Лекция 1 Кіріспе. Жоспар


Ғылыми-зерттеу жұмысының мазмұнын ашу



бет16/53
Дата27.12.2023
өлшемі0,6 Mb.
#144488
түріЛекция
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   53
Байланысты:
Лекция гимнастика

Ғылыми-зерттеу жұмысының мазмұнын ашу
Студент өз таңдауы бойынша ғылыми-зерттеу жұмысы тақырыбын таңдап, топ жетекшімен жұмыс жүргізеді
Ғылыми зерттеу жұмысын рәсімдеу тәртібі:
1) Кіріспе
- зерттеудің көкейкестілігі;
- зерттеу мақсаты;
- зерттеу міндеттері;
- зерттеу нысаны;
2) Тақырыптың теориялық мазмұнын ашу
3) Тақырыптың тәжірибелік қолданылу жолдарын анықтау
2. Педагогика ғылымының құрылымы, оның басқа ғылымдармен байланысы. Педагогика дамып, тәрбие мен білім беру жайлы ғылыми тарауларға бөліне бастады. Мысалы, педагогиканың жалпы негіздері, тәрбие теориясы, дидактика, т.б. Тәрбие мен оқыту ісінің одан әрі дамуына байланысты педаогика ғылымының түрлі салалары, атап айтсақ, мектепке дегінгі педагогика, мектеп педагогикасы, педагогика тарихы, дефектология және пәндәрді оқыту әдістемесі, кәсіптік-техникалық білім беру педагогикасы, жоғары мектеп педагогикасы, әскери педагогика, басқару педагогикасы, отбасы тәрбиесінің педагогикасы, медени-ағарту қызметкерлерінің педагогикасы, түзеліс-еңбек педагогикасы, этнопедагогикасы, әлеуметтік педагогика, кәсіби педагогика, жас ерекшелік педагогикасы т.б. педагогика салалары пайда болды. Мектепке дейінгі педагогика -отбасы, балалар бақшасындағы демек, мектеп жасына дегіінгі балалар тәрбиесін зерттейді. Мектеп педагогикасы мектеп жасындағы балаларды тәрбиелеу мен оқытудың мақсаттары мен міндеттерін, әдістері мен принциптерін, формаларын, мазмұнын және нетижесін айкындайды. Мектеп педагогикасы төрт бөлімнен тұрады. Олар:
1. Педагогиканың жалпы негіздері
2. Тәрбие теориясы
3. Дидактика
4. Мектептану (басқару теориясы).
Педагогиканың басқа ғылымдармен байланысы
Философия -табиғат пен қоғам дамуының жалпы заңдарын, түбегейлі мәселелерін зерттейді, өміршындығын танып-білу жөніндегі көзқарастың негізгі жүйесі болыптабылады, адамды күшті идеялық сенімге, айқын түсінебілушілікке тәрбиелейді.
Ғылыми философия тұрғысынан қарағанда, мысалы, теріске шығару заңының мәнін былайша түсіндіруге болады: ескінің орнын жаңа басады, дамудың бір кезеңі екінші кезеңімен ауысады. Мысалы, қоғамның тарихи даму барысында бір формация екінші формациямен ауысады. Ғасырлар бойы табиғи дамудың негізінде жануарлар мен өсімдіктердің ескі түрлерін жаңа түрлері теріске шығарады.
Ғылыми философия әртүрлі заттарды, құбылыстарды, оқиғаларды терең және жан-жақты зерттей білуд італап етеді.
Сондықтан ол басқа ғылымдар сияқты педагогиканы диалектикалық әдіспен қаруландыра отырып, тәрбие және оқыту мәселерін ғылыми тұрғыдан шешуге көмектеседі.
Кейбір жалпы мәселелер философия мен педагогика ғылымдарының бірігіп зерттеуін қажет етеді. Оларға тәрбиедегі жұртшылықтың рөлі, адамды қалыптастыруды тұқымқуалаушылықтың, ортаның және тәрбиенің рөлі, т.б. жатады.
Педагогика психология мен тығыз байланысты. Педагогика тәрбие мен дидактика мәселелерін әруақытта психологиялық ғылыми мәліметтерге сүйене отырып зерттейді.
Егер психология психикалық процесті (түйсік, қабылдау, зейін, ес, ойлау, т.б.) және адамның дербес ерекшеліктерін (темперамент, мінез, қабілет), демек, адам психологиясының даму заңдылықтарын зерттейтін болса, ал, педагогика осы мәселелерді терең пайдалана отырып, адамды қалыптастыру үшін тәрбие мен оқыту және білім берудің тиімді әдістері мен құралдарын анықтап ашады.
Мектептегі білім және тәрбие беру жүйесінің негізі жасерекшелігі физиологиясы ғылымына байланысты. Мұғалім балалар ағзасындағы жоғары жүйке қызметін, тынысалу және қан және жүрек-тамыр жүйесінің физиологиялық ерекшеліктерін жете білуі қажет. Ол осы мәліметтерге сүйеніп, тәрбие мен оқу процесін, әсіресе, дене тәрбиесінің практикалық және теориялық мәселелерін дұрыс шешу жолдарын іздестіреді. Жас ағзаның дамуы барысындағы анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктерді, әсіресе жоғары жүйке қызметінің негізгі заңдылықтарын (қозу, тежелу) жете түсіну педагогикалық процесті ойдағыдай басқарудың негізі болады.
Педагогика ғылыми мектеп гигиенасы мен тікелей байланысты. Мектеп гигиенасы – жас ұрпақтың денсаулығын сақтау, нығайту және дамыту жайындағы ғылым. Оқушылардың денсаулығы әртүрлі факторларға байланысты. Мектеп ғимаратында, сынып бөлмелерін де ауаның жеткіліксіз болуы оқушыларды бас ауруына, жалпы әлсіздікке, демек түрлі сырқатқа ұшыратады. Жарықтың нашарлығы баланың көзіне әсеретіп, көру мүшесінің қызметін нашарлатады. Осылардың нәтижесін де балалар сабақ үстінде селқос, сылбыр болып, зейіні нашарлап, ойлау қабілеті төмендейді. Бұл жағдай үлгермеушілікті туғызады.
Педагогика ғылымы тәрбиеге байланысты этнографиялық және археологиялық деректерді пайдаланады. Этнография ғылымы – белгілі бір халықтың экономикасын, қоғамдық және рухани мәдениетін, тұрмысын зерттейді.
Археология – өткен ғасырдағы ескерткіштер арқылы халықтардың әдет-ғұрпын, мәдениетін зерттейді.
Соңғы кезде педагогика ғылымы кибернетика жетістіктерін де пайдалана бастады.
Кибернетика - (грек сөзі) – басқару өнері. Кибернетика – жасғылым, ол XX ғасырдық 40-жылдарының аяғында қалыптаса бастады. Кибернетика – күрделі машиналардағы, тірі ағзадағы және қоғамдағы процестердің жалпы заңдылыңтарын зерттеп басқаратын, олардағы ақпараттарды беретін ғылым. Кибернетиканың негізгі салалары: ақпарат теориясы, автоматтар теориясы, бағдарламалау теориясы.
Әлеуметтану (социология) - ғылымы мен тығыз байланысыты. Педагогика ғылымы нақты мәселелерді зерттеп жинақтауға әлеуметтану ғылымы әлеуметтік ортаның адамға қатысын қарастырады. Жас ұрпақты тәрбиелеу мәселесін қарастырғанда педагогика ғылымы әлеуметті картамен тәрбие жайындағы мәліметтерді әлеуметтану ғылымы негізін де қарастырады.
Психология - педагогика ғылымы психология ғылымымен тығыз байланысты. Психология психикалық үрдісті (адамның зейінін, ойлауын, есін, қиялын және адамның дербес ерекшеліктерін, темперамент, мінез, қабылдауын зерттейді), ал педагогика осы мәселелерді қолданып, жеке тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру үшін пайдаланады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет