Лекция №1 Тақырыбы: Педагогика ғылым және оқу пәні ретінде. Лекция жоспары



бет5/72
Дата11.12.2023
өлшемі345,24 Kb.
#137472
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   72
Байланысты:
педагогика оқыту әдіс лекциялар

Біріншіден, өз бетімен жұмысты ұйымдастыру үшін «нәтижеге бағдарланған білім беру» моделі өзекті болады, себебі студенттердің тиімді аудиториядан тыс іс әрекетін педагогикалық қамту үшін оқытудың мақсаттары бірмәнді және диагностикалық болу қажет.
Екіншіден, сан түрлі білім беру нәтижелерін бара-бар бағалау мәселесі алдыңғы орынға шығады. Егер студенттік аудиториядағы жұмыс барысында оқытушы оқу бағдарламасының «іс-шаралық» сипатын меңгеру барысы туралы кейбір ақпаратты игерсе, онда оның өз бетімен жұмысын бағалау оңай болмайды.
Үшіншіден, оқу материалының мазмұның дараландырумен байланысты мәселелер ерекше өзектілікке ие болады, себебі әрбір студентте түрлі даярлық деңгейі болады, оқу іс әрекетінің стилі, меңгеру темпі және басқа да тұлғалық параметрлер түрліше болып келеді.
3. Педагогиканың дербес ғылыми теория ретінде қалыптасу кезеңі. Бұл кезең ұлы чех педагогы Я.А.Коменский есімімен тығыз байланысты. «Ұлы Дидактика» еңбегі. Я.А.Коменскийдің «Ұлы Дидактика» еңбегі педагогиканы ғылым ретінде жүйелеген оқулық және әдістемелік құрал.
Қазақстандағы педагогика ғылымының дамуы
Қазақстан қоғамында болған өзгерістерге байланысты педагогика ғылымы: социалистік, коммунистік, демократиялық, гуманистік сипатта дамып отырды.
Қазақстандағы педагогикалық ойлардың дамуы ұлы ойшылдар (Әл-Фараби, Ж.Баласағүн, М.Қашқари, Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин. А.Құнанбаев, Ж.Аймауытов және т.б.). Бұл ойшылдардың еңбектері мен ойлары олардың беделі сияқты әртүрлі тарихи кезеңдерде қазақ халқын оқыту мен тәрбиелеуде қозғаушы күшке тең болды.
20-30ж.ж. қазақтың ағартушы педагогтарының ішінен А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұмабаев және т.б. айтуға болады. Олар отандық педагогика мен мектептегі оқытудың дамуына тарихи-мәдени мұра мен қазақ халқының салт-дәстүрлері тұрғысынан көп үлестерін қосты. Білім беруді қолдау негізінде олар мынадай оқу пәндерін қойған, олар: ана тілі және әдебиеті, тарих, география, Қазақстанның өсімдіктер мен жануарлар әлемі, Қазақтың дәстүрлі шаруашылық іс-әрекет түрлері негізіндегі еңбек тәрбиесі, бейнелеу өнері, ұлттық ойындар және т.б. Бірақ қазақ ағартушыларының демократиялық ойлары сол кездердегі мемлекеттік партия ұйымдарының саяси идеологиялық үкіміне қарсы тұра алмады.
Қазақстанда соғыстан кейінгі жылдары педагогика теориясы мен тарихы, жеке әдістеме мәселелері зерттеле бастады. Бұл жылдары А.С.Ситдыковтың «Ы.Алтынсаринның ағартушылық іс-әрекеттері мен педагогикалық ойлары» (1949) атты монографиясы, Р.Г.Лембергтің «Бастауыш мектептегі сабақ» (1948) атты ғылыми жұмысы жарық көрді.
50-60 жылдардың екінші жартысында педагогика теориясы мен тәжірибесінде жаңа құбылыстар пайда болды. Бұл жылдары Қазақстанда тарихи-педагогикалық зерттеулердің қарқынды өсуі байқалады. Көрнекті ғалым-профессорлардың Т.Т.Тажібаевтың «ХІХ ғ. екінші жартысындағы Қазақстандағы ағартушылық пен педагогикалық ойлардың дамуы» (1958), «ХІХғ. екінші жартысындағы Қазақстан мектептері және ағартушылық»(1962), «ХІХғ. екінші жартысындағы Қазақстандағы педагогикалық ойлар»; А.И.Сембаевтың «Қазақстандағы кеңес мектептерінің тарихы туралы очерктері» (1958), «Қазақстандағы кеңестік мектептердің даму тарихы» (1962); К.Б.Бержановтың «Ағартушылықтың дамуындағы орыс-қазақ достастығы» (1965) еңбектерін айтуға болады. Бұл жылдары тарихи-педагогикалық ғылымның іргетасы қаланды деуге болады.
70-80 жылдары тарихи-педагогикалық жұмыстардың басылымы көбейді. Осылай қазақстандық педагог Ы.Алтынсаринның 3 томдық шығармалар жинағы жарық көрді (1975-1978); К.Б.Жарықбаевтың «Қазақстандағы психологиялық ойлардың дамуы» (1968), «Революцияға дейінгі Қазақстан педагогикалық ойларының даму тарихынан» (1978), Г. М. Храпченковтың «Қазақстандағы халықтық білім берудің ғылыми-педагогикалық сұрақтары» (1976), «Қазақстан мектептерінде оқыту мазмұны мен әдістерінің мәселесі»(1983) және т.б. еңбектері де жарық көрді.
Педагогиканың арнайы мәселелеріне арналған К.Ж.Жаманбаевтың «Қазақстандағы жоғары мектеп» (1972), К.Қ.Құнантаеваның «Қазақстандағы әйелдерге білім берудің дамуы. Білім шыңына жету» (1978), К.Т.Жұмағұловтың «Ы.Алтынсарин және қазақ халық мәдениетінің дамуы» (1984), А.Көбесовтың «Әл-Фарабидің педагогикалық мұралары»(1989) және т.б. еңбектері басылып шықты.
80 жылдардың ортасынан бастау алған қазіргі заман педагогикалық білімінің дамуы «педагогикалық серіктестік» деп аталған жаңашыл педагогтардың инновациялық іс-әрекеттерімен сипатталады. Педагогикадағы бұл кезең оқытушы мен оқушылардың қарым-қатынасы саласындағы субъект-объект қатынасына субъект-субъект қатынасына ауыу, оқу-тәрбие үрдісін монологтық формадан диологтыққа көшу т.б. белгілі. Бұл оқушының оқу іс-әрекетінің психологиясын, оқу үрдісінің механизмі мен технологиясын, «оқытушы-оқушы» жүйесінің тиімді құрылымдануына белсенді жағдай жасауды терең зерттеуді шамалады.
Атақты ғалым, профессор Р.Г.Лемберг өзінің көптеген еңбектерінде шығармашылық оқыту әдістерін қолдану, оқу үрдісінің психологиялық аспектісі, оны белсендендірудің тәсілдері мен жолдарын сипаттайды. Ол оқытудағы догматизм мен формализмге қарсы шығып, психологиялық-педагогикалық, әдістемелік кедергілерден өту қажеттілігін және жаңа тиімді оқыту әдістемелерін іздеуге баса назар аударды. Жаңа педагогиканы шығармашылықпен іздеуде кейіннен өздерінің педагогикалық мектебін ашқан Р.Г.Лемберг мектебінің оқушылары белсенділікпен қатысты. Бұл профессор Г.А.Умановтың ғылыми мектебі еді, мұнда еңбекке оқыту мен тәрбиелеу, кәсіби-техникалық білім беру мәселелері зертеледі; педагогикалық үрдіс мәселелері және педагог кадрларды дайындауды Хмель ғылыми мектебі зерттейді.
Педагогика ғылымының дамуына ҚР ҰҒА академик, профессор А.П.Сейтешев және оның мектебі маңызды үлес қосты. Оның еңбектерінде жалпы білім беретін, кәсіби-техникалық, жоғары мектеп дидактикасы, инженерлік-педагогикалық кадрларды дайындау, мектеп оқушыларын, КТУ студенттерін тәрбиелеу мәселелері үлкен теориялық-тәжірибелік мәнге ие. Бұл кезеңде елімізде педагогика ғылымының дамуы мен өркендеуіне атақты ғалым-педагогтар Х.К.Арғынов, К.Б.Жарықбаев, А.И.Сембаев, К.Б.Бержанов өз үлестерін қосты.
Қазіргі заманғы педагогика білім беру туралы ғылым, адамдарды тұлғалық және кәсіби дамуының барлық жас ерекшелік кезеңдерінде оқыту және тәрбиелеу үрдісі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет