірі қоғам қайраткері әрі шешен биі, әрі ойлы-сырлы жырауы. Халық аңыздарында Асанның үрім-бұтағы, өмір деректері айтып берілген. Халық Асанды тек аңыздап қоймай, оның өміріне арнап өлең-жырлар шығарып таратқан (Бұқар, Құдабай, Ысқақов Ілияс, т.б.)».
Журналист Даниярбек Дүйсенбайұлы “Домалақ ана” атты еңбегіндегі деректерге қарағанда саятшы жиһангез бабаның өсиеттері “Өсиетнама” деген атпен хатқа түсіріліп, Темірдің тікелей нұсқауымен Әмір ордасына сақтауға тапсырылған. Бұхара, Хиуа, Самарқанд медреселерінде оқытылатын болған. 1395 жылы жас Захриддин Мұхаммед Бабыр Ферғананың әмірі болып жарияланып, он екі жасында таққа отырғанда Асан атаның осы “Өсиетнамасын” алдырып, оқып танысқан дей келіп, “Өсиетнамадан” алған әсерлерін кейін өзінің “Мүбани” деген дастанында пайдаланған деген пікірлер айтады.
Асан – халық тілегінің жоқшысы. Асан мұңы – халық мұңы. Оның атына жалғанған “қайғы” деген анықтама халық сүйіспеншілігінің белгісі іспеттес. “Тауарих хамсаның” авторы, өзі діндар Құрманғали Асанның “қайғы” аталу себебін дінге тіремек болады. Бұл халық санасындағы Асан бейнесімен қабыспайды. Асан қайғысы бақиды, ахирет жайын ойлағаннан туған қайғы емес. Асан мұңының тамыры тереңде. Оның негізінде халықтың бол кездегі тұрмыс-халіне жаны ашығандық, өмірге көңілі толмау бар. Асан қайғысы-бүгінгі тіршіліктің, ертеңгі болашақтың қамын ойлағандықтан туған қайғы болатын.
Шоқан Асан қайғыны “дала данышпаны” десе, Әлкей Марғұлан “Асан-ата XV ғасырда қазақ ұлысын біріктіру мәселесін қолына алған даланың ойшыл данасы” деп бағалады. М.Әуезов: “Қазақ халқының ақындық қабілет-дарыны өмірде ақынның ерекше типін туғызды. Бұл біздің заманымызға дейін жеткен, бұрынғы ақындық қағидаларды сақтап келген әрі жыршы, әрі импровизатор ақын…“, - деп жазады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет