Бактериялардың қоректенуі. Бактерияларды қоректену түрлеріне қарай автотрофты және гетеретрофты деп негізгі екі топқа бөлуге болады.
Автотрофты қоректенетін бактериялар көп болмайды, олар органикалық емес заттарды синтездеуіне қарай фототрофты және хемотрофты болып бөлінеді. Фототрофты – бактерияның ішіндегі ең маңыздысы пурпур бактериясы. Мұндай бактериялар жасыл өсімдіктер сияқты тіршілігіне жарықтың энергиясын пайдаланып, ауадағы көмірқышқыл газын өзіне сіңіреді де, ауаға бос оттегін бөліп шығарады. Сөйтіп өзіне керекті көміртегін ауаның құрамындағы көмір қышқыл газынан алады. Алайда, бактерияларда фотосинтез процесі жасыл өсімдіктерге қарағанда басқаша жүреді. Хемотрофты бактерияларға лептотрикс (темір бактериясы), беггиота (күкірт бактериясы) жатады. Олар ауадағы көмір қышқыл газынан көміртегін сіңіру үшін күрделі органикалық заттардың ыдырауының нәтижесінде және органикалық емес заттарды тотықтырғанда босайтын химиялық энергияны пайдаланады.
Гетеретрофты қоректенетін бактериялар өте көп. Олар паразиттік не сапрофиттік тіршілік етеді. Паразиттері адамның, жануарлардың және өсімдіктердің денесінде тіршілік етеді және оларға түрлі жұқпалы ауруларды таратады. Жалпы бактерияларда паразитизм өте кең таралған. Тіптен бактериялардың басқа түрлерінде паразит ретінде өмір сүретіндері де кездеседі. Адамға жұқпалы ауырулар тарататын бактерияларға обаны (чуманы), туберкулезді, холераны, дизентерияны,дифтерияны, менингитті және басқаларды қоздыратын бактериялар жатады. Ұсақ бірклеткалы организмдерді ұстап алатын жыртқыш бактерияларда болады. Ал сапрофиттері өлі органикалық заттардың қалдықтарында мекендеп, олармен қоректенеді (жануарлардың өлекселерінде, өсімдіктердің қалдықтарында). Гетереетрофты бактериялар биологиялық синтезге энергияны органикалық байланыстарды (углеводты және басқаларды) тотықтандыру арқылы алады. Бұл процесс оттегінің қатысуымен (тыныс алу) немесе анаэробты жағдайда жүреді. Жалпы бактериялар қанша майда болғанымен өте обыр организмдер. Бактериялар, кейбір деректер бойынша тәулігіне өз салмағынан 20-30 есе артық қорытады.