Лекция №1 Кіріспе. Тәрбие үдерісі-тұтас педагогикалық үдерістің кұрамды бөлігі


Лекция № 4 Мектепте, сыныпта тәрбие жұмыстарын жоспарлау



бет5/16
Дата23.09.2022
өлшемі129,95 Kb.
#39977
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
Лекция ТЖТӘ

Лекция № 4 Мектепте, сыныпта тәрбие жұмыстарын жоспарлау.
1.Тәрбие жұмыстарын жоспарлау-окушылар тұлғасы мен балалар ұжымын дамытуды болжау үдерісі және сынып пен мектептегі тәрбие жұмыстарының стратегиясын анықтау.
2.Жоспарлаудың қызметтері. Жоспарлауға қойылатын талаптар және жоспарлаудың түрлері
3. Сыныпта тәрбие жұмыстарын жоспарлаудың формалары, әдістері мен тәсілдері.
4.Тәрбие жұмыстарын жоспарлау үдерісінде педагогикалық және оқушылар ұжымының өзара әрекеттестігі.

Мектеп өмірінде мұғалім - басты тұлға. Мектеп мұғалімі балаларды окытьш қана қоймайды, сонымен бірге оларды тәрбиелейді. Ол белгілі бір сыныпта окушылардың оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырушысы, әрі ұстазы, ақылшы-кеңесшісі болып саналады. Сондықтан да ол киын да әрі жауапты міндетті іс. Соған қарамастан мұғалімдердің кейбіреуі бұл міндетгі өздерінің білім беру қызметіне қосымша іс ретінде қараса, ал басқалары оны негізгі педагогикалық әрексті ретінде карастырады. Дегенмен, сыньш жетекшісінің тәрбиелік кызметі каншалыкты киын болганымен де, әрине ол балаларға өте кажет. Себебі, мектеп кұрылымындағы ең негізгі буын ол - сынып. Мұнда окушылардың таным әрекеті ұйымдастырылып, олардың өзара әлеуметтік катынастары қалыптасады. Балалардың болашак әлеуметтік жағдайға бейімделуі, олардың демалысына катысты мәселелері, алғашкы ұжым болып калыптасу дәрежесі, соған сәйкес сыныптың жағымды көңіл-күй жағдайы жүзеге асырылады. Сынып жетекшісі жұмысының негізгі максаты - мектеп оқушыларын қоғамның белсенді жэне саналы азаматы етіп тәрбиелеуге барынша ықпал жасау. Сыныптағы әрбір жеке тұлғаның ғылыми дүние танымының қалыптасуын, адамгершілік қасиеттерін, еңбекке дегсн сүйісленшілігін қамтамасыз етіп, жан-жақты жарасымды дамуына жағдай туғызу. Сондықтан оның жұмысының мазмұны мен тәрбиелік шараларының бәрі осы мақсатқа бағытталуы тиіс. Атап айтқанда тәрбиснің нсгізгі салалары: ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық, енбек және дене тәрбиесіне, елжандылық т.б. тәрбис міндеттерін мектеп пен сыныптың нақтылы өмір жағдайларына байланысты карастыру Сынып жетекшісінің міндеті - сан алуан. Сол себепті


ол жүргізетін тәрбие жұмысы өзінің психологиялық мазмұны жағынан өте күрделі әрі көп ізденісті талап етеді.
Сынып жетекшісі жұмысының негізгі міндеттері қандай?
1. Сыныптағы оқушылардың талап-тілекгері мен мүдделерін және олардың жеке басының ерекшеліктерін жан-жақты зерттеп білу.
2. Сыныптағы оқушылардың не нәрсеге бейімділігін анықтап, оларды ынтымағы жарасқан, белсеңді, саналы ұжымға ұйымдастыру.
3. Сыныптағы пән мұғалімдері мен мектеп әкімшілігінің және оқушылардың ата-аналарының тәрбиелік ықпалын үйлестіру, оқушыларға қоятын педагогикалық талаптардың бірлігін қамтамасыз ету.
4. Тәрбие үрдісінде мектептің, отбасы мен жұртшылықтың тығыз қарым-қатынасын камтамасыз ету.
5. Оқушылардын ата-аналарымен үнемі байланыс жасап, отбасындағы бала тәрбиесіне байланысты педагогикалық оқу, насихат жүмыстарын жүргізу.
6. Оқушыларды тәрбиелеуде сыныптан және мсктептен тыс түрлі бағытта тәрбие жүмыстарын ұйымдастыру.
7. Тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеудің бірлігін қамтамасыз ету.
8. Тәрбие қызметінің түтастығын, жүйелігін, тәрбиелік шаралардың бірлігін қамтамасыз ету.
9. Тәрбиенін негізгі бастауы - ұлттық тәлім-тәрбиені сынып жетекшісі қызметінің маңызды бір саласы ретінде карастыру т.б.
Соңғы жылдары кейбір мектептерде "Сынып жетекшісінің” орнына тек тәрбие мәселелерімен айналысатын дербес “Сынып тәрбиешісі” деген кызмет пайда болуда. Онын себебі, біріншіден, бүгінгі таңдағы әлеуметтік өмірдің
барлық саласындағы маңызды өзгерістерді ықпалы. Олар коғамдық және тұлғалық казынастарға кең көлемде ықпал етуде. Бір жағдайда, бұл қатынастар субъект ретінде бәсекеге төтеп бере алатын барлық оған қатысушыларға тым катаң талап койса, екінші жағдайда, адамның қоғамдағы өз тағдырын өзі еркін шешуге, әлеуметгік мәселелердің тәсілдерін таңдауда оған мүмкіндік береді. Мұндай көзкарас мектептегі педагогикалык процеске катысушылардан жаңа ізденпаздыкты талап етеді. Соған орай тек білім беру
саласында ғана емес, сонымен бірге ұстаздар мен оқушылар, мектеп әкімшілігі мен педагогикалык ұжым арасында қызықты жобаларды карастыру, оларды педагогикалык процеске ендіру кажетгігі басымдылық танытуда. Олардың негізіне ынтымақтастық және тең құқыктық серіктестікті жатқызу көзделіп отыр.
Екіншідеп, білім беру жүйесінде жана сипаттағы оку орындарының пайда болуы: гимназия, лицей т.с.с. Соның барысында кейбір классикалык тұрғыдағы білім беретін жалпы орта мектептердің педагогикалык әрекеті өзгеріске ұшырауда. Соған сәйкес сыньш жетекшісі кызметінің мазмұны мен сипаты да өзгеруде:
-пән мұғалімі, бір мезгілде сыньш жетекшісінщ кызметін атқарушы;
-сынып жетекшісі, аз мөлшерде оку жүктемесі бар пән мұғалімі;
-сынып жетекшісі, тек тәрбие жұмысымен айналысатын мұғалім;
-сынып тәрбиешісі (кейбір оку мекемелерінде пайда болтан жаңа қызмет).
Мұғалім, белгілі бір сыныпқа балалар ұжымының жетекшісі ретінде тағайындалып, жұмыска кіріскен жағдайда, өзінін қызметін сынып ұжымына әрі жекелеген оқушыға қатысты жүзеге асырады Соған сәйкес оның қызметін
3 бағытта қарастыруға болады.
1. Педагогикалық және әлеуметтік-гуманитарлық. Оның бұл қызметі балаға барлык бағытта көмектесу: оның әлеуметтік калыптасуы мен дамуына жағдай тудыруға, баланын тұлғалық өзекті мәселесін шешуге, оны әлеуметтік
өмірге араластыру және өз бетінше өмір сүре білуіне көмектесуге бағытталған. Баланын отбасымен, тәрбиенің баска да мекемелерімен тығыз байланыс орнату.
2. Ұйымдастырушылық қызметі. Тәрбие процесін ұйымдастыру. Балалардын орынды талап-тілектерін колдай отыра, ынтымағы жарасқан, саналы да белсенді әрі іскер сынып ұжымын калыптастыру. Олардың танымдык, еңбек,
эстетикалык әрекеттерін және демалысы мен еркін карым-катынасын ұйымдастыру. Сыныптағы өзін-өзі баскаруды дамыту.
3.Оқушылардың жалпы әрекетін басқару. Оған: нақтамалық, мақсат коюшылык (целеполатания), жоспарлау, болжам жасау немесе жобалау (проектировать), бакылау және түзету (коррекция) енгізіп отыру кызметін жатқызуға болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет