Лекция №1 Тақырыбы: Кіріспе Типтік оқу бағдарламасынан көшірме



бет11/62
Дата23.11.2022
өлшемі182,76 Kb.
#52011
түріЛекция
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   62
Байланысты:
elektronn i konspekt lektsii

Лекция мақсаты:Әдебиет сабағында оқушылардың ауызша және жазбаша тілін дамыту жолдарының мәні мен маңызын көрсету.


Лекция мәтіні (қысқаша):
Оқушылардың ауызша тілін, сөйлеу мәдениетін, шеберлігін арттырудапікірталас, айтыс сабақтары, баспасөз конференциялары, брифинг, көзқарас сабақтарының маңызы ерекше.Ал, жазбаша тіл дамытуда реферат қорғау, конференция, семинар-сабақтарының орны ерекше.Мысалы, 8 сыныпта М.Әуезовтың «Қараш-Қараш оқиғасын» оқып болған соң, қорытынды ретінде «Билер соты» сабағын өткізуге болады. Сот бас қылмыстылар- Сәлмен мен Жарасбайға жүргізіледі. Ақтаушы, айыптаушы, куәлер, билер, төбе билер сайланады. Олардың сөздері мақал-мәтелдерге, термелеп айтатын сөздерге құрылады. Сондай-ақ, кімнің сөзі болса да, шығармадан алынады, соны негіз етеді.Мысалы, куә Бақтығұл:
«Қайран, тектім-ай, алпамсадай арысым едің...Кескен теректей құладың ғой, қу жоқшылық бір құлатты, кегің кетті, соққы мазағына ұшыратты, дертке шалдықтыртты, керек десе лақ құрлы қалжа да бермеді ғой. Жылқының шетінде інім Тектіғұл өтті, әйелім Қатила саралаетек күң болып, отыңмен кіріп, күліңмен шықты..»
Мұндағы оқушыға таныс емес қалжа, саралаетек,күң деген сөздерге түсінік беруге болады. Ізденгіш мұғалім тіл дамытуды оқушыға жеңіл, қызықты әдіс-тәсілдермен өткізеді.Тіл дамыту жұмыстары көбіне мәтінмен жұмыс түрінде жүргізіледі. Сабақ барысында меңгерілмей қалған кейбір мәселелерді осы сәтте талддауға болады. Мысалы, майлы бояумен салынған көркем суретті көрнекілік ретінде қолданып, күз туралы өлеңмен салыстыра сабақ жүргізуге болады. Бұл сабақ- сабақ-гармония деп аталады. Мұғалім күз суреті бойынша оқушыларға бірнеше тапсырмалар берді:
а) Сурет бойынша күз көріністеріне суреттеме беру.Мына сөздерді пайдалану: алтындай жарқырап, сары нұрға бөленіп.
ә) Сурет пен өлеңді салыстыру.
б) Сурет бояуы мен өлеңдегі көркемдегіш, бейнелі сөздердің ұқсастығы бар ма?
Осы сабақ арқылы оқушылардың тіл байлығын дамытуға болады. Олар дың әрқайсысы өз ойларын көркемдеп жеткізуге тырысады. Ақын суреттеген күз бейнесінен де өзгеше теңеулер табуға тырысады.
Ал, І.Жансүгіровтың «Күй», «Күйші» поэмаларын өткенде музыка пәнінің мұғалімімен бірлесіп, тіл дамыту жүргізу тиімді. Поэмада аты атлып, сөзбен кестеленген күйлерді күйтабақтан тыңдап, әрі ақын суреттемесін оқып, мынадай жұмыстар жүргізуге болады:

  • Осы күйден не ұқтың, қандай әсер алдың?

Сол туралы шағын пікір-толғау айт немесе шағын эссе жаз.

  • Ілияс музыка тілін көркем сөзбен жеткізе білген бе?

Ойыңды поэмадан үзінді алып, дәлелде.

  • Поэмадан күйді сипаттайтын образды, көркем сөздерді тауып,олардың күй тілін жеткізудегі орны, маңызы туралы қысқаша тұжырымда.

Тіл дамыту жұмыстарын сондай-ақ биология, тарих сабақтармен байланыстырып жүргізуге болады.
Мектепте ең көп тараған, тәжірибеде жиі пайдаланылатын жазба жұмыстарының, ішінде күрделісі де шығарма жұмыстары болып табылады. Шығарма жұмыстарының ең басты мақсаттары мыналар:

  1. Бала білімін бақылау, білім деңгейін тексеру.

2. Жазбаша көркем тілін дамыту, теориялық білімдерін практикалық жұмыстарда пайдалана білу.
3. Ойдау еңбегіне өз беттерімен іздендіру, өз пікірлерін салыстыру, қортынды жасай білуге дағдыландыру.
4.Оқушылардың қабілеті, дарындарына әсер ету, шығармашылық жұмыстарға баулу.
Шығармаға қойылатын негізгі талаптарды «Жазба жұмыстарына байланысты нұсқаулар» деген атпен жазып қоюдың тиімділігі зор.
Үлгіні басшылыққа алу, қате жібермей жазуға талаптандыру.5-6 сыныптарда шағын шығарма-суреттеме, шығарма-сипаттама, шығарма- кескіндеме, шығарма- мүсіндеме, шығарма- бейнелеме жаздыруға болады. 5-7 сыныптарда өздері оқып жатқан көркем туындылардың жанрына байланысты жазуына болады. Біріншіден бұндай шығармалар балардың дүниетанымын, білімін кеңейтеді, екіншіден қабілеті, дарынына әсер етеді.Үшіншіден, көркем тілін дамытады. 5-6 сыныптарда образға немесе поэтикалық тілге, себебі, олардың әдеби туындыларды талдауды талап ететін шығармаларға шамасы келмейді. Оларға талдаудан гөрі әсерін білдіретін тақырыптар беру тиімді болмақ.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет