Лекцияның мазмұны Тiлдiң негiзiн жасайтын – оның грамматикалық құры-лысы мен негiзгi сөздiк қоры. Тiлдiң грамматикалық құрылысы да, лексикалық құрамы да фонетикалық құбылыс-тармен тығыз байланысты. Дыбыстар белгiлi бiр жүйеде құрылуы қажет. Оларды жүйесiз тiркестiре салуға болмайды.
Фонетиканың зерттейтiн обьектiлерiнiң бiрi – фонема. Л.В.Щербаның пiкiрiнше: ''Фонема – сөз бен оның форма-ларын дифференциялайтын, адамның қатынасына қызмет жасайтын дыбыс типтерi''. Ал Н.Я.Марр тiлдiң материалдық көрiнiсiн жоққа шығарады. Ол тiлге идеалистiк тұрғыдан баға бередi.
Әр тiлдiң өзiне тән заңдары бар. Бiр тiлдегi фонема екiншi тiлде өзгеше түрде кездесуi мүмкiн. Мысалы, орыс тiлiндегi д, г дыбыстары т, к дыбыстарының жiңiшке варианты. Ал қазақ тiлiнде мұндай қасиет жоқ.
Фонетиканың зерттеудi қажет етiп жатқан жағы әлi көп. Тiл дыбыстарының түрлi қасиеттерiн ескерiп, оны топтастыру жөнiнде әлi талай дау-дамайдың болатындығы анық.
Жалпы қазақ тiлiнiң фонетикасын мынадай салаларға бөлемiз:
Фонетиканың обьектiсi мен салалары.
Дыбыс туралы жалпы ұғым.
Дыбыстау мүшелерi.
Дыбыстардың құрамы мен түрлерi.
Дыбыстардың үндесуi.
Буын.
Екпiн.
Транскрипция.
Тiл дыбыстары мынадай элементтерден тұрады: а) Дыбыстың жасалуы. Дыбыстың жасалуы заттың вибрациялық қимылынан пайда болады. Қимылдың нәтиже-сiне орай әр дыбыстың өзiнiң ырғағы, күшi, әуенi болады.
ә) Дыбыс ырғағы. Дыбыс ырғағы 1 секунд iшiндегi дiрiлдiң мөлшерiне байланысты пайда болады. Дiрiл мөлшерi көбейген сайын, дыбыс ырғағы күшейе түседi, керiсiнше дiрiл азайған сайын, ырғақ та бәсеңдей түседi. 1 секунд iшiнде 16 дiрiл нәтижесiнде пайда болған дыбыс құлаққа естiледi. Сөз бен сөйлемнiң интонациясы мен әуенi осы ырғаққа байланысты болады.
б) Дыбыс күшi. Дыбыс күшi дiрiлдiң қарқынына байланысты болады. Дiрiл қарқыны көбейген сайын дыбыс күшi ұлғая түседi. Дiрiл көбейген сайын дыбыс жiңiшке шығады, ал азайған сайын дыбыс жуандай түседi.
Тiлдегi дыбыстар негiзгi тон және көмекшi тоннан тұрады. Бұл екi тон бiр-бiрiмен тығыз байланысты. Көмекшi тон арқылы дауысты дыбыстар бiр-бiрiнен ерекшеленедi.
Тiл дыбыстары дыбыстау мүшелерi арқылы жасалады. Дыбыстау мүшелерi негiзгi үш топқа бөлiнедi: