Ықпалдастық (интегративтік) құзырлық – тез өзгеретін сыртқы орта жағдайында білім, білік, дағдыны ықпалдастыра алу қабілеті.
Менеджердің ықпалдастық құзырлығы төмендегілерді білдіреді:
менеджердің басқару процесінің табиғатын түсінуі, негізгі ұйымдастыру құрылымдарын білуі, басқару деңгейлері бойынша жауапкершілікті сезіне білуі және міндеттерді нақты көре алуы, басқару тиімділігін арттыру қабілеті;
басқаруға қажетті ақпараттық технология мен қатынас құралдарын білуі;
мекеменің іс-әрекетін бағалай алу қабілеті, дұрыс шешім қабылдай алуөз біліктілігін көтеруге талпынысы.
3. Педагогикалық қарым-қатынас мәдениеті. Жалпы этикалық принциптері және сипаты Жалпы мәдениет – адамдардың іс-әрекетінің моральдық, сапалық жиынтығы. Педагогикалық мәдениет – жалпы адамзаттық мәдениеттің бір бөлігі, онда рухани және материалдық құндылықтар, адамзаттың шығармашылық педагогикалық әрекетінің тәсілдері сақталған.
Педагогикалық мәдениеттің басты құндылықтары:бала тұлғасы;жеке тұлғаның дамуы;бала тәрбиесі;баланың әлеуметтік қорғалуы;баланың құқығы мен абыройын қолдау (32-сурет).
Педагогикалық мәдениеттің компоненттері: ізгілікті педагогикалық көзқарас; педагогтың тұлғалық қасиеттері; мұғалімнің теориялық білімі мен шығармашылық ойлауы; кәсіби іс-әрекет мәдениеті; шығармашылық әрекет тәжірибесі.
Басқаруды ұйымдастыру формалары əрқилы құрылым жəне бағыттарда болуы мүмкін: нұсқау-əдістемелік, теориялық семинар, оқушылар ұжымының отырыстары, педагогикалық кеңестер, əдістемелік бірлестіктер, педагогикалық конференциялар, педагогикалық оқулар, ата-аналарды педагогикалық жаппай сауаттандыру және т.б. Сонымен, мектепті басқаруды ұйымдастырудағы маңызды жағдай – педагогикалық басқару жүйесінің қалыпты күйге келіп, əрекетшілдік жағдайында болуы жəне оны іске асыру жолдарын əрбір басшының жіті білуі.