Лекция №1 жоғары білім берудің Қазіргі парадигмасы. ҚАзақстандағЫ жоғары кәсіби білім берудің тарихы мен қазіргі жағдайы



бет2/9
Дата08.04.2023
өлшемі398,5 Kb.
#80702
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Лекция №1,2

Интернет-ресурстар: // http:// www.edu.gov.kz

1. Білім беру дамуындағы әлемдік дағдарыс. Білім берудің қазіргі кездегі парадигмалары.
Әрбір тарихи кезеңде қоғамда туындаған талаптарға сай жасөспірім ұрпаққа берілетін білімнің мәніне жаңа сипат беріліп, жаңа ұстанымдар негізінде ұйым–дастырылады. Егер ХХ ғасырда білім беруді ұйымдастыру «ғылым-өндіріс-білім» мәдени макромодель аясында жүрсе, ал жаңа ХХІ ғасырда білімді ұйымдастыру «мәдениет-білім-тарих» макромодель аясында болатындықтан білімге деген жаңа көзқарас туды. Білім мәдениеттің бөлігі ретінде 4 жақты жаңа сипатқа ие болды: білім–құндылық; білім–жүйе; білім–үрдіс; білім- нәтиже .
Білім беру – адам, қоғам, мемелекет мүддесіне, мақсатына бағытталған тәрбие және оқыту процесі (В.А.Сластенин).
Қазіргі білім берудің негізгі мақсаты – тек білім, білік дағдыларды қалыптастыру емес, сонымен қатар жеке тұлғаның әлеуметтік құнды іс-әрекетке қатысуы үшін оның өзіне және қоғамға қажетті қабілеттерін дамыту.
Жалпы дағдарыс деген ұғым – кез келген құбылыстардағы терең жатқан ішкі қарама-қайшылықтарының күшейген жағдайы.
Қазіргі кезеңдегі білім беруді дамытудың мегатенденциялары:
1) Білім беру гуманизациясы. Білім гуманизациясы тұлғалық тұспалданған оқыту, деңгейлік және бейіндік жіктелу, білім берудің жекелігі мен оқу және кәсіптік бағдары арқылы жүзеге асырылады.
2) Жоғары білім беру гуманизациясы:
-ЖОО бітірушілерінің кәсіби және жалпы мәдени дайындық интеграциясына олардың тұлғалық қасиеттерін дамыту, білім беру руханиятын қайта жандандыру тұтастығында;
-таңдауы көп элективті курстардың оқу жоспарларын блок бойынша жасау кезінде, білімді бағалаудың рейтингтік жүйесі, тереңдетілген кәсіпқой мамандану мүмкіндігінің кең түрдегі спектрі;
-оқу процесіне оқудың ашық жүйелерін енгізуде, жеке бағдарламалар бойынша студенттерді оқытуды ұйымдастыруға мүмкіндік беретін, олардың әрқайсысына өзінің білімі мен кәсіби қабілеттеріне барынша толық сәйкес келетін білім траекториясын құруға мүмкіндік береді.
3) Білімді интеграциялау білім беру мазмұнының компоненттеріне өзара сіңісуден (ішкі интеграция) және әртүрлі елдердің білім беру жүйесін жақындастыру және жалпы білім беру кеңістігін қалыптастырудан (сыртқы интеграция) көрінеді.
Жаһанданумен байланысты, бірыңғай кедендік кеңістік, визасыз алмастыру, бірыңғай жүйесін орнату, Еуропалық Одақ азаматтары үшін ЕО-қа кіретін, кез келген елде жұмысқа орналаса алу мүмкіндігін ашты.
4) Білімді демократияландыру барлық халық үшін білімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету екенін, білім беру мекемелеріне үлкен құқықтар мен автономдығын, білім алуға әрбір адамның құқығын жүзеге асыру мақсатында педагогтар мен білім алушыларға академиялық еркіндік беру.
5) Білімді ақпараттандыру мен компьютерлендіру компьютерлік және электронды-есептеу техникаларын кең түрдепайдаланумен, ғаламтор желісіне қосылу, оқу процесін жабдықтау мультимедиасы арқылы көрінеді.
6) Білім фундаментализациясы білім алушылардың әдістемелік, теориялық және практикалық дайындықтарының бірлігін тереңдету мен қамтамасыз етуге негізделген. Фундаментализация білім мазмұнының ядросын қысқартуға, базистік компоненттерге оқытуға әкеледі, халықаралық негіздегі білім мазмұнын модульдік.
7) Білім беру технологизациясы білім алушылардың қоғам мен өндірістің технологиялық мәдениетін, жаңа технологияларды пайдаланумен және жастарда технологиялық сауаттылық пен құзіреттілік қалыптастыра отырып, оларды продуктивтік және қауіпсіз өзгертілген қызметтің субъектісі ретінде дамытуды білдіреді.
«Парадигма» терминін (грек. «үлгі») 1962 жылы Томас Кун ғылымға енгізді. Парадигма - барлығымен мойындалып қабылданған ғылыми жетістіктер, олар ғылыми қауымдастыққа белгілі бір уақыт аралығында мәселелерді анықтау және олардың шешу моделін ұсынады. 
Ресейлік ғалымдар А.Н.Тихонов, В.А.Садовничий: «Парадигма – нақты ғылыми зерттеулерді анықтайтын және ғылыми практиканың сол кезеңінде жүзеге асатын теориялық және әдіснамалық алғышарттардың жиынтығы» –деп анықтама беріп, парадигманың мағынасын ашып береді.
Т.Кунның зерттеуіне сүйенсек, «парадигма – қарастырылып отырған кезеңнің нақты ғылыми зерттеулерін (білімін) анықтайтын алғышарттардың (қағидалардың) жиынтығы» деп атап көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет