Лекция №1 Тақырыбы: Кіріспе. Төменгі сатыдағы өсімдіктер



бет30/51
Дата08.06.2023
өлшемі0,97 Mb.
#99694
түріЛекция
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   51
Әдебиеттер тізімі
1.Әметов Ә.Ә. Ботаника. Алматы, 2005 ж.
2.Агелеуов Е.А. және т.б. Ботаника. Өсімдіктер морфологиясы және анатомиясы, Алматы, 1998 ж.

3.Хржановский В.Г., Пономоренко С.В. Ботаника, Москва, 1982 г.

4.Хржановский В.Г. Курс общей ботаники. Москва, 1976 г.


Лекция №12


Тақырыбы: Қырықбуын тәрізділер бөлімі -EQUISETOPHYTA
Мақсаты: Студенттерге қырықбуын тәрізділердің морфологиялық құрылысы, көбею ерекшеліктері мен шаруашылықтағы маңызы, классификациясы туралы мәлімет беру.


Жоспары:
1.Қырықбуын тәрізділердің жалпы сипаттамасы
2.Тіршілік циклы
3.Қырықбуын тәрізділер класы.
Лекция мәтіні:
Қырықбуын тәрізділер бөлімінің ағаш тәрізді өкілдері түгелдей жойылып кеткен, ал казіргі кездегі флорада тек шоптесін түрлері ғана сақталған.
Құрылысы. Спорофиттің негізгі ерекшелігі сол, ол бүйірінен бұтақтанады және бүйірлік бұтақтары сабаққа топ-тасып орналасады. Буывдары мен буын аралықтары айкын көрінеді. Буын аралықтарының түп жағында қыстырма (интеркалярлық) меристема орналасады. Жапырақтары редукцияға көп ұшыраған. Олар мөлшері орташа жапырақтан бір - ғана орталық жүйкесі бар ұсақ жапырақшаға дейін кішірейген. Хлоропластарында пиреноидтары болмайды. Спорангилері спорангиофороларында - түрі өзгерген бүйірлік өркендерінде орналасады. Қырықбуын тәрізділер тең және әртүрлі споралы болып келеді. Сонымен бірге бұларда гетеротализм айқын байқалады. Ол дегеніміз мөлшері жағынан бірдей споралардан ортүрлі жынысты гаметофиттер пайда болады деген сөз. Спородермасында интиннен және экзиннен басқа, тағыда перина деп аталынатын сыртқы қабаты болады. Ол экзинге бекінген екі спираль тәрізді бүралған лентадан- элатерден тұрады. Элатерлері екі түрлі қызмет аткарады- споралардың шашылуын жоне споралардың топтасып жинақталуын қамтамасыз етеді. Бұл аталық және аналық гаметофиттердің бір жерде қатар өсуіне мүмкіндік береді.
Гаметофиттері үсақ, мөлшері мері) бірнеше миллиметрден аспайтын жасыл түсті, дара немесе қос жынысты өскіншелер. Ұрықтануы сумен байланысты болады. Ұрық тыныштық кезеңін басынан өткізбейді.
Класснфикациясы. Бұл бөлім төрт кластан тұрады: гиенилер класы (Hyeniopsida), сынажапырақтылар класы (Sphenophyllopsida), каламиттер класы (Calamitopsida), қырықбуындар класы (Equisetopsida). Алғашкы үш кластың өкілдері түгелдей жойылып кеткен өсімдіктер. Қырықбуындар класының өкілдері жер шарының екі бөлігінің де қазіргі кездегі флорасында кездеседі.
ҚЫРЫҚБУЫНДАР КЛАСЫ (ХВОЩОВЫЕ) -EQUISETOPSIDA
Қырықбуындар жер шарының Австралиядан басқа жерлерінің барлығында кездеседі. Класс бір ғана қырық-буын (Equisetum) туысынан тұрады. Түрлерінің жалпы саны
30—35 тей болады, бүрытъі одақтас республикалардың территориясынла олардың 13-ші, ал Қазақстанда 8-і кездеседі. Олар негізінон ылғалы мол жерлерде өседі. Сыртқы құрылысы жағынан қырықбуыидар өзінің ағаш тәрізді тегі каламиттерге жакын, бірақ мөлшері жағынан көп кіші. Қырықбуындардың жер беті сабағы бір жылдық тек аздаған түрлерінде ол көпжылдық, мәңгі жасыл болып келеді. Бір түрлері жем-шөптік өсімдіктер ретінде аса құнды болып келеді (бұтакты қырықбуын- Eramosissimum, теңбіл қырықбуын- E.variegatum, қыстық кырықбуын- E.hiemale). Бірақта көптеген түрлерінің эпидермисінің клеткаларының қабықшалары крем-неземнен тұратын оюлы бсзектермен (инкрустированы) қапталған. Бұл кремнеземнан тұратып оюлы безектер өсімдіктің жем-шөп ретіндегі қүндылығын көп төмендетеді (тіптен жоққа шығарады). Көптсген түрлері жайлымдар мен егіс ал-каптарынын. әсіресе қышқыл топырақтарда (дала қырықбуыны- хвощ иолевой- E.arvense) күресуге бой беруі аса қиын арам шөптер болып келеді. Кейбір түрлері үй жануарларына улы болып келеді (батпақ қырықбуыны- E.palustre, еменді орман қырықбуыны- E.nemerosum). Қырықбуындар дәрілік өсімдіктер ретінде медицинада кеңінен қолданылады. Сабақтары наждакты қағаздың орнына пайдаланылады.
Қырықбуындардың қазіргі кезде кең таралған өкілдерінің бірі дала қықырбуыны -
(Equisetum arveiise). Бұл көпжылдық. шөптесін өсімдік. Арамшөп ретінде егістікте және тыңайған жерлерде өседі. Оның 1 метр терендікке дейін топыраққа еніп жататын жер асты бөлігі- тамырсабағы болады. Тамырсабақтың кейбір қысқарған жанама тармақтары түйлскке айналады. Олардың іші крах-малдың артық қорына толы болады. Тамырсабақтың буывда-рыңда жапырақтың қынапшасы топтасып орналасады. Сонымен қатар осы буыннан төмен қарай қосалқы тамырлары кетеді. Тамырының анатомиялық қүрылысы алғашқы қалпывда сақталадьі, ал қабытыңда үлкен ауа қуыстары болады. Жер бетіндегі сабақтары екі түрлі бамды: ерте көктемде пайда болатын, спора түзетін және кейінде (жазда) паача болып, күздің соңына дейін өсуін тоқтатпайтын спора түзбейтін сабақ. Қырықбуынның басқа түрлерінің жер бетіндегі сабақтары бірдей болады. Спора түзбейтін сабақтары әдетте топтасып бұтақтанады. Олардың түсі жасыл және қырлы болып келеді, буындарында түтікке біріккен қара түсті жапырақтың қынапшалары орналасады. Олардың тіс-тіс болып иректелген үштарында ақ түсті жолагы болады. Иректелген тістері редукцияга үшыраған жапырақ тақталары болып саналады. Жапыракгарының редукцияга ұшырауына байланысты фотосинтез процесі жасыл түсті сабақта-рында жүреді. Сабақтың сыртын бір қабат этщермис жауып тұрады. Эпидермистің астыңда арқаулық (механикалық) және ассимиляциялық үлпалардың бөліктерінен тұратын қабық қабаты орналасады. Оның астыңда ішіңде үлкен-үлкен куыстары бар негізгі паренхималық қабат жатады. Алғашқы қабьіқ эндодермамен аяқталады. Орталық цилиндрдің ортасын, негізгі паренхималардан тұратын, өзек алып жатады. Өзектің клетка-лары келешегінде ьщырап қуыс түзеді. Орталық цилиндрдің шет жағында орналасқан, өткізгіш ұлпалары шоқ түзеді. Шоктары коллатералды, жабық, сондықғанда сабакта тамыр секілді екінші рет қалындау болмаңцы. Яғни сабақтың алғашкы құрылысы оның өмірінің соңына дейін сақталады. Спора түзетін сабақтары біршама жуан, түсі қоңырлау, хлорофилсіз, бұтақталмаған, биіктігі 15—30 см. дей болып келеді. Олардың да буындары 8-9 иректелген тістері бар, түтік тәрізді болып келетін қынапшаларымен (влагалищелермен) жабылып тұрады. Спора түзетін масақтары сабақтың ұштарында жетіледі. Споралары түзілгсниен кейім сабақ солып қурайды. Спорофиддері (спорангифоры) алты бұрышты қалқаншадан және оны масақтың өсіне бекітіп тұратын аяқша-дан, қалқаншаньщ астыңғы бетінің шетінде орналасқан, қалшық тәрізді спорангилерден тұрады. Спораларының үлкеңдігі бірдей болады. Элатералары спираль тәрізді бүралған ленталардан тұрады. Олардың үштары қасықтың сабы секілді жалпайған болып келеді. Топырақта спорадан хлорофилл дәңдері бар гаметофитгер жетіледі. Гаметофиттер тармақталған жақтаулары бар, физиологиялық жағынан бір-бірінен айырмашылықтары бар пластинкалар. Аталық гаметофиттеріңде антеридийлері пайда болады, ал олардың ішінде көп талшықтары бар спермотазоидтар жетіледі. Ұрықтануы сумен байланысты. Спорофитгің ұрығы тыныштық кезенін басынан өткізбейді.
Сонымен бұл түрдің морфологиялық, тең споралылығы, физиологиялық әртүрлі споралылыгымен алмасып отырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет