Лекция №1 Лекция тақырыбы: Тіл дамыту әдістемесі Жоспары



бет8/21
Дата15.11.2023
өлшемі460,5 Kb.
#123346
түріЛекция
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   21
Байланысты:
Тіл дамыту

Пайдаланатын әдебиеттер:
Негізгі:

  1. Жапбаров А. Мектеп оқушыларының тілін дамыту әдістемесі. Алматы, 1997.

  2. Ысқақов Б. Тіл дамытудың психолингвистикалық негіздері. Алматы, 1997.

  3. Рахметова С. Кіші жастағы оқушылардың жазбаша тілін дамыту. Алматы, 1978.

  4. Сүлейменова Э.Д. т.б. Тіл ұстарту. Алматы, 1996.

  5. Жапбаров А. Оқушылардың ауызекі сөйлеу икемділіктері мен дағдыларын қалыптастыру әдістемесі. Алматы, 2002.

  6. Тұрдалиева Г.Ж. Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқыту әдістемесі. Астана, 2007.

  7. Әбдікәрімова Т., Әбдіғалиева Т., Шаймерденова К. Қазақ тілін оқыту әдістемесі.Практикалық және лабораториялық жұмыстар. Алматы, 1999.

  8. Баймұратова Б. Баланың тілін дамыту жолдары. Алматы, 1962.

  9. Баймұратова Б. Тіл дамыту әдістері. Алматы, 1970.

  10. Ермекбаев М.Ә., Жораева С., Тшанов А.К., Бастауыш мектепте инновациялық технологиялар арқылы оқушылардың тілін дамыту. Шымкент, 2006.



Бақылау сұрақтары:



  1. Тіл дамыту әдістемесінің зерттеу әдістері.

  2. Зерттеудің үш түрі бар: тарихи-әдістемелік, балабақша тәрбиешілерінің озық тәжірибелерін жалпылау және зерттеу әдістері, оларға сипаттама.

  3. Зерттеудің теориялық әдістері.


Лекция № 5
Лекция тақырыбы: Тіл дамытудың практикалық әдіс-тәсілдері.
Жоспары:

  1. Тіл дамытудың практикалық әдіс-тәсілдері туралы пікірлер.

  2. Жаттығу әдісі.

а) Ауызша жаттығу.
б) Жазбаша жаттығу.
Лекция мақсаты:
Студенттерге тіл дамытудың практикалық әдіс-тәсілдері туралы пікірлерден мағлұмат беріп, жаттығу әдісінің ерекшелігін, оның түрлерін практикада қолдану сипатын түсіндіру.

Педагогика теориясында практикалық әдістерді әр түрлі тұрғыда қарастырылады.


Ю.К.Бабанский практикалық әдістер оқушылардың қызметін ұйымдастыруда, жалпы оқыту оқыту процесінде кең көлемде қолданылатындығын айта келіп, практикалық әдістерді қолданғанда, оның мына сияқты жүргізу тәсілдеріне көңіл бөледі: тапсырманың қойылуы мен жоспарлануы, тапсырманы орындалуын басқару, реттеу, қызықтыру, бақылау және кемшіліктің себебін көрсету, түзету жұмыстарында қамтып нәтижені талдау, сондай-ақ мақсатқа жету барысындағы өту керек деп, практикалық жұмыстардың көп түрлілігін көрсетеді.
Практикалық әдістердің тіл дамытуда жиі қолданылатыны жаттығу болып табылады.
Жаттығу әдісі.
Оқушылардың қабылдаған білім, білік және дағдыларын бірнеше рет қайта пысықтап, нақтылы түрде ойды тиянақты қалдыру тәсілдерін жаттығу әдісі дейміз.
Жаттығу әдісі оқушылардың оқу жұмысын өздігінен орындау белсенділігін арттырады. Әрбір жаңа білім дағдылары тиянақты болу үшін жүргізілетін жаттығудың арқасында оқушылардың өз бетінше жұмыс істей алу қабілеті дамиды. Әсіресе,тілдік құралдарды оқыту арқылы оқушылардың тілін дамыту барысында әрбір грамматикалық категория мен формаларды үйретуге байланысты жаттығу жұмыстары жүргізіледі.
Жаттығудың түрлері көп. Тіл дамытуға байланысты жаттығу әдістерінің мынадай түрлерін қолдану нәтижелі екендігін эксперимент жұмыстары байқатты: ауызша жаттығу, жазбаша жаттығу.
Ауызша жаттығу.
Педагогикалық әдебиеттерде бұл әдістің өзін үш түрге бөледі. Біріншісі – ғылыми пәндердің ережелері мен теоремаларын жатқа ауызша айта білу. Оқушылар қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша қандай да болмасын теориялық мәселелерді саналы түсінуі қажет. Ол сонда ғана сол теориялық ережені өз сөзімен айтып бере алады. Сондай-ақ теория, ереже, заңдылықтардағы термин тағы басқа қолданылған сөз, сөйлемдердің мәнін саналы ұғынуы қажет. Мұнда әрбір теориялық материалдардағы термин сөздердің ұғымын игеру арқылы да оқушының сөздік қоры дамытылатындығын зерттеу жұмысы анықтады.
Екіншісі – оқу материалының мазмұнын ауызекі баяндауға дағдыландыру. Бұл тәсіл оқушының тілін дамытудағы ең өнімді тәсіл болмақ. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен оқытылып отырылған теориялық материалды, ережені оқушы саналы түсінгенде ғана өз сөзімен айтып бере алады. Ал егер жаттандылыққа ұрынса, онда ол материалды саналы түсінбегені болып есептеледі.
Тіл дамыту материалдарын баяндап беруге дағдыландыру тәсілін оқушыларға көбінесе ауызекі сөйлеу тілін дамыту мен орфоэпиялық нормаларды қалыптастыруға байланысты жиі қолданылады. Мұның түрлері мен тәсілдері осы стильдерін оқытуға байланысты қарастырылды.
Үшінші – көркем әдебиеттерден үзінді оқуға немесе оқушылар өздерінің жазған шығармаларын, творчестволық жұмыстарын жатқа айтып дағдыландырылады. Бұл тәсілдердің негізгі мақсаты оқушыларға мәнерлеп айту, көркем оқу, әрбір сөз, сөйлем, текстің түрлеріне байланысты интонациясын келтіріп оқуға баулиды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет