Лекция №1 жоғары білім берудің Қазіргі парадигмасы. ҚАзақстандағЫ жоғары кәсіби білім берудің тарихы мен қазіргі жағдайы


Креативті-педагогикалық парадигма



бет4/9
Дата08.04.2023
өлшемі398,5 Kb.
#80702
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Креативті-педагогикалық парадигма (И.А.Колесникова және т.б.).

Ғалым П.Г. Щедровицкийдің педагогикалық парадигмалардың түрлерін даму кездеріне қатысты 4 түрін ажыратады: катехизикалық (тәлімгерлік), эпистемологиялық (таңбалық), инструментальдық-технологиялық, методологиялық немесе инновациялық.
Парадигма білімнің концептуалды моделі ретінде пайдаланылады. Әрбір парадигма «не үшін тәрбиелеу керек, оқушыларды қандай мақсатқа дайындау керек, не үшін өмір сүреміз» деген сұрақтарға жауап береді ( кесте-1).
Кесте-1. Парадигма түрлері



Парадигма

Сипаттамасы

1

Дәстүрлі-консервативтік (білім парадигмасы)

Білім, білім, қандай жағдайда да тек білім». Мұнда өркениет пен мәдениетті ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу негізгі мақсат болып саналады



2

Феноменологиялық (гуманистік парадигмасы)

Жеке тұлғаның ішкі дүниесін дамыту, оны ерікті, рухани жеке адам ретінде тану және адамдармен тіл табысуында ерекшелену қабілеттерін жетілдіру қарастырылады. Білімнің гуманитарлық парадигмасының діңгегі - оқушы емес, дайын білімді меңгерудегі ақиқатты түсінуші адам. Мұнда оқушы мен мұғалім арасындағы қарым-қатынас:ынтымақтастық, өзара жауапкершілік, өз позициясын еркін таңдау жағдайында диалогтік ұстанымда өрбиді.

3

Рационалдық (тәртіптілік парадигмасы)

Оқушыға білімнің түрлі тәсілдерінің тиімді жақтарын, ортаға бейімделу, оның ойы, сезімі және іс-әрекеттерімен санасу, оларды меңгерту жатады.Мұндағы басты қағида: «мектеп – бұл фабрика, ал оқушы – оның шикізаты». Бұлай оқытудың негізгі әдістері – тренинг, тестік бақылау, жекелеп оқыту және мәтінді түзету.

4

Технократтық



негізгі мақсаты – дәл ғылыми білімдер. «Білім - күш» адамды бағалау, оның білімі, мүмкіндіктерімен анықталады. Адамның қасиеті оның білімі, тәртібі және оны тасымалдаушы ретінде танылады.

5

Эзотерикалық

Адамның ақиқатқа мәңгілік өзгермейтін қатынасы көрінуі тиіс. Бұл жерде оқушының дамуындағы мұғалімнің адамгершілік, психологиялық, физикалық функциялары ерекше ұғым болып табылады

Болон процесі дегеніміз – жоғары білімнің еуропалық жүйесінің құрылу процесі. Болон үдерісі еуропалық білімнің бәсекелестікке қабілеттілігін жоғарылату, ұлттық білім жүйелерін жақындастыру, көпдәрежелі жоғары білімді енгізу, академиялық кредиттер жүйесін қабылдау, білім сапасын бақылау және студенттер мен оқытушылардың мобильділігін кеңейтуді көздейді ( 1-сурет).




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет