Блокты үйлердің кварталдары. Блокты тұрғын үйлердің бастапқы және негізгі элементтері болып усадьбалық жерлердегі орналасқан үйлерді айтады.
Секциялы үйлер кварталдары өзінің архитектуралық жоспарына қарай усадьбалық және блокты құрылыстардан айырмашылығы бар. Секциялы кварталдар үйлері периметрлік, қатарлы және топ болып орналасады. Периметрлік тұрғын үйлер көшелерге параллельді орналасады. Секциялы тұрғын үйлерден басқа квартал территориясында бала-бақшалар орналасады (бала-бақша, яслилер)
Жайылымда тұрақты ұстау. Қойды жайылымда тұрақты ұстау табиғи шабындықтарды толық тиімді пайдалануды қарастырады және жайылымды ұзақ мерзімде пайдаланады (200 күннен көп). Бұл жүйеде қойларды алыс жайылымдарда жыл бойы ұстайды. Қыс кезінде жайылымдарда ауа райы қолайсыз кездерде қысқы және көктемгі туыттарды жүргізу үшін бастырмалар жасалынады және қойларды азықтандыру үшін қосымша азық қарастырылады.
Тұрақты жайылымда ұстау.Қойларды тұрақты жайылымда ұстау қысы суық аудандарда, жайылым мерзімі қысқа және жайылым аймақтары шектеулі жерлерде қолданылады. Бұл әдіспен қойларды ұстау тұрақты қораларда ұстайды, оны азықтандыру арнаулы астауларда қамтамасыз етеді, ауа-райы суық қолайсыз кездерінде де пайдаланылады. Ал жаз кезінде қойларды жайлауда ұстайды.
Ал жайылымдары шектеулі фермаға жақын орналасқан болса, онда қойларды жайылымнан фермаға айдап келеді де силоспен т.б. азықтармен азықтандырады. Тұрақты жайылымда жайылымдарды көпжылдық мәдени өсімдіктермен қамтамасыз етеді.
Тұрақты қойларды ұстау. Табиғи жайылымдар мен зоналарда қолданылады, ал азықты ауыспалы егістіктерден алады. Малды азықтандыру тұрақты қораларда немесе ашық базаларда жасайды.
Қой шаруашылығы кешендерінің өлшемдері.Қой шаруашылығы кешендерінің өлшемдері оның специялизациясына байланысты жүргізіледі. Жүн және ет-жүн бағытындағы кешендерде 2,5 - 5,0 - 10 мың бас ұсталады. 2-ден 5 мың басқа дейін қойларды кішігірім аудандарда ұстайды. Өкіметтің негізгі міндеттерінің бірі болып біздің мемлекет халықтарын мал шаруашылығы өнімдерімен толығымен қамтамасыз ету болып табылады.
Мал шаруашылығы кешендеріне жерді таңдап алуда мына мәселелерді ескеру қажет, білікті жұмыс күшін, қоршаған ортаны қорғау шараларын, азықты жеткізу мәселелері, өнімдерді өткізу нарықтарын ескеру керек. Мал шаруашылығы кешендерін құру және жоспарлауда мына мәселелерді ескереді:
кешендер территориясын максималды қысқарту;
территорияны нақты зоналау;
малды ұстау үшін тиімді жағдай жасау, азықты жеткізу, көңді шығару және т.б. технологиялық процестерді орындау;
архитектуралық құрылыс шешімдерінің ыңғайлы болуы;
малды мүмкін болғанша бір ғимараттарда орналастыру керек.
Кешендер түрі. Ірі қара мал кешендері өзінің бағытына қарай тұқымдық және товарлық, арнайы бағыты бойынша ет-сүт, сүт және ет болып бөлінеді. Товарлы сүт кешендері қалаға жақын зоналарда орналасады, оның мақсаты қала тұрғындарын тұрақты сүтпен қамтамасыз ету. Бақпандағы сиырлардың үлес салмағы 60% жоғары болады. Товарлы сүт кешендері алыс аудандарда да ұйымдастырылады. Одан сүт сүт зауыттарына жеткізіледі, ол жерде басқа сүтті өнімдер өнгізіледі. Бұл кешендердегі сиырлардың үлестік салмағы 50% төңірегінде болады. Товарлық ет-сүт кешендері далалық және таулық аудандарда ұйымдастырылады.