Парадигма – ғылымның негізгі өлшем бірлігі. Парадигма деп барлық қалың жұртшылық түгелдей дерлік мойындаған ғылымның алғы жетістіктерін айтуға болады.
Көптеген ғалымдардың анықтамасы бойынша, педагогикалық парадигма – бұл білім беру мақсаттарын шешудегі белгілі стандарт, қалыптасқан көзқарас. Дәстүрлі педагогикада парадигма ретінде кіретіндер: оқушы – педагогикалық қарым-қатынас объектісі, ал оқытушы басқару органдарының директивті нұсқауларын орындаушы; педагогикалық қарым-қатынас барысында тұлғаның ішкі жан дүниесі назардан тыс қалып отырады және т.с.с.
Ғалым Г.Б.Корнетов «Педагогикалық парадигма – теориялық және практикалық іс-әрекеттің олардың рефлексия дәрежесіне байланыссыз мазмұнды бірлігін анықтайтын тұрақты сипаттамалар жиынтығы» деген мағыналы анықтаманы бере отырып, педагогикалық парадигманың төмендегі түрлерін анықтайды: авторитарлық, манипулятивтік, қолдау педагогикасы .
Әр елдің білім беру жүйесі әр түрлі парадигмаға сүйенеді. Мәселен, Ресейде төмендегідей парадигмалар пайда болды:
Либеральды – рационалистік ағым (Г.П.Щедровицкий және басқалар). Г.П. Щедровицкийдің пікірі бойынша, қазір Ресейде білім беру саласында кризис орын алып отыр, жаңа педагогикалық формация орнығын келеді, бұл формация адамзаттың 2000 жылдық дамуындағы төртіншісі болмақшы, қазіргі «инструментальды-технологиялық» парадигма қазіргі уақыт талабына ілесе алмайды .
Мәденицентризм (А.П.Валицкая және басқалары). А.П.Валицкая білім беру саласындағы «кризистен шыудың бірден бір жолын білім беруге мәдени шығармашылық бағыт беру» деп санап, білім берудің ізгілікті парадигмасының мағынасын аша түседі: баланы ерекше мәдени әлемді тасы–малдаушы ретінде ұғыну; мұғалімді педагогикалық шығармашылықты тасы–малдаушы рөлінде түсіну; мектептегі білім беру үрдісін жеке тұлға мәдени әлеуметтік кеңістікте еркін дами алатындай етіп ұйымдастыру .
Классикалық педагогика (жақтаушылары: В.В.Кумарин және басқалары). В.В. Кумарин білім берудің бүгінгі жағдайын бағалай келе, білім берудің кризистік жағдайда екенін дәлелдей отырып, білім берудің табиғи қалыптасқан идеялары мен принциптеріне «қайта оралу» қажеттілігін басып айтады .