Тақырыбы: Естімейтін және нашар еститін балалардың мектепке дайындықтың негізгі көрсеткіштері. Жоспары: 1.Ерте жастағы естімейтін және нашар еститін балалардың мектепке дайындықтың негізгі көрсеткіштері.
1.Мектепке оқытуға баланың психологиялық даярлығы – мектепке дейінгі балалық шақ кезеңіндегі психикалық дамудың басты қорытындыларының бірі.
Мектепке бару – бала өміріндегі шешуші кезең өмір мен іс-әрекеттің жаңа күйіне, қоғамдағы жаңа орынға, үлкендер және құрдастарымен жаңа қарым-қатынастарға көшу болып табылады.
Оқушы орнының өзгеше ерекшелігі оның оқуының міндетті, қоғамдық мәні бар іс-әрекет екендігінде. Оқу үшін бала мұғалімін, мектептің, үй ішінің алдында жауап береді. Оқушының өмірі мектеп балаларының бәріне бірдей және қатал ережелер жүйесінде бағындырылады. Оқудың негізгі мазмұны барлық балаларға ортақ білімдерді меңгеру болып табылады.
Оқушы мен мұғалім арасында қарым-қатынастардың мүлде ерекше типі қалыптасады.
Класс оқушыларының арасындағы қарым-қатынастардың да балабақшада орнаған қарым-қатынастардан айтарлықтай айырмашылығы бар. Сонымен бірге міндетті іс-әрекетке бірге қатынасу жалпы жауапкершілікке негізделген қарым-қатынастардың жаңа типін туғызады.
Өзінің мазмұны және ұйымдастыруы жағынан мектеп баласының оқу қызметі мектепке дейінгі жастағы балаға үйреншікті болып кеткен іс-әрекет түрлерінен тым айрықша келеді.
Мектеп балаларының оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі формасы – уақыттың әр минутына дейін есептелген сабақ. Сабақта балалардың бәрі мұғалімнің нұсқауларын қадағалап, оларды дәл орындауы, алаңдамауы, бөгде іспен айналыспауытиіс. Мектеп баласына оқу іскерлігін қалыптастыратын қасиеттер комплексі өте-иөте қажет.