Лекция 1 Ауылдық елді мекен және жоба туралы жалпы түсінік, ауыл


Лекция 3 Тұрғын зоналарды жоспарлау және салу



бет3/18
Дата16.02.2023
өлшемі3,55 Mb.
#68450
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Лекция 3 Тұрғын зоналарды жоспарлау және салу.

Тұрғын зоналарының құрылымы мен тұрғын кварталдарының түрі (типі)


Тұрғын зоналардағы құрылыстардың құрамы. Ауыл елді мекеніндегі тұрғын зоналардың негізгі құрылыс қорын тұрғын үйлер мен көпшілік ғимараттар, керекті шаруашылық құрылыстар құрайды.
Тұрғын үйлер тұрғын территорияларда орналасады. Көпшілік ғимараттар көпшілік территорияларының учаскелерінде орналасады.
Сонымен қатар бұл территорияларда басқа да құрылыстар салынады, олар: беседкалар, көлеңке болатын қалақшалар, спорт және ойын алаңдары, гимнастикалық ойындар ойнайтын снарядтар т.б.
Тұрғын зоналар құрылымы. Барлық құрылыс фонды жоспарлау құрылымдарына сәйкес селитебикалық (яғни тұрғын) ауыл елді мекен зоналарында орналасады.
Жоспарлау құрылымдары - деп зоналарды әртүрлі бөлімдерге бөлу, ұйымдастырылу жағынан өзінше бөлек, ал функционал жағынан бірдей болатын бөлімдерді айтады. Бұл бөліктер жоспарлау өлшемдері болып есептеледі.
Құрылымды жоспарлау өлшемі - бұл тұрғын зоналары территориясының бөлігі және ауыл елді мекен тұрғындарының қажеттерін ескереді, яғни: өмір тіршілік жасау жағдайы, әлеуметтік жағдайы және мәдени - тіршілік қызмет көрсету жағдайын ескереді.
Ауыл елді мекенді жоспарлау құрылымы сатылы жүйеде ұйымдастырылады. Сатылық саны ауыл елді мекен - кішісіне байланысты.

Сурет 1.7
1 - тұрғын орталығы; 2 - 2-ші құрылым орталығы; 3 - 3-ші құрылым орталығы; 4 - демалыс зоналары.

Құрылымды жоспарлау өлшемінің бірінші сатысы тұрғын кешендерінің бірінші кезегімен анықталады. Тұрғын кешендерінің бірінші кезеңдегі тұрғындар саны 200-ден 500 адамға дейін. Бірнеше тұрғын кешендері және тұрғын үйлер топтары бірігіп мөлтекаудандарды құрайды. Құрылымды жоспарлау өлшемінің 2-ші сатысы болады.


Мөлтекаудан тұрғындарының саны қалалар мен поселкалар үшін адамдар саны 4-тен 6 мыңға дейін болады. Мөлтекаудан территориялары магистраль көшелермен қиылыспау керек. Бұл жағдайда мөлтекаудандарда тұру шарттары өте ыңғайлы, тыныш, қауіпсіз болады. Ауыл елді мекенде бірнеше мөлтекаудандар бірігіп әкімшілік аудандарды құрайды. Бірнеше әкімшілік аудандар бірігіп тұрғындар ауданын құрайды, көпшілік орталық алаңдарда уақытша пайдалынылатын мекемелер орналасады. Әкімшілік аудандар территориясында демалыс орындары, саябақтар орналасады. Спорт кешендері ұйымдастырылады, ол жерде жарыстар, жаттығулар өткізіледі.
Тұрғын аудандар шекаралары болып табиғи немесе қолмен жасалған құрылымдар (өзендер, каналдар, су қоймалары, үлкен транзит магистралдары) жатады.
Бірнеше тұрғын аудандар ауыл елді мекен территориясын құрайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет