Ұсынылған әдебиеттер 1.Воспитательная работа в школе слабослышащих. -2-е изд. –М., 1985.
2.Никитина М.И Нравственное воспитание слабослышащих учащихся 7-10 классов в процессе изучения литературного произведения –М., 1989.
3.Изучение аномальных школьников. –М., 1981
4.Пути интенсификации изучения, обучения и воспитания детей с недостатками слуха.-М., 1986.
5.Воспитательная работа в интернате школы для глухих детей / Под ред.С.А. Зыкова
Бақылау сұрақтары 1.Қойылған мақсаттарға байланысты тәрбиешіге қандай міндеттер қойылады?
2.Тәрбиенің ұйымдастырылған қағидаларын атаңыз
3.Естімейтін балаларға білім беруге арналған арнайы мекемелерде тәрбиені дамытудың негізгі бағыттары мен іске асырудың негізгі жолдары қандай?
4.Бастапқы, орташа арнайы және жоғары білім беруде естімейтін жастарды тәрбиелеуде қандай мақсаттарды орындау керек?
5.Осы мақсаттардың орындалуы қандай факторларға сүйенеді?
Тақырып бойынша тапсырмалар 1.Есіту қабілеті зақымдалған балалардың тәрбиеленуінің ерекшеліктері.
2.Мектепте ұйымдастырылатын тәрбие жұмысының мазмұны және формалары.
3.Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеуде ойынның рөлі және формалары.
4.Нашар еститін оқушылардың жеке тұлғасын қалыптастыру процесінде сыныптан тыс жұмыс түрлері.
5.Естімейтін баланы отбасында және мектепте тәрбиелеудің өзара байланысты қамтамасыз етудің негізгі жолдары.
Баяндама тақырыптары 1.Естімейтін оқушыларды ақыл-ой тәрбие процесіндегі танымдық іс-әрекетінің рөлі.
2.Ерте мектепке дейінгі жастағы естімейтін балалардың ақыл –ой тәрбиесінің ерекшелігі.
3.Естімейтін балалардың ақыл-ойын тәрбиелеу процесінде жанұяның рөлі және орны.
Лекция№ 9. Тақырыбы: Мектепке дейінгі есту қабілеті бұзылған балалардың психологиялық-педагогикалық мінездемесі. Жоспар: 1.Есту қабілеті бұзылған балалардың естімейтіндердің және нашар еститіндердің балалық шақтағы, ерте жастағы және мектепке дейінгі жастағы даму психикасының ерекшеліктері
Есту қабілеті бұзылған мектепке дейінгі және ерте жастағы балалардың моторикалық дамуының мінездемесі.
2.Есту қабілеті бұзылған балалардың ойын, еңбек, бейнелік және конструктивті іс-әректінің негізгі формалары.
1.Қолайсыз жағдайлар мен факторлардың кешенді нәтижесінде 60 пайыздан астам балалар әртүрлі патологиялық кемшіліктермен туылуда, есту қабілеті бұзылған және нашар еститін балалар да саны аз емес. Елімізде 10000 бала сыртқы және ортаңғы құлақтын кемістіктерімен туады. Құлақ қалқанын қалпына келтіруде пластикалық операциямен оториноларингологтар мен хируртер айналысады, қазіргі уақытта оториноларингологтарға осы топтағы адамдарға есту қабілетін жақсарту үшін операция жасауға тура келеді. Құлақ қалқанын қалпына келтіру, оның күрделі бедеріне байланысты, хирургияда пластикалық операцияның ішіндегі ең қиыны болып есептеледі.Құлақ қалқанының бірнеше дәрежедегі кемістіктерін ажыратады: микротия (құлақ үлпершегінің, бөлігі тері білігі түріндегі иірім бөлігі), анотия (құлақ қалқанының және сыртқы есту түтігінің толығымен болмауы).
Есту қабілеті бұзылған балалардың психофизиологиялық даму үдерісі қалыпты дамыған балаларға тән даму заңдылығымен өтеді, бірақ психикалық үдерістің өзіне тән ерекшелігі болады. Бұл ерекшелік бала дамуындағы кемшілік, ауытқушылық түрімен анықталады. Есту қабілеті бұзылған балалардың әр түрлі өзіндік ерекшеліктері болады.
Есту қабілеті бұзылған балалардың, естімейтіндердің және нашар еститіндердің балалық шақтағы психологиялық ерекшеліктеріне келіп тоқталатын болсақ, екі – үш жастан бастап ойын – мектеп жасына дейінгі баланың жетекші әрекетіне айнала бастайды. Бұл топтағы балалар ойынының негізгі мазмұны – ойыншықтармен және ойыншықты алмастыратын заттармен әрекет ету. Ойынды ойнау уақыты шектеулі. Олар бір – екі рөлді және қарапайым сюжетті ойындар ойнаумен шектеледі. Ережелі ойындар бұл жаста жаңадан қалыптасады.
Баланың бейнелеу іс-әрекетінің бұл жаста жаңадан қалыптаса зат туралы түсінігі тәуелді. Кейбір балалардың заттарды бейнелеуінде жекелеген бөліктер жетіспей, кейбір суретте бөліктерді біршама толық бейнелейді. Сондай-ақ түстерді қолдануға қызығушылығы пайда болады. Нашар еститін баланың қол моторикасын дамыту да оның психологиялық, интеллектуалдық дамуына да үлкен зор үлес қосады. Ұсақ саусақ қимылдарын дамытуда мүсіндеудің маңызы зор. Олар ересек адамның басшылығымен қарапайым заттарды мүсіндеп жасай алады. Жапсыру- бала қабылдауының дамуына оң ықпал етеді. Бұл топтағы балалар жапсырудың өте қарапайым түрлерінің бірі – желімсіз жапсыруды ғана орындай алады.