Лекция №1. Менеджмент басқару туралы ғылым Жоспары



бет77/92
Дата05.04.2023
өлшемі0,75 Mb.
#79593
түріЛекция
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   92
Байланысты:
2 . Лекция тезистері

Вербальды қарым-қатынас – бір адамнан екінші адамға не болмаса бір топ адамдар арасындағы сөз арқылы ақпараттармен алмасу процесі. Сөз адамдарға ғана тән, аса маңызды құдіретті күш және вербальды қарым-қатынастың негізгі құралы.
Сөздік қарым-қатынас адам миының үлкен жарты шарларының жұмысымен байланысты.
Сөздік (вербальдық) қарым-қатынас арқылы ғылыми ақпараттарды бала санасына жеткізуде нақты тәжірибеден алынған мысалдар, қызықты фактілер, орынды мақал-мәтелдер тыңдаушылардың қызығушылықтарын арттырып, олардың назарын такырыпқа шегелей түседі.



Сурет-31. Педагогикалық қарым-қатыныс түрлері


Вербальды қарым-қатынас екі түрге бөлінеді: аксиалды және ретиалды.
Аксиалды қарым-қатынас – ақпаратты бір адамнан екінші бір адамға жеткізу процесі (мұғалім және жеке бір оқушы арасындағы қарым-қатынас).
Ретиалды қарым-қатынас – ақпаратты бір адамнан бір топ адамға жеткізу процесі (мұғалім және сынып оқушылары арасындағы қарым-қатынас).
Вербальсыз қатынас – мимика, ым-ишара, пантомимика арқылы сөзсіз қарым қатынас.
Мимика – адам бетінің бұлшық еттерінің қимыл-қозғалыстары арқылы оның психикалық жағдайының, сезімдерінің, көңіл-күйінің көрінісі.
Ым-ишара (жест) – қарым-қатынас барысында адамның психикалық көңіл-күйіне байланысты қолдарының белсенді қимыл-қозғалыстары.
Пантомимика қарым-қатынаста адамның қолының, денесінің, аяқтарының кимылдарының қатысуы.
Вербальды қарым-қатынасқа қарағанда вербальсыз қарым-қатынастан көбірек ақпараттар алуға болады. Өмірде естуге қарағанда адам көру арқылы көбірек ақпарат алады екен.
Сөйлеу барысында адамның мимикасы, іс-қимылдары да қатысып тұратыны белгілі. Қарым-қатынас барысында адамның бет-әлпеті, әсіресе көзі көп ақпарат береді. Көзі арқылы да адамның қандай көңіл-күйде екенін түсінуге болады.


2. Басқарушылық қарым-қатынас, оның түрлері, технологиясы, ерекшеліктері
Педагогикалық менеджмент негізінде басқарылған ұжым төмендегідей параметрлерді жетілдіреді:

  • басқаруды орталықтандыру мен орталықсыздандыруды тиімді үйлестіру;

  • ұжымның барлық мүшесін педагогикалық процесті басқаруға қатыстыру;

  • ұжымдағы психологиялық ахуалды жақсарту;

  • басқару шешімін қабылдау тиімділігін арттыру;

  • ұжымдағы жанжалды дұрыс шешуге бағыттылық;

  • ұжымның интеллектуалдық және әлеуметтік әлеуетін көтеру.

Ең соңында жоғарыда көрсетілген параметрлер оқу-тәрбие процесінің тиімділігін анықтайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет