Лекция №1 Лекцияның тақырыбы : т iл бiлiмi және оның салалары



бет5/46
Дата17.04.2023
өлшемі221,31 Kb.
#83597
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46
Байланысты:
Лекция 2023 15 сағат (10)

1. Тыныс мүшелерi. Тыныс мүшелерiнiң бастысы – өкпе. Өкпе бiрде ауаны сыртқа теуiп (экспирация), бiрде iшке тартып (инспирация) отырады. Ауаны iшке тартқанда, кеуденiң бұлшық еттерi қабырғаны жоғары көтерiп, өкпенi кередi. Ал ауаны сыртқа тепкенде өкпе керiлмей, еркiн тұрады. Ауаның сыртқа шығуына байланысты тiл дыбыстары жасалады.
2. Тамақ мүшелерi. Тамақ кеңiрдектiң кеңейген жоғарғы тұсы. Оның сырт жағында жұтқыншақ болады, ал iшкi жағында дауыс шымылдығы болады.
Кеңiрдектiң арт жағында өңеш болады. Тамақ пен кеңiрдек ауа жүретiн жол, ал өңеш–тамақ жүретiн жол. Тамақтың iш жағында қырынан орналасқан екi бүршiк бар. Мұның сыртқы екеуi – жалған дауыс шымылдығы, ал астың-ғы екеуi –нағыз дауыс шымылдығы.
3. Қуыс мүшелер. Қуыс мүшелерге тамақ қуысы, ауыз қуысы, мұрын қуыстары жатады.
Тамақ қуысы тамақтың жоғарғы жағында ауыз қуысының арт жағында болады. Оның дыбыс шығару қызметi 2 түрлi:
а) оның тарылуынан салдыр жасалады;
ә) тамақ қуысының көмегiмен дауыстылардың әуенi жасалады.
Ауыз қуысы да, мұрын қуысы да дыбыстарға жаңғырық қосып, резонаторлық қызмет атқарады. Дауысты дыбыстар-дың әр түрлi болып келуi жаңғырыққа байланысты.
Дыбыстау мүшелерiнiң бiр бөлегi жылжымалы болып келедi, олар құбылып тұрады. Бұлар – дыбыс жасаудағы актив мүшелер. Ендi бiр бөлегiнде мұндай қасиет болмайды. Олар – пассив мүшелер. Дыбыстардың барлығы дерлiк актив мүшелер арқылы жасалады. Ал пассив мүшелер тек көмекшiлiк қызмет атқарады.
Тiл – тiлдiң барлығында дыбыстар дауысты және дауыссыз болып екiге бөлiнедi. Бұл ерте кезден қалыптасып келе жатқан дағды.
Тiл дыбыстарын бұлай топтастырғанда, олардың акустикалық жақтары мен физиологиялық жақтары есепке алынады. Акустикалық тұрғыдан қарағанда дауыстылар мен дауыссыздарды бiр-бiрiнен ажырату үн мен салдырға негiзделедi.
Физиологиялық тұрғыдан алып қарағанда, дауыстыларды айту кезiнде фонациялық ауа:

    1. кедергiге ұшырамай, тосақауылсыз, еркiн шығады;

    2. дыбыстау мүшелерiне күш түспей, оның қалпы жайдары болады;

    3. фонациялық ауа баяу шығады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет