Лекция №1 Тақырыбы: Кіріспе. Төменгі сатыдағы өсімдіктер


Бактериялардың табиғатттағы және адам өміріндегі маңызы



бет5/51
Дата08.06.2023
өлшемі0,97 Mb.
#99694
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51
Байланысты:
Лекция Өсім. сист.-сабаққа

Бактериялардың табиғатттағы және адам өміріндегі маңызы. Бактериялар табиғатта заттар айналымына қатысады. Олар органикалық күрделі заттарды минералды (өте жай) заттарға айналдырып, өсімдіктің пайдалануына жарамды етеді. Бактериялар болмаса жер бетін аз уақыттың ішінде жануарлардың өлекселерімен өсімдіктердің қалдықтары жауып кеткен болар еді. Түптеп келгенде, оның өзі неше түрлі жұқпалы ауырулардың көбеюінен жер бетіндегі тіршіліктің жойылып кетуіне әкеліп соққан болар еді. Бактериялардың көмегімен органикалық заттардыңыдырауын шіру деп атайды. Шіру процесі барлық жерлерде жүреді, және шіру кезінде көмір қышқыл газы, көптеген иісті газдар (индол, күкіртті сутегі, метан және т.б) бөлініп шығады. Шіру процесі табиғаттағы азот айналымында ерекше орын алады және аэробты жағдайда жүреді. Топырақтың шіріткіш бактериялары жерді жануарладың өлекселерінен және өсімдіктердің, басқа органикалық заттардың қалдықтарынан тазартады, олардың ыдыраған заттарын жалпы заттар айналымына қатыстырады. Шіри бастаған заттарда бактериялардың жаппай пайда болуы, олардың көбеюіне қолайлы жағдай туғандықтан болады, бұл жағдайда бактериялардың спорасы айналаны қоршап тұрған ортадан шіри бастаған денеге түседі. Ауыл шаруашылығында бактериялардың, әсіресе топырақ бактериясының маңызы ересен зор. Топырақтың құнарлылығы осы бактериялардың іс-әрекетіне (тіршілік қызметіне) тікелей байланысты. Мысалы, (Rhizobium) түйнек бактериясы бұршақ тұқымдас өсімдіктердің тамырларында түйнек түзеді. Azotobacter сияқты Rhizobium ауадағы бос азотты бойына сіңіріп, оны топырақтағы минералды азотқа айналдырады. Мұндай жержің топырағы әдетте құнарлы келеді. Сол себепті бұршақ тұқымдас өсімдіктерді ауыспалы егіске кеңінен пайдаланады. Кейінгі кездерде геолгиялық барлау жұмыстарында бактерияларды пайдаланады. Мысалы, темір бактерияларының тіршілігінің нәтижесінде, рудалы жер қабаттары пайда болған. Күкірт бактериялары тіршілігінің әрекетінен Қара теңізде, Каспий және Азов теңіздерінде әр түрлі органикалық заттардың шіруінен балшықты қоспалар түзілген. Оның суының қол-аяқ ауруларын емдейтін шипалық қасиеті бар. Қысқасы бактериялар болмаса жер бетіндегі тіршілік дәл қазіргі деңгейгекөтеріле алмаған болар еді. Бәлкім микроорганизмдер болмаса жерде құралмаған болуы мүмкін. Бұлардан басқада бактериялардың адам өмірінде пайдалы жақтары көп. Мысалы, бактериялардың көпшілігі ферменттердің көмегімен органикалық заттарды анағұрлым қарапайым қосылыстарға ыдыратады. Азотсыз қосылыстардың бактериялар арқылы айырылуы немесе ыдырауы ашу деп аталынады. Ашудың бірнеше түрі бар: сүт қышқылды ашу; май қышқылды ашу; сірке қышқылды ашу және т.б. Осылардың ішінде сүт қышқылды бактерияны алсақ, ол сүттен әртүрлі тағамдар жасауға пайдаланылады: айран ашытуға, қымыз ашытуға, сыр жасауға, ірімшік жасауға, құрт жасауға т.б. Мал азығын сүрлеуде осы сүт қышқылды бактриялардың ашу процесіне негізделген.
Алайда бактериялардың пайдалы жақтарымен бірге зиянды жақтарыда аз болмайды. Көптеген адамда және жануарларда болатын жұқпалы ауыруларды осы бактериялар туғызыды. Оларға чуманы, туберкулезді, холераны, дизентерияны, дифтерияны, менингитті және басқаларды қоздыратын бактериялар жатады. Әртүрлі тамақ өнімдерінің бұзылуы: еттің, балықтың, жұмыртқаның, колбасаның, майдың дәмінің бұзылуы,сүттің ашуы бактериялардың тіршілігімен тікелей байланысты. Мұндай бұзылды болдырмау мақсатында әртүрлі тәсілдер қолданылады: 1) төменгі температурада ( 00С төмен) мұздатып қатыру; 2) сірке қышқылымен тағамды мариноват ету; 3) тұздау; 4) вареньяға қант қосу; 5) кептіру және ыстау; 6) жоғарға температурамен әсер ету. Мысалы спора түзбейтін бактерияларды жою мақсатында, жарты сағат қайнату, немесе оларды 650С дейін қыздыру жеткілікті болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет