Лекция №1 Адамның тарихқа дейінгі эволюциясы


Моғолстан мемлекетінің құрылуы (XIV ғ. ортасы – XVI ғ. басы)



бет15/47
Дата27.02.2023
өлшемі460,42 Kb.
#70402
түріЛекция
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   47
Байланысты:
Қазақстан тарихы пәнінен лекциялар 2022-2023жж docx

3. Моғолстан мемлекетінің құрылуы (XIV ғ. ортасы – XVI ғ. басы). Моғолстанның құрылуы, пайда болған кезінен бастап-ақ саяси және экономикалық жағынан біртұтас ел болмаған Шағатай ұрпағы мемлекетінің ыдырауымен байланысты. Мауараннахрды жаулап алған монғолдар жергілікті отырықшы-егінші және қала дәстүрлерінің ықпалымен отырықшылыққа ауысты. Ал Жетісуда қалғандары едәуір түріктенгенімен, негізінен көшпелі тұрмысын сақтап қалды, ол былай тұрсын, жергілікті халықтың егіншілері мен жартылай көшпелілерінің біразы көшпелі тұрмыс салтына көше бастады.
Толассыз жүрген соғыстар мен ішкі алауыздық елдің ауыл шаруашылығын күйзеліске үшыратты, ал Мауараннахр хандарының оны бұл жағдайдан құтқармақ болған әрекеттері түріктердің көшпелі бөлігі мен монғолдардың түріктеніп кеткен үстем тобының наразылығын туғызды. XIV ғасырдың ортасына қарай Шағатай ұрпағы мемлекеті дербес мемлекеттерге айналған батыс және шығыс бөліктерге бөлінді. Моғолстан атанған бұрынғы Шағатай ұрпағы Мемлекетінің шығыс аймақтарының көшпелі шонжарлары хижра бойынша 748 жылы| 1347-1348 жылы Шағатай ұрпағы Тоғылық Темірді хан қойды. Мұнда ХIV ғасырдың ортасында саяси өмірдегі басты ролді Мауараннахрдан бөліну жолындағы қозғалысты басқарған дуғлат тайпасының көсемдері атқара бастады. Дуғлаттар бұл кезде Жетісудағы ең ірі түрік тайпаларының бірі болатын және едәуір аумақты жерді мекендейтін.
Дуғлаттардың феодал үстем табы ХIV ғасырда Шығыс Түркістанның отырықшы-егіншілік жазираларына да иелік етті. Мырза Мұхаммед Хайдар Дулати дуғлат руының шонжарлары Шығыс Тұркістандағы өз иелігін (ихта) ХIII ғасырда-ақ алған деп жазады. «Шағатай-хан өз мемлекетін (ұлыстарға) бөлгенде, ол әмір Поладшының атасы Өртөбеге (Өрте-Бараққа) Маңлай Сүбені (облысын) берді... Оның шығыс шекарасы – Кұсан (Кұша) мен Тарбүкір; батыс шекарасы – Шаш (Ташкент), Ғаз бен Жакишман, оның сөнғысы Фергана уәлаятында орналасқан; солтүстік шекарасы – Ыстықкөл, ал оңтүстігінде – Жарқан мен Сарыұйғыр. Әмір Поладшы билеген осы аталған бүкіл аумақ Маңлай Сүбе аталды. Сол уақытта бұл елде бірнеше қалалар болды. Олардың ішіндегі ең үлкендері: Қашқар, Қотан, Жаркент, Кашан, Ақшыкент, Әндижан, Ақсу, Атбасы, Құсан. Осы қалалардың ішінен әмір Поладшы Ақсуды өзінің ордасы етіп таңдап алды». Кейіннен бұл аудан Моғолстан билеушілері өкіметінің тірек базасы ролін атқарды.
Моғолстанның шекарасы тұрақты болған емес, оның бір жарым ғасырлық өмір сүрген уақыты бойынша өзгеріп отырды. Алғашқы хан Тоғлық Темір мемлекетінің құрамына Моғолстанның өзі мен вассалдық иелік ретінде Шығыс Түркістан бірде Темір ұрпағының мемлекетіне кірсе, бірде қайтадан Моғолстан билеушілерінің қол астына қарады; ХV ғасырдың 80-жылдарынан бастап Моғолстан хандары иеліктерінің құрамына Ташкент пен Сайрам енді, бірақ Жетісу кірмей қалды. ХVI ғасырдың басында Моғолстанның ыдырауы кезіне қарай оның хандарының билігі тек Қашғариямен ғана шектелген еді.
«Тарих-и Рашиди» бойынша, Тоғлық Темір едәуір дәрежеде жағдайды біршама түрақтандырып, Моғолстанның бүкіл аумағын өз билігіне біріктіре алды; оның ордасы Алмалықта болған. Алғашқы моғол ханы ұлыстық жүйені сақтады; жоғарғы ұлыс бегінің мұралық лауазымын (ұлысбегі) ол дуғлаттардың басшысына бекітті.
Мауараннахр хандарының үлгісімен Тоғлық Темір өзінің жоғарғы билігін ортағасырлық Шығыстағы сыннан өткен идеологиялық тірек-мүсылман діні арқылы нығайтуды көздеді. Ислам дінін қабылдама-ғандарға, тіпті әмірлер мен бектерді қоса, өлім жазасына, адам басына сәдені шегелеуге дегін қатаң шаралар қолданылды.
Тоғлық Темір өз билігін Мауараннахрға да жұргізбек болды. Өзінің сыртқы саяси, әскери істерімен Тоғлық Темір Жетісудан 1360 жылғы ақпан-наурыз айларында аттанды. Әскерімен Ташкентке жақын тоқтап, Тоғлық Темір хан ілгері қарай қосын жіберді, ол Сырдариядан өтіп, Кеш (қазіргі Шахрисабз) қаласына қарай жүріп кетті. Тоғлық Темірдің өзара жауласып жатқан жергілікті әмірлер өзіне қарсылық көрсетпейді деген есебі ақталды. Олардан бірі – Орта Азияның болашақ билеушісі Әмір Темір Тоғлық Темірге бағынатынын білдіріп, сол үшін Кеш қаласын үлесті жерімен бірге басқаруға алды.
Моғол әскерлерінің одан әрі ілгерілеуіне Тоғлық Темір әскербасыларының өзара іс-әрекетінің үйлеспеуі кедергі келтірді. Олардың арасында деректемеде керейт, аргинуд, қаңлы тайпаларының әмірлері мен бектері аталған. Олар әуелі хан ордасына келіп, содан соң бүлік шығарып, Моғолстанға кетіп қалды. Моғол ханы Мауараннахрды бағындыру жөніндегі одан арғы әрекетін тоқтатуға мәжбүр болды. Әмірлердің бүлігін басқан соң Тоғлық Темір 1361 жылы көктемде тағы да Мауараннахрға аттанды. Ол Мауараннахрдың бүкіл аумағы арқылы өтіп, оңтүстікте Құндызға дейін жетті. Мұнда көктем мен жаз бойы болып, күзде Самарқандқа оралды. Тоғлық Темірдің Мауараннахрда уақытша орнығуына өлкедегі саяси жағдай – жиырма жыл бойы, ХIV ғасырдың 40 және 50-жылдарында орталық билік болмауы жәрдемдескен еді.
ХV ғасырдың 20-жылдарының аяғында Ақ Орданың далалық аумағының үлкен бөлігінде ХIV ғасырдың өзінде-ақ біріккен, Орда Ежен мен Шайбани үрпақтары билігіндегі халық (үлыстар) пен жерде (жұрт) билеуші әулет алмасады: Шыңғыс ұрпақтары мен көшпелі шонжарлардың қиян-кескі күресінің нәтижесінде билік Орда Ежен мұрагерлерінен Шайбани мұрагерлеріне ауысады. Бұл күрестің пайда болуы мен етек алуына саяси және әлеуметтік – экономикалық сипаттағы көптеген себептерге байланысты Ақ Орданың әлсіреуі мен құлдырауы себепші болды. Алғашқыларының арасындағы ең бастылары ХIV ғасырдың екінші жартысынан бастап жалғасып келе жатқан Алтын Орданың ыдырауы мен әмір Темірдің және Темір ұрпақтарының агрессиялық саясаты болатын. Екіншілерінің арасында Сырдариядағы қалалардың қолдан шығарылуы аса маңызды орын алды. Ортағасырлық авторлардың бірі Махмұд ибн Уәли Ақ Ордада Шайбани ұрпақтарының билік басына келу фактісін жалпы Алтын Орданың күйреуімен орынды байланыстырады.
Ақ Орда хандарынан айырмашылығы – Шайбани ұрпақтары Орда тағы үшін жан аямай, өздерінің материалдық және адам ресурстарын ысырап еткен жоқ, олардың Темір мен оның мұрагерлерінің басқынышылық дәмелеріне тойтарыс беруіне де тура келмеді, өйткені Темір үрпақтарын бұл ауданда көшіп жүретін даладан гөрі бірінші кезекте Сырдария аңғарындағы бекініс – қалалар қызықтырған еді. Осының бәрі Шайбани ұрпақтарына Орда Ежен мен Тоқа Темір әулетінен өрбіген хандарға қарама-қарсы Ақ Орда аумағында билік ету құқығын білдіру және Шығыс Дешті Қыпшақ пен кейініректе Түркістанның саяси картасын өзгерту мүмкіндігін қамтамасыз етті. Ақ Орда аумағының далалық бөлігінде бастапқыда екі саяси бірлестік нығаяды.
Олардың біріншісі – ертеректе Жайықта жане оның батысына қарай Еділге дейін дерлік, ал солтүстік – шығыс жағында Тюмень бағытында оқшауланып шыққан Ноғай (Манғыт) Ордасы.
Екіншісі, Жайықтың шығыс жағында, Ырғыз, Елек, Торғай, Сарысу бойында, Тобыл мен Есілдің жоғарғы ағысында, ауелі 20 – жылдарда көптеген Шайбани ұрпақтары күшейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет