Лекция №1 Лекцияның тақырыбы : т iл бiлiмi және оның салалары



бет9/46
Дата17.04.2023
өлшемі221,31 Kb.
#83597
түріЛекция
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   46
Байланысты:
Лекция 2023 15 сағат (10)

Сингармонизм – грек тiлiнiң syn- “бiрге” және harmonia ''байланысу’' деген сөзiнен алынған. Сингармонизм – түркi тiлдерiне аса тән заңдылық. Осы уақытқа дейiн сингармонизм дауысты дыбыстардың үндесуi немесе буын үндестiгi делiнiп келдi.
Ә.Жүнiсбеков өз зерттеулерiнде түркологияда сингармо-низм туралы ертелi-кеш айтылатын пiкiрлердi елеп-екшеп, нақты қорытындыға келдi. Атап айтқанда:
Сингармонизмнiң басты фонологиялық қызметi-қазақ сөзiнiң өн бойында бiркелкi тембрдiң (фр. Tembre – дыбыстың бояуы) сақталуында. Бұлай болмаған жағдайда сөз құлаққа жағымсыз естiлiп, қабылдауды, түсiнудi қиындатады.
Сингармонизм екi түрде ұшырасады:
1. Дауысты дыбыстың тiлдiк қатысы жағынан
Дауысты дыбыстың тiлдiң қатысына қарай бiрыңғай жуан немесе жiңiшке болып үндесуiн лингвальдық сингармонизм деп атаймыз. Лингвальдық – латын тiлiнiң lingua – ''тiл’' деген сөзiнен алынған термин. Мысалы: аспанға, көлеңке, тамыр. Тiлде төл сөзден тыс кiрме сөздер де араласып келедi: кiтапқа, мұғалiмге т.б.
Қазақ тiлiндегi -нiкi, -дiкi, -паз, -қор, -кеш, -гөй, -хана, -мен, -бен, чуваш тiлiндегi –сем көптiк жалғауы, тува тiлiндегi -ге барыс септiгiнiң жалғауы сингармонизм заңына бағынбайды.
2. Ерiннiң қатысы жағынан
Тiлдегi дыбыстың буын iшiнде ерiндiк немесе бiрыңғай езулiк болып үндесуiн ерiн үндестiгi немесе лабиальдық сингармонизм деп атаймыз.
Лабиальдық-латын тiлiнiң labialis ’’ерiндiк’' деген сөзiнен алынған.
Ерiн үндестiгi әр тiлде әртүрлi. °сiресе, қырғыз тiлiнде өте күштi сақталады. Мысалы: қолдор, қолдорғо, қолдордо; көлдө–көлдөр, көлдөргө , көлдөрдө т.б.
Ассимиляция – латын тiлiнiң assimilativ – “ұқсау” деген сөзi бойынша жасалған. Ассимиляция- морфемалардың жiгiнде көршi келген дауыссыздардың акустика-артикуля-циялық жақтан бiрiне-бiрiнiң ұқсауы, бейiмделуi, өзара тiл табысуы.
Сөз құрамында немесе сөздiң аралығында көршiлес келген дыбыстың бiрi екiншiсiне ықпал етiп , өзара үндесуi ассимиляция деп аталады. Мұның нәтижесiнде бiр дыбыс екiншi дыбысты толық немесе жартылай бағындырады. Осыған байланысты ассимиляция екiге бөлiнедi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет