Лекция №1 Лекция тақырыбы: Тіл дамыту әдістемесі Жоспары


Лекция №2 Лекция тақырыбы: Тіл дамытудың әдістері. Жоспары



бет5/21
Дата15.11.2023
өлшемі460,5 Kb.
#123346
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Байланысты:
Тіл дамыту

Лекция №2
Лекция тақырыбы: Тіл дамытудың әдістері.
Жоспары:

  1. Тіл дамытудың әдістері.

  2. Бақылау әдісі.

  3. Әңгіме әдісі.

4. Салыстыру әдісі.
Лекция мақсаты:
Студенттерді тіл дамытудың әдістерімен хабардар етіп, әдістің түрлерін маман ретінде сабақта қолдана білуге үйрету.
Тілдің фонетикалық, лексикалық, грамматикалық заңдылықтары мен ерекшеліктерін оқушыларға әр түрлі әдістерді қолдана отырып, нақы фактілер арқылы дәл таныту және оның практикада қолдана білуді үйрету жолдары философияның таным теориясына негізделеді, диалектикалық әдісті басшылыққа алады.
Қазақ тілін оқыту методикасы тіл материалдарын оқыту әдістерінің әр түрлілік қарастырады. Бірақ оны бытырыңқы түрде емес, бір мақсаттың төңірегінде топтастырып, қолданылатын әдіс-тәсілдердің бір-бірімен байланысты түрде жүзеге асырылатынын анықтайды. Материалдың мазмұны мен оның өзіндік ерекшеліктерін оқушыларға дәл және дұрыс түсіндіреді және оның практикада қолдана білудің жаңа жолдарын үйретеді, үлгісін көрсетеді.
Тіл дамыту тілдің ғылыми-теориялық негізін басшылыққа алады. Олай болса, тілдік құрылысты үйрететін білім беру әдістері мен тәсілдерінің барлығы да оқушылардың тілін дамытуда қолданылады.
Сонда да болса, тіл дамыту жұмыстарының кейбір әдістер мен тәсілдерді пайдаланып жүргізудің нәтижелілігі байқалады.
Біз ғылыми зерттеу жұмысымызда оңай әдістер мен тәсілдердің дұрыс нәтиже беретіндігін эксперимент арқылы тексеріп көрдік.
Оқушылардың тілін дамыту барысында жұмыс түрлерін ұйымдастырғанымызда мына сияқты әдістер мен тәсілдердің нәтижелі екендігі айқындалды: бақылау, салыстыру, талдау, баяндау, түсіндіру, әңгіме, жаттығу т.б. әдістер.
Бақылау әдісі.
Оқушылар білім негіздерін мұғалімнің түсіндіруінен қабылдауымен қатар, өздері де үйретілген теориялық материалдарды, ереже, анықтамалар мен заңдылықтарды бақылау арқылы білім, білік және дағдыларды меңгереді.
Оқушылар өздерінің алдына қойған белгілі мақсаттары бойынша серуен кезінде, тәжірибе жасау үстінде, мұғалім оқу материалдарын түсіндіргенде, кітап оқығанда, басқа кісілермен қарым-қатынаста бақылау жұмысын жүргізіп, өздеріне қажетті тілдік материалдар жинайды. Тілдік құралдардың қолдану ерекшеліктерін игере бастайды. Олардың тілдік материалдарды саналы түсінуге, қарым-қатынасты дұрыс жүргізуге белсенділігін арттырады.
Тіл дамыту жұмыстарында бақылау әдісін тиімді ұйымдастыру қажет. Мысалы, сөйлем құрастырудағы сөзді тиісті синониммен ауыстырудағы ойдың өзгерісін, стильдік ерекшелігін бақылату, текст құрастыруда оның қайрымдарының сол текстке сай екендігін бақылату, текстің ішіндегі тілдің көркемдегіш, бейнелегіш құралдарын ажырату, шығарма жазуға материал жинау үшін бақылау т.б. жүргізуге болады.
Бақылау, байқау әдісін қолдану қоршаған шындық-болмыс құбылыстарын балалардың танып білу процесін және есте сақтауды жетілдіреді. Оның негізінде оқушылардың ұғымы қалыптасып, білімі сапалы және тиянақты болады. мұғалім бұл әдісті қолдану үшін оқушыларды алдын-ала байқау мен бақылауға даярла керек:

  • оқушылардың байқайтын нәрсесі мен құбылысын аңғарлықтай өткен материалдан теориялық білімі болуы керек. Мысалы, тестегі көп мағыналы сөзді ажырату үшін оның көп мағыналылық, омоним туралы білімі болуы қажет;

  • оқушылардың нені, қалай байқайтын мақсатын түсінуі. Мысалы, сөйлемдегі сөзді синониммен ауыстырғанда ондағы ойдың өзгеруі мен құбылуын байқауда, синоним сөздердің мағынасы жуық, мәндес сөздер екендігін білген оқушы синониммен ауыстырғанда, ол сөйлемнің ойы ауыспайтындығын білуі тиіс;

  • байқауда оқушының назары алдымен қай мәселеге, не үшін аудару қажеттігін, яғни байқаудың жоспарын, жүйесін үйрету;

  • байқаудың негізінде дұрыс ой қорытындысын шығара білу, оны тексеру үшін дәлелдеп беруге жаттықтырады.

Байқау, бақылау әдісі тіл дамыту жұмыстарының өне бойына қолданылып отырылады. Өйткені тілдік, ереже, заңдылықтарды практикалық түрде қолдануындағы ерекшеліктерін осы әдіс арқылы үйрету тиімді екендігін тәжірибе-сынақ жұмыстарымыз анықтап берді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет