Лекция 1 Ауылдық елді мекен және жоба туралы жалпы түсінік, ауыл



бет10/18
Дата16.02.2023
өлшемі3,55 Mb.
#68450
түріЛекция
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   18
Жануарлар фермаларын жоспарлау. Басқа мал шаруашылығы мекендері сияқты зоналарға бөлінеді.
Қояндарды өсіру кешендері. Қояндарды өсіру кешендері тұқымдық және товарлық болып бөлінеді. Товарлық қояндарды өндіру кешендері ет, тері және жүн (пух) өңдіруде арнайы бағытта жүргізіледі. Олардың кешендерінің өлшемі арнайы бағыттарына байланысты орналастырылады. Жүн (пух) – 400-ден 2400 басқа дейін ет және тері - 4800 басқа дейін болады.
Қояндар инфекциялық ауруларға өте бейім және қорқақ болады. Сондықтан да оларды тұрғын зоналардан, көлік магистралдарымен, өндіріс ғимараттарымен құрылымдардан 300 м-ден кем емес арақашықтықта орналастырады.
Қояндардың алаңы құрғақ, күн сәулесі жақсы түсетін болуы керек, олардың территориясында ені 10-15 жасыл ағаштар қатары егіледі. Қояндарды ұстауда 2 түрлі әдіс қолданылады – торлы және торлы бос ұстау. Бос ұстайтын алаңда ауданы 0,5м2 әрбір басқа бөлінеді, олар жабық не ашық болуы мүмкін.
Көжектер қояндары бір қабатты клеткаларда, клеткалы батереяларда 150-ден 600 дейін ұсынылады, олар қора қабырғаларында 2-3 батереялы болып орналасады.
Құс өндіру кешендері. Құс өндіру кешендері өзінің түріне, бағытына, специализациясына, ұстауына қарай бөлінеді. Құс өндіру негізінен мыналарға бөлінеді: тауық, қазы, үйрек, түйетауық өндіру. Сонымен қатар арнайы құс өндіру бағыттары бар, олар: кептер және басқа да құстар.
Өзінің бағытына қарай құс өндіру кешендері тұқымдық және товарлық болып бөлінеді. Тұқымдық кешендерде негізгі өнім болып тұқымдық жұмыртқа және тұқымдық құстар есептелінеді, сонымен қатар тамаққа арналған жұмыртқа мен ет жатады. Ал товарлық кешендерде негізгі өнім болып - тұқымдыққа арналған жұмыртқа және ет жатады. Ал қосымша өнімдер ретінде барлық кешендерде жүн (пух), қанаттар (перо) және басқа негізгі қалдықтар жатады.
Құстарды еден немесе клеткаларда ұстауды еденде ұстау, жайылым орны бар немесе жоқ болуы мүмкін. Жайылым орындары 2 түрлі болуы мүмкін. Солярия - шектелген алаңдар, тегістелген және шектелген алаңдар, бірақ тегістелген табиғи жерлер. Көңдерді жылына 1 рет шығарады. Көңнің қалыңдығы 0,8-1,0 м, қораның жылуына әсері және температурасы 28-29°С көтеріледі.
Құстарды торда немесе полда ұстау ыңғайлы, себебі қиларды төменнен полдан механикалық қалақшалар арқылы шығарады.
Құстарды торда ұстау ең көп тараған әдістердің бірі, бұл әдісте құстарды тамақтандыру және жұмыртқаларды жинау механикамен жабдықталған. Әр құс өндіру кешендері өзінің бағытына тұқымдық, аналық, шөжелер және өндіріс топтары болып бөлінеді. Әрқайсысы арнайы зоналарда болады. Олардың арақашықтықтары 300м кем болмайды. Ал зоналар өзара тағы зоналарға бөлінеді.

    1. Лекция 6 Ауылшаруашылық техникаларды жөндеу және сақтау кешендері

Машина жөндеу кешендерінің шаруашылықтағы мақсаты машиналарды сақтау, күнделікті профилактиканы жүргізу, күнделікті және капиталдық жөндеулерден өткізу үшін қажет. Машина алаңдарында машинаны сақтауда техникалық қызмет жүргізеді, олар орталық усадьбеде, бөлімшілерде орналасады. Қызмет көрсету деңгейі машина аландарында төмен, орта, және жоғары болуы мүмкін:



  • төменгі деңгейде механизаторларға немесе механизаторлар бригадаларына тракторлар мен ауыл шаруашылық машиналарды өткізеді, күнделікті ауыл шаруашылық жұмыстарын орындау үшін қолданылады;

  • орта деңгейде жұмысшы мамандар техникалық қызмет бөлімдерінде машиналарды дайындап, механизаторларға өткізеді, күнделікті ауыл шаруашылық жұмыстарды орындау үшін;

  • жоғарғы деңгейде барлық машиналар күнделікті машина алаңдарына өткізіледі, ал түнгі сменадағы жұмысшы мамандар, профилактикалық жұмыстар жүргізіп, ертесіне тракторшыларға өткізеді.

Машиналарды сақтау үш түрлі әдіспен жүргізіледі: жабық, ашық және аралас. Машиналарды жабық әдіспен сақтауда машиналарды сарайда немесе гаражда сақтайды. Машиналарды ашық әдіспен сақтауда машиналар ашық алаңдарда сақтайды (палаткалармен жауып қояды). Аралас әдіспен сақтауда машиналар ашық алаңдарда сақтайды, дөңгелектерін, шынжырларын, электр жүйелерін шығарып қоймаларда сақтайды.
Машина құрылыс кешендерінде үш топқа бөлініп ғимараттар мен құрылымдар ұйымдастырылады.
Автогараж машиналар тұру үшін ашық алаңдар пайдаланады.
Ауыл шаруашылық машиналар үшін сарай, гаражбен және алаңдармен қамтамасыз етіледі. Комбайн үшін гараждар және ұстахана қойма қосымша сақтау үшін ұйымдастырылады.

Сурет 1.28 Машина жөңдеу кешендерінің жоспары.


А) кіші шаруашылықта. Б) орта шаруашылықта В) үлкен шаруашылықта
1-ұстахана; 2-автогараж; 3-ауыл шаруашылық машиналар қоймасы; 4-трактор гаражы; 5-комбайн гаражы; 6-қосымша бөлшек қоймасы; 7-машина жуатын жер;
8-уақытша машиналар тұратын орын.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет