Сурет-33. Мұғалімнің кәсіби мәдениеті
Басшының этикасы, жалпы адами адамгершілік талаптармен негізгі басқарушылық қағидаттарды (кəсіптік) біріктірудің қажеттілігінен тұрады. Бұл, сондай-ақ, басқарушының адамдар, тұлға жəне топ пен ұжымның, ұжымдар арасындағы өзара қарым-қатынастың мəнісін жəне негізгі нормаларын білуді көздейді. Қызметтік этика, басқарушылық қызметтерді іске асыру процесіндегі адамдардың өзара қарым-қатынастарына тікелей қатысы бар тəртіп нормаларына көңіл бөледі. Осылайша, қызметтік этика басшыға оған қол астындағы адамдармен қатынаста əділ, талапшыл, сонымен қатар, шыдамды, əдепті, ұжымда қолайлы моральдық-психологиялық ахуал құру жөнінде қамқорлық көрсетуді ұсынады.
Лекция № 13. Педагогикалық қарым-қатынас және басқару этикасы
Жоспары:
1. Педагогикалық менеджмент субъектілерінің өзара әрекеттесу стильдері (өктемшіл, демократиялық, либералдық стильдер).
2.Басқару этикасы. Эмпатия. Кері байланыс.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1) Бузаубакова К.Д. Білім берудегі менеджмент. Оқулық . -Тараз: ИП «Бейсенбекова А.Ж.», 2020. -383 б.2.Т.В.Паньшина, Ж.Ж.Айтпаева Педагогикалық менеджмент Алматы, 2012
2) Бузаубакова К.Д. Білім берудегі менеджмент: Тест тапсырмалары, кейстер. Оқу құралы . -Тараз: ИП «Бейсенбекова А.Ж.», 2020. -87 б.
3) Бузаубакова К.Д., Ахметова А.Н. Педагогикалық менеджмент және қазіргі мектепті басқару. Оқу құралы. -Тараз: ТарМПИ, 2015. - 156 б.
4) Баймолдаев Т.М. Мектепішілік басқаруды ұйымдастыру құрылымы.- Алматы, 2005.-145 б.
5) А.Қ.Дүйсенбаев Педагогикалық менеджмент:- Алматы: Отан ЖҚ., 2015.-187 б.
1. Педагогикалық менеджмент субъектілерінің өзара әрекеттесу стильдері (өктемшіл, демократиялық, либералдық стильдер).
Басшылық стиль – бұл басшының өзінің қарамағындағылармен қарым-қатынас жасау әрекеті. Жалпы басшылық стилінің 3 түрін бөліп қарастыруға болады: авторитарлық; либералдық; демократиялық (жариялылық).
Достарыңызбен бөлісу: |