Тiлдегi дыбыстарға мынадай белгiлер тән:
Дауыстылар тоннан жасалды, мұнда салдырдың қатысы елеусiз болады, ал дауыссыз дыбыстарда салдыр басым болады.
Дауыстыларды айтқан кезде ауа кедергiсiз, қарқынсыз шығады, оған дыбыстау мүшелерiнiң барлығы қатысады. Мысалы, а дыбысын айтқанда дауыс шымылдығы дiрiлдейдi, тiл артқа тартылады, жақ кең ашылып, ерiн екi жаққа қарай керiлiп айтылады. Ал дауыссыз дыбыстар фонациялық ауаның кедергiге ұшырауынан жасалады.
Дауыстылар буын құрайды, ал дауыссыздар буын құрай алмайды.
Дауыстыларға екпiн түседi, дауыссыздарға екпiн түспейдi.
Дауыстылар дауыстап созып айтуға келедi.
Дауыстылардың дауыссыздарға ықпалы күштi болады. Мәселен, от, ат, өт, ет деген сөздердегi т фонемасы дауыстылардың әсерiнен төрт түрлi айтылады. Мұндай құбылысты доп-добы, ақ ешкi-ағ ешкi секiлдi мысалдардан да байқауға болады.
Дауысты дыбыстар
Тiлiмiздегi дауысты дауысты дыбыстарды ''вокализмдер'' (лат. т. bokalis-дауысты, ''сөздiң жаны'' деген мағынаны бередi) деп атайды.
Қазақ тiлiнiң байырғы сөздерiнiң құрамында тоғыз дауысты дыбыс бар. Олар: а, ә, о, ө, е, ұ, ү, ы, i. Қазiргi қазақ тiлiндегi дауысты дыбыстарды ескерсек, мұнымен шектелiп қалуға болмайды. Қазiргi тiлде 11 дауысты дыбыс бар. Олар: а, ә, о, ө, е, ұ, ү, ы, i, у, и. Дауыстылар iштей 3 топқа бөлiнедi:
1. Тiлдiң қатысына қарай:
а) Жуан (гуттураль) дауыстылар: а, о, ұ, у, ы;
ә) Жiңiшке (палаталь) дауыстылар: ә, ө, ү, i, е, у, и.
Жуан дауыстыларды айтқанда, жiңiшкелермен салыс-тырғанда, тiл сәл артқа қарай тартылады, жiңiшкелердi айтқанда тiл сәл iлгерi жылжиды.
2. Ерiннiң қатысына қарай:
а) Ерiндiк (лабиаль) дауыстылар: ө, о, ү, ұ, у;
ә) Езулiк дауыстылар: а, ә, ы, i, е, и болып бөлiнедi.
Ерiндiк дауыстыларды айтқанда ерiн дөңгеленiп, сүйiрленедi де, езулiктердi айтқанда ерiн екi жаққа қарай тартылып, езу жиырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |