Лекция №1 Тақырыбы: Кіріспе. Төменгі сатыдағы өсімдіктер


Сиыр жоңыршқа туысы (вика немесе горошок- Vicia)



бет38/51
Дата08.06.2023
өлшемі0,97 Mb.
#99694
түріЛекция
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   51
Байланысты:
Лекция Өсім. сист.-сабаққа

Сиыр жоңыршқа туысы (вика немесе горошок- Vicia)
150-дей түрі бар, бұрынғы БОР-дың флорасында 84 түрі бар, ал Қазақстанда 25 түрі кездеседі. Олардың көпшілігі жем-шөп ретінде аса құнды және сапасы жоғары пішен немесе дән алу мақсатында мәдени жағдайға ендірілген. Кейбіреулeрі арам шөп ретінде егістікті бүлдіреді.
Егістік сиыржоңыршқа пішен дайындау және дән алу мақсатында өсірілетін біржылдық шөптесін өсімдік. Түкті сиыржоңыршқа біржылдық, сиректеу екіжылдық өсімдік, оны мал азығы ретінде күздік қара бидаймен бірге себеді. Табиғи жағдайда ол бұрынғы БОР-дың европалық бөлігінде Кавказдың Солтүстігінде және Орта Азияда кездеседі. БОР-дың барлық жерлерінде, арамшөп ретінде түкті сиыржоңыршқа, ал осы республикалардың европалық бөлігі мен Кавказда айылжапырақты сиыржоңыршқа өседі.
Асбұршақ туысы (горох-Pisum). Түрлерінің саны әлі кунге дейін толық дәлелденбеген. БОР дың флорасында 6-түрі келтірілген. Біржылдық және көпжылдық шөптесін өсімдіктер, сабақтары жұмсақ, мұртшалары арқылы басқа өсімдіктерге жабысып көтеріліп тұрады.


Егістік асбұршағы (горох - P. sativum). Біржылдық шөптесін өсімдік, егістік және кейбір жағдайларда бақшалық дақыл ретінде кең таралған. Бұл түрі дала абұршағына жақын, шамасы соңғы түр осы кездегі себіліп жүрген сорттарды шығарғанда алғашқы пайдаланған форма болса керек.
Беде туысы (клевер- Trifolium). Түрлерінің саны 300-дей БОР-дың флорасында 65-түрі, ал Қазақстанда 11 кездеседі. Жер бетінің барлық құрлықтарында кездесетін, оның ішінде Солтүстік ендіктің қоңыржай және субтропикалық климатты елдерінде біршама кең таралған көпжылдық және біржылдық шөптесін өсімдіктер. Сабақтары негізінен тік сиректеу жерге төселіп өседі. Жапырағы үшқұлақ, сиректеу 5-9 жапырақшадан тұрады. Гүлдерінің түсі сары, қанық қызыл және ашық қызыл болып келеді. Күлте жапырақшалары түп жағынан біріккен болып келеді. Жемісі 1-3 дәнді қақырайтын боб, әдетте екі ерінді немесе қоңырау тәрізді тостағаншаға еніп тұрады.
Қызылбас беде (клевер луговой - T.pratense). Биіктігі 30-50 см болатын көпжылдық шөптесін өсімдік, мамыр айының екінші жартысынан күзге дейін гүлдейді. Гүлдерінің түсі қызыл, шоқпарбас шоғырға жиналған, бобтарынд біреуден ғана дәні болады. Мәдени жағдайда көп өсіріледі. Қызғылт беденің күлте жапырықшасының түсі солғын қызғылт болып келеді, оның негізінен рманды аудандарда көптеп себеді, жабайы қалпына ауысуы жиі байқалады. Ақ беденің күлте жапырақшасының түсі ақ болады, ол мал азығы ретінде аса құнды өсімдік, әрі малдың таптап-жаншуына шыдамды.БОР-дың барлық жерлерінде кеңінен таралған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет