Бактериялардың тыныс алуы. Тыныс алу ерекше-ліктеріне қарай бактерияларды аэробты және анаэробты деп бөледі. Көпшілік бактериялар аэробты организмдер, олар оттегі бар жерде өсіпжетіледі. Анаэробты бактериялар оттегі жоқ ортада өмір сүреді және олардың көпшілігі паразиттік тіршілік етеді. Бұлардан басқа факультативті анаэробтар болады, олар оттегі бар жерлерде де, оттегі жоқ жерлерде де тіршілік етуге ейімделген болып келеді. Сонымен бактериялар әртүрлі экологиялық орталарда кездеседі. Бірақ ол орталар бір бактериялар үшін қолайлы болғанымен, екінші біреулеріне қолайсыз болып келеді.
Бактерияның көбеюі.Бактериялар үш түрлі жолмен көбейеді: вегетативтік, жыныссыз және жынысты. Вегетативтік көбею бактерияларда клетканың жай екіге бөлінуі арқылы әрбір 20-30 минут сайын қайталап жүріп отырады. Бұл процесс әдетте бактерияның хромосомы (ДНҚ-ның сақина тәрізді молекуласы) екі есе артқан жағдайда жүреді. Бактериялардың ағзадан түрлері бүршітену арқылы да көбейеді. Жыныссыз көбеюі спора түзу арқылы жүзеге асады. Көптеген бактериялар қолайсыз жағдайда ДНҚ-ның молекуласының айналасында цитоплазманың тығыздалуының нәтижесінде қалың қабықпен қапталған эндогендік спора түзеді. Бактерияның споралары өте төзімді келеді және ұзақ уақыттар бойы тіршілігін жоғалтпайды (20-30 жыл бойы, кейде одан да көп жыл). Бактерияларда жақын уақыттарға дейін жыныстық көбею белгісіз болып келді. Тек соңғы кездері жүргізілген зерттеулердің негізінде бактерияларда жыныстық процестің болатындығы анықталды. Ол екі клетканың бір-бірімен тікелей түйісуінің нәтижесінде жүреді. Мұндай клеткалардың бірінен (аталықтың қызметін атқаратын, донар клеткасынан) арнайы өсіңді (көпірше) пайда болады,и ол арқылы аталық клетканың материалы (ДНҚ), рецепиент-клеткасына (аналықтың қызметін атқаратын клеткаға) өтіп құйылады. Мұны капуляциялық процесс деп атайды. Бактерияларда ұрпақтық материалдың берілуінің басқада жолдары белгілі. Ол трансформация және трансдукция. Оның біріншісі, бір культураның зақымдалған клеткасынан алынған ДНҚ-ны екінші бір бактерияның тірі культурасына құю арқылы жүзеге асырылады. Сонымен трансформация прцесінде екі клетканың бір- бірімен тікелей түйісуі міндетті емес. Трансформация бактерияның тек жақын түрлерінің арасында ғана жүретін процесс. Ал, трансдукция бір культураның генетикалық материалының екінші бір культураға актериофагтардың көмегімен құйылуы арқылы жүзеге асырылатын процесс.