Лекция №1 Тақырыбы: Сараланған бiлiм берудің әдіснамалық алғы шарттары



бет3/20
Дата01.06.2022
өлшемі222,28 Kb.
#36162
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Пайдаланылған әдебиет тізімі:
1. Джадрина М.Ж. Научные основы построения содержания вариативного образования в школе. – Алматы, 2000. – 218с.
2. Разумовский В.Г. Проблемы обучения физике в условиях дифференциации образования. //Физика в школе. – 1991.–№1. – С. 3-5
3. Мусин К.С. Профессиональная подготовка учителей В Казахстане, Росси, Англии и США. Сравнительный педагогический аспект: дисс.... док.пед.наук.– 13.00.01. – Алматы, 1999. – 300 с. – 05998РК00180
4. Зорина Л.Я. Дидактические аспекты естественнонаучного образования: Монография. –М., Изд-во РАО, 1993. –163с.
5. Нурахметова С. Дидактические условия осуществления дифференцированного обучения на старшей ступени: автореф...канд. пед. наук.– 13.00.01.– Алматы, 1997.– 22 с.
6. Мұқанов М. Ойды этно және лингвопсихология тұрғысынан дәлелдеу. – Алматы, 1971. – 47 б.
7. Тәжібаев Т. Жалпы психология. – Алматы, 1993.– 235 б.
8. Қазақстан Республикасы жалпы орта бiлiм берудiң мемлекеттiк жалпыға мiндеттi стандарты. – Алматы, РОНД, 2003. – 96 б.
9. Пурышева Н.С. Дифференцированное обучение физике в средней школе. – М: Прометей, 1994. – 161 с.

Лекция №3
Тақырыбы: Мектепте бағдарлы оқыту жағдайындағы жаратылыстану пәндерінің мазмұнын таңдап алу ерекшеліктері

Қазiргi заманғы жаратылыстану ғылымдары планетарлық ойлау деп аталатын жаңа тұрғыдағы ақыл-ойдың дамуына елеулi үлес қосып келедi. Олар адамзаттық мәдениеттiң маңызды құраушысы ретiнде тек ғылыми-техникалық қана емес, гуманитарлық потенциалға да ие болып отыр. Ал бұл пәндер мазмұнының гуманитарлық құраушысы оқушының ақыл-ойын дамытуға, дүниетанымын қалыптастыруға, сезiмiн тәрбиелеуге бағытталады. Бүгiнгi таңда республикамыздағы жалпы білім беруді жаңа жағдайларға қатысты жетiлдiру қажеттiгi туындап отыр. Қазақстан Республикасының “Бiлiм туралы” Заңында және т.б. бiлiм беру туралы құжаттарында көрiнiс тапқан бiлiм берудi демократияландыру мен iзгiлендiруге байланысты жаратылыстану пәндерінің мазмұнына өзгерiстер енгiзiлуi қажет.


Жалпы бiлiм беретiн мектептiң бағдарлы сыныптарында жаратылыстану пәндерінің мазмұнын таңдап алу үшін олардың айналасында туындайтын бiрқатар мәселелердi анықтап алуымыз қажет.
Атап айтқанда:
− бiлiм беру мақсаттарын (оқу пәнi ретiндегi курсты оқыту үдерісіндегi),
− оқушылардың мiндеттi дайындығы мен бағдарлы саралауды жүзеге асыруға мүмкiндiк беретiн жаратылыстану пәндері мазмұнының құраушыларын,
−бағдарлы оқыту жағдайындағы пән мазмұнын таңдап алу принциптерi мен өлшемдерін анықтау қажет, ал бұл өз кезегiнде бағдарлы сыныптарға арналған жаратылыстану пәндерінен білім берудің тұжырымдамалық негіздерін анықтауға мүмкiндiк бередi.
Елiмiздегi жалпы бiлiм беретiн мектепте жаратылыстану пәндері бойынша бiлiм беру нәтижелерiнiң халықаралық деңгейге сәйкестiгiнiң төмендiгiн пән бағдарламалары мен оқулықтарының академиялық және iргелi тұрғыдан қарауды жүзеге асыруының нәтижесi мен оқытуда оқушылардың интеллектуалдық даму бiлiктiлiктерiнiң (талдау, жалпылау, бағалау және т.б.) дамуына өте аз көңiл бөлiнуiмен түсiндiруге болады. Оқушылар талдай алу, салыстыра алу, ғылыми дәлелдеулердi пайдалана отырып, өз көзқарасын негiздеудi талап ететiн тапсырмаларды орындауда төмен нәтижелер көрсетедi.
Қазіргі кезде мектептің жоғары сыныптарда (10-11-сыныптар) оқыту бағдарына қарай: жаратылыстану-математикалық бағытта әр сыныпта 3 сағаттан, барлығы 6 сағат, әлеуметтік-гуманитарлық бағытта әр сыныпта аптасына 1 сағаттан барлығы 2 сағат бөлiнген. Бағдарлы сыныптарда жаратылыстану саласы пәндерін тереңдетiп оқыту үшiн базистiк оқу жоспарында берілген «мектеп компонентi» есебінен әр түрлі оқу курстарын (қолданбалы және таңдау курстары) оқыту ескерілген [1.]. 12 жылдық білім беру жағдайында да бұл пәндерді оқытуға оқу уақытының 10-15%-ы бөлінуі мүмкін. Жаратылыстану-математикалық циклдегi оқу пәндерiне азырақ оқу уақытының бөлiнуi әлемдiк тенденциядағы мәдениеттану пәндерiне деген назардың күшеюімен анықталады.
Сондықтан бұл жағдайда жаратылыстану пәндерінен бiлiм берудегi жақсы дәстүрлердi жоғалтып алмай, пәндерді оқытудың жеке тұлғалық және практикалық бағытталуын күшейту арқылы жоғары сынып оқушыларына түрлi нұсқалы бiлiм беруіміз қажет. Ол бiр жағынан жалпыбiлiмдiк дайындық деңгейiн қамтамасыз етуі, екiншi жағынан, пәнге қызығушылық пен қабiлеттiлiк көрсеткен оқушылардың қажеттiлiгiн қанағаттандыратын болады.
Бiлiм мазмұны арқылы мәдениеттiң сабақтастығы жүзеге асады, ал ол арқылы қоғамның әлеуметтiк прогресi қамтамасыз етiледi. Мәдениет адамның әлеуметтiк тәжiрибесiнде көрiнiс табады, ал ол iс-әрекет құралдары мен тәсiлдерiнiң жүйесi арқылы анықталады. Сонымен қатар дәстүрлі білім беру парадигмасының тұлғалық бағдарланғанға ауысуы білім беру мазмұнының тұлға дамуына бағытталғандығын күшейту қажеттігіне әкеледі. Бұл жағдайда оқыту үдерісінде жүзеге асатын бiлiм беру мазмұны тұлғалық бағдарлар түріндегі эмоционалды-құндылық қатынастарды орнықтыру арқылы мектеп түлегiнiң өмірге бейiмделе алуына, оның еркiндiгiне және әлеуметтенуiне, яғни іс-әрекеттің мәдени үйлесімді күрделі түрлерін жүзеге асыру қабілеттіліктерін қалыптастыруға мүмкіндік туғызуы тиіс.
И.Я.Лернер оқытудың ауқымды функциясы өскелең ұрпаққа кеңiнен алғанда мәдениет қамтылған қоғамның әлеуметтiк тәжiрибесiн жеткiзу екендiгiн анықтай отырып, бiлiм мазмұнының үш өлшемдi моделiн ұсынады. Әлеуметтiк тәжiрибенi ол әрқайсысы бiлiм мазмұнының ерекше түрiн құрайтын төрт элемент ретiнде қарастырады:
1) табиғат, қоғам, техника, адам, iс-әрекет тәсiлдерi туралы бiлiм;
2) жеке тұлғаның игерген бiлiмi, бiлiктiлiгi мен дағдысы арқылы көрiнiс табатын белгiлi iс-әрекет тәсiлдерiн жүзеге асыру тәжiрибесi;
3) ерекше орындалуынан көрiнiс табатын шығармашылық iс-әрекет тәжiрибесi;
4) адамның iс-әрекетiнiң құралдарына немесе объектiлерiне эмоционалды-құндылық қатынас тәжiрибесi [2.]. Әлеуметтiк тәжiрибенiң бұл төрт компонентi бiлiм мазмұнының құрылымын түзудiң негiзін құрайды.
Сонымен мектепте арналған бiлiм мазмұны педагогикалық бейiмделген бiлiм жүйесi, iс-әрекет тәсiлдерi, шығармашылық iс-әрекет тәжiрибесi және дүниеге эмоционалды-құндылық қатынас ретiнде немесе iс-әрекет түрлерi мен салаларында көрiнiс табатын, оқу бағдарламаларында жүзеге асырылатын әлеуметтiк тәжiрибенiң негiзгi төрт элементiнiң жүйесi ретiнде анықталады. Жоғарыда аталған педагогикалық ой-түйiндеулерге сәйкес жалпы орта бiлiм мазмұнын қалыптастыру келесi талаптарды қанағаттандыруды ескередi:
− қоғамның әлеуметтiк тапсырысын;
− оқушының қажеттiгiлiгiн;
− бiлiм мазмұнын таңдап алу өлшемдерін.
Бiлiм мазмұнын қалыптастыру бойынша үш деңгей ажыратылады: жалпы теориялық түсiнiк деңгейi, оқу пәнi деңгейi және оқу материалының деңгейi. Қарастырылған деңгейлер жобаланатын мазмұнға қатысты анықталып, содан кейiн оқыту үдерісінде жүзеге асады. Бiздiң зерттеу пәнiмiз жоғары сыныптардағы жаратылыстану пәндерінің мазмұны болғандықтан, әрi қарай бiлiм мазмұнын жобалаудың екiншi деңгейi қарастырылатын болады. Ал бұл деңгейдегi идеялар бiлiм мазмұнын таңдап алудың үшiншi деңгейiндегi бағдарлы сыныптарға арналған оқу материалдарын таңдап алу кезiнде жүзеге асырамыз.
Оқу пәнi — оқыту, дамыту, тәрбиелеу функцияларын атқаратын бiлiм мазмұнын жүзеге асырудың басты құралы. Оқу пәнiнiң дидактикалық моделi екі блоктан тұрады: негiзгi – оған, ең алдымен, оқу пәнiнiң оқу жоспарына енгiзiлуiнiң себебi болып табылатын мазмұн және бiлiмдi меңгерудi, әр түрлi бiлiктiлiктердi қалыптастыруды, дамыту мен тәрбиелеудi қамтамасыз ететiн құралдар блогы немесе процессуалдық блок енедi.
Негiзгi блок оқу пәнiнiң жетекшi функциясына сәйкес мазмұнмен толықтырылады, оған сәйкес жетекшi компонент бөлiнедi. Жаратылыстану пәндері үшiн пәндiк ғылыми бiлiмдер жетекшi компонент болып табылады.
Осы айтылғандарды ескере отырып, жаратылыстану пәндері үшiн дидактикалық модельдi келесi түрде көрсете аламыз (Сурет 1).

Сурет 1 – Жаратылыстану пәндерінің дидактикалық моделi



Сонымен оқу пәнiнiң мазмұндық блогына ғылыми, әдiснамалық, экологиялық, пәнаралық, философиялық, логикалық, тарихи-пәндiк бiлiмдер жүйесi, ал процессуалдық блогына оқу материалын игеру бойынша қайта жаңғырту, шығармашылық, бағалау iс-әрекет түрлерi және оқу үдерісiн ұйымдастыру формалары кiредi деп есептеуiмiзге болады. Ендi осы дидактикалық модельдi басшылыққа ала отырып, оқу пәнiнiң мазмұнын таңдап алу үшiн қажет негiздi анықтауымыз қажет.
Бiлiм мазмұнын таңдап алуды түсiну үшiн оны таңдап алу негiздерiн және өлшемдерін ажырата бiлуiмiз керек. Негiз мазмұнды таңдап алу үшiн оны iздеу саласын анықтаса, өлшем материал мазмұнын нақты толтырудың құралы болып табылады [3.]. Негiз ретiнде мектепке арналған бiлiм мазмұнын түзудiң жалпы тәсiлдерiн анықтайтын жалпы принциптер жатады. Оған мазмұнның қазiргi заманғы ғылыми деңгейiне сәйкес келуi, осы мазмұн арқылы ғылыми дүниетанымды қалыптастыру мүмкiндiгi, адамгершiлiк, құлықтық, эстетикалық құндылықтарды қалыптастыру, әлеуметтiк белсендi тұлғаны тәрбиелеу, шығармашылық тқрғыдан ойдай алатын тұлғаны қалыптастыру, қолданбалы принциптердi жүзеге асыру және т.б. жатады . Бұл негiздер, әрине, жалпылама берiлген және мазмұнды таңдап алу бағытын ғана көрсетедi. Сондықтан жалпы алғанда бiлiм мазмұнына қатысты да, оқу пәнiнiң мазмұнына қатысты да жеке негiздер тұжырымдалады. Оған жалпыбiлiмдiк мәнi бар мазмұнның енуi, теориялар, ұғымдар, үдерістер туралы негiзгi ақпараттың тиiмдi әрi түсiнiктi баяндалуы, теориялық бiлiмнiң негiзгi қолданылу аясынан бiлiмнiң енуi, әдiснамалық, пәнаралық сипаттағы бiлiмнiң және т.б. енедi.
Дидактикалық принциптерге, мысалы, оқу материалын бiлiм мазмұнының барлық төрт элементiмен толтыру, яғни бiлiм мен бiлiктiлiктермен қатар шығармашылық және эмоционалдық сипаттағы iс-әрекеттi, оқыту әдiстерiмен анықталатын iс-әрекеттi (мысалы, жобалар жасау, зерттеулер жүргiзу және т.б.), бiлiм туралы бiлiмдi, яғни заң, ғылыми деректер туралы бiлiмдi енгiзу, коммуникативтi, эстетикалық iс-әрекет түрлерiн енгiзу қажет. Жеке дидактикалық принциптердi пән мазмұнын түзуге қатысты қарастыратын боламыз. Сонымен бұл қарастырылған еңбекте оқу пәнiнiң мазмұнын таңдап алуда жалпы және жеке дидактикалық принциптерден тұратын негiздi пайдалану ұсынылады.
И.Я.Лернер бiлiм мазмұнын таңдап алу принциптерiн де тұжырымдаған болатын [4.]. Оларға: а) практиканың ауқымды саласы үшiн және ақиқатты жас шамасына сәйкес ұғынықты деңгейде түсiну үшiн бiлiм мен iс-әрекеттiң мәнi; ә) бiлiм мен iс-әрекеттiң тәрбие беру функциясына сәйкес келуi; б) оқу материалының жалпы бiлiм беру үшiн әмбебаптығы; в) мақсаттарға сәйкес қарастырылатын мазмұнның тұтастығын қамтамасыз ету үшiн бiлiмнiң қажеттiгi; г) әдiснамалық, сондай-ақ таным тарихы мен техникамен байланысты бiлiмнiң берiлуi; ғ) жалпылама, ұғынықты дүниетанымдық көзқарасты қалыптастырудағы бiлiмнiң маңыздылығы; д) пәнаралық байланыс пен iс-әрекеттiң анықталуы, адамзаттық ауқымды проблемаларды түсiну үшiн қажет материалдың енгiзiлуi; ж) барлық мазмұнның минимал түрде қамтылуы, яғни басқа негiздерге сәйкес ең бастының ғана таңдап алынуы; и) құндылық бағдарлануға қажеттiлiктi тудыру; к) таңдап алынған материалдың жалпыға түсiнiктi болуын ескеру.
Жоғарыда қарастырылған еңбектердегі ғылыми мәлiметтерді қорытындылай келе, жалпы сипаты бар және барлық оқыту бағдарлары бойынша жаратылыстану пәндерінің бiлiм мазмұнын түзуге қатысты принциптердi қарастырайық. Оларға:
-жалпы бiлiм мазмұнының оны түзудiң барлық элементтерi мен деңгейлерiнде қоғам дамуының қажеттiлiктерiне сәйкес келу принципi;
-оқытудың мазмұндық және процессуалдық жақтарының бiрлiгiн ескеру принципi;
-бiлiм мазмұны қалыптасуының әр түрлi деңгейiнде — жалпыдан жекеге және әрі қарай оқыту үдерісінде оны жүзеге асырудың нақты формаларына қарай өтудегi оның құрылымдық бiрлiгi принципі жатады.
Бiлiм мазмұнының оны түзудiң барлық элементтерi мен деңгейлерiнде қоғам дамуының қажеттiлiктерiне сәйкес келу принципi бiлiм мазмұнына оқытуда оның тәрбие беру және дамытушы функцияларын орындалуын қамтамасыз ететiн элементтердi, яғни бiлiм мен бiлiктiлiкпен қатар шығармашылық iс-әрекет тәжiрибесi мен құндылық жүйелерге жеке тұлғалық қатынас тәжiрибесi көрiнiс табатын элементтердi енгiзу қажеттiгi шығады. Сонымен қатар бұл принциптi пайдалану елiмiздiң мектептерi үшiн келесi принциптермен толықтыру ескерiліп отыр:
-бiлiм мазмұнында мәдени-тарихи құндылықтардың, мәдени мұралардың көрiнiс табуы;
-елiмiздiң әлеуметтiк-экономикалық факторларының ескеруi.
Оқытудың мазмұндық және процессуалдық жақтарының бiрлiгi принципi бiлiм мазмұнын қалыптастыруда ұлттық ерекшелiктердi ескеру қажеттiгi көрсетедi. Бұл бiлiм мазмұнына тек қана пәндiк мазмұн (ұғымдар, заңдар, заңдылықтар және т.б.) ғана емес, оқушыларға бiлiм мазмұнын жеткiзу мен оларды игеру тәсiлдерi, жобаланатын меңгеру деңгейлерi және ұлттық ерекшелiктер ескерiле отырып анықталған және олармен байланысқан iс-әрекет тәсiлдерi көрiнiс табуы қажеттiгiн көрсетедi.
Оқу пәнiнiң мазмұнын таңдап алуда жоғарыда айтылған принциптермен қатар жалпы және жеке дидактикалық принциптер ескерiледi. Пән мазмұнын жобалауда әдетте келесi дидактикалық принциптер пайдаланылады:
а) оқытудың бiлiм беру, тәрбиелеу және дамыту мiндеттерiн кешендi шешуге бағытталғандық;
ә) ғылымилық;
б) жүйелiлiк және бiрiздiлiк;
в) пәнаралық байланыс;
г)теория және практиканың байланыстылығы;
д) оқытудың өмiрмен байланыстылығы;
ж) қолданбалы және кәсiби бағытталғандық;
и) түсініктілік;
к)оқуға және мотивацияға оң қатынас тудыру;
л) жеке тұлғалық тұрғысынан қарау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет