Лекция №1 Кіріспе. Тәрбие үдерісі-тұтас педагогикалық үдерістің кұрамды бөлігі


Лекция № 5 Окушылар ұжымын калыптастырудағы тәрбие жүмысының ерекшеліктері



бет6/16
Дата23.09.2022
өлшемі129,95 Kb.
#39977
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
Лекция ТЖТӘ

Лекция № 5 Окушылар ұжымын калыптастырудағы тәрбие жүмысының ерекшеліктері.
1.Окушылар ұжымы және оның ерекшеліктері. Тұлғаны ұжымда тәрбиелеу.
2.Оқушылар ұжымын қалыптастырудағы тәрбие жұмысының мақсаты, міндеттері және қағидалары.
3.Ұжымның құрылымы. Ұжым аймағы. Ұжымдағы статустар мен рөлдер. Ұжымның даму кезеңдері.

Мектептегі сынып жетекшісінің тәрбие жұмысындағы негізгі міндеті - окушылардын жеке басын коғамның талабына сай тәрбиелеу. Бұл міндетгі орындау, әдетте окушылар ұжымын калытастырудан басталады. Окушылар


ұжымы - окушылардын жалпы мақсатпен және коғамдык пайдалы бірлескен еңбекпен топтасқан тұрақты бірлестігі. Окушылар ұжымына тән қасиет: максаттылығы, ауызбірлігі,белсенділігі, іскерлігі, жауанкершілігі т.б. Сынып жетекшісі тәрбие жұмысын жоспарлағанда оның ең басты, шешуші саласы балалардын достығы жараскан тату-тәтті, іскер ұжымын құру екендігін ұмытпауы тиіс. Оқушылар ұжымының өмірін кызыкты ұйымдастырмайынша мектеп алдында тұрған міндеттерді орындау мүмкін емес. Оқушылар ұжымын тәрбиелеудің маңыздылығы мектеп қабырғасынан шыққаннан кейін олар әртүрлі ұжымға тап келеді. Сондыктан да олардың сынып және мектеп ұжым-
дарында жеке бастарының қаншалықты үйлесіп, калыптасуына байланысты оның кейінгі уақыттардағы психологиялық жағдайы сәйкестенеді, қайсібір әрекеті нәтижелі болады. Сынып ұжымында бала өзінін үлкендермен қарым-
қатынастағы қабілетін тәрбиелейді. Соған орай ұжымдағы өзара карым-катынас жүйесі бір-бірімен байланысты іскерлікижәне достық жағдайында болып келеді. Олар негізінен ұжым болып калыптасу кезеңінің алғашкы мерзімінен бастау алады. Аристотельдің айтуьшша, адам баласы қоғамның тірі организмі болғандықтан, тек коғамда ғана ол өзінің табиғатын дамыта алады. Олай болса ол қарым қатынас жасау барысында өмір сүруге және ғылымға катысты білімдерді алады, әр түрлі әрекетке катысты білік пен дағды касиеттерін менгереді, коршаған ортаның тылсым кұбылыстарын түсіне бастайды және соған өзгелер де бейімделеді.
Сыныптағы оқушылардың өзара дұрыс карым-катынасы — тұрақты көніл-күйді бір-біріне сенім мен сыйластықты қалыптастырады. Дұрыс карым-катынас -өмір құбылыстарын бағалау өлшемін және акиқат, жақсылық, әсемдік туралы көзкарасты тәрбиелейді. Сондыктан, тек адамдармен шынайы іскерлік, достық қарым-қатынаста ғана адамның өзін-озі дамуына мүмкіндік туады. Ол үшін, адамға колайлы жағдай жасау қажет. Оқу-тәрбие процесінде мұндай жағдай негізінен окушының жолдастары арасында өзара достык қарым-қатынаста мүмкін болады. Осындай қарым-қатынастағы балалар тобын – окушылар ұжымы деп атауға болады.
Педагогика ғылымында балаларды ұжымда, ұжым арқылы тәрбиелеу идеясы 1920-1930 жылдардан бастау алып, бүгінгі күні ол толық зерттеліп, мектеп практикасында жүзеге асып отыр. А С. Макаренканың тұжырымдауынша ұжым - ол тірі әлеуметтік организм, ондағы даму, “козғалыс - ұжымның өмір
сүру формасы”, “тоқтау - оның өлу формасы”. Ұжымның ондағы әрбір мүшесіне - ол “тұлғаға әсер ету құралы”. Олай болса ұжымның тәрбиелік қызметі кең көлемді міндеттерді шешеді: коғамдық маңызы бар ортақ мақсатгы және соған сәйкес өзара әрекеттесу болашағын ойластыруды; оның әрбіримүшесінің өзара тіршілік етуіндс (белсеңді қатынасын қамтамасыз
етуді; жоғары адамгершілік «ежелері мен жалпы адамзаттық мәдени құндылықтарды меңгеруді; оның жекелеген мүшесіне өзін-өзі дамытуға мүмкіндік туғызуға, ол үшін ұжымда жағымды көніл-куйді қамтамасыз етуге тс.с. Ұжым — латын тілінен енген ұғым. Ол бізге әр түрлі түсінікгі ұғындырады: жиналған жұрт, жиын, топ, бірлестік т.с.с. Оқушылар ұжымына келсск, оның өзіндік белгіліер бар. Атап айтсақ:
1. Жалпы әлеуметтік маңызы бар оргақ максаттың болуы. Мақсат кандай да болмасын топта болады.
2. Әрекет етуде өзара бірлескен қимылдың болуы Балалар ортақ мақсатқа жетуде бірлесе іс-кимыл жасайды. Ол үшін оның әрбір мүшесі бірлескен өзара әрекетке белсенді қатысуы міндетті
3. Өзара карым-катынаста жауапкершілгінің болуы. Яғни, өзара әрекеттесу барысында, оның әрбір мүшесінен жоғары жауапкершілік талап етіледі. Соған сәйкес, ұжымның әрбір мүшесінің өзара ерекше қарым-катынасы межеленеді
көңіл-күйдегі әсерленушілікте, моральдық межеде, өзара пікір алмасуда белгілі бір мәселеге катысты біріңғай ортақ көзкарастың болуы.
4. Ортақ сайланған баскару ұйымның болуы. Ұжымда демократиялық катынас орнайды. Соған сәйкес белгілі бір баскару ұйымы кұрылады. Ол тікелей және ашык сайлау негізінде калыптасады.
Мектеп ұжымы кұрылымындағы ең тұрақты ұжым болып - сынып ұжымы есептелінеді. Соның негізінде оқушылардың негізгі оку әрекегі жүзеге асады. Тек сынып ұжымында ғана оқушылар арасында өзара байланыс және қарым-қатынастын алғы шарттары пайда болып, берік қалыптасады. Соның шеңберінде жалпы мектеп ұжымының іргесі қалнады. Олай болса, оқушылар ұжымы деп - ортақ әлеуметтік маңызы бар мақсатқа біріккен, соған сай белсенді әрекет ететін және ортақ сайланбалы ұйымы бар, барлық мүшелерінің құқықтары мен міндеттері бірдей және өзара жауапкершілікке негізделген окушылар тобын атаймыз. Сынып жетекшісі окушылар ұжымын құруда, олардың сапалы білім алуы мен саналы тәртібін қамтамасыз етудің манызы ерекше. Саналы тәртіп болмаған жерде сапалы білім алуда болмайды. Бұлар бір-бірімен өзара тығыз байланысты болып келеді. Саналы тәртіп - максатты тәртіп. Ол коғамның максатымен ұштасады. Саналы тәртіпке тән сипат – өз максатын қоғам мақсатына, жеке бастың мүддесіне, окушылар
Ұжымының мүддесіне бағындыра білу. Оқушылардың оқу-тәрбие процесіндегі әрекеттерін жандандыруда сынып жетекшісі белсенділер тобына арқа сүйейді. Бүл сынып жетекшісінің ұжымды топтастырудағы атқаратын жүмысының маңызды екінші кезені. Сынып белсенділері бір жағдайда үлгілі оқушыар болса, екінші жағдайда қоғамдык, тапсырмаларды атқара алатын кабілетті балалар тобы. Олар - ұжымының ұйтқысы. Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысы әрі қиын әрі күрделі және жан-жақты. Сондықтан да ол осы жауапты жұмыстарды аткаруда оқушылардың өздеріне, тіпті олардың белсен-
ділеріне арқа сүйегені жөн. Мұндай жағдайда сынып жетекшісінен жан-жакты білімділікті, асқан шеберлікті кажет етеді. Сыньш жетекшісінің шеберлігі дегеніміз – окушылар ұжымынын алдына қызықты мақсат қойып, ұжымдык іске ұйтқы бола білуінде, әрі оны ұйымдастырудағы білімі мен қабілеті.
Сынып белсенділері неғұрлым күшті болса сынып жетекшісіне тәрбие жұмысын ұйымдастыруда соғүрлым жеңіл болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет