Бiлiмнiң бұл саласының мiндеттерi – педагогикалық басқаруды зерттеу, оның теориялық және практикалық мәселелерiн жете зерттеу, оны жетiлдiрудiң ғылыми ұсыныстарын жасау. Сонымен қатар, педагогикалық басқару мектептiң барлық жұмысымен қатар басқа жұмыстың түрлерiн жоққа шығармайды. Бiлiм берудi басқару теориясы ағарту саласындағы ерекшелiктердi ескере отырып, әлеуметтiк басқарудың жалпы заңдылықтарына негiзделедi.
Мектеп басшылары оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруы мен жетекшілігі бойынша қызметтері.
Мектеп басшылығының қызметтерi Қазақстан Республикасының Бiлiм беру Министрлiгi бекiткен арнайы ережелер жиынтығымен анықталады, бұл ережелер мектеп директорының, оқу-тәрбие жұмысының әртүрлi мәселелерi бойынша орынбасарлары мен басқа да педагогикалыќ кадрлардыњ іс-әрекетiн реттейді.
Төменде тұтас педагогикалық процесті ұйымдастыру бойынша мектепте қызмет атқаратын адамдардыњ жұмыстары келтiрiлген (Сурет 2).
Суретте мектеп директорының, орынбасарларының оқу-тәрбие жұмысы бойынша қызметi мен мiндеттерi көрсетілген:
- мектептегi сабақтарды және оқыту процесiндегi тәрбиелiк жұмысты ұйымдастыру;
- оқу бағдарламаларының орындалуын, сабақтардың барысы мен оқушылар үлгерiмiнiң сапасын бақылау;
- әртүрлi пәндер бойынша сыныптан тыс оқу жұмысын ұйымдастыру (пәндiк үйiрмелер, қоғамдар, олимпиадалар, жарыстар, т.б.);
- оқушылардың оқу көлемін реттеу;
- мектептiң оқу-тәрбие жұмысын талдау және педагогикалық ұжым іс-әрекетiнiң нәтижелерi туралы сандық және жазбаша есеп беру;
- оқу-тәрбие жұмысын жетiлдiру мәселелерi бойынша бiлiм беру департаментінің нұсқауларын жүзеге асыру мен олардың орындалуын бақылау;
-оқу-тәрбие жұмысының сапасын жоғарлату үшін алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжiрибенi қорыту мен енгiзу;
- мұғалiмдердiң пәндiк әдiстемелiк комиссияларының (секциялары) жұмысына басшылық ету.
Мектеп директорының тәрбие жұмысы бойынша орынбасарының мiндеттерiне: - оқушылармен сыныптан тыс тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру мен үйлестiру;
-
оқушылар тәрбиесiн жетiлдiру бойынша сынып жетекшiлерi мен ұзартылған күн топтары тәрбиешiлерiмен әдiстемелiк жұмысты жүргiзу;
- оқушылар ата-анасымен, мектептен тыс балалар ұйымдарының басшыларымен iскерлiк байланыс орнату;
- мектептегi сыныптан тыс тәрбие жұмыстарына ғылыми-әдiстемелiк талдау, озат педагогикалық тәжiрибенi қорытындылау және ендіру.
Мектептi жаңарту мен оған өзгерiстер енгiзу жағдайларында жоғарыда аталған қызмет мiндеттерiн орындау үшiн мектеп директоры мен оның орынбасарларының жоғары педагогикалық бiлiмдiлiгi, адамгершілік мәдениетi болуы, жұмыста iскерлiк пен жауапкершiлiк көрсетулерi, оқыту мен тәрбиенi жетiлдiрудiң тєсілдері мен шығармашылық әдiстемесiне ие болуы керек, мұғалiмдер мен сынып жетекшiлерiнiң жаңашылдық ынтасы мен озат тәжiрибесiне қолдау көрсету керек.Мектеп басшыларының қызметтерi әдiстемелiк жұмысты нақты ұйымдастырғанда ғана нәтижелі болмақ.
Педагогикалық кадрлердің әдiстемелiк жұмысы мен аттестациясы. Әдiстемелiк жұмыс – ғылым және озат педагогикалық тәжiрибе жетiстiктерiне, оқу-тәрбие жұмысының нақты талдауына негiзделген, әрбiр мұғалiмнiң, ұстаздың, тәрбиешiнiң, оқу мекемесi басшысының, бiлiм беру жүйесiнiң басқа да қызметкерлерiнiң педагогикалық мамандық дәрежесін және кәсiби шеберлiгiн көтеруге (педагогтардың кәсiби өзiдігінен бiлiм алуды, өзiн өзi тәрбиелеудi, өзiн өзi жетiлдiрудi басқару бойынша шараларды да есептегенде), тұтас педагогикалық ұжымның теориялық мұмкіндігін дамытуға және көтеруге, оқушыларға нақты бiлiм берудің, тәрбиелеудің, дамытудың үйлесiмдi деңгейiне жетуге бағытталған өзара байланысты шараларының, қызметтерiнің жүйесi.