Лекция №1 Тақырыбы: Кіріспе Типтік оқу бағдарламасынан көшірме



бет8/62
Дата23.11.2022
өлшемі182,76 Kb.
#52011
түріЛекция
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   62
Бақылау сұрақтары:
1. 30-жылдарда әдебиет пәнінің алғашқы бағдарламалары мен оқулықтарын жасаудағы М.Әуезов, С.Сейфуллин, С.Мұқанов, Қ.Жұмалиев. М.Ғабдуллин т.б. еңбегі.
2. Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің ғылыми пән ретінде дамытуда С.Жиенбаев, Ш.Кәрібаев, Ә.Қоңыратбаев, А.Көшімбаевтың алатын орны.
3. Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдардағы әдебиетті оқыту әдістемесінің даму ерекшеліктері.


Әдебиеттер тізімі:
Негізгі:
1. Көшімбаев Ә. Қазақ әдебиетін оқыту методикасы. А., 1969
2. Бітібаева Қ. Әдебиетті оқыту әдістемесі. А., 1997
3. Әріпова Б. Әдебиетті оқыту әдістемесінің тарихы. А., 2001
4.Байтанасова Қ.,Айтуғанова Ш. Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі. А.,2008
Қосымша:

  1. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы № 1118 қаулысымен бекітілген). www.akorda.kz.

  2. Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012 - 2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 маусымдағы № 832 қаулысымен бекітілген). www.akorda.kz.

  3. Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысы. www.akorda.kz.



ЛЕКЦИЯ № 5
Тақырыбы: Жалпы білім беретін мектептегі әдебиет курсының мазмұны мен құрылысы
Типтік оқу бағдарламасынан көшірме:
Жалпы білім беретін мектептегі әдебиет курсының мазмұны мен құрылысы.
Әдебиет оқу пәні ретінде халықтың көркем тарихын оқып-үйрену арқылы оқушылардың рухани қалыптасып, дамуын көздейтіндігі. Мектептік әдебиет курсының көркемөнердің өмірмен байланысы, өнердегі түр мен мазмұн бірлігі, өнердің тарихилығы, халықтығы турасындағы теориялық және методологиялық принциптерге негізделетіндігі.
Әдебиет пәні бағдарламасының мемлекеттік құжат ретіндегі қызметі. Оның әдебиеттану, педагогикалық психология, оқыту әдістемеі, т.б. ғылымдардың методологиялық принциптеріне сүйене отырып жасалатындығы. Көркем шығарманы сыныпта, сыныптан тыс уақыттарда оқып-үйрену мәселері, окушының білім-білік дагдыларына қойылатын талаптар, т.б. жөніндегі нұскаулары, әдістемелік аппараты. Ерекше жағдайларда мұғалімнің бағдарламаны шығармашылықпен жетілдіріп пайдалана алатыны. Бастауыш (І-ІҮ), базалық білім (Ү-ЕХ) сыныптарында берілетін әдеби білім көлемі, өтілу принциптері мен мақсаты Х-ХІ сыныптарындағы тарихи-әдебиетті курстың ғылыми негіздері. мақсаты, әдістемелік кұрылымы. Базалық білім беруберу және тарихи-әдеби курстар негізіндегі әдеби білім берудің дамыта окыту (сатылай, сұрыптай окыту), көрнекілік, саналылык пен белсенділік, жүйелілік пен бірізділік, т.б. принциптері. Ерекшелігі. Әдебиет пәні бағдарламаларын мемлекеттікбілім стандарты талаптарына сай жетілдіру, білім мазмұнын жаңарту бағытындағы соңғы кездегі әдіскер ғалымдардын ізденістері. V-IX сыныптар курсы. Бұл сыныптардағы оқушылардын психологиялык ерекшеліктері. Жас ерекшеліктері мен өмірлік, окырмандық тәжірибе өлшемдерінің оқушының әдеби-эстетикалык түсінігін айқындауға тікелей қатыстылығы. Орталау сынып оқушыларының жас ерекшелігіне қатысты мәселелердің бағдарламада ескерілу қажеттігі. Осыған орай Ү-ІХ сыныптарға арналған әдебиет пәні бағдарламасының сатының бұрандалы (ступенчато­спиральный) принципке негізделгендігі.V сыныпта әдебиеттік оқудың бастауыш оқумен сабақтастығы.V-IX сыныптардағы базалық білім курсы. Базалық білімнің екі сатыда өтетіні: V-VII сыныптардағы әдеби оқу, оның негізгі мақсат-міндеттері, жанрлық-хронологиялық принциптері. VIII-IX сыныптағы әдеби білімнің әдеби-тарихи негіздегі бастауыш курс болып белгілену шарттары. Тарихи-хронологиялық принциптері.Оқу аймағына кіретін әдеби материалдардың мазмұны. Көркем шығарманы окып-үйренуде оның идеялық-көркемдік ерекшелігіне баса назар аударылатыны. Пәнаралық байланыс. Оның әдеби білім беру үдерісіндегі шешуші рөлі.
Оқушының ауызша және жазбаша тілін дамытуға байланысты жұмыс түрлерінің маңызы.
Х-ХІ сыныптар курсы. Тарихи-әдебиеттік курсты окытуда Х-ХІ сьшып оқушыларының жас ерекшелігін ескеру кажеттігі. Жоғары сыныптардағы (X- XI) тарихи-әдебиетгік курстың базалық білім курсымен (V-IX) тығыз сабақтастығы. Әдебиеттің тарихи курсының аталған сыныптарда кезең- кезеңімен белгілі-бір хронологиялық жүйеде оқытылатыны. Базалык білім курсынан тарихи-әдебиеттік курсқа өту үдерісінде әдеби білім көлемінің бірте-бірте ұлғая, күрделілене түсетіндігі. Ақын-жазушының өмірі мен шығармашылығы және нақты шығармасы идеялык-көркемдік ерекшеліктеріне сай сараланып, жан-жакты талданатыны.
Х-ХІ сыныптардағы әдеби материалдардың шолу және монографиялык формада болуының негізгі себептері. Жоғары сыныптарда әдебиетгі оқытуда әдебиеттану ғылымының жетістіктерін пайдаланудың тиімді жақтары.
Шетел және туыстас халықтар әдебиетін оқыту ерекшеліктері.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет