Ұсынылған әдебиеттер 1.Диагностика и коррекция нарушенной слуховой функции у детей первого года жизни: Методическое пособие/Сост. Таварткиладзе Г.А., Шматко Н.Д.-М.,2001
2.Головчиц Л.А. Дошкольная сурдопедагогика.-М.,2002.
3.Поиск новых решений ( инновационная модель школы) / под ред. Зыковой Т.С.,Корвякой Л.П.,Васиной Л.Г.-М.,2001.
Бақылау сұрақтары 1.Бір жастағы балаларменен коррекциялық жұмысты кім өткізді?
2.Қазіргі уақытта коррекциялық жұмысты қай уақыттан бастайды?
3.Н.Д.Шматко және Т.ВПелымская ұсынған жұмыс жүйесі қандай балаларға арналған?
4.Есту аппаратының жұмыс істеу мерзімі қанша?
5.Есту функцияларын дамытуға арналған жаттығулар қанша айдан басталады?
Тақырып бойынша тапсырмалар 1.Есту қалдығын дамыту бойынша жұмыстың мазмұны және әдістемесі неге байланысты?
2.Естіп қабылдау дағдылары қалыптастыру жаттығулары қай уақытта өткізіледі анықтаңыз?
3.Коррекциялық жұмыстың мазмұны.
4.Ерте жас кезеңіндегі балалардың естіп қабылдауын дамыту үшін қандай әдістердің түрлерін білесіз.
5.Баланың іс-әрекетін қалай ұйымдастыру керек?
Лекция №28 Тақырыбы: Баланың ой - өрісін дамытуға арналған ынталандыру жұмыстары Жоспары: 1.Баланың ой-өрісін дамытуға арналған ынталандыру жұмыстары
Ақпаратты әдістердің маңыздылығы есту қабілеті зақымдалған адамдардың байланысының шектеулілігімен анықталады. Осы әдісті қолдана отырыпі педагог оқушының ой өрісін дамытады.
Қолайлы әдістердің бірі мысалы, ауызша әңгімеге қарағанда көрнекілік көрсету ұтымды.
Педагогикалық талап оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты түрлі формада талап етіледі.
Әңгіме - өмір жағдайын бірге талқылауды ұсынады. Ол оқушының белсенділігімен , тәжірібесімен, біліммен тығыз байланыста болу керек. Әңгіме уақытында қабылдауды жеңілдететін көрнекілік болу керек. Сөздік қорға назар аудару керек.
Дәрістер, баяндамалар дамыған сөйлеу тілін, белгілі білім көлемін еріннен оқу дағдысын талап ететіндіктен жоғары сыныптарда қолданылады. Олар түрлі тақырыптарда өтеді.
Жаттығу әдісі тұрақты әдеттерді қалыптастыруға бағытталған (гигиеналық, жүріс-тұрыс мәдениеті, ұйымшылдық) үлгі көрсетуден басталады, содан кейін педагогтың бақылауымен жаттығу орындалады.
Ойын – кіші мектеп жасында жиі пайдаланылады. Ойын барысында ересектердің әрекеттері арқылы қайта жаңғырту, қоршаған орта шындығын танудағы арақатынасынан аңсаруда балалар үшін аса маңызды. Педагог әрбір ойынның мазмұнын анықтауы қажет.
Баланың ойын әрекеті сюжеттік – рөлді ойындарды қалыптастыруға онда балалардың басқа балалармен қосылып ойнауын, қимыл элементтері мен атрибуттарын дайындауға бағытталған. Белгілі қорытындыға жетуге бағытталған баланың біріккен әрекеті баланың ұжым қарым қатынасқа үйретеді. Оқушылар өз әрекетін бақылауды жоспарлауды үйренеді. Тәрбиеленуші оқушылар мінез құлық ережесімен нормасын меңгеруге бағытталған.
Ынталандыру әдістері баланың сезізіміне байланысты. Айыптау түрлі нұсқауларға ие: ұялту, әрекетті шектеу, сөгіс жариялау. Баланың негативті жақтарын болдыртпау үшін оны аса мән бере пайдалану керек. Осындай жағдаймен сурдопедагогикада, жалпы педагогикада бөлінген әдістер
пайдаланылады, бірақ осы кезде есту қабілетінің бұзылуымен байланысты баланың дамуының ерекшелігіне назар аудару керек.