Лекция 1 Ауылдық елді мекен және жоба туралы жалпы түсінік, ауыл


Лекция 2 Өндіріс зоналарын жалпы ұйымдастыру



бет2/18
Дата16.02.2023
өлшемі3,55 Mb.
#68450
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Лекция 2 Өндіріс зоналарын жалпы ұйымдастыру



    1. Санитарлық-қорғау аймақтарының зоналары

Ауыл елді мекеніндегі өндіріс зонасы - бұл сол аймақтың бір бөлігі - яғни сол жерде орналасқан АҚ мен ЖШС-дің өндіріске арналған құрылыстары мен құрылымдардың орналасуы. Бұл құрылыстар мен құрылымдар бірігіп өндіріс кешендерін құрайды.


Бұл кешендегі ғимараттар топтарының және құрылымдардың, сол аймақтағы жалпы көлік, энергетикалық және санитарлық- техникалық құрылымдардың, технологиялық процесстерінің бірігіп өтуі, өндіріс кешендерінің құрамы мен сипаты оның мамандандырылғаны өндіріс жұмыстарына байланысты. Өндіріс кешендеріне мыналар кіреді:
- мал шаруашылығы, құс өсіру, аңдарды өсіру фермалары;

  • жылы жай шаруашылығы, жөндеу - механикалық алаңдар, (жөндеу және ауыл шаруашылық машиналарын сақтау кешендері);

  • құрылыс алаңдары (құрылыс материалдарын дайындау кешені);

  • қойма құрылымдары (ауыл шаруашылық шикізаттар мен материалдар сақтау және жинау кешені).

Барлық өндіріс кешендерін жалпы бір аймақта орналастыруға болады, бұл жағдайда ол ауыл елді мекеннің өндіріс зонасын құрайды.
Кейбір кешендерді мысалы: мал шаруашылығы, құс шаруашылығы, аң шаруашылығы, ветеринарлық емдеу кешендерін, ауыл елді мекен орталығынан бөлектеу жерде орналастыруға болады. Өндіріс зоналарын ауыл елді мекендерге қарағанда ығына қарай және жердің еңістеу жеріне орналастырады, себебі санитарлық - гигиеналық шарттардың барлық
талаптарын ескере отырып, ауыл елді мекендердегі тұрғындардың тұруына жақсы жағдай жасау керек.
Өндіріс жобаларын жобалау кезде және оны аймақтарға орналастыру үшін жекеленген кешендерге мынадай талаптар қойылады: мүмкін болса ірі кешендер құру, яғни бұл экономикалық тұрғыдан қарағанда көлікпен қамтамасыз ету энергетикалық және санитарлық-тазалық құрылымдар - құралдар мен кешендерге кететін және кешендерді пайдалану үшін кететін қаржыны азайту үшін.
Өндіріс зоналардың орналасуының экономикалық тұрғыдан негізгі баға беру оған кеткен қажет құрылыстарға және ғимараттар мен құрылымдарды пайдалануға кететін қаржы көлемімен анықталады.
Неғұрлым кететін шығын аз болса, соғұрлым орналасқан өндіріс кешендері - тиімді болып есептеледі. Дегенмен барлық өндіріс кешендерінің экономикалық тұрғыдан үнемді екенін анықтау үшін оның құрылысын, құрылымдарын, жақсарту шараларын ескеру керек. Өндіріс кешендерінің дұрыс орналасуы жұмыстардың үнемділігіне әсерін тигізеді және шығарылатын шикізаттардың өзіндік құнын төмендетеді. Қоспа қыстырма: алдынғы лекцияда санитарлық-тазалық шарттары туралы айтылған еді, соған толығырақ тоқталсақ деймін. Өндіріс зоналарын аймақтарында тыныш болу қажет, ашық көлшіктер мен құдықтарды, ластанудан сақтау (қорғау) қажет.
Ауыл елді мекенге қарағанда өндіріс зоналары төмен еңістеу жағында орналасуы қажет, себебі: ластанған жер беті сулары ауыл елді мекенге зиян келтірмеуі, бармауы қажет. Егерде өндіріс зоналары ауыл елді мекен жерлерінен жоғары орналасқан болса, онда ластанған жер беті суларын ауыл елді мекенге жетпейтін каналдарын қарастыру қажет. Бұл зоналарды орналастыру кезінде мезгілдің жылы кезеңін ескеру қажет, себебі: барлық бөтен иістер, газ иістері осы кезеңдерде көп болады. Сондықтан да бұл аймақтарда өндіріс зоналарын орналастыру үшін жыл мезгіліндегі желдің бағытын (роза ветров) ескеру қажет.
Санитарлық-тазалық қызметтерінің мәліметтеріне қарағанда өндіріс зоналарының аймағында ауада 394-ке жуық зиянды шикізат аттары келтірілген.
Санитарлық-қорғау зонасы ауыл елді мекен мен өндіріс зоналарының аралығындағы аймақты айтады, яғни өзендер, ені 20-30м аралықта ағаштарды егу. Көп жылдық шөптерді егу, ені 20-25м.
Санитарлық-қорғау зонасын өте тиімді пайдалану үшін аймақтарда жеміс-жидектер ағаштарын отырғызу, мал азықтық дақылдарды егу, бау- бақшалар, сонымен қатар коммуналдық қызмет көрсету мекемелерін орналастыру қажет (гараж, өртке қарсы мекені, машиналар т.б.).
Ауыл елді мекен егер де көл-көлшіктерге жақын орналасқан болса, онда өндіріс зоналары ағыстың төмен жағында орналасуы қажет. Егер жоғарғы жағында орналасса онда жер беті суларын басқа жаққа алып кететін каналдар қарастырылады.
Кесте 1.1 - Ауыл елді мекен және өндіріс зоналарынның санитарлық арақашықтығын ескеру


Зиян
дәрежелер

Кешендер аттары

Арақашықтығы а.е.м. мен
өндіріс зонасы

1

Шошқа кешендері, 12 мың бас

1500

2

Улы химикаттар қоймасы 500т.

1500






    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет