Лекция №1 Тақырыбы: Кіріспе. Төменгі сатыдағы өсімдіктер



бет50/51
Дата08.06.2023
өлшемі0,97 Mb.
#99694
түріЛекция
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   51
Байланысты:
Лекция Өсім. сист.-сабаққа

Қазжуа туысы (гусиный лук - Gagea). Туыста шамамен 70-тей түр бар. Олар өте ұсақ көпжылдық шөптесiн өсiмдiктер. Жапырақтары жiңiшке, гүлдерi ұсақ, негiзiнен сары түст болады. Қазжуалар ерте көктемде гүлдеп, жемiс берiп, вегетациялық кезеңiн қысқа уақыттың iшiнде аяқтайды. Бiрақ олардың жер асты пиязшықтары сақталады. Келесi жылы көктемде осы пиязшықтардан қайтадан жаңа өсiмдiктер жетiледi. Жаңа өсiмдiктер шашылған тұқымдарынан да пайда болады. Қазақстанда 38 түрi кездеседi, олардың барлығы дерлiк шөлдi және далалы аймақтың өсiмдiктерi. Сепкiлгүл туысында (рябчик - Fritillaria) 100 түр бар. Қазақстанда 5 түрi өседi. Олар сәндiк және дәрiлiк өсiмдiктер. Көптеген түрлерiнiң құрамында алколоидтар бар, сондықтан да олар улы өсiмдiктер. Аздаған түрлерiнiң, мысалы Камчатка сепкiлгүлiнiң (рябчик камчатский – Fritilaria kamtschatkensis), кавказ сепкiлгүлiнiң (рябчик кавказский – Fritillaria kaucasica) пиязшығын қышқылдығына қарамастан тамаққа пайдаланады. Кандық туысында (кандык - Erythronium)24 түрi бар. Қазақстанда сiбiр қандығы (кандык сибирский – Erythronium sibiricum) деп аталатын бiр ғана түр өседi. Қандықтың барлығы көктемгi сәндiк өсiмдiктер. Бiрқатар түрлерiнiң пиязшықтарын тамаққа және дәрi-дәрмек ретiнде пайдаланады. Ллойдия туысында (ллойдия - Lloydia) 20 түр бар. Қазақстанда кеш ллойдия деген бiр түрi өседi. Сонымен бiрге қазақстанда ринопеталюм туысының (ринопеталюм - Rhinopetalum) 2 түрi кездеседi.
Жуалар тұқымдасы. Жуалар тұқымдасында 32 туыс, 750 түр бар. Олар Австралиядан басқа құрлықтардың барлығында кездедi. Түрлерiнiң басым көпшiлiгi солтүстiк ендiктiң қоңыржай климатты аймақтарында өседi. Жуалар тұқымдасының түрлерi алуан түрлi және биiк тау белдеулерiнен бастап теңiз жағалауларына дейiн өседi. Қазақстанда жуа (лук - Allium) деп аталынатын бiр ғана туыс кездеседi. Онда 109 түр бар. Екi түрлi жапырағы болады: түтiк тәрiздi және жалпақ жапырақты. Гүлшоғыры жай шатыр. Ашылмаған гүлшоғырын ақ түстi, жұқа жарғақ жамылғы жауып тұрады. Кейде гүлшоғырынан ұсақ пиязшықтарды- өнiм бүршiктерiн көремiз. Гүлiнiң құрылысы қарапайым. Қос жынысты, дұрыс гүл. Гүл серiгi қарапайым ол тек 3-тен екi шеңбер түзiп орналасқан 6 күлте жапырақшадан тұрады. Аталықтарының да саны 6, олар да 3-тен екi шеңбер түзiп орналасады. Бiр- бiрiмен бiрiккен 3 аналығы болады, жемiсi үшбұрышты қауашақ.
Жуа гүлiнiң формуласы: *♂♀ К3+3 А3+3 Ж(3) Тұқымдастың басты өкiлiнiң бiрi қатпарлы жуа. Қатпарлы жуаның (лук репчатый - Allium cepa) жапырағы түтiк тәрiздi. Гүл жаратын (шығаратын) сабағын гүлсидам дейдi. Жуаның ащы иiсiнiң болуы оның құрамында эфир майының барлығын көрсетедi (концентрациясы 0,03-0,5%). Одан басқа жуаның құрамында қант (5%-ға дейiн), витаминдер В,С фитонцидтер кездеседi. Бұл түрдiң көптеген сорттары бар, бiрақ жабайы түрi белгiсiз. Сарымсақтың(лук чеснок – Allium sativum) жапырағы жалпақ, пиязшығы көптеген ұсақ пизшықтардан тұрады. Гүл шоғыры шатыр тәрiздi. Ашылмаған жас шатыршаны ақ түстi жарғақ жамылғы жауып тұрады. Мұндай жамылғының бiр ұшы үшкiр болады. Пиязшықтары және өнiм бүршiктерi арқылы вегетативтiк жолмен көбейедi, құрамында сарымсақ майы болады. Жуалар тұқымдасына жататын өсiмдiктер сонымен бiрге тұқымдары арқылы көбейедi. Сарымсақты Қазақстанда көптеп отырғызады. Порей жуасын (лук порей – Allium porrum) жапырақтары мен сабақтарынын жеуге келетiн түп жағы үшiн отырғызады. Домалақ сарымсақ кей жағдайда күресуге бой бермейтiн арам шөп болып өседi. Тұқымдасқа жуадан басқа да туыстар жатады. Бiрақ олардың ешқайсысы Қазақстанда өспейдi.Жуалар тұқымдасының көптеген өкiлдерi тамаша гүлдейтiн сәндiк өсiмдiктер. Оларды көкөнiстiк өсiмдiк ретiнде тамаққа пайдаланады. Сонымен бiрге жуалар мен сарымсақтар дәрiлiк өсiмдiктер.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет