Лекция №1. Менеджмент басқару туралы ғылым Жоспары лекция тезистері лекция №1. Менеджмент басқару туралы ғылым


Коммуникация процесінің элементтері, түрлері: ішкі және сыртқы, формальды емес, вербальды және вербальды емес



бет76/90
Дата01.10.2023
өлшемі445,71 Kb.
#112145
түріЛекция
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   90
Байланысты:
Лекция №1. Менеджмент басқару туралы ғылым Жоспары-emirsaba.org

1. Коммуникация процесінің элементтері, түрлері: ішкі және сыртқы, формальды емес, вербальды және вербальды емес.
Педагогикалық қарым-қатынас – педагогикалық қызметтің күрделі саласы, кәсіптік іскерлікті қажет ететін қарым-қатынас. Педагогикалық қарым-қатынаста ұсақ-түйек жоқ: көзқарас, дене қимыл, көз жанарының көзқарасы – бәрі мәнді.
Қарым-қатынас – екі немесе одан да көп адамдардың арасындағы танымдық немесе эмоционалды ақпарат, тәжірибе, білім, біліктер, дағдылар алмасу. Қарым-қатынас тұлғалар мен топтар дамуының және қалыптасуының қажетті шарты болып табылады.
Педагогикалық қарым-қатынас мәдениетінің негізінде мұғалім тұлғасының жалпы және педагогикалық мәдениеті жатыр.
Адамның күнделікті өмірінде қарым-қатынастың сан алуан түрлері кездеседі. Психологиялық-педагогикалық іс-тәжірибеде мұғалімдер мен оқушылар арасындағы қарым-қатынастар төмендегідей негізгі төрт түрге бөлініп қарастырылады (31-сурет).
Вербальды қарым-қатынас – бір адамнан екінші адамға не болмаса бір топ адамдар арасындағы сөз арқылы ақпараттармен алмасу процесі. Сөз адамдарға ғана тән, аса маңызды құдіретті күш және вербальды қарым-қатынастың негізгі құралы.
Сөздік қарым-қатынас адам миының үлкен жарты шарларының жұмысымен байланысты.
Сөздік (вербальдық) қарым-қатынас арқылы ғылыми ақпараттарды бала санасына жеткізуде нақты тәжірибеден алынған мысалдар, қызықты фактілер, орынды мақал-мәтелдер тыңдаушылардың қызығушылықтарын арттырып, олардың назарын такырыпқа шегелей түседі.

Сурет-31. Педагогикалық қарым-қатыныс түрлері

Вербальды қарым-қатынас екі түрге бөлінеді: аксиалды және ретиалды.


Аксиалды қарым-қатынас – ақпаратты бір адамнан екінші бір адамға жеткізу процесі (мұғалім және жеке бір оқушы арасындағы қарым-қатынас).
Ретиалды қарым-қатынас – ақпаратты бір адамнан бір топ адамға жеткізу процесі (мұғалім және сынып оқушылары арасындағы қарым-қатынас).
Вербальсыз қатынас – мимика, ым-ишара, пантомимика арқылы сөзсіз қарым қатынас.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет