Лекция 1 Ауылдық елді мекен және жоба туралы жалпы түсінік, ауыл



бет7/18
Дата16.02.2023
өлшемі3,55 Mb.
#68450
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18
Байланысты:
елді мекен жоспарлау методичка

Кешендердің өлшемдері. Ірі қара мал кешендерін ғылыми-зерттеу кешендерінің ұсынысы бойынша кешендер өлшемі мынадай болады: сүтті өндіру бағытында 400, 800, 1200, 1600 және 2000 сиырлар. Етті бордақылау,
өндіру бойынша 2000, 5000, 10000, 20000 бас. Негізгі ғимараттар және малды қораларда ұстау әдістері. Сиырлар мен бұзаулар үшін 2 ұстау әдістері қолданылады - байлаулы және байлаусыз (бос).
Байлап ұстау - тұқымдық шаруашылықтарда қолданылады. Малдарды байлап ұстауда оларды жеке-жеке тұрақты орындарында ұстайды. Жаз айларында сиырларды (малды) жайылымдарда ұстайды, ал жайылымдар жоқ болған кезде жайылымсыз жерлерде ұстайды. Тұрақты азықтанатын жерлерде малды азықтандырады, ал қораларда малды қарайды (ауру, сырқат, т.б.). Демалатын алаңдарға шығарады 2-3 сағатқа, механикалық жолмен - сауын ұйымдастырылады. Суғару - автоматты суғару техникаларымен ұйымдастырылады.
Малды тұрақты жерлерде ұстау да сиырбаздың құрылымы: А - азықталатын жері;
Б - сүт блогі;
В - жайылым алаңы.
Байлаусыз ұстауда сиырларды азықтандыру еркін және араларында шарбақтар (бөлімдер) болмайды. Сиырбаздың құрылымы жайылым алаңдар малдарды байлаусыз ұстауда қолданылады.

Сурет 1.16


а-сиырлыр үшін қоралар, б-сауу блогі, в-силос қоймалары, г-азық сақталатын бастырма, д-астау (азықтандыратын)

Азықтандыратын астауды жобалауда 7 басқа 40-50 см келеді. Суғару астауын 1 басқа 50-60 см бөледі.


Санитарлық-гигиеналық таза болу үшін демалыс жайылымдары тастақ (қатты) жер болуы қажет.
Сиырларды байлап ұстауда оны азықтандыруда оларды бокста ұстайды. Азықтандыратын астауларда азықтандырады, ол жерде қиды шығару жағдайын ұйымдастырады.
Ірі қара мал кешендерін жоспарлау. Ірі қара мал фермаларында архитектуралы - жоспарлау кезінде кешендер территориясын зоналарға бөлуді қарастырады:

  • негізгі өндіріс ғимараттарға;

  • азықты сақтау және дайындау ғимараттары;

  • қызмет көрсететін адамдардың үйі;

  • ветеринарлық көмек көрсететін пункт;

  • қиды сақтау және өңдеу құрылыстары.

Ферма аралықтарындағы жол қатынастарына көңіл бөлінеді, жоғарғы экономикалық тиімділікті қамтамасыз ету үшін азықты жеткізу, сүтті жеткізу, қиды тасымалдау және еңбекті ғылыми тұрғыдан ұйымдастыру мүмкіндігі. Кешендер құрылыстарының 3 түрі бар: павильонная, блокты және түгел блокты (моноблокты).
Ірі қара мал фермаларындағы кішкене павильонды құрылысты қарастырып көрейік. Бұл жерде 2 сиырбаз 100 басқа және 200 басқа байлап ұстау, 2 бұзау үшін 100 басқа ұйымдастырылады. Сүтті тасымалдау құбыр арқылы әр сиырбаздан жеткізеді. Азықты дайындау цехтарда жүргізіледі, одан азықты мобильді құрылымдармен жеткізеді. Ал қиды тасымалдау бульдозер арқылы жасалынады. Сиырбаздарды азықты дайындайтын цехтар жанында орналастырады, жолдың қысқа болғаны тиімді, азықты неғұрлым көп мол жеткізу мүмкіндігі ұйымдастырылады. Суретте сиырбаздың құрылыстары қарастырылған принципиалды схемалары мен әр түрлі еніне байланысты ірі қарамалдың блокты тұрақталатын жерлері көрсетілген.

Сурет 1.17


Сиырбаздың құрылысы (конструкциясы): А – бір қабаты, бір қатарлы қоралар;


Б - бір қабатты қоралар үлкен алаңымен; В – кең габаритті қоралар;
Г - моноблокты қоралар; 1 - сиыр қоралар;

    1. сауу бөлімдері;

    2. - босанатын бөлімдер; 4 - бұзаулар үшін қора; 5 - тұрмыстық бөлім;

  1. – құрал – саймандарды сақтайтын бөлім;

  2. - азықты сақтайтын және дайындайтын бөлімдер;

  3. - қиды сақтайтын қоймалар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет