Семинар сабағын орындауға арналған жалпы нұсқау Семинар сабақтары - оқытуды ұйымдастырудың өзін-өзі сақтаған дәстүрлі бір түрі. Семинар сабағының мақсаты-студенттердің өз бетімен жасаған жұмысын қорытындылау, оқытушы басшылығымен ұжым болып талқылау нәтижесінде оқылып отырған (ұсынылып отырған) тақырыпты терең түсіну және меңгеру болып табылады. Семинар-студенттердің теориялық білімін практика түрінде қолдануға мүмкіндік беретін сабақтың түрі.
Семинар сабақтар студенттерге оқу үрдісінде кәсіптік шығармашылық тұрғыдан ойлауды қамтамасыз етеді.
Семинар сабағына дайындалу және сабақ процесіне тақырыпты талдауға қатысу белгілі бір жүйе мен дайындық дағдыларын басшылыққа алуды талап етеді. Студент ең алдымен тақырып мазмұнынын ашатын материалдар жинау мен материалдар толымдылығына байланысты семинар жұмыс жоспарын құру, одан кейін оның мазмұн мәтіндерін жазу, оны тексеру мен ойша баяндау, мүмкін болса сұрақтар сипатына ойша диагностика жасау процестерінің бәрі тұтас әрекеттер жүйелігін жасайтынын жақсы түсініп алуы керек.
Оқылатан тақырыптың талап деңгейінде орындалуы мынадай шарттардың жүзеге асуына байланысты:
-тақырыптың құрылымын сауатты құру;
-тараулар мен кіші тақырыпшалардың (тараулар) аталуы нақтылығы мен және олардың бір-бірінен туындайтындығы, яғни логикалық байланыстан шығатындығы айқын аңғарылып тұруы қажет;
-кіші тақырыпшалар аталуы қысқалықы жєне нақтылық сипатымен даярлануы қажет;
-лекцияларда негізгі мәселелер ғана баяндалатын болғандықтан семинарда осы негізгі мәселелердің өзектілігі, зерделену тарихының толымдылығы мен оның практикалық мәні, олардың ғылыми-теориялық және тәжірибелік негіздемелері және нақты ұсыныстан қарастырылатынын студенттер жақсы білуі керек.
-Семинар сабағына дайындық студенттің өз бетінше атқараылатын жұмыс формасына жататындықтан керекті материалдар қарастырылып, оларды жинақтап алған соң «зерттеуші» оқу нәтижесінде жоспар түзіледі. Жоспардың бөліктері тақырып мазмұнын ашатындай етіп жасалуы шарт.
-Мәтінді жазғанда тақырыптың жалпы оқылатын пән жүйесінде алатын орны мен басқа тақырыптармен байланысы туралы мағлұмат берілуі керектігі қашанда ұмыт қалмауы тиіс.
-Тақырыптың белгілі бір ғылым немесе оқу пәні білімінің саласы ретінде шығуы; жасалу, даму жолдары туралы толықты мағұлматтың болуына назар аударылуы керек.
-Мәселенің қойылуы, ондағы қайшылықтар, себеп-салдардың шығу проблемасын қарастыру және нәтижелері туралы мәліметтердің берілуі (айтылуы), семинар сабағының шешуші мақсаты болу керек.
-Семинар тақырыбы көтерген мәселелердің шешілуі оқу курсы мазмұнына оның негізгі категориялары мен қағидаларына сәйкес, олардың талаптарына сай жүргізілуі қажет.
-Әрбір жеке семинар тақырыптарын толық түсіну және орныққан пікірін мазмұндай (баяндау) үшін студенттің оқу пәні және тақырыптағы ұғымдарды жеке-жеке қарастырып түсінуі керек.
Өйткені ұғымдар (категориялар)- объективті құбылыстарды, қасиеттерді және қатынастарды бейнелейтін ойлау формасы болып табылады.
Семинар сабағына дайындалу және пікір талқылауда өз ойын тұжырымдау дағдысын қалыптастыру үшін студенттерге сонымен қатар төмендегі іс-шараларды орындауы да міндетті.
-тақырыптың оқулықтар мен әдістемелік құралдарда, ғылыми және мерзімді басылымдардағы жай-күйі, оның негізгі сипаты туралы, яғни зерделену жағдайын, оның толымдылық шамасы туралы студенттердің білуі керек, яғни диагностикасының жасалуы міндетті болуы керек;
-Оқылуға ұсынылып отырған тақырыптың теориялық мәселесі мен практикалық жағдайымен (немесе жұмыс тәжірибесімен) жан-жақты танысып, хабардарлығын жасап алуы шарт;
Семинар сабағы мәселені анализдеуге құрылатын болғандықтан ол белгілі бір ілімнің теориялық және практикалық іс-әрекетіндегі кездесетін күрделі, мағыналы процестерді тыңғылықты талдауы, нақтылауы шарт және тұжырымдауы жасалу керек.
Семинар сабағы әрбір білімнің теориялық және практикалық жүйелігін бекітіп, осы білім саласының ғылымилық және әдістемелік мәселелерін шешуде аса маңызды роль атқаратынын жоғарыдағы шарттар орындалған кезде ғана студенттердің толық көздері жететін болады.
Білімді маман ретінде пайдалану дегеніміз- қайсыбір ғылымның болмасын тілін меңгеру, ғылыми дәлдікке мән беру, анықтамаларды жасау. Студент баяндамашы, оппонент ретінде сөз сөйлей білуі қажет. Ол өзекті мәселелерді қозған, оны шешуге ат салысады, қарсы пікір айтады, өз пікірін қорғай біледі-міне сол арқылы өзінің алған теориялық білімінің деңгейін көрсетеді. Оқытушының алдына қойған басқа да мақсаттары: қайталау, бекіту, бақылау т.б.-бәрі осы басты мақсатқа бағынуы керек.
Семинар сабақтар оқытудың сан түрлі құбылтып өтуге болатын формасы. Онда негізгі бағыт беруші негізінен оқытушы болғанымен, студент, яғни болашақ маманда өз бетінше көп жұмыс істеуіне көп мүмкіндік беріледі. Семинар оқу жұмысының барлық түрімен тығыз байланысты: ең алдымен лекциялық оқытумен және өз бетінше жұмыс істеумен. Сондықтан да семинардың сапасы лекцияның сапасына және студенттің өз бетінше қалай жұмыс істеуіне байланысты болады.
Өзіндік жұмысқа әдістемелік нұсқау Қазақстан Республикасының қуатты да гүлденген мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуы жан-жақты білімді де қабілетті мамандар қатарының қажетті мөлшерде толығуына тікелей байланысты. Жоғары оқу орындары студенттері қоғам талаптаған білімді де қабілетті, білікті маман болып шығуы үшін аудиториялық біліммен шектеліп қана қоймай алған білімді өз бетінше шығармашылықпен жетілдіру мәселесімен де айналысуы қажет. Осы айтылғандардан студенттердің өзіндік жұмыс орындауының негізгі мақсаттары көрінеді. Дейтұрғанмен студенттердің өзіндік жұмысытарының басты мақсаты студенттің ғылыми-әдістемелік т.б. әдебиеттер мен өз бетінше жұмыс жүргізудің дағдыларын меңгеруге, жетілдіруге үйрету, ынталандыру.
Жоғары оқу орындары студенттері қоғам талаптаған білімді де қабілетті, білікті маман болып шығуы үшін аудиториялық біліммен шектеліп қана қоймай алған білімді өз бетінше шығармашылықпен жетілдіру мәселесімен де айналысуы қажет. Осы айтылғандардан студенттердің өзіндік жұмыс орындауының негізгі мақсаттары көрінеді. Cтуденттердің өзіндік жұмысытарының басты мақсаты студенттің ғылыми-әдістемелік т.б. әдебиеттер мен өз бетінше жұмыс жүргізудің дағдыларын меңгеруге, жетілдіруге үйрету, ынталандыру.
Өзіндік жұмысты орындай отырып студент өз бетінше даярлаған материялды курстық, одан әрі дипломдық жұмысты (жобаны) орындау үшін де пайдалануына болады.