Педагогиканы оқыту әдістемесінің дамуы екі кезеңнен тұрады: 1.Түсіндірмелі кезеңде әдістеме педагогиканы оқыту процесінің ерекшеліктерін анықтайды, педагогиканы оқыту процесінің принциптерін, мазмұнын, әдістерін және ұйымдастыруын негіздейді.
2. Дамушы кезеңде педагогикалық зерттеулер жүргізіледі.
Педагогиканы оқыту әдістемесінің міндеттері. 1. Педагогикалық ғылымның даму бағыты – дамушы адамның шығармашылығын жетілдіру мен қалыптастырудың ғылыми негіздері мен нақты жолдарын жасау.
2.Шығармашылық тұлғаны қалыптастырушы – педагог. Оның кәсіби дайындығының негізі – педагогика. Сондықтан курстың мазмұнын белгілеу өте маңызды міндет.
3. Педагогиканы оқыту әдістемесі болашақ педагогқа білімді меңгеруге, олардың кәсіби бағытталуын белгілеуге, құлықтық, эстетикалық және дене тәрбиесінің деңгейін көтеруге жол ашу.
4.Педагогиканы оқыту әдістемесі мектепте және басқа да оқу орындарында оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру дағдысымен болашақ педагогтарды қаруландыру үшін оларды оқыту әдістерін, формаларын таңдайды және жүйелейді.
5.Жинақталған тәжірибені жүйелеу, әдістемелік нұсқаулар дайындау.
6. Педагогтың шығармашылығын жетілдіру, ынталандыру.
Кез келген оқу пәнінің мазмұны білім берудің мақсатымен белгіленеді, оның нақты көрінісі болып табылады. Қоғам дами отырып, білім берудің жаңа міндеттерін белгілейді, олар барлық оқу пәндерінің мазмұнында көрініс табады. Педагогика қоғамдық ғылым болғандықтан ол қоғамның талаптарын айқындайды.
Педагогиканы оқыту әдістемесі пәнін оқытудың мақсаты студенттерді жалпыбілімдік, интеллектуалдық дамыту, кәсіби бағдарлау, тұлғасын қалыптастыру болып табылады. Осы мақсаттар пәннің әдістемесінде жүзеге асырылу үшін оқыту приниптерінің әлеуетін пайдалану қажет. Бұл педагогика пәнінің мазмұнымен, педагогтың әрекеті- оқытумен, студенттің әрекеті – оқумен тығыз байланысты болады. Сонымен қатар оқыту принциптері оқытушыны оқу пәнінің ерекшелігіне байланысты оқытудың формасын, әдістерін, тәсілдерін, құралдарын таңдауға бағдарлайды. Осы жағдайда оқытудың әрбір принципі оқытушының әдістемелік ойлауына қатысты дидактикалық «бағдарлауышқа» айналады.
Педагогиканы оқыту әдістемесі оқыту жүйесіндегі әдістердің, технологиялардың, ұйымдастыру формалары мен құралдарының өзара байланысын, яғни білім алушылардың танымдық әрекетін ұйымдастыруды көрсетеді.
Жоғары мектептің оқу үрдісіндегі диалогтің қолданылу тиімді. Өйткені олар:
ашық эмоционалды және тұлғалы;
кері байланыстың болуы.
өзі, өзінің кемшілік және күшті жақтары туралы ақпаратты алу;
сезімнің шынайылығы;
өзара әрекеттерді жоспарлау және шешу;
іс-әрекет нәтижелеріне бірлесіп талдау жүргізу;
Оқытушы мен студенттер арасындағы диалогтік ынтымақтастықты жүзеге асыру, мынадай жағдайлар жасауға байланысты:
Ішкі диологтың пайда болуына ынталандыру.
Проблемалық жағдайларды шешу.
Анықталмаған сипаттағы тапсырмаларды шешу.
Ерік, өзін-өзі ұстау, ұстамдылықты белсендендіру.
Өз әрекеттерін дұрыс бағалау.
Диалогтік ынтымақтастық барысында студент тұлғасын өзіндік дамыту және өзін-өзі тәрбиелеуді ынталандыратын психологиялық-педагогикалық жағдайлар тудыруы керек:
тұлға дамуын кері тартатын әлеуметтік-психологиялық факторларды жеңу (ұялшақтық, өзіне сенімсіздік);
студенттің жеке типологиялық ерекшеліктерін анықтау және есепке алу үшін мүмкіндік жасау;
тұлға сапаларын қалыптастыру және дамытуды әлеуметтік-психологиялық түзеу іске асырылады: сөйлеу, ойлау әрекеті, зейін, бақылағыштық.
Диалогтік қарым-қатынас көмегімен студенттердің ойлау және коммуникативті ерекшеліктерін және дайындық деңгейін анықтауға болады.
Жағымды эмоционалдық фон жасалады (талқылаудағы толық еркіндік, жайлы қарым-қатынас). Интелектілік сезімдер белсендендіріледі: білуге құштарлық, жаңаны ашу сезімі, қойылған мақсатқа жетуден ләззат алу. Аудиторияда ерекше психологиялық ахуал қалыптасады.
Қазіргі жоғары мектептегі дараландыру үдерісіне байланысты оқу жоспарлары мен бағдарламаларының құрылымында студенттердің өз бетімен жұмысының үлесі артуда.
Қарастырылып жатқан құбылыстың жоғары білім берудің ғылыми әдістемелік қамтылуының даму тенденциясын болжау үшін бірнеше салдары орын алады: