Лекция №1 Тақырыбы: Кіріспе Типтік оқу бағдарламасынан көшірме



бет14/62
Дата23.11.2022
өлшемі182,76 Kb.
#52011
түріЛекция
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   62
Дәріс сабағы. Мұғалімнің материалды баяндауынан, түсіндіруінен тұрады. Сыныпқа жетекші, қорытындылаушы сауалдар қоя отырып, мұғалім оқу материалдарының негізгі тұстарын жаздыртады.Лекциялық сабақтардың мынадай түрлері бар:
а) шолу түрлеріндегі лекция;
ә) монографиялық лекциялар;
б) әдеби-терминдегі лекция (өте сирек кездесетін түрі).
Машықтандыру (семинар) сабағы. Бұл сабақтың бірнеше ерекшелігі бар:
а) оқушылар белгілі бір тақырып бойынша өз бетімен дайындалады;
ә) оқушы сол тақырып бойынша хабарлама жасайды;
б) тыңдалған материалды талдайды;
в) талқыланған мәселені мұғалім қорытады. Сабақтың мұндай түрі оқушылардың өзара ұқсас тақырыптарды қалай қабылдағанын тексеруге мүмкіндік береді. Мұғалім оқушыларға алдын ала тапсырма беріп, тиісті әдебиеттерді көрсетеді.
Диспут сабағы. Мұғалімнің сабаңты пікірталасқа құруы оқушы белсенділігін арттырып, пәнге деген қызығушылығын өсіреді. Мұндай сабаққа мұғалім балама жауаптары болатын сұрақтар ойластыру керек. Сонда оқушылар әр түрлі пікірлер айтып, керекті дәлелдерін табады.
Сайыс сабағы. Бұл ортаңғы сыныптарда өткізуге қолайлы сабақ. Оқушылардың белгілі бір тақырып бойынша білімдерін сарапқа сала отырып, шапшаң, мүдірмей жауап таба білуі, езінің пөнге деген ықыласын жан-жақты білдіре алуы, сыныптас оқушылардан ерекшелігін таныта алуы көзделеді.
Көрнекілік сабағы. Оқытушының пәнді үйретуде қосымша материалдарды, көрнекілікті тиімді қолдана алуы сабақты түрлендіре түсуге септігін тигізеді. Мысалы, белгілі бір тақырыпты аяқтаған соң, дағдылы жазба жұмысы, қайталау сабақтарының орнына сынып ішіне сол қаламгердің шығармашылығына байланысты мәлімет беретін көрнекілік түрлерін іліп, еске түсіру, қорыту мақсатындағы сабақты ұйымдастыруға болады. Көрнекілік негізінен ақын жазушының шығармашылық өмірбаянын ретімен қамтып, суретті, иллюстративті, фильм материалдарын, үнтаспа, басқа да көру, есту құралдарынан тұрады. Оқушы тек мұғалімнің басшылығымен, әр көрнекілікке байланысты өтілген тақырыптарды пысықтайды, жеке тапсырма, ауызша және жазбаша жұмыс түрлерін орындайды. Әрине, қай сабақтың түрі болсын негізгі мақсаты оқушыларға білім дағдыларын беру, жаңа ақпаратпен қамтамасыз ету. Ең бастысы оқушыларға түсінікті, айқын білім мазмұны берілу керек.
Әңгіме сабағы. Бүл сабақты жаңа материалды түсіндіргенде де, өткен материалды қайталауда да жүргізуге болады. Әрине, бұл қалыпты сабақтың түрін ығыстыру деген емес. Әңгіменің көмегімен мүғалім неғұрлым маңызды сұрақтарды айқындап, оқушылардың ой белсенділігін жоғарылатады. Мұндағы әңгіменің ди-дактикалық мәні түрліше. Ол оқушының материалды қалай меңгергенін білуге ғана көмектеспейді. Сонымен қатар, олардың білімін жүйелеуге, жаңа ақпаратты мең-геруге де көмектеседі. Әңгіме жүргізуде қойылатын сұрақтар оқушыларға түсінікті әрі нақты болу керек. Оның бір бөлігі оқушылардың есте сақтауын, қабылдауын, өткен материалды қаншалықты түсініп, меңгергенін білуге құрылса, екінші бөлігі жаңадан игеріп жатқан материалды қаншалықты түсінгенін білуге бағытталады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет