Пайдаланылған әдебиеттер:
Жапбаров А. Мектеп оқушыларының тілін дамыту әдістемесі. Алматы, 1997.
Ысқақов Б. Тіл дамытудың психолингвистикалық негіздері. Алматы, 1997.
Рахметова С. Кіші жастағы оқушылардың жазбаша тілін дамыту. Алматы, 1978.
Сүлейменова Э.Д. т.б. Тіл ұстарту. Алматы, 1996.
Жапбаров А. Оқушылардың ауызекі сөйлеу икемділіктері мен дағдыларын қалыптастыру әдістемесі. Алматы, 2002.
Меңдаяқова Қ. Балабақша балаларының тілін дамыту әдістері. Алматы 2006.
Меңдаяқова Қ. Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытудың ғылыми негіздері. Алматы, 2007.
Бақылау сұрақтары:
Көрнекі әдістерге сипаттама.
Тіл дамыту сабақтарындағы көрнекілік түрлері.
Көрнекілік түрлерін қолдана отырып түрлі тілдік және танымдық міндеттеді шешу.
Сөз бен көрнекіліктің байланысы.
Лекция №9-10
Лекция тақырыбы: Сөздік әдістері және оларға сипаттама.
Жоспары:
Кіші жастағы балалардың сөздік жұмысының ерекшелігі.
Жаңа сөздерді есте сақтаудың тәсілдері мен жаттығулары.
Лекция мақсаты:
Студенттерге кіші жастағы балалардың сөздік жұмысының ерекшелігін, жаңа сөздерді есте сақтаудың тәсілдері мен жаттығулармен жұмыс жасау әдістерін меңгерту.
Жаңа сөздер үйрету және олардың мағыналарын меңгерту.
Сөз-тілдің негізі. Нақты заттар мен құбылыстар, дерексіз ұғымдар. Адамның сезімі мен ниеті – бәрә-бәрі сөз арқылы білдіріледі. Қазіргі қазақ тілінің сөздік қоры Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясы шығарған “түсіндірме сөздікте”, “синоним сөздігінде”, “фразеологиялық сөздік”, “адам аттары сөздіктерінде”, т.с.с. сөздіктерде берілген. Алайда әлі күнге дейін қазақтың қазіргі әдеби тілінің сөздігі, алуан түрлі техникалық терминдер сөздігі, мыңдаған жер, тау, өзен, көл, бұлақ атауларының сөздігі жасалған жоқ.
Сөздік - қоғамның, ұлттық даму деңгейін байқататын белгінің бірі. Сөздігі бай ұлттың рухани байлығы да жоғары болатындығы мәлім, өйткені ғылым мен мәдениетінің дамуына қарай сөздік те дамиды. Ендеше оқушыларды мектептен бастап сөздікті пайдалана білуге үйретудің зор маңызы бар.
Бастауыш мектептегі сөздік жұмысының ерекшелігі – ол тек қазақ тілі, оқу сабақтарында ғана емес, бүкіл оқу тәрбие жұмыстарының бәрінде жүргізіледі. Оқушылар математикаға, табиғаттануға, қол еңбегі мен суретке, тіпті дене тәрбиесіне ойынға байланысты сөздерді де меңгереді. Мұнда есте болатын жай- сөздік жұмысын жүргізуді мұғалім өзі қолға алуға тиіс.
Бастауыш мектептегі сөздік жұмысы төрт бағытта жүргізіледі.
балалардың сөздігін байыту, яғни оқушыларға бұрыннан білмейтін жаңа сөздер үйрету, олардың мағынасын түсіндіру.
Сөздік қорын анықтау, яғни бұрыннан білетін сөздердің мағынасына түсініктерін тереңдете түсу (мағыналарындағы түрлі сәл айырмашылықтарды синонимдер, антонимдер арқылы, көп мағыналылықты, басқа мәнділікті талдау арқылы, т.б.)
Сөздіктерін қолдануға мүмкіндік жасау, яғни әрбір оқушы сөйлегенде, сөйлем құрағанда, мүмкіндігінше, ыңғайына қарай көбірек сөз қосып отыру.
әдеби тілге жатпайтын сөздерді түзету, сөздердің айтылуын дұрыстату. Әриен, бұл көрсетілген бағыттар бір-бірімен тығыз байланыста жүргізіледі.
Біз мектеп балаларының сөздіктерін анықтау мақстаында тәжірибе жүргіздік.
Сыныпта 23 бала болды. Оларға мынадай тапсырмалар берілді: 1) үш өлеңді жатқа айтып беру; 2) екі-үш ертегіні өз сөздерімен әңгімелеп айту (қазір теледидардан 3-4 жастағы балаларда ертегі айтып жүр); 3) суреттің мазмұнын айтқызу.
А) үш өлеңді жатқа айтып, екі-үш ертегіні өз сөздерімен әңгімелеп берген оқушылар саны-6. Олардың оқыған өлеңдеріндегі сөздердің жалпы саны 75-80 болды. Ал кейін қайталап айтқызып, әр сөздің мағынасын қалай түсінетіндерін саралап қарағанымызда, бұл сөздердің төрттен біріне жуығының мағынасын оқушы түсінбейтін болып шықты немесе бір қатары контекстегі мағынасын ажырата алмайды екен. Мысалы: бала бақшада жаттатқан кәдімгі “санмақ” өлеңін алайық:
Бір дегенім –баспақ,
Бұзауды жүр бастап.
Екі дегенім-ешкі,
Ешкі қойдан өсті.
Үш дегенім-үйрек,
Жемдеп, қолға үйрет...
Онға дейін жалғасып, осылай кете береді. Бұл өлеңнің балаларды санауға үйретудегі, өзіне таныс заттардың қасиеттерін аңғартудағы рөлін жоққа шығармаймыз. Бірақ, тексеру барысында алғашқы алты жолдың өзінен алты сөзінің мағынасын (қарамен жазылған) балалар толық түсіне алмайды екен. Немесе :
...шекарада- күзетте,
Қас қақпайды ағалар.
Балбыраймыз төсекте
Біз-алаңсыз балалар,- деген бір шумақ өлеңде үш сөздің мағынасын ажырата алмады.
Ал, балалардың өздері білетін ертегілерін әңгімелету кезіндегі қолданған сөздердің саны өте аз (55-45 сөздің шамасында). Оның есесіне сөз мағыналарын түгелдей дұрыс түсінетіндерін көрсетті.
ә) бір – екі өлең, не ертегі білетін, бірақ балгендерін толық айтып бере алмайтын оқушылар саны –12. Бұл балалардың тіліндегі негізгі кемшіліктер-сөздік қорларындағы жиі қолданылатын сөздердің мүлде аздығы, ауызекі сөйлеумен үй ішіндегі жергілікті сөздердің кездесетіндігі.
Б) өлең ертегілер білмейтін және айтуға тырыспайтын оқушылар саны –7. Бұл оқушылардың ауызша сөйлеу дағдылары қалыптаспаған, бойларында белсенділік жетіспейді. Олардың сөздік қорының мөлшерін жеке әңгімелесу кезінде де анықтадық.
Аталмыш сыныптағы 23 оқушының 4-нің ғана оқығандарын естерінде сақтағандарын түсініп, дұрыс қайта жаңғыртып айта алатындары байқалды. Бұл жағдай әрине: 1) мұғалімдер мен әдіскерлерді ойландыру тиіс; 2) оқулықтардағы берілген материалдардың бір қатарын бала ұғынбай, құр оқиды, жаттайды, өйткені ондағы көптеген сөздердің мағынасын балалар толық түсінбейді.
Баларға суреттің мазмұнын айтқызу. өзіміздің тәжрибе жасап отырған сынып баларының ұғымына сай, “әліппе” оқулығының 55-бетіндегі ауыл көрінісі бейнеленген суретті таңдап алдық. Балалардың берген жауаптары төмендегідей:
20-30 сөз қолдана отырып, 10-ға жуық сөйлем құрастырған оқушы саны-5.
10-20 сөз қолданып, бірнеше сөйлем құрастырған оқушының саны-11.
10-сөзге дейін қолданып, қысқа-қысқа жауап берген оқушы саны-8.
1-2 сөз айтқан оқушы саны-4.
Біз 1-сынып оқушыларының өміріне байланысты оқиғалар: ата-аналары, достары, көршілері туралы, ойнайтын ойын түрлері туралы білетіндерін естеріне түсіріп, оқушылармен жеке-жеке әңгімелесіп те көрдік.
Тәжрибеміздің бұл кезеңі әр түрлі тақырып төңірегінде бірнеше рет қайталанып, әр әңгімелесуден соң, балалардан естіген жаңа сөздеріміз олардың әр қайсысыныа арналаған жеке-жеке карточкасына ұқыпты толтырылып отырылды. Тәжрибе аяқталған соң, балалардың осы карточкаларына толтырылған сөздік қоры мен сөз қолдану қабілеттері төмендегідей болды.
А) 800-1000 сөз білетін осы сөздерді қолданғанда 30-40 қате жіберген оқушы –4.
ә) 400-700 дейін сөз білетін және сөйлеу барысында 60-70 қате жіберген оқушы-8.
Б) 300-500 сөздің мағынасын білетін бірақ сөйлеу кезінде 60-70 қате жіберген оқушы-6.
В) сөйлеу тілінде 150-300 дейін сөз айтқан, бірақ сол білетін сөздерінің 50-60 қате қолданантын оқушы –3.
Г) сөздік қоры өте аз, сөздерден сөйлем құрастыра алмайтын оқушылар-2.
Мұндай әртүрлі мақсатты көздейтін тәжрибелерге қарасақ, бастауыш сыныптардың алғашқы кездерінде жүргізілетін сабақтар балалардың орта даму дәрежесіне-сөздік қоры 800-900 сөзден тұратын балаларға арналуы керек. Бірақ, мұның өзі өте аз. Орыс мектептеріндегі оқушылар тілін зерттеушілер 6-7 жастағы балалардың сөздік қоры 3-7 мыңға дейін жететіндігін, ол 10 жасқа жеткенде, 12 мыңға дейін дамитынын айтады.
Ендеше, қазақ мектептеріндегі мұндай сүреңсіздікке бұдан былай немқұрайлы қарауға болмайды.
Оқушылар біршама жеткілікті сөздік қор жинау үшін, күніне барлық сабақта 20-30 жаңа сөз үйренуге тиіс.
Сөздікті байытудың негізгі көзі, әрине көркем шығарма “ана тілі”, “қазақ тілі”, “табиғаттану”, “математика”, “қол еңбегі”, т.б. оқулықтарындағы мәтіндер және мұғалімнің сөзі. Оқулықтардағы мәтіндер балаларға бір жағынан бірнеше жаңа сөз үйрету, екінші жағынан сөз тіркестерін үйрету, үшінші жағынан сол сөздермен тіркестердің мағыналарын тереңірек ұғындыра түсу, т.с.с. мақсаттарды көздей отырып таңдалған. Осыған орай авторлар мүмкіндігінше ұлы А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ш.Құдайбердиев, Ж.Аймауытов, М.Әуезов, С.Сейфуллин, І.Жансугіров, Б.Майлин, С.Торайғыров, т.б сынды сөз шеберлерінің шығармалары мен халықтың сөз қазынасы- ауыз әдебиеті үлгілерінен қысқартып икемдеп болса да, үзінділер беруге тырысқан. Соның арқасында оқушылар қазақ тілін жоғары дәрежедегі әдеби үлгілердің өзін оқу арқылы үйренеді.
Сөздік жұмысы сабақ барысында жүргізіледі. Мәтіндік дұрыс қабылдау үшін, сөздік жұмысын жүргізбейінше мақсатқа жету мүмкін емес. Мысалы: бірқатар оқушылар ауыл мектептерінде вокзал, перрон, метро, эксковатор, т.с.с сөздерді түсіндірмесе ішінде осы сөздер кездесетін мәтіндерді дұрыс қабылдата алмайды, оларда елес тумайды. Оқу барысында түсініксіз сөздер ғана емес сондай-ақ сөз тіркестарі нақыл сөздер, мақал-мәтелдер де кездеседі. (мысалы: әдісіңе ақылыңды жолдас ет т.б) сондықтан оқылатын шығармаларда кездесетін сөздердің мағынасын түсіндіру жұмысы мәтінді дұрыс қабылдау шартының бірі болып табылады.
Мәтінде кездесетін түсініксіз сөздер мен ұғымдарды түсіндіру үш кезеңде жүргізіледі. 1) мәтінді оқуға дайындық кезеңінде 2) мәтінді оқу барысында 3) оқып шыққаннан кейін
Мәтінді оқуға дайындық кезеңінде шығарманың мазмұнын ұғынуға қиындық келтіретін сөздер түсіндіріледі. Бұл жөнінде жоғарыда айтылды. Мұнда тағы бір есте болатын жағдай шығарманы оқымас бұрын онда кездесетін мағынасы ауырлық келтіреді-ау деп ойға алған сөздердің барлығын тізіп алып, шетінен түсіндіру керек деген ой тумасқа тиіс. Кейбір сөздердің мағынасы конткске қарай өзінен - өзі түсінікті болатын ескеру қажет және оқылмас бұрын көп сөздер мен ұғымдарды түсіндіре бергенімен, ұмытылып қалады да оған қайта оралу керек болады. Дегенмен әрбір мәтіннің мазмұнын ұғынуға кедекргі болатын сөздердің мән-мағынасы алыдын-ала түсіндіріледі.
Шығарманы оқу барысында екі-үш сөзбен қысқаша ғана түсіндірілетін сөздер немесе синоним арқылы түсіндірілетін сөздер іріктеліп алынады (мысалы, 3-сыныптағы “Орман суреті” мәтініндегі құрма ағаштар-жеміс ағаштары; лашық-кішкентай үй немесе дүмше молда –шала молда; отаршылдар-қанаушылар,т.с.с.) Алайда оқу барысында сөз мағынасын түсіндіруді өте байқампаздықпен жүргізу талабы қойылады. Өйткені оқып келе жатқан материалдарды үзіп тастап,сөзді түсіндіруге кірісу-оқушының зейінін алаңдатып мәтінге деген ынтасы мен қызығуын тежейді де,балалардың бір қатары онан әрі оқылған материалды тыңдамайды. Тіпті бір сөзбен түсіндірілетіндердің де оқушыға дүдәмал немесе түсініксіз болып қалуы мүмкін. Мысалы,жоғарыда келтірілген сөздердің өзін алса,”отаршылар-қанаушылар” дегенде, балалардың бұрыннан дайындықтары болмаса,қанаушының өзіне түсінбей қалуы мүмкін.Ендеше оны “біреудің еңбегін пайдаланушы” (бастауыш мектеп балалары үшін) сиақты көбірек сөзбен дайындық кезеңінде түсіндіруге тура келеді. Сондай-ақ “лашық” сөзін де үйдің қандай түрі екнін оқып болғаннан кейін,кеңірек түсіндіру қажет. Сондықтан сөз мағынасын оқу барысында түсіндіру сирек қолданылады, оған әуестенудің керегі жоқ.
Ал өлең оқу барысында қиын сөздер мүлде түсіндірілмейді (онда сөздік жұмысы өлеңді оқымас бұрын немесе оқып болған соң жүргізіледі). Өйткені өлең ырғағы, дауыс мәнері бұзылып, тыңдаушыға әсері азаяды.
Шығарманың мазмұнын оқушылар тереңірек ұғыну үшін немесе олардың сөздік қорын молайта түсу мақсатындағы сөдік жұмысы мәтін оқылғаннан кейін, яғни шығарманың мазмұнын талдау барысында түсіндіріледі (мысалы Тоқаш туралы мәтіндегі азап шеніндегі, темір тегеуіріні тіркестері немесе плантация, жамағат, т.с.с сөздер).
Сөздер мен бейнелі ұғымдарды түсіндіруді, мысалы, порт, батырақ, т.с. сөздерді қалай түсінетіндер білу үшін, “порт” деген не? “батырақ” деген не? –деп сұрап, өте шығуға болмайды. Мұғалім мәтінде кездесетін мұндай сөздерді өзі әңгіме айтқанда, әңгімесінің ішінде, ал балалардың әңгімесін тыңдағанда, оларға қоятын сұрақтанының ішіне кірістіріп отыруға тиіс.
Сөздік жұмысы мәтінде кездесетін түсініксіз сөздер мен ұғымдарды түсіндірумен ғана бітпейді, сонымен қатар ол жаңа ұғымдар жасау, заттың жаңа қасиеттерін табу, жаңа көріністерді байқату сияқты жұмыстармен тығыз байланысты. Мұнда жұмыстар оқушылардың ойын, тілін дамытады, эстетикалық талғамын арттырады. Осы мақсатпен мұғалім түсініксіз сөздерді түсіндірумен ғана тынбай, ол сөздерді оқушылардың сөздік қорына енгізіп, сол сөздерді кірістріп айтатындай жағдай жасайды.
Оқушылардың ойын, тілін дамытуда синоним сөздерді пайдалануға үйрету жұмыстарының рөлі күшті. Ол үшін мәтінді оқуға дайындалу жұмыстары кезінде:
мәтінде синоним сөздер бар ма, болса олардың мағыналарын қалай ұғындыру керек, балалар жауаптарында ол сөздерді қолдану үшін, қандай сұраулар қою қажет- осыларды анықтайды.
егер мәтінде синоним сөздер болмаса, ал мұғалім балаларға синоним сөздерді білдіргісі келсе, оны қалай ұйымдастырған жөн: оқу барысында сөздің синонимін айтып түсіндіре ме, қорытынды әңгімеде кірістіре ме, сурет арқылы ма, әңгімелесу барысында ма- осыларды қарастырады.
Сөйтіп мұғалім –мәтінді оқуға дайындалу кезінде, біріншіден, мәтінді дұрыс қабылдауға қажетті сөздерді, екіншіден, оқу барысында оқушыларға мағынасы ұғындырылатын сөздерді, үшіншіден, оқушылардың актив сөздігіне енгізілуге тиісті сөздерді іріктеп алады.
Міне, осылайша, оқу сабақтарының барлығының органикалық элементі ретінде жүргізілетін лексикалық жұмыс оқушылардың ойы мен тілін дамытудың ең маңызды шарты болып есептеледі.
Сөздік жұмысын жүргізгенде, мұғалімнің есінде болатын жағдай –сөздік жұмысын балалардың өз өмірімен, нақты елестерімен байланыстыру. Ол үшін оқу барысында жаңа сөз кездескенде, оқушыларда осы сөзбен байланысты қандай елестер бар екенін ашуға тырысу керек. Егер ондай елестер жоқ және жеткіліксіз болса, мұғалім затты немесе оның суретін көрсететді, оған анық сипаттама береді. Психолгтердің айтуынша, сөздік жұмысының әдістемесіндегі басты талап –сөз бен балалар санасындағы бейнені түрлі жолдармен үнемі ұштастырып үнемі отыру. Өйткені сөз бейнесі бала санасында нақты елестің жеткілікті қорынсыз пайда болмайды.
Сөздердің мағынасын ашып, түсіндіру тәсілдері алуан түрлі оның ішіндегі бастылары:
затты табиғи жағдайға бақылау немесе оны сыныпта көрсету, экскурсияұйымдастыру.
заттың өзін немесе суретін, түрлі картиналар көрсету арқылы сөздің мағынасын ашып, түсіндіру.
заттың өзін немесе суретін, “қандай сөздермен ауыстыруға болар еді? Басқаша қалай айтар едік?” сияқты сұраулар қою арқылы синоним табуға оқушылардың өздерін қатыстырып отыру.
сөзді кейде морфологиялық құрамына қарай талдау арқылы түсіндіргенде пайдалы (мысалы, тетелестері сөзінің түбірі қайсы? т.б.)
сөздерге анықтама беру арқылы жиі түсіндіріледі (әуежай-ұшақ қонатын алаң, т.б)
дерексіз ұғымдарды түсіндіру үшін, тұрмыстан мысалдар, фактілер келтіріп әңгіме айту (мысалы, батырлық, қамқорлық, қайғы, адамгершілік жайында, т.с.с)
сөз мағынасын түсіндіруде техникалық құралдар қолдану. Бірақ, мұнда диафильмдерді, бастан-аяқ көрсетудің қажеті жоқ, үзінді ғана алу керек.
ә) көркем мәтіндегі бейнелі сөздерді үйрету. Көркем мәтіндегі сөздер мен олардың тіркестері ауыспалы мағынада қолданылып бала санасындағы айқын бейне жасайды; олар тілдіің бейнелік құралдары болып табылады. Тілдің бейнелік құралдары қылыштай кесіп түсетін өткір де, дәл, сезімге әсер етіп, сөйлеуге жандандыратын, ойлаудың икемділігі мен тездігін дамытатын, балалардың сөздіктерін жетілдіре түсетін қызымет атқарады.
Тілдің негізгі элементі – сөздік қор. Ал сөздік қор дегеніміз – тілдің құрамының ішіндегі ең тұрақты, талай ғасырлар бойы өмір сүріп келе жатқан, жалпы күнделікті өмірде кеңінен қолданылатын халыққа ортақ сөздер жиынтығы.
Тілдің негізгі сөздік қоры - тілдің сөздік құрамының ең тұрақты бөлігі. Сөздік қор тілдегі ғасырлар бойы сақтай отырып, тілдегі жаңа, туынды сөздер мен жаңа мағынаның жасалуына ұйытқы болады. Сөздердің негізгі сөздік қорда кең қолданылуы мен ұзақ сақталуы олардың жасау қабілетін дамыта түседі. Сөздік қордың тұрақтылығы тіл бірлігін сақтап, көне дәуір әдеби ескерткіштерін ұғынуға, тануға мүмкіндік туады. Қазақ тіл ғылымының негізін салушы А.Байтұрсынұлы «Сөздік құрамының ең басты және тұрақты бөлшегі – негізгі сөздік қор. НСҚ – бүкіл лексикалық байлықтың басты тұлғасы, негізгі ұйытқысы» деген болатын.
Ғалымдардың сөздік қор ұғымына берген анықтамалары өте ұқсас. Қазақ тілі – ғасырлар бойы дамып жетілген, қолдану аясы кең, бай тілдердің бірі. Құрамындағы сөздердің саны ұланғайыр көп. НСҚ тірек болатын – халықтың байырғы сөздері. Сондықтан байырғы сөздерді «сөздік қор» деп атайды.
Біздің ана тіліміз, қасиетті қазақ тілі – өзінің мемлекеттік мәртебесін абыройымен атқарып, міндет жүгін қиналмай көтере алатын аса бай, оралымды да сұлу тіл. Ресей ғалымдарының «Қазақтың жай сөзінің өзі өлең боп құйылып жатады» (Радлов), «Түркі халықтарының ішіндегі ең суретшіл, бейнелі тіл – қазақ тілі» (Малов) деп, айтқыш та айшықтылығын, сұлу да сұңғылалығын есімізден шығармауға тиіспіз.
Бала тілінің дамып қалыптасуы жоғарғы жүйке жүйесінің жетілуімен тығыз байланысты. Баланың айналасындағы өмірді танып, білімдегі басты жәрдемшісі – тіл. Ал тілдің дамуы оның санасезімінің, ой-өрісінің, басқа да психологиялық үрдістің жетіле түсуіне негіз болады.
Балабақша балаларының сөздік қорын байытуда сөздерді үйретудегі ұстанымдары:
сөздің баланың күнделікті өмірмен байланыстылығын ескеру;
балабақша балаларының үйретілетін сөздердің жеңілділігі;
балабақша балаларының ұғымына сөз мағынасының сай келуі;
сөздерді оқытылатын тақырыптармен байланысты таңдап алу;
сөздердің мағыналық ерекшеліктерін ескеру;
сөздердің тәрбиелік, ізгілік ұғымға сәйкестілігін алу және т.б.
Сөйлеуге байланысты мынадай талаптар қойылады: мазмұнды сөйлеу, дәл сөйлеу, жүйелі сөйлеу және мәнерлі сөйлеу. М.Горький «О литературе» деген еңбегінде «Тілдің нағыз әдемділігі, сөздің дәлдігі, оның айқындылығы, естілуі, айтылуы арқылы көрінеді» - деп, ана тілінің бай сөздік қорын меңгеруге үлкен мән берген еді.
Қазақ мектептерінің мұғалімдері мен оқушылары осы байлықты бірі игеруге, екіншісі меңгеруге ұмтылып отырса ғаны ана тіліміздің алдындағы перзенттік борыштарымызды өтей аламыз. Ана тілін қадірлеу, оның байлығын сақтап, үйрену патриоттық іс.
Адамның сөздік қоры екі жағдайда жетіліп отырады: бірі – сөзді активті қолдану, екіншісі – сөзді пассивті қолдану.
Сөз мағынасы дұрыс түсіндіру, түсіне білу керек. Сөйлеу түрінде сөз мағынасының алатын орны зор.
Бүкіл оқыту барысында оқушының тілін дамытып, сөз байлығын арттыру – ең маңызды жұмыстардың бірі. Бұл, әрине, төменгі сыныптан бастап оқушылармен үзбей жүргізілетін жұмыстар нәтижесінде ғана іске асады. Мұғалім сабақтың тиімділігін арттырып, оқушылардың ой дербестігін, оқу- танымдық қабілеттерін үнемі дамытып отыруды көздейді. Бұл әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолданғанда іске асады.
Бала тілін дамыту әдістемесі бағытында мол да құнды ойлар айтқан тұлғаларымыздың бірі Мағжан Жұмабайұлы. Оның шәкірт тілін ширатушыларды таң қалдырған әдістемелік еңбегі «Бастауыш сыныпта ана тілі» оқулығы. Бұл кітабы арқылы бастауыш мектепке ана тілін оқыту, тіл дамыту әдістемесін жасауға ұмтылғаны аңғарылады.
М. Жұмабайұлы әдіскер - ғалым ретінде төрт жылдық бастауыш мектептің әр жылына сәйкес ана тілі бойынша бала тілін дамыту үшін жүргізілер жаттығулар, қалыптастырулар, дағдылар кешенін жасап ұсынған.
Пікірлерді жйнақтай келгенде оқушы тілін байытуда сөйлеумен байланысты іске асыруда мынадай қажеттіліктер туындайды:
Оқушылардың сөздік қорын молайту мақсатында сөздің мағыналарын толық менгерту:
Сөйлемді дұрыс қолдану, құрастыру арқылы ойын жүйелі айта білуге дағдыландыру:
Сөйлемдегі сөздерді белгілі бір ойдың төңірегінде құрастырып, дұрыс сөйлеуге жаттықтыру.
Оқыту ісінде сөздік қорды дамытуда қойылатын талаптар мен қажеттіліктерді естен шығармай, орынды іске асыру арқылы оқушылардың сөздік қорларын байытып, қазақ тілінде еркін де шебер сөйлеуге машықтандыруға болады.
Сөздік жұмысының ең маңызды міндет оқушылардың ауызекі сөйлеуде қолданатын сөздер қорын толықтыратын сөздік қорын белсенді ету.
Жаңа сөздерді есте сақтаудың тәсілдері мен жаттығулары да бар. Олар мыналар:
Тақтаға сөз жазып, оны буынға бөлу.
Сөз мағыналарын анықтауда ұғымның белгілерін санайтындай жаттығулар
( жаттығу жұмыстары).
Жаңа сөзді кірістіре сөйлем құрастырып, мағынасын ашу.
Жаңадан үйренген сөздерге байланысты шығармашылық жұмыстар ( әңгіме, мазмұндама, шығарма т. б. ) жүргізу.
Орфографиялық жаттығуларға жаңа сөздер енгізу.
Сөздік жасату (түсіндірмелі, алфавиттік немесе тақырыптық сөздіктер, оқушы сөздігі ).
Оқушылардың тілін дамыту мақсатын шешуде біріншіден оқушылардың меңгерген сөзі, сөз байлығы қаншалықты дәрежеде екендігін: екіншіден оқушыда сөз байлығының, сөз қорының аз болуының себебін, өзіндік ерекшілігін: үшіншіден, тілін байыту мен дамытуда тиімді әдіс – тәсілдерін алдын ала анықтап белгілеу керек.
Балалар сөздігін мынадай жолдармен байытуға болады:
қоршаған ортаны байқату, аңғарту;
арнаулы тілдік жаттығулар жүргізу.
сыныпта және сыныптан тыс өту (әңгіме мазмұнын талқылау және талдау) барысында, т.б.
Тіл дамыту жұмыстарын дұрыс ұйымдастыру – оқушылардың ойлау қабілеті мен сауаттылығын арттырудың бірден – бір тиімді жолы. Олай болса, тіл дамыту дегеніміздің өзі – оқушылардың сөз байлығын арттырып, әр сөзді орынды қолдану, сөйтіп, оны жүйелі түрде білдіре алуы.
Адам ойын ауызша да (сөйлеу арқылы, жазбаша да) жазу арқылы білдіреді. Демек , адамдар арасындағы тілдік қарым – қатынастық екі түрі бар: бір - ауызша тіл, екіншісі – жазбаша тіл.
Ауызекі тілде адамдар ойын, пікірін сөйлеу арқылы жеткізеді.
Жазбаша тілде адам ойын, пікірін қағазға жазып білдіреді. Бұл екуінің өзді - өзіне тән ерекшеліктері болады. Ауызекі (сөйлеу) тілде адам ойын еркін құрап, сөздерді еркін қолданады, онда қосалқы ұғымдар, басы артық сөздер ұшыраса береді.Сөздің кем – кетігі, дауыс ырғағы, үннің көтеріңкі, я төмен айтылуы түрлі қимыл арқылы толықтырылып отырады. Ал ауызша сөйлеудің осы ерекшеліктері мәтіннің тілдік құралдарынан көрініс табады.
Жазбаша тілде ой – пікір белгілі бір жүйеге түсіріліп, тілдік граматикалық заңдылықтарын қатаң бағындырылып әдеби тіл нормасын сақтап жазады.
Сондықтан ауызекі тіл мен жазбаша тілдің өздеріне тән ауызша айтылуы немесе жазбаша берілуі тәсілі (стилі) болады. Сол сияқты іс – қағаздарының, көркем шығармалардың, мақала, хат
т. б. тәрізді мәтіннің өзіне тән баяндау, сөз қолданыс ерекшеліктері бар. Мысалы: « Керкұла атты Кендебай» ертегісіндегі мынадай текстерді диалогты алайық:
Кендебай есіктен кіріп келіп:
Дат тақсыр, - дейді.
Датың болса айт, - дейді хан ақырып.
Мен айтсам, бұлардың айтып отырғаны өтірік.
Бұларға көрінбей, биені мен де күзеттім. Түн ортасы кезінде екі балаңыз ұйықтап қалады. Таң алдында бие алтын құйрықты, құндыз жүнді құлын туады. Сол кезде аспаннан бір бұлт түңіліп келді де, оны көтеріп ала жөнелді. Мен құйрықтан шап беріп, ұстай алдым. Бұлтпен араласқан үлкен дәу құлынды алып кетті де, құйрық менің қолымда қала берді, - дегенде, сөздің аяғын күтпей: құйрық қайда? – деді хан.
Тіл - өзінше қалыптасқан, заңдары орныққан жүйесі бар қоғамдық құбылыс. Тіл жүйесін зандылықтарын айқындап зерттейтін, соған орай анықтамалар, ережелер шығаратын қоғамдық ғылымдардың бір түрлі тіл ғылымы деп аталады.
Талдау кезінде мынадай мәселеге көңіл аударылады. Мәтіннің құрылымын анықтап, оларға тілдік құралдардың қолданылу ерекшеліктері стилистикалық сипаты бойынша есептеиді.
Көптеген ғалымдар мәтін композициясын (құрылысын) үш бөлікке бөледі. Олар: кіріспе, негізгі бөлім және қорытынды деп.
Х.Арғынов мәтіннің кіріспе бөлімінде сөз етілейін деп отырған оқиғаның қашан болғаны, мұны тудыратын себептер айтылады.
Негізгі бөлімінде сөз етіп отырған мәселе жөнінде түсінігін, фактілерді, іс - әрекеттерді баяндайды, ал қорытынды бөлімінде сөз етіп отырған тақырыптан алған әсерін, тілек – мақсатын өз пікірін білдіруі тиіс деп жүйелейді.Көптеген ғалымдар мәтіннің үш түрі бар деп есептейді. Олар: хабар, сипаттау, пікір айту. Сонымен бірге мәтіннің кіріспе, негізгі бөлім және қорытындыдан тұратындығын айтады. Мысалы:
«Алтын дән».
Қырман үсті құйын. Дәу маялар айыр ұшымен ұшырылып жатыр. Электромолотилка дән боратып жатыр. Бункерлерден Құйылғанмеруертден төбе-төбеүйіліп қалыпты. Қоршаған көлік, машина.Асығыс қимылдаған үлкендердің арасында мектеп оқушыларыда жүр. Мұғалімдер қасында. Ортасында Жанат. Ұжымшар ауылы дәл бүгін дәннен өзгенің бәрін ұмытқан секілді. (Ғ. Мұстафин)
Бұл мәтіннің кіріспесі, негізгі бөлімі, Қортындысы бар. Мәтіннің (Қырман үсті құйын) бірінші сөйлемі әңгіменің не туралы болатынын көрсетіп кіріспе ролін атқарған. Ал 2,3,4,5,6,7,8 – сөйлемдер – мәтіннің негізі. Айтылар ой дәннің бастырылуы.
Үлкендер мен мектеп оқушылары жөніндегі хабар осы жеті сөйлемде берілген.Ал (Ұжымшар ауылы дәл бүгін дәннен өзгенің бәрін ұмытқан секілді) соңғы сөйлем қортынды.
Жалпы мәтінде негізінде не субстанция (зат) немесе зат пен құбылыстың атрибуты(қасиеті) немесе ең соңында олардың бір-бірімен қатынасы жайында сөз болады. Зат пен обьективті дүниедегі жанды-жансыз нәрселерді айтатын болсақ , сол заттың сапасын, қимылын және күйін біз жалпы бір атпен заттың қасиеттері деп атаймыз.
Табиғат бір нәрсені екінші бір нәрсеге түрліше қатынастары бар заттардан тұрады. Таратып айтқанда, бір заттың екінші бір заттан үлкен болуы мүмкін, бір зат екінші заттың себебі болуы мүмкін,бір зат екінші заттың мекені болуы мүмкін, бір заттың екінші заттан бұрын пайда болуы мүмкін т.б.
Мәтінде сөз болатындар осы үш категориялардың біреуіне сәйкес келтіріліп жазылуы не айтылуы керек.Яғни, әңгіме мазмұны
не зат, не оның қасиеті, не қатынасы жайында болмақ. Міне сондықтан мәтіннің кіріспесінде зат (не құбылыс) атауы, не оқиға болатын кеңестік пен уақыт сөз болады. Өйткені уақыт пен кеңестік үнемі қозғалыста болып отыратын материяның өмір сүруінің объективтік формасы.
Жоғарыда келтірілген мәтіннің кіріспесі (қырман үсті құйын)
болған іс-әрекеттің кеңестік қатынасын білдірсе, «Ерте, ерте, ертеде», деп басталатын ертегілердің кіріспесі оқиғалар жүйесінің
уақытты қатынасын білдірсе, «Ерте, ерте, ертеде», деп басталатын ертегілердің кіріспесі оқиғалар жүйесінің уақытты қатынасын білдіреді. Мәтін туралы білім беру мына жүйеде болуы қажет деп санайды. Атап айтқанда, тіл білімінде сөз, сөздің тіркесіне түсуі, тіркес, тіркестен сөйлем жасалатындығы), қайрым, қайрымнан мәтін құралатындығы. Сондықтан мәтін туралы білім ең алдымен қайрымның түзілуі ерекшелегіне байланысты.
Сондықтан мәтіннің құрылымдық ерекшелігі оны құрайтын сөйлемдердің мақсатқа сай ойды жеткізуге байланысты құрастырылуына, одан қайрым жасалатынына назар аударылады. Әсіресе адамдар бір-бірімен қарым-қатынас жасағанда жеке – жеке сөйлемдермен ғана емес, тұтас бір пікірді білдіретін бірнеше сөйлемдерді де пайдаланатындығын, сондай-ақ бірнеше сөйлемдермен өзара ой пікірді білдіретін сөйлемдерді өзара ақ бірнеше ой-пікірді білдіретін сөйлемдерді өзара байланыстыра келіп, жүйелі мәтінмен де жүргізіледі.
Мысалы:
Сен маған атыңды айтпадың ғой?
Сіз өзіңіз сұраған жоқсыз ғой?
Ал сұрайық.
Атым – Сағат.
Сағат, мына суретіңді көрейінші.
Көріңіз. (М.Иманжолов), - деген қарым-қатынаста, яғни екі кісінің әңгімесі бір-біріне сөйлемнен ғана орындалып тұр.
Немесе: Бір кезде арыстанның ақырған дауысы естіледі. Ілгері екі-үш аттанғанда, бір леп Кендебайды тартып ала жөнелді. Бір уақытта Кендебай арыстанның апандай аузын көреді. Кендебай алты құлаш алмас қылышын көлденең ұстай қояды.
Алмас қылыш арыстанды екі бөліп, Кендебайды арыстанның ар жағынан бірақ келтіреді. Кендебай арыстанның аузын қағып алып қоржынға салады. – Ақыры, Кендебай алтын құйрықты құлынды тауып алып, аман-есен ханның үйіне қайтып келеді.
Хан қуанып, үлкен той жасайды. Той үстінде түк таба алмай сандалып мойындары ырғайдай, сирақтары шидей болып, азып-тозып ханның екі баласы келеді, - деген мәтінде үш қайырым бар.
Атап айтқанда, бірінші қайырым Кендебайдың арыстанмен күресін баяндаса, екінші қайырымдағы ой-пікір Кендебайдың одан кейінгі іс-әрекетін баяндайды. Яғни Кендебайдың алтын қүйрықты тауып, ханға келуі, ал үшіншіден ханның балаларының келуі баяндалады.
Достарыңызбен бөлісу: |