Ұсынылған әдебиеттер 1.Андреева Л.В. Сурдопедагогика. –М.,2005. 2.Речицкая Е.Г. Сурдопедагогика. –М.,2004. 3.Мещеряков А.И. Слепоглухонемые дети. Развитие психики в процессе формирование поведения.-М.,1974 4.Ананьев Б.Г. О человеке как обьекте и субьекте воспитания. Избранные психологические труды:-М.,1980. 5.Шеллинг Ф.В. Филосовские письмам о догматизме и критицизме. Сбор.соч.-М.,1987. 6.Кант И. Критика чистого разума.-М.,1994.
Бақылау сұрақтары 1.Сурдопедагогика пәні нені зерттейді? 2.Сурдопедагогиканың пәні, обьектісі және субьектісі туралы сұрақтарды қалай шешуге болады ? 3.И. Канттың ұсынған идеясы қандай? 4.Сурдопедагогиканың дамуы неге бағытталған? 5.Сурдопедагогиканың субьектісін және обьектісін жалпыланған түрде көрсетуге болады ма?
Тақырып бойынша тапсырмалар 1.Педагогика жүйесінде сурдопедагогиканың орнын анықтаңыз. 2.Берілген сурдопедагогикалық практикалардың негізінде, есту қабілеті зақымдалған бала арнайы білім берудің тек обьектісі болып қана қоймай, сонымен қатар субьектісі болатынын дәлелдеңіздер. 3.Сурдопедагогика пәні бойынша, жаңа жұмыс материалдарын есепке ала отырып, қазіргі уақыттағы оның пән саласындағы негізгі даму тенденцияларын анықтаңыздар. 4.Сурдопедагогиканың әлеуметті субьектісі деген сұрақты түсіндіріңіздер. 5.Сурдопедагогиканың теориялық деңгейінің қалыптасу бағыты.
Баяндама тақырыптары 1.Қазіргі сурдопедагогиканың басқа білім салаларындағы маңызды пән аралық байланысы. 2.Сурдопедагогиканың қазіргі кездегі дамуы. 3.Есту қабілеті зақымдалған балаларды тәрбиелеудегі Б.Г.Ананьевтің зерттеулері. 4.Естімейтін балаларды жеке оқытудың ерекшеліктері. 5.Мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балалардың дифференциалдық білім алуының ерекшелігі.
Лекция №2 Тақырыбы: Сурдопедагогиканың мақсаты мен міндеттері. 1.Сурдопедагогиканың мақсаты мен міндеттері. Есту қабілеті зақымдалған балалардың арнайы білім алуға тура бағытталған процес болып табылады Сондықтан сурдопедогогиканың теориясы және практикасында басты орын мақсатын және міндеттерін анықтау болып табылады. Бұл проблеманы қарастырмастан бұрын, арнайы білім берудің мақсаты және жалпы білім берудің мақсаты өзара қалай байланысатынын, олардың бір-бірімен сәйкестілігі немесе бір-бірінен айырмашылығы бар ма анықтап алу керек. Дефектология проблемаларын зерттеу, Л.С.Выготскийдің «жалпы және арнайы мектептердің әлеуметті мақсат және міндеттерінің ортақтылығы» туралы ережесіне негізделген.