Хамесифондылар (CHAMAESIPHONOPHYCEAE) класы. Бұл класқа клеткасы апикальды – жоғарғы және базальды – төменгі бөлімдері болып дифференцияланған қабаттан құралған бір клеткалы, қауымды және жіптесінді формалар жатады. Жіптесінді формалары қалың қабатты клеткалардан құралған және олар бүйірлері арқылы бір-бірімен тығыз жабысып өсіп, жалған паренхима түзеді. Клеткалары шар, сопақ, алмұрт, цилиндр, шоқпар пішіндес келеді. Кейде клетка түссіз түске айналады. Экзо – және эндоспоралар арқылы жыныссыз көбейеді. Экзоспора түзуші клетка протоплазмасының базипетальды бағытта бөлшектенуіне байланысты жоғарғы жағындағы тесіктен ширатылып споралар түрінде шығып қалып отырады. Мұндай көбею тұщы суларда көптеп кездесетін Хамесифон – Chamaesiphon жатады. Эндоспоралар аналық клетка протопластасының үш бағытта бөліну нәтижесінде 4 не бірнешеу болып түзіледі. Олар аналық клетканың жоғарғы жағының жыртылуы не кілегейленуі арқылы босайды. Мұндай тәсілмен көбею тұщы және теңіз суларында кездесетін Дермокарпада (Dermocarpa) байқалады. Оның клеткалары көпшілік уақытта топтасып өсетін шар не жұмыртқа пішінді келеді. Эндоспоралар жіптесінді формаларда да түзіледі. Endonema туысына бір клеткалы, жіптесінді, қауымды организмдер жетеді. Клеткалары бірқатар орналасқан, кілегейлі қоршауы болмайды.
Плеврокапса - Pleurocapsa туысы қабатты, төселіп жататын қабықты келеді. Ол тік өскен бір- бірімен бүйірлері арқылы тығыз жабысып өсетін жіпшелерден құралады. Жіпшелері бір не көп қатарлы, тармақталған не тармақталмаған. Клетканың қисық бөлінуіне және дұрыс өспеуіне байланысты жіптесінді құрылымдылығы байқалмайды. Клеткалар жиі 4-8- ден топталып өседі.
Хроококкопсис – Chroococcopsis туысының клеткалары сопақтау пішінді жиі жеке- жеке орналасады. Клетка қабықшалары жиі қалың қабаттылы келеді. Кейде клеткалар бір бірімен тығыз өседі де, клеткалар жиынтығын құрайды, бірде жіптесінді пішінге айналады. Тұщы сулардағы төсемікке бекініп тіршілік етеді.
Хамесифон – Chamaesiphon туысы бір клеткалы, дифференцияланған қысқа кілегейлі қабықшалар арқылы бекініп тіршілік ететін организм. Жас клеткалары шар пішінді, кейіннен сопақ, алмұрт, цилиндр, түйреуіш формалы болып келеді. Клетканың жоғары жағынан экзоспоралар құрылу арқылы көбейеді. Экзоспоралар біреулерінде түсіп қалып отырса, екінші біреулерінде жалған қынаптың жиегіне бекініп, клетка береді де, әр түрлі формалы кілегейлі қауымға айналады. Тұщы суларда кездеседі.
Дермокарпа – Dermocarpa туысының клеткалкры көпшілік уақыттарда топтасып өсетін шар тәрізді не жұмыртқа пішіндес. Клеткаларының үш жақты бөлінуінің нәтижесінде эндоспоралар құру арқылы жыныссыз көбейеді.
Тіршілік жағдайының өзгерісіне байланысты бұл кластың өкілдерінің клетка пішіндері, түсі, споралардың саны өзгеріп отырады.